07.03.2018 Views

ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ-18-19

Сәрсенбі 7 наурыз 2018 жыл

Сәрсенбі 7 наурыз 2018 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS
• No tags were found...

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

4

№18-19 (1557-1558)

7 наурыз 2018 жыл

Мейірім

www.shymkala.kz

63

Анимациялық

фильмнің

тұсауы кесілді

Шымкентте «Сақ» киностудиясы түсірген

«Отырарды қорғау» мультфильмі

көрерменге жол тартты.

Айгүл КЕРІМҚұлова

aigul-kerim@mail.ru

Қазақ халқының тарихынан

сыр шертетін анимациялық

фильмнің тұсаукесер

рәсіміне облыс әкімі

Жансейіт Түймебаев,

Шымкент қаласының әкімі

Нұрлан Сауранбаев, зиялы

қауым өкілдері мен қала

тұрғындары қатысты.

Елбасы Н. Назарбаевтың

«Болашаққа бағдар:

Рухани жаңғыру» бағдарламасы

аясында аймақ басшысының

идеясымен бұған

дейін «Күш атасы Қажымұқан»,

«Киелі Қазығұрт» атты

мультфильмдер жарыққа

шыққан болатын.

Фильмде көне Отырар

қаласының тұрмыс-тіршілігі

мен мәдениеті елін сүйетін

екі баланың бастан кештен

хикаялары суреттеледі. Олар

Отырар кітапханасы мен Әбу

Насыр Әл Фараби туралы толық

мағлұматтарға қанығады.

Сондай-ақ, жауды күшпен

ғана емес, ақылмен де

жеңуге болатынын түсінген

балалардың ерлігі баяндалған.

Өңіріміздің туризм саласын

дамыту, Отырар төбесінің

мәртебесін көтеру

арқылы шетел азаматтарының

қызығушылығын арттыруға

және көрерменді патриотизмге

баулуға бағытталған

дүние 2D, 3D форматында

жасалған.

Анимациялық фильмнің

режиссері әрі бас суретшісі

– Азамат Ерназаров, сценарий

авторы – Бақытжан

Құлжабай, музыкасын жазған

– Руслан Шынықұлов,

ал фильм директоры –

Нуриддин Паттеев.

Облыстық мәдениет басқармасы

басшысының міндетін

атқарушы

Темірхан Асылхан алдағы

күндері Оңтүстікте түсірілген

анимациялық фильмдерді

жұртшылық тегін тамашалайтынын

атап өтті.

Мамыр айына дейін

Шымкентте Жастар ресурстық

орталығы, облыстық сатира

және әзіл-сықақ театры,

Қоғамдық келісім ғимараты,

мектеп пен балабақшаларда

апталықтар басталады.

Т.Асылхан ұлттың ерлігі

мен рухын көтеруге бағыттылған

анимациялық

фильмдер өңіріміздің барлық

аудан-қалаларында,

еліміздің өзге аймақтарында

және ТМД елдерінде көрсету

жоспарланып отырғанын

жеткізді.

Атап өтсек, «Оңтүстікфильм»

мекемесі жыл соңына

дейін «Төле би» атты

10 сериялы тарихи көркем

фильм, «Ордабасы –

бірліктің туы»,

«Түркістан», «Оқсыз» атты

анимациялық фильмдер

түсіруді жоспарлап отыр.

баланың

анасы

Сапарғали Қанат

sqanat@shymkala.kz

Жетімін жылатпаған жұрт едік... Десе де,

арамызда ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған бүлдіршіндер баршылық. 8

наурыз – әйелдер мен ару қыздардың

мерекесіне орай Шымкент қаласындағы №3 балалар

үйінің директоры, 63 балаға ана болып жүрген

Қырмызы Қожамжаровамен сұхбаттасқан едік.

Қырмызы Тілеубекқызы

балалар үйне алғаш рет 1992

жылы аға тәрбиеші болып

келген. Оған дейін балабақшада

тазалықшы, күтуші болып

жұмыс істеді. Кейіннен

тәрбиеші қызметін атқарды.

Еліміз тәуелсіздік алған соң

балалар үйінде қазақ тілді

мамандарға сұраныс артып,

осында келеді. Бастапқы кезде

шаштары тақырлап алынған,

бірдей форма киген жетім

балаларды көріп, жүрегі елжіреп,

жұмыстан кетуге талай

рет өтініш жасаған кездерін

ерекше сезіммен еске алады.

– 2000 жылдарға дейін

«Баламды асырауға жағдайым

жетпейді» деген кездер

болды. Алайда, қазір ондайға

сенбеймін. Қазіргі заманда

екі қолға бір күрек табылады.

Еден жуса да, көше сыпырса

да бір баланы асырауға болады.

Бұдан да қиын-қыстау заманда

қазақ аналары балаларын

көшеде тентіретіп қойған

жоқ. Күйеуінен де айырылды.

Әкесіз қалған 10 баланы да

аналар тырысып, еңбектеніп,

асырап бақты. Ал бүгінгі таңдағы

қыз-келіншектердің бірқатары

өз мүддесін бала мүддесінен

жоғары қойып жатады,

– дейді Қырмызы Қожамжарова.

Айтуынша балалар үйіндегі

әр жеткіншектің өз тарихы

бар. Бірінің анасы темір

торға қамалса, енді бірінің

ата-анасы тастап, ізім-қайым

жоқ болып кеткен. Енді біреулері

«Шетелде жұмыс істеп

келгенше осында қалдырып

кеткім келеді» деп жатады

екен.

Жүрек жылытатын жайт,

бала асырап алушылар да баршылық.

Көп ата-аналар тәрбиелі,

көрікті, сымбатты балаларды

алғысы келеді. Алайда

бұл процесстің де өзіндік талаптары

бар. Екі жақтың талаптары

ескеріліп, түрлі зерттеу,

анықтау нәтижелерінен

соң ғана жүзеге асырылады.

Бір таңқаларлығы, бала уақыт

өте келе өзін асырап алған отбасына

ұқсап кетеді. Реңі ұқсамаса

да мінезі мен қылықтары

не әкесіне, не анасына

тартады екен.

– Кейде тәрбиеленуші балаларды

асырап алғысы келетін

отбасына тапсыратын

кезде бұрынғы ата-анасы аяқ

астынан шыға келеді. Сондайда

осылар сыртынан аңдып

жүреді ме екен деп те ойлаймын.

Түрлі аналар бар. Кейбіреулері

ішкілікке салынады.

Нашақорлыққа барады. Кейіннен

түзелгенде қайта алғысы

келеді. Бала тәрбиесінде ананың

рөлі өте үлкен. Ұл балаға

да, қыз балаға да мейірімді

ананың құшағында болғанға

не жетсін, – дейді Қырмызы

Тілеубекқызы.

Қазіргі таңда елімізде патронаттық

тәрбие де жүзеге асырылуда.

Бұл – шетелдік тәжірибе

негізінде жасалған жоба.

Яғни, балалар үйінің тәрбиеленушісі

уақытша асырап алуға

ерікті отбасында жүріп-тұрады.

Мәселен, түрмеге түскен

анасы бостандыққа шыққанға

дейін өзге отбасында болады.

Алайда, кейін бала туған

шешесінің қолына өткенімен,

асырап алған отбасына бауыр

басып қалып, екі жаққа да қимастық

сезімі туындайды.

– Балалар өзге отбасына

кеткен соң немесе балалар үйінен

шыққаннан кейін де осында

қайта келгісі келіп тұрады.

Ата-аналар да «Баламыз осында

келгісі келіп жатыр» деп айтып

жатады. Мен оларға өткен

шаққа қайтудың қажеті жоқ.

Бұл жаққа келе беретін болса,

жаңа үйіне үйренбейтін болады

деп айтамын, – дейді көп

баланың анасы.

Мемлекет жетім балаларды

23 жасқа дейін жетектейді.

Қазіргі таңда тәрбиеленушілерге

барлық жағдай жасалған.

Қырмызы Қожамжарова

Сара Алпысқызының осындай

үйлерде тәрбиеленетін жеткіншектерге

шот ашып қоятынын

айтты. Балалар есейген сайын

ол ақша көбейіп, біліміне жұмсалады

екен. Егер грантқа түссе,

ол ақшаны өз қажетіне қолдана

алады. Мемлекет тарапынан

пәтер де беріледі. Осы бастан

үй кезегіне тұрады. Әкімдер

де білім алу үшін гранттар

бөледі. 23 жасқа дейін жастар

үйінде тұрады. Одан кейін

жеке отбасын құрып, жеке

өмірге аяқ басады.

– Қазіргі таңда жаман жолға

немесе теріс ағымға түсіп

жатқан балалар үйінің тәрбиеленушілері

жоқ. Барлығы

ақылды, еті тірі, өз-өздерін

алып жүретін балалар. Оларға

әрқашан, ата-әжемізден көрген

қазақы тәрбиені айтып

жүреміз, – деп аяқтады сөзін

Қырмызы Тілеубекқызы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!