07.03.2018 Views

ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ-18-19

Сәрсенбі 7 наурыз 2018 жыл

Сәрсенбі 7 наурыз 2018 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS
• No tags were found...

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

6

№18-19 (1557-1558)

7 наурыз 2018 жыл

Тәрбие

www.shymkala.kz

Ха лқымызда

«Отан отбасынан

басталады»

деген ұғым қай

дәуірде болсын

өзгерген емес, өзгермек те

емес. Елбасы «Отбасы Қазақстан

қоғамының діңгегі,

экономикалық, мәдениеттегі,

әлеуметтік

саясаттағы барлық жаңа

жетістіктердің негізі» деп

бұл мәселенің біздің қоғам

үшін өте маңызды екенін

айқындап берді.

Медеубек Тәңірбергенов,

педагогика ғылымының

докторы, профессор

Қайран

біздің

аналар –

кендерімізге өсиет еткен.

Одан бергi дәуiрдегi белгiлi

кинорежиссер Дариға Тыналина

Өзбекстан студия директорының

«Дариға ханум» болуын

қалаған кезінде әпкеміз

жанын жаралайтын, намысына

тиетін сөзге қатты абдарып:

«Жеке өмірімнің шаттығы

үшін, қара басымынң қамына

бола, қазақтығымды талақ

етіп өзбек болуыма келіспеймін,

бұл сөз менің намысымды

қорлау деп санаймын»,

деп қоштаспай кетіп қалған.

Осы әрекетімен-ақ қазақ қызының

материалдық байлық,

жарқ-жұрқ еткен дүние, көкке

көтерілген атақ-даңқтан гөрі,

өз ұлтына деген ішкі дүние тазалығын,

кісілік келбетін, іштегі

рухани әлемінің биіктігін

танытқан.

Қазақ қыз-келіншектер поэзиясының

шыңы ақын Фариза

Оңғарсынова халқының салтдәстүрін,

әдет-ғұрпын қадірлеп

өткен дегдар тұлға. Бір

кездері Берлиннің «Фолк унд

вельт» баспасы әпкеміздің кітабын

неміс тіліне аударып

шығаруды жоспарлайды. Қонақ

болып келген талантты

аудармашы Ильза Черттнер

деген қыз Фариза апамыздың

шаңырағында бірнеше әріптестермен

дастарқанда бас қосады.

Қонақжайлық көрсетіп

алыстан келген сыйлы қонаққа

қойдың басы ұсынылады.

Мұны көрген мейман дәстүрді

түсінбей күліп жібереді.

Үй иесі бұрқан-талқан болып,

білмейтінді біліп алудың орнына,

таңырқау мен күлудің

әдепсіздік екенін айтып, дастарқан

басынан кетіп қалады.

Қанша кешірім сұрағанымен

илікпеді. Сондағы ақын әпкеміздің

айтқан уәжі: «Елімнің

салт-дәстүрінен сонша тосырқап

отырған адам, өлеңімді аубарды

ойламай,

арды ойлаған

мыз Бегман Ысқақтың «Қызым

саған айтам..» атты кітабының

алғы сөзінде: «Қыз –

ұлтты ұрпақпен ұластыратын

ұлы күш. Демек, қыз тәрбиесі

– болашақ тәрбиесі. Дүниенің

қызығы мен құндылығын ұрпақ

тәрбиесінен тапқан бабамыздың:

«Қыздың үш қасиеті

бар. Ол – өміріңнің қызығы,

төріңнің Қызыры, бетіңнің

қызылы. Қызың жақсы болса

– қызығың молаяды, төріңнен

Қызыр кетпейді, жүзіңді жерге

қаратпайды. Ал қызың жаман

болса, өмірің тозаққа айналады,

төріңнен Қызыр кетеді,

ұяттан бетің өртенеді»

деген нақыл сөздермен басталып,

«бір қолымен үкілі бесікті,

екінші қолымен әлемді тербететін»

болашақ ана-қыз баланың

отбасынан алар тәлімі,

дос, жар таңдауы, отбасын құрудағы

алғышарттар жайында,

ұлт болып ұйысу, ел болып ертеңге

нық қадам басу жөнінде

өз ойларымен бөліседі.

ХI ғасырда жазылып, тәлiмтәрбиелiк

маңызы жағынан аса

құнды шығармалар қатарынан

саналған өсиетнамасы жайында

Кейқауыстың «Менiң дүниедегi

жиып-терген ең қымбат

асыл заттарым – саған арнап

жазған осы үгiт-насихат кiтабым»

деген екен. Сондай-ақ, қазақ

жазушысы Немат Келiмбетовтiң

«Ұлыма хат» эссесi жазушының

ұлына ғана емес, тұтас

қазақ жастарына арнап жазған

хаты деуге болады. Туынды

«дүниеге не үшiн келдiң,

ұлтыңның келешегi үшiн не

iстедiң?» деген мәселенi бала

тәрбиесiнде арқау етiп қоюымен

құнды саналды. Сондықтан

да Бегман ағамыздың да

немересi Айданаға сөз арнай

отырып, ақыл-кеңесiн тұтас

қазақ бойжеткендерiне бағыштаған

құнды дүниесінде

қазақ арулары әрдайым абырой

биiгiнен көрiнiп, жаман

әдет, өрескел мiнез, жөнсiз iс

пен жат пиғылдан абай болса

екен дейдi.

Қазына боп қартаюды ойлаған

ұстаздың өмiрлiк ұстанымына

тәнтi бола отырып,

қазақтың әрбiр қариясы ұрпақ

тәрбиесiне осылай алаңдайтын

болса, ұл-қыздарымыз

«ұят» деген қасиетті сөзді

өміріне арқау етіп, жағымсыз

қылықтарға бармауға шақырады.

Сонымен қатар, автор

өсиетнамасын халқымыздың

ғибраты мол «Күн батқан соң

қызды су әкелуге жұмсама»,

«Қызға құрық ұстатсаң да, малыңның

түнгi күзетiне қойма»,

т.б. деген тыйым сөздерімен

тұздықтап, «Қыз – қазақтың

бетiндегi ұяты, көңiлiндегi

мияты». Бойжеткен намысы

– ұлт намысы. Ел келешегi

тектi қызға тәуелдi. Тектi қыздан

тектi ұрпақ өрбидi» деген

мақал-мәтелдермен келісті тұжырымдаған.

Кітаптағы туындының

әрбiр бөлiгiнiң көтерген жүгi

салмақты ой толғаныстармен

баяндалған. Әсіресе қазақ аруларына

«Жатқа неге қор болдың,

қарашығым?» атты тақырыпта

автор соңғы жылдары

жат елдiкке тұрмысқа шыққан

қазақ аруларының қате қадамына

наразылық білдіреді.

Ұлттық салт-дәстүрiмiзде қазақ

қызын жат елдiкке тұрмысқа

беру қорлық саналғанын,

«Жеңiлiске ұшыраған елдiң

қызын күңдiкке әкетiп, ұлтты

қорлау үрдiсi екенін, қызды

бұзу – ұлтты бұзу, қызды

қорлау – ұлтты қорлау» деп біледі.

Қазақ аруларының «жат

жұрттыққа» жаралғанымен,

«жат елдікке» келін болып

түсуіне мүлде қарсы екенін

білдіреді.

Ұлтымыздың небір кесiр-кесепаттарға

қарсы тұрып, халқымызды

қорғап қалатын жалғыз

нәрсе – ұлттың салт-дәстүрi

екенiн сөз етеді. Қазақ халқы:

«Дастарқан басы – адамдардың

бiр-бiрiне пейiлi, мейiршапағаты

түсетiн киелi орын.

Мұндай салт-дәстүрдi бiлмеген

жанды қазақ қоғамында «тәрбиесiз,

көргенi жоқ, көргенсiз»

деп санаған. Халқымызды қалыптастырған

– дәстүр өрнектерi,

кәде-ғұрыптары, тұрмыс

тiршiлiгiндегi ырым-тыйымдары,

әдет-ишаралары, ортақ мұралары»

дей келе қоғамдағы

тәртiпті заң мен ғана емес дәс-

Әлімсақтан бастау алатын,

өзінің тарихи тәжірибесінен,

салт-дәстүрінен қол үзген қоғамда

жаңғыру немесе жаңару

мүмкін емес. Халқымыздың алтын

тамыры терең кеткен, тарихынан

бірге жасасып келе

жатқан рухани байлығымыздың

бірі отбасы құндылықтары.

Тіпті қазақтың рухани құндылықтарының

негізі де осы отбасылық

дәстүрімізде жатыр десек

қателеспеген болар едік.

Өкінішке орай, қазіргі қазақ

қоғамында отбасы құндылықтары

құлдырауға ұшырап бара

жатқаны ащы да болса шындық.

Бұған дәлел ретінде неке

құрған жас отбасылардың арасындағы

ажырасудың кейінгі

жылдары аса қауіпті деңгейге

жеткенін айтсақ та жеткілікті.

Ресми дерекке сүйенсек. «АХАЖ

Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінің

мәліметінше, 2013 жылы

167 411 неке қиылып, 51 305 жұптың

заңды некесі бұзылған екен.

Аталған көрсеткіштер жыл сайын

нашарлап, 2017 жылы 141

785 жаңа шаңырақ пайда болып,

54 948 неке сәтсіз аяқталыпты.

Бар болғаны төрт жыл

ішінде некелесу саны 26 мыңға

кемісе, ажырасудың пайыздық

көрсеткіші 31%-дан 39%-

қа артқан.

Ажырасулардың кесірінен

республика бойынша толық

емес отбасыларда тәрбиеленіп

жатқан балалар саны жылына

40 000-нан асып отыр. Бұл

жай ғана жалаң цифрлар емес,

қазіргі қоғамдық дерттің көрсеткіші.

Қаншама жас сәбидің

көз жасы, көңіл наласы бар.

Әкесіз тәрбиеленген ұл мен

қздың жарымжан тағдырына

жалпы қоғам болып жауапты

екенімізді ұмыта бастаған

сыңайлымыз. Әке мен шеше

тым балажан болып алды.

«Ішіме сыйған бала сыртыма

да сыйады» деген сөз бүгінгі

ата-ананың басты уәжіне айналған.

Қазақтың келешегіне

балта шабатын қасиетсіз бұл

сөзді қай көргенсіз шығарды

екен? Кім?...

Ұлттық құндылықтан ажырай

бастаған жас буын ұлт,

ел мен жер келешегінен гөрі,

өз басының қамын ойлауға

бейімделеді, оның патриоттық

сезіміне, қасиетіне сызат

түседі. Бұл аса қауіпті әрі

аса қорқынышты құбылыс. Ал

оның алдын алу, оны болдырмау

күрделі қоғамдық, отбасылық,

әрі білім беру саласының

басты проблемасы болып

табылады.

Осындай өзекті мәселелерге

арналған ардагер ұстаз ағатүрмен

реттеуді ұсынады. Дәстүрдi

заңнан да жоғары тұратын

ұғым деп тану керек» деп

дұрыс тұжырымдайды.

Қазақ қызы кiмге қарап

бой түзегенi жөн? Бұл орайда

автор намысы тұғырлы, рухы

биiк арулардың өз мүддесiнен

ел мүддесiн, өз бақытынан

халқының бақытын жоғары

санаған сақ дәуiрiндегi

Тұмар (Томирис) патшайымның

ерлігін үлгі етеді. Парсы

елінің патшасы Кир елші жіберіп:

«Маған тұрмысқа шық.

Екеуміз екі елдің басын қосып,

бірігіп билейік» деген зымыстан

ұсынысына Тұмар ханым:

Мен елімнің патшасымын.

Менің илегенім – елімнің

илегені. Сенің түпкі мақсатың

мен емес, менің елімді тізе

бүктіру. Билеу. Бүкіл байлығын

иелену. Ұлын – құл, қызын

– күң ету. Сондықтан мен

қасиетті жерімді жаудың табанына

бастырмаймын! Атабаба

әруағы мен зүриятымды

ешкімге қорлатпаймын. Кімде

кім менің еліме қан сұрап келсе,

өз қанына өзін тұншықтұрамын.

Кир соны есінен шығармасын!»

деп зіл сала жауап берген.

Патшайым сөзінде тұрды.

Қасиетті даласын қаскөй жауға

таптатпады, зұлым Кирді өз

қанына тұншықтырды.

«Қайран, біздің аналар, барды

ойламай, арды ойлаған»

Тойқара, Сүзге сынды аруларының

ерлігі мен пәктігі біріншіден,

өз халқын ажал тырнағынан

құтқарды. Екіншіден,

тілі бөлек, діні бөлек, салтдәстүрі

бөлек жат жұрттыққа,

ата жауына иілмей, көшпенділер

рухының биіктігін, тау бұлағындай

таза махабатының

мөлдірлігін сақтап өтті бұл

жалғаннан. Міне, Бегман ағамыз

тәлім алар, мақтан етер

тұлғалардың өмірін бойжет-

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!