07.03.2018 Views

ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ-18-19

Сәрсенбі 7 наурыз 2018 жыл

Сәрсенбі 7 наурыз 2018 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS
• No tags were found...

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

2

№18-19 (1557-1558)

7 наурыз 2018 жыл

Апта

www.shymkala.kz

Мегаполис

Әкім

кәсіпкерлермен

пікірлесті

Шымкентте

жергілікті билік

өкілдері кәсіпкерлермен

кездесті.

Ашық диалогпен өткен

кездесуге қатысушылардың

әрқайсысы

түйткілді мәселелерін,

жұмыс барысында кездесетін

әкімшілік кедергілер

жөнінде айтты.

ОҚО кәсіпкерлер палатасының

басшысы Асқар Әбубәкіров

қазіргі таңда әкімшілік кедергілерді

азайту мақсатында біршама

жұмыстар жасалып жатқанын

айтып өтті. Дегенмен,

кәсіпкерлердің әлі де шешімін

таппаған сұрақтары бар. Мәселен,

белгілі бір аумақта коммуникация

бар екенін іскер азаматтардың

барлығы бірдей біле

бермейді.

Жаңа технология

Шымкенттегі жастар

ресурстық

орталығында

білім беру мекемелері

арасында алғаш рет

«Цифрлық Қазақстан»

зияткерлік сайысы өтті.

Цифрлық

Қазақстан

Конкурс қалалық әкімдік ҚР

мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл

агенттігінің ОҚО бойынша

департаментінің бастамасымен

ұйымдастырылған.

Ж а ң а т е х н о л о г и я н ы ң

қыр-сырын меңгергендердің

біріншілігіне Шымкент қаласының

әкімі Нұрлан Сауранбаев

қатысты.

Бұл сайыс «Цифрлық

Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын

жүзеге асыру барысында

халыққа электронды қызмет

көрсетуді жеделдету мен жеңілдету

мақсатында ұйымдастырылып

отыр.

Сайыста үздік 5 мектептің

топтары өзара бақ сынады.

Ол топта екі-екіден ұстаз, оқушы

мен ата-ана болды. Солардың

арасынан оза шапқан №65

мектеп-гимназиясының «Сандық

әлем.kz» командасы жеңіске

жетті.

Сайысқа қатысушылар e-gov.

kz электронды үкімет порталындағы

халыққа қызмет көрсету

түрлеріне қатысты білімдерін

жан-жақты көрсете білді.

Сайыс барысында қажетті барлық

анықтамаларды электронды

түрде алудың тиімділігі көрсетілді.

Азамат ЖАППАР

Кездесуде билік пен кәсіпкерлердің

өзара жұмыс жасауы

егжей-тегжей талқыланды.

Атап айтқанда, Шымкент

қаласының әкімі кәсіпкерлікті

дамыту барысында әкімшілік

рәсімдерді заңға сәйкес жеңілдету

үшін арнайы комиссия құруды

ұсынды. Шаһар басшысы,

бұған қоса, инвестиция жұмылдыруға

баса мән берді.

– Шымкент – бай қала, бірақ,

біз инвесторларға жағдай

жасауымыз керек, – дейді

Нұрлан Сауранбаев. – Бізде жүзеге

асыруға болатын қызықты

жобалар жетерлік. Қаржы болса

- кедергі жоқ. Мемлекеттік жекеменшік

әріптестіктің қағидаттарын

белсенді түрде пайдаланыңыздар.

Бұл, әсіресе, балабақшалардың

құрылысына

Білім

Шымкентте мектеп

директорларын

ашық конкурс

арқылы тағайындау

жалғасуда.

Бұл жолы қала әкімі Нұрлан

Сауранбаевтың жетекшілігімен

арнайы комиссиялық топ шаһардағы

№72 жалпы орта мектебінің

басшылығына үміткерлерді

сынақтан өткізді.

Жалпы №72 жалпы орта

мектептің басшылық лауазымы

үшін 3 үміткер комиссия қабылдауына

қатысты. Солардың ішінен

мектеп директорлығы лауазымына

Ахметбаев Аманбек Молдабекұлы

лайық деп танылды.

Қала әкімдігі

қатысты. Ал биылдан бастап

мемлекеттік-жекеменшік әріптестік

негізінде мектеп те салынатын

болады.

Мегаполистің сәулеттік

көрінісі де әкімнің назарынан

тыс қалған жоқ.

– Шымкенттің өзіндік стилі

мен келбеті болуы керек, – дейді

Нұрлан Ермекұлы. – Бұл шаһарымыздың

туризм орталығына

айналуы үшін маңызды. Оған

қоса Шымкент 2020 жылы ТМДның

мәдени астанасы атанғалы

отыр. Ал қаламыздағы көптеген

нысандар «қызыл» сызықта

салынған, біраз көшелердің

жарықшамдары нашар.

Екі тараптың талқылауында

қоғамдық көліктер, жаңа автобустарды

әкелу мәселесі де

сөз болды.

Конкурспен тағайындалды

Әдеп жөніндегі

уәкіл қабылдайды

Шымкент қаласы әкімдігі

аппаратының персоналды басқару

қызметі бөлімінің басшысы

- әдеп жөніндегі уәкіл

Мұратжан Омарбекұлы Акишев

мемлекеттік қызметшілердің

қызметтік әдеп нормаларының

сақталуын және

мемлекеттік қызмет, сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

туралы заң және мемлекеттік

қызметшілердің әдеп кодексін

бұзудың алдын алуды қамтамасыз

ету қызметін жүзеге

асырады, сондай-ақ өз функциялары

шегінде мемлекеттік

қызметшілер мен азаматтарға

консультация береді.

Аманбек Молдабекұлы 37

жылдық еңбек өтілі бар педагог.

Бұған дейін №1 кешкі жалпы

орта мектеп директоры болып

қызмет атқарған.

Шымкент қаласы

әкімдігі аппаратының

әдеп жөніндегі уәкілінің

мемлекеттік қызметшілерді

және басқа да азаматтарды

қабылдау кестесі:

Әр айдың екінші және

төртінші сәрсенбі күндері

сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін.

Мекенжайы: Шымкент

қаласы, Тәуке хан даңғылы

№6, Шымкент қаласы

әкімдігі ғимараты, 2-қабат,

№207 бөлме. Тел: 8 (7252) 53-

00-07, 53-00-04.

Кәсіпкерлік

20 жоба – 70 миллиард теңге

әлеуметтіккәсіпкерлік

«Шымкент»

корпорациясы биыл

еншілес ұйымдарымен

бірге жалпы құны 70,82

млрд теңгені құрайтын

20 жобаны жүзеге асырғалы

отыр. Нәтижесінде

2600-ге жуық адам жұмыспен

қамтылатын болады.

«Шымкент» ӘКК

ҰК» басқарма төрағасы

Айтмұхаммед Алдажаров

осылай деп мәлімдеді.

Басқарма төрағасының

айтуынша, аталған жобалар

«Оңтүстік» индустриалды аймағы

және «Оңтүстік» арнайы

экономикалық аймағында

жүргізіледі.

– Биыл қолға алынатын

20 жобаның 12-ін «Шымкент»

әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы

жүзеге асырады.

Олардың құны 23,5 млрд

теңгені құрап отыр. Ал «Оңтүстік»

арнайы экономикалық

аймағында жалпы құны

Қала шаруашылығы

Заңсыз

құрылысқа

жол жоқ

Шымкент қаласының

әкімдігі

қала аумағында

жер телімдерін өз бетінше

иелену және ауыл

шаруашылығы жерлерінде

заңсыз құрылыстарға

тосқауыл қою

мақсатында қала тұрғындарына

түсіндіру

жұмыстарын жүргізуде.

Солардың бірі Еңбекші аудандық

әкімдігі мен учаскелік

полицейлер Қаратөбе, Бадам-1

шағынаудандарының тұрғындарымен

кездесті.

Кездесуде Қазақстан Республикасының

жер кодексіне

өзгертулер мен толық-

хабарландыру

3,5 млрд теңге болатын 5 жобаны

іске асыру жоспарлануда.

Бұдан бөлек «Оңтүстік»

индустриалды аймағында 40

млрд теңге көлеміндегі 5 жобаны

іске қосу көзделуде, – деді

Айтмұхаммед Тұрарбекұлы.

Жалпы 2017 жылы «Шымкент»

ӘКК трансформациялау

кезеңінен өткен. Нәтижесінде

жаңа жұмыс әдісі әзірленіп,

инвестициялық жобаларды

тиімді басқаруға және іске

асыруға бағытталған басқару

жүйесі енгізілген. Соның нәтижесінде

бірқатар ауқымды жобаларды

іске асыру жеңілдей

түсті. Мысалы, «Астана» тұрғын

үй кешенін салуға отандық

инвесторлар 1 млрд 507

млн теңге қаржы құйған болатын.

Бүгінде кешеннің 2 блогы

ел игілігіне тапсырылды.

тырулар енгізіліп жатқаны,

заңға сәйкес қолданыстағы

жер телімдері нақты

мақсатта пайдаланылмаса,

мемлекет меншігіне қайтарып

алу да қарастырылғаны

түсіндірілді. Құжаты жоқ,

белгісіз жерлерге қоныстанғандарға

алдымен ескерту

жасалады. Егер оған көнбесе,

айыппұл салынып, соңында

заңсыз құрылыс бұзылады.

Заңсыз үй салған және

негізсіз жер берген азаматтар

да жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ, жер телімін өз

бетінше иемденгені үшін ҚР

ӘҚБтК 136-бабына сәйкес 75

айлық көрсеткіш мөлшерінде

айыппұл салынатыны да ескертілді.

Әкімдіктің жұмысшы

тобы Еңбекші ауданына

Төле би және Сайрам аудандарынан

енген Қазығұрт, Қаратөбе

және Жұлдыз аумақтарын

тексеру кезінде 222

жер теліміне заңсыз құрылыс

жүргізілгені анықталды.

Айта кетейік, мұндай іс-шара

әкімдік тарапынан аптасына

бір рет тұрақты түрде

өткізілуде.

Прокурор қабылдайды

Құрметті Абай ауданының тұрғындары! Құқық қорғау қызметтері

орталығында құқық қорғау және мемлекеттік орган

басшылары 13 наурыз күні азаматтарды жеке қабылдайды.

Осыған байланысты қабылдауға алдын ала жазылу үшін Абай

ауданының прокуратурасына (Шымкент қаласы, Республика

даңғылы, 6 үй) немесе 33-97-60, 33-87-14 сымтетіктері арқылы

хабарласуға болады.

Абай ауданының прокуратурасы

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!