14.01.2015 Views

6-7 2012 - CAWater-Info

6-7 2012 - CAWater-Info

6-7 2012 - CAWater-Info

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

отандығы бар компаниялардың тиісті экологиялық заңдылықтарды, талаптарды

орындамай отырғаны көңілге күдік ұялатады. Енді бір жылдан соң...

2013 жылы Каспий теңізіндегі көмірсутегі кен орындарын жаппай игеру

жұмыстары басталады, бұл – Қазақстан мұнай дəуірінің алдында тұр деген

сөз. Ал ол дəуірдегі дəуреніміз қандай болмақ Қара алтынның, қазынаға

түсетін қаржының соңынан қуамыз деп қасиетті Каспийімізден айырылып

қалмаймыз ба Есте сақтар тағы бір жайт, Каспий тек қазақтың ғана меншігі

емес. Оның жағасында бес бірдей ел отыр, сондықтан бұл мəселе геосаясат

пен ғаламдық экономиканы да айналып өтпейді. Жоғарыда атап өткен конференция

үстінде «Каспий-Балық» ЖШС директоры Əбілғали Темірбайдың

«теңіздегі балықтардың тіршілігі қалай болмақ» – деген сауалына Хакимов

мырза «2013 жылдан кейін балық мүлде болмайды» деп жауап берді. «Каспийде

болуы əбден ықтимал экологиялық апаттардан кейін тек балықтар

мен итбалықтардың ғана емес, теңіз жағасында орналасқан елдердің халқына

да қатер төнеді. Бұл жұртты үрейлендіру емес, шындық» – дейді жəне ол. «Ал

теңіз суының тұнықтығы жайлы сұраққа эколог қазірдің өзінде лайланған су

айдыны жаппай мұнай өндірудің салдарынан өлі суға айналады», – деп жауап

берді. «Мұндай қайғылы қорытынды шығару үшін академик болу міндетті

емес», – деп қосып қойды жəне. Бəрі көз алдымызда құрып бара жатқан

дүние...

ҚАРТ ТЕҢІЗ ҚАҺАРЫНА МІНБЕСІН ДЕҢІЗ...

Теңізді техногендік апаттардан сақтау жайы Каспий теңізінің қазақстандық

секторын игерудің 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында

нақты көрсетілген. Бірақ соның бəрі орындалып жатыр деп айта алмаймыз.

Қазақстандық жəне шетелдік тəуелсіз сарапшылардың зерттеулері

мұнай компанияларының теңіздегі мұнай қорын қауіпсіз игеруге əлі де

дайын еместігін көрсетіп отыр. Көршілес мемлекеттер Каспий жөніндегі

Конвенциялардың бəрінде мұнай төгілу мен су айдынының ластануына

қазақ елінің тікелей жауапты екенін үнемі «ескертумен» келеді. Биыл Ақтау

қаласында өткен министрлердің кездесуінде де осы мəселе көзден таса қалған

жоқ. Қашаған кен орнын игеру барысында ықтимал апаттардан моральдық

жəне материалдық тұрғыда сақтандырылған олар Каспий маңындағы елдерді

жəне табиғатты сақтандыру мəселесіне көңіл аудармай келеді. Бұл мəселе

жайлы эколог: «Солтүстік консорциум құрамында жұмыс жасайтындардың

барлығы – шетелдік қызметкердің өмірінен бастап, мұнай мұнараларына

дейін сақтандырылған. Шетелдік компаниялар өз мүліктері мен адамдарын

болашақ Каспий мұнайы есебінен сақтандыруды жүзеге асырып отыр. Ендеше

біз де жергілікті тұрғындарды өз мұнайымыздың есебінен сақтандыруға

тиіспіз» – дейді.

Қалай айтқанмен, бір күні болмаса бір күні қарт теңіз қаһарына мінері анық.

Өйткені, бүгіннің өзінде теңіз қайраңында өлі аймақтар пайда бола бастаған. Су

астында қалған алпыстан астам ұңғымалар залалсыздандырылмаған қалпында

тот басып жатыр. Түрлі себептермен суға батып кеткен кемелердің де теңізге

тигізер зияны көп. Мұнайды бұрғылау кезінде жерасты қысымымен шығатын

ілеспе газ қоршаған ортаның бас ауруына айналып отыр. Теңіз деңгейінің

ауытқып тұруы да проблеманың бірі. 1978-1995 жылдары теңіз деңгейі 2,5

метр биіктікке дейін көтерілді, соның кесірінен бұрын өнеркəсіптік аймақ

болған біраз жер су астында қалды. Осындай апат орын алған Əзірбайжан

еліндегі жағдай бізге сабақ болса игі. Теңіз қойнауындағы қара алтын бекіре

балықтардың да болашағын бұлыңғыр қылып барады. Əсіресе соңғы жылдары

бағалы балық қоры күрт кеміп кетті. Каспий теңізінің келешегі үшін оның

құқықтық мəртебесін айқындайтын халықаралық конвенция сондықтан да керек.

Құдай бетін ары қылсын деңіз, егер Мексика шығанағындағы жағдай Каспийде

қайталанса, солтүстіккаспийлік басссейннің тіршілігі толығымен жер

Водное хозяйство Казахстана / 6-7 (44-45) 2012 г.

21

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!