07.03.2018 Views

ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ-18-19

Сәрсенбі 7 наурыз 2018 жыл

Сәрсенбі 7 наурыз 2018 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS
• No tags were found...

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

12

№18-19 (1557-1558)

7 наурыз 2018 жыл

Кино

www.shymkala.kz

Кумирім – Вонг Карвай,

арманым – «Оскар»

Кино – өнер. Оның құдыреті бір ғана туынды арқылы жүздеген адамды жылатып,

миллиондарды күлдіре алуында. Бұл жоқтан бар жасай білетін режиссердің

шеберлігіне келіп тіреледі. Сондай әйгілі режиссерлар қатарында Лени

Рифеншталь, Андреа Арнольд, Келли Рейхард, Кэтрин Бигелоу, Афина Ракель

Цангари, Линн Рэмси сынды нәзік жандылар да бар. Бұл әйелдердің де кино

түсіру қолынан келетінінің дәлелі. Шымкенттік ару Қарлығаш Есіркеп те әуесқой кинорежиссерлар

байқауларында өзінің ерекше туындыларымен танылып келеді.

Қиялыма қанат

байлаған «Құлагер»

Қарлығаш Есіркеп – өмірге

фильмдегі кадр арқылы қарайтын,

бар тапқанын киноға

арнаған жан. Көшені жаяу

араласа, адамдарды әртіс деп

алып, оларды көз алдына бейнелей

келе қиялымен қысқаметражды

фильм түсіріп тастайды.

21 жастағы бойжеткен

бүгінде өзі қалап түскен мамандығы

бойынша М.Әуезов атындағы

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік

университетінде білім

алып жүр.

– Мен Қазығұрт ауданы Талдыбұлақ

ауылында көп балалы

отбасында дүниеге келдім. Әулетіміз

өнерден алшақ. Тек мен

ғана осы салаға қатты қызығып,

режиссер болуды қаладым.

«Құлагер» фильмін алғаш көрген

кезімде ерекше әсер сыйлады.

Сол сәттен бастап осы менің

өмірім деп, кино саласына келуді

ұйғардым. Бұл шешіміме

ата-анам, туыстарым қолдау

білдіріп, қазірге дейін көмектерін

аямай келді,-дейді Қарлығаш

Есіркеп.

Түсірілім –

ойын алаңы емес

Биік белестерді бағындыруды

көздеген жас маман «105»

деп аталатын фильмімен жуырда

өткен облыстық «КиноАРТ-

2018» әуесқой кинорежиссерлар

фестивалінде жүлделі екінші

орыннан көрінді. Сондай-ақ,

үздік сценарист атанды. Оның

фильміндегі актер Құрал Оразбек

екінші пландағы үздік актер

деп танылды. Кино саласындағы

алғашқы жетістікке қолы

жеткен ару бұл үлкен еңбектің

арқасы екенін айтып қалды.

– Алғаш қысқаметражды

фильм түсіруді бастағанымда

кедергілерге тап болдым. Мені

шығармашылық топ қыз баласы

болғандықтан елей бермейтін.

Түсірілімге уақтылы келмей,

келсе де тыңдамайтын. Кейін

үнемі күліп, көңілді жүруді ұйғардым.

Бәрі дұрыстала бастады,-дейді

жас режиссер.

– Бастапқы түсірген дүниелерім

өзімнің көңілімнен шықпады.

Операторлық жағынан

да, монтажынан да бір кемшілік

болды. Бірақ мен жеңілуді де

қабылдай білетінмін. Сол кезде

өзімді сабырлыққа шақырып,

келесі жолы одан да жақсы

дүние жасаймын деп беки

түсемін. «105» фильмінде де келеңсіз

жағдай орын алды. Таспагерлер

келісілген уақыттан жар-

Елбасының «Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру»

бағдарламалық мақаласы

аясында режиссер, драматург

Еркебұлан Жолдасовтың

бастамасымен бұл сайыс

биыл бесінші рет ұйымдастырылып

отыр. Кинофестивальге

облыс аумағынан

16-35 жастағы 75 үміткер

қатысуға өтініш білдірген.

Оның ішінде сәтті шыққан

11 фильм арасынан әуесқой

режиссерлардың үздіктері

анықталды.

Әділқазылар алқасының

шешімімен Қарлығаш Есіркептің

сценариі үздік деп

танылды. Ал әйел образын

үздік сомдаған әртіс ретінде

Ғазиза Таңшолпан атанды.

Жылдың үздік операторы

Шыңғыс Рысқұлов деп

ты сағатқа кешігіп келді. Содан

енені сомдайтын актрисамыз

шыдамай кетіп қалды. Барлық

таныстарыма хабарласып жүріп,

әрең сол рөлге лайықты апайды

таптық. Бағымызға орай, ол кісі

бірден келсіп, тез арада жетті.

Ол туындым жүлделі орындардан

көрінеді деп сендім. Сенімім

мен үміт ақталды. Түсірілімдегі

шығармашылық топқа алғысым

шексіз. Байқауда жұмысымыз

жоғары бағаланды.

Бүгінге дейін жас өнерпаз 2

қысқаметражды фильм мен деректі

фильм түсірген. Көрерменге

ой саларлық бейнероликтері

де бар. Бұлар – бойжеткеннің

осы саладағы алғашқы жұмыстары.

Басқа фильмдерді түсіруге

жиі қатысады. Тәжірибе

жинау үшін осы салада жолы

үлкен ағаларының жасап жатқан

дүниелерінен сабақ алуға

барады.

– Кейде төменгі курстағы

іні-сіңлілерім көмек сұрап келеді.

Менің өзім ұнатпайтын

қасиетім – сол кездерде ақылгөйсіп

кетемін. Оған ренжіп жататыны

бар (күліп). Бірақ үйреткеннен

үйренерім көп, –

дейді жас өнер иесі.

Әуесқой режиссерлар:

үздіктер кім?

танылса, «Үздік музыкалық

көркемдеушісі» номинациясының

жүлдесін Ақниет

Нұржігітұлы иеленді. Үздік

монтажер – Нұрхат Зұлпыхар,

ал үздік ер азамат образы

Құралбек Оразбекке бұйырды.

Сонымен, жүлделі орындарға

оралсақ, үшінші орынды

«Элюзия» фильмінің режиссері

Абзал Төленов иеленді.

Екінші орынды «105»

қысқаметражды фильмнің

режиссері Қарлығаш Есіркеп

жеңіп алды. Бірінші орын

мен бас жүлде «Ғайша»

фильмінің режиссері Сәбит

Әбдіге бұйырып, жылдың

үздік әуесқой кинорежиссері

атанды. Оның туындысы

Мұхтар Шахановтың шығармасы

желісімен түсірілген.

«105» фильмі

немесе отандық

кинодағы олқылық

Қарлығаш өзін де, өзгені де

жігерліндірсем дейді. Ұнататын

дүниелері драма мен шытырман

оқиғалардың желісіне

түсірілген кинокартиналар.

Отандық режиссерлардан Ақан

Сатаевты, ал әлемдік деңгейде

жапон режиссері Вонг Карвайды

үлгі тұтады. Ол жапон режиссерінің

туындыларында музыкалық

көркемдеуі және бірнеше

оқиғаны қамтып, көздеген

Шымкентте өткен «КиноАРТ - 2018» әуесқой

кинорежиссерлар фестивалінің жеңімпаздары белгілі болды.

Жоба авторы Еркебұлан

Жолдасовтың айтуынша,

бүгінгі қоғамның өзекті мәселелерін

бейнелей келе көрерменге

ой саларлық туындыны

дүниеге әкелген әуесқой

кинорежиссерлар биылғы

фестивальге тыңғылықты

дайындалған. Және жыл

санап қатысушылардың санымен

қатар фильмдердің

сапасы да артып келеді. Ал

алдағы уақытта ұйымдастырушылар

кинофестивальді

халықаралық деңгейде өткізуді

жоспарлап отыр.

мәселесін шытырман жеткізуді

жоғары бағалайды. Өзі де сценарий

жазуда осы ұстанымды

негізге алады екен. Алға қойған

мақсаты мен жоспары да көп.

– Алдағы айларда «Құлагер»

толықметражды фильм

түсіруді жоспарлап отырмын.

Сосын университеттегі бірге

оқитын достарымызбен комедия

жанрында фильм түсірсек

пе деген ой бар. Бізде, өкінішке

қарай, мемлекет тарапынан

қолдау аз. Байқауларда ғана өз

мүмкіндігімді көрсетіп, жүлделі

орын алғанымызға қуанып

жүрміз. Ал отандық фильмдердегі

жасандылық пен жаттандылықтан

әлі күнге дейін арыла

алмай келеміз. «105» фильмі

де осы мақсатта түсірілді. Яғни,

бұл жұмысыммен біздің фильмдер

қалай түсірліп жүргенін

жеткізгім келді. Сапалы дүние

жасасам деймін. Бакалавр дәрежесін

алған соң шетелде ары

қарай кино саласын тереңірек

зерттеп оқысам деймін. Әр режиссердің

арманы болған «Оскар»

жүлдесіне қол жеткізсем

деймін. Бұл, әрине, уақыттың

еншісінде, бірақ, алдыма қойған

мақсатқа жету үшін үнемі

күресіп келемін,-дейді болашақ

режиссер.

Ақылына көркі сай ару

Қарлығаш Есіркеп алдағы мерекемен

барлық әйелдер қауымын

шын жүректен құттықтайды.

– Ең алдымен өзімнің анамды,

әпке-сіңлілерімді көктем

мерекесімен шын жүректен

құттықтаймын! Сіздерге тілерім

– үнемі жадырап жүріңіздер.

Жүздеріңізден төгілген

мейірім әлемді жадыратып

жібереді. Сондықтан әрдайым

күндей күлімдегендеріңізді қалаймын!

– деді бойжеткен жымиып

қана...

Бетті дайындаған

Азамат ЖАППАР

Мерекелік демалыс

күндеріне байланысты

газетіміздің келесі

саны 14 наурыз

күні шығады

¬Ѕрылтайшы –

Шымкент

аласыныє ґкiмдiгi.

Ìåíøiê èåñi

– «Шымкент

апарат орталыµы»

жауапкершiлiгi

шектеулi

серiктестiгi.

Директор–áас редактор

¬АПБАРОВА Айгѕл

Æàðûëàñûíûçû

Бас редактордыє орынбасары

Н½рлан БЕКТАЕВ

Директордыє орынбасары

Таєат ¦ЛIБЕКОВ

Жауапты хатшы

Асхан Майлыбаева

Журналистер:

Таµабай ¬ÀÑÛÌÎÂ

Сапарµалè ¬АНАТ

Àéã¾ë ÊÅÐI̬±ËÎÂÀ

Аìàðàë ¦ØIÐÎÂÀ

Азамат Жаппар

Беттеушi-дизайнер

̽àµàëè Ò¯ÐÅÕÀÍ

¬àñûì ͱðõàí

Жарнама æ´íå

ìàðêåòèíã á¼ëiìi

Àæiáåê ̱ñòàôèíà

Фото-òiëøi

Ñåðiê ÊÎÑÀÉ

Газет ¬азастан Республикасы инвестициялар ж´не даму

министрлiгi Байланыс, апараттандыру ж´не апарат

комитетiнде 2016 жылµы 15 с´уiрде тiркелiп, №15961-Г ку´лiгi

берiлген. Газет аптасына 2 рет, ñ´ðñåíái æ´íå æ½ìà

ê¾íäåði øûµàäû. Таралу аймаµы: ¬азастан Республикасы.

«Шымкент келбетiнде» жарияланµан материалды баса

басылым кјшiрiп басанда, бiзге сiлтеме жасауы тиiс.

Жарнама мґтiнiнен туындайтын мґселелерге жарнама

берушi жауап бередi. ¬олжазба автор келiсiмiмен

редакциялы јєдеу жасалуы мѕмкiн.

- аылы имидждiк маала

Газет редакцияныє компьютер

орталыµында терiлiп, беттелдi.

«ERNUR-print» ЖШС-нiє баспаханасында басылды.

Шымкент аласы, Т.¦лiмЅлов кјшесi, 22 ѕй.

Редакция мекен жайы:

Шымкент аласы, ш/а. «¬àðàñó» øàµûíàóäàíû, 66/6.

Тел.: 464-222, 464-044, 464-202 (факс).

E-mail: shymkent_media@mail.ru Èíäåêñ 65810

Тапсырыс: 693 Таралымы: 8444 дана

Кезекшi редактор – Сапарµалè ¬АНАТ

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!