07.03.2018 Views

ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ-18-19

Сәрсенбі 7 наурыз 2018 жыл

Сәрсенбі 7 наурыз 2018 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS
• No tags were found...

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Ғұмырдария

www.shymkala.kz

Сіздерсіздер

тіршіліктің тірегі

№18-19 (1557-1558)

7 наурыз 2018 жыл

7

дарып қайдан қарқ қылсын»

деп жауап берген екен.

Автор «Қазақтар! Кіріптарлық

пен қорлықта өмір сүргеніміз

жетеді! Біз еліміздің

тәуелсіздігін толық жеңіп алған

кезде ғана азат елге айналамыз!

Тәуелсіздік жасасын!

ЕГЕМЕНДІ ЕЛ жасасын!» деген

ұранмен Алматы қаласының

алаңындағы ереуілшілер

қатарында болған желтоқсаншы

Ләззат Асанованың ерлiк

iстерiн баяндайды, қазақ аруларымызға

үлгі етеді.

Тұмар, Зарина, Тойқара,

Фариза, Ләззат т.б.сияқты мақтануға

тұрарлық тұлғалар ұлттың

рухани келбеті, намысының

алқызыл қаны мен жаны,

санадағы өшпес идеясы. Осынау

үлгі-өнеге боларлық ұлы

әпекелері бар халық рухының

тұғыр-тиянағы да іргелі

болмақ.

«Міне, қызым, сенің үлгі

алар, тәлім көрсетер Таңшолпандай

жарқыраған тұлғалар

осылар» деген немересіне

айтқан өсиеті автордың

бүкіл қазақ қыз-келіншектеріне

арналған ғибраты деп түсіну

лазым.

«Қыз мiнезiмен көрiктi» тақырыбында

қолдағы бақытты

ұзағынан ұстап тұру да, не болмаса

бақытсыздыққа ұшырау

да мiнезге байланысты екенiн

айта келiп, жақсы мiнез ғұмыр

бойы таусылмайтын жан азығы

екенiн жеткiзедi.

Бегман Ысқақтың өсиетнамасында

дос таңдау, кiтапты

өмiрлiк серiк ету, жар таңдау,

қызғаныш, есеппен тұрмыс

құру, әлеуметтiк желi арқылы

танысу, ұрпақ жалғастыру,

кәрi қыздар, қарттар

үйiндегi бейбақтар мәселесi

де кеңiнен қамтылған. Әрбiр

қазақ қызы жүрiп өтуi тиiс

ақылды бойжеткен, келiстi

келiн, парасатты ана, кемеңгер

кейуана секiлдi уақыт кезеңдерiнiң

қыр-сырына жанжақты

тоқталып, мәндi де

нәрлi мысалдармен өрнектеп,

дұрыс бағыт-бағдар сiлтеуге

ұмтылады.

Автор «Көп бiлген кiсi кемеңгер

емес, бiлгенi елге көп

пайда келтiретiн кiсi кемеңгер»

деген Эсхил ғұламаның

өсиетiн сүйене отырып «Қызым,

алған бiлiмiңдi отаныңның,

халқыңның, кiндiк қаның

тамған туған жерiңнiң,

қазағыңның көсегесiн көгерту

үшiн жұмсасаң, өмiрiң ажарлы

да базарлы болмақ. Ұлттық

мүдде үшiн еш нәрседен

тайсалмай қорғап, қолдап

отырсаң, халқыңның

сүйiспеншiлiгiне бөленесiң.

Одан артық сый-сияпаттың

қажетi шамалы» деп өсиетін

айтады.

Бегман Ысқақ ағамыздың

«Қызым, саған айтамын...»

атты туындысы – жалпы қазақ

қыздарына арналған шынайы

өсиетнама. Автор қазақ

қыздарын бала жасынан ұлттың

ұлы мұрасын, құндылықтарымызды

әспеттеуге, салтдәстүр

мен әдет-ғұрыпты сақтауға,

ұлтжанды болуға тәрбиелеудi

алдына мақсат қойып

«Кiмде-кiм барған жерiнде

судай сiңiп, тастай батамын

десе осы кiтапты оқығаны

дұрыс» пайдалы дүние

болатынына сенеді.

Қазақтың инабатты да

ибалы қыздары! Қарақтарым!

Біле білсеңдер жоғарыда

айтылған бұл кеңестер –

өн бойыда көрегенділік пен

тектіліктің ірге тасын қалайтын

қасиеттер. Отбасында

бақытты болудың алғы

шарттары.

Мен сендерді рухты да намысты

тұлға болса екен деп

армандаймын. Киелі ата-баба

рухы мен салт-дәстүрін, әдетғұрпы

мен тілі-дінін сақтауға

бар күш жігерін салатын,

Отанымыздың тәуелсіздігі

үшін ерлік жасауға әзір болатын,

білімді де намысты

тұлға болып өссеңдер, атымызға

кір келтірмейтін ұрпақ

өсірдік деп мақтан тұтар

және үлгі-өнеге етер едік. Қазақ:

«Тегіңді сақтаймын десең

– ұлыңды тәрбиеле, ұлтыңды

сақтаймын десең – қызыңды

тәрбиеле» деген. Қызы – таза

елдің келешегі кемел екенін

ұмытпаңдар!

«Әлемді нұрға бөлеп тұрған

құдретті Күн жалғыз, жұлдызды

түнде ғашықтардың

сезіміне куә болған Ай жалқы.

Көк туы көкте желбірген

Отаның, ҚАЗАҚ ЕЛІ біреу

ғана, дара. Бізде одан

басқа Отан жоқ. Әр уақытта

ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ мәртебесін көтеруге,

МӘҢГІЛІК ЕЛ болуына

барлық күш-жігерлеріңді,

бүкіл қазақ халқының тағдыры

тұрғанын ұмытпаңдар, қарақтарым!

Ғұмырын бастағалы тағдыр

заман,

Тылсымды сынақтарға

салдың заман.

Қай ғасыр, қай заманда

қазақ қызы

Ұятқа елін, жерін қалдырмаған»,

– деп жырлаған ақын

Фариза апамыз Оңғарсынованың

сөзімен Бегман ағамыз

өсиетнамасын аяқтаған.

Қане, қазақ арулары, «Қызым,

саған айтам...» деген кiтап

қолыңыздан түспейтiн

өсиетнамаңызға айналсын!

Қадірлі аналар! Құрметті әпке-қарындастар! Аяулы қыздар!

Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесі – халықаралық әйелдер

күнімен құттықтаймын! 8 наурыз – барша ер-азаматтар үшін

қадірлі күн. Көктемнің белгісіндей, жыл құсындай болып келетін

осынау мереке біз үшін аса қадірлі.

«Өмір Анадан басталады» дейді дана қазақ. Әйел – ана, әйел

жар. Асыл аналарымыздың бұл өмірдегі орнын бағалау тіпті

мүмкін емес. Біз қайда жүрсек те, қандай лауазымда болсақ та,

ең алдымен Ана алдында қарыздармыз.

Осынау мүмкіндікті пайдаланып Еңбекші ауданында тұратын сайлаушыларды, қадірлі

қыз-келіншектерді, аяулы аналарды, ұжымдастарымды, халық қалаулылары арасындағы

нәзік жанды аруларды төл мерекесімен құттықтаймын! Бар тіршіліктің тұтқасын

ұстап тұрған ақ жаулықты аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар!

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт тілеймін. Әрқашан да осылай

жайнап, біздің өмірімізге шуақ шашып жүрулеріңізге тілектеспін!

Жүз жасаған

әженің арманы

Шымкентте ғасырдан ұзақ жасаған кейуана

тұрады. Назым әже биыл 109 жасқа

келіп отыр. Отырар ауданы Шәуілдір

ауылының тумасы екі ғасырда талай тарихи оқиғалардың

куәсі болған. Бүгінде үш қыз, бір ұлдан тараған

31 немере, 19 шөбере сүйіп отыр. Әженің айтуынша,

дәл қай күні туғанын өзі де анық білмейді.

Бибайша

НҰРЖАНҚЫЗЫ

– «Қауын піскенде Назым

қызым туылған еді» деп айтып

отырушы еді әкем жарықтық, –

деп кейуана әңгімесін бастады.

– Біздің заманымыздағы балалар

қазіргідей әкеге еркелеп,

мойнына асылмаушы еді. Отбасымда

3 ұлдың ішінде жалғыз

қыз болдым. Ол уақытта

қазіргідей мектеп дегенің көп

емес еді. Екі ауылға бір мектеп,

сол мектепте 6 класқа дейін

білім алдым. Содан сұм соғыс

басталып, әкем майданға аттанды.

Ізінше 2 ағам мен інім

де майданға кетіп, әкем мен 2

ағамнан қара хат алдық. Інім

ғана ортамызға оралды, – деп

әжей мұңын шақты.

Тағдыр тауқыметін тартқан

Назым әжей өткен өмірін

еске алғанда тек еңбек еткені

ғана есіне түсетінін айтты.

Ұзақ өмір сүрудің сыры

да содан болар. Ғасырдан астам

өмір сүрсе де әжейдің әлі

де есте сақтау қабілеті жақсы.

Алдына келген адаммен

еркін әңгімелесіп, өсиетін айтып

отырады.

– Қазіргі егемен еліміздің

балалары қандай бақытты.

Алдыма келгеннің барлығына

сендер бақытты заманда

ғұмыр кешіп жатырсыңдар,

қарындарың тоқ. Осындай

бейбітшілікке шүкір деп

айтыңдар деймін. Ал біздің

кезімізде күннің ыстық – суығына

қарамастан колхоз бригадирі

жұмысқа алып кететін.

Көктем келісімен білекті сыбанып,

колхоздың жұмысына

кірісеміз. Шілденің ми қайнайтын

аптабында далада

кетпен шаптық. Күзде желтоқсан

келіп, жерді қар басқанша

мақта тердік. Сондықтан

барынша тәуелсіз елімізге

қызмет етіңдер деп айтып

отырамын, – дейді Назым

әже.

Соғыстың зардабы

Соғыс жылдары тылда

жүргендер де майданмен үндесіп,

еңбек еткені белгілі.

Назым әже де жүннен жылы

киімдер тоқып, майданға жөнелтіп

отырды. Соғыста шейіт

болған әкесі мен екі бауырын

бүгінгі күні де сағынатынын

Ермек Дәрменов,

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты

«Нұр Отан» фракциясының мүшесі

жасырмады. Әсіресе, бауырларының

бейбіт күндерді көрмей,

қыршынынан қиылғаны

жанына бататынын айтты.

– Бауырларым көз ашқаннан

таршылықтан басқа

не көрді? Есейгенде майданға

аттанды. Олардың мынадай

тәуелсіз заманды көрмегеніне

мен өмір бойы арманда

қалдым, – деп Назым әже

ағынан жарылды.

Соғыс біткен соң қыз

Назым тұрмысқа шығып,

Өзбекстанға көшіп барады.

Өкініштісі сол, ана болып 6

баланы дүниеге әкелгенімен,

барлығы шетінеп кеткен екен.

Мұны еске алған кезде әже терең

ойға батты.

– Сәбилерден айрыла бергесін

қоныс аударсақ, мүмкін,

балаларымыз аман өсер деген

ырымды алға тартып, туған

жерге қоныс аудардық. Осында

келгесін туылған қыздың

атын ырымдап, Қойсынай деп

қойдық.

Содан кейін Назым апа үш

қыз, бір ұлды дүниеге әкеліп,

тәрбиелеп, қызды қияға, ұлды

ұяға қондырды.

Өнегелі келін

Бүгінде Назым әжеге немере

келіні Ұлбосын күтім жасап

отыр. Ұлбосынның айтуынша,

әжей әлі де болса үй тірлігіне

араласқысы келеді.

– Әжем барлық тірлікті өзі

істеп тастағысы келіп тұрады.

Тысқа қолтығынан сүйеп

алып шығайын десем, менің

көмегімсіз өзі жүргісі келеді.

Әлі де сол жас күндегідей қамыр

жайып, тамақ істегісі

келіп тұрады. Нан илеп, далаға

таба нан жапқысы, қойып

берсең, барлық шаруаны

ешкімнің көмегісіз тындырсам

дейді, – деді немере

келіні.

Ғасырдан ұзақ жасаған

әжейдің ендігі арманы – ұрпақтарының

амандығы. «Өскелең

ұрпақты шуақты көктем

мезгіліне ұқсатамын. Олар да

нәзік, енді бүр жарған өскінге

ұқсайды. Ал енді осы көктеммен

қатар келетін 8 наурыз –

аналар мерекесі, ұлыстың ұлы

күні – әз Наурыз мейрамы да

бар. Еліміздегі барлық аналарды,

қыздарымды осы көктемгі

мерекелермен құттықтай отырып,

еліміз аман, жұртымыз

тыныш болсын!» деп, бетін

сипады қарт ана...

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!