14.01.2015 Views

6-7 2012 - CAWater-Info

6-7 2012 - CAWater-Info

6-7 2012 - CAWater-Info

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

бізде керісінше, қолдан суару əдісінсіз бір де бір өнім алынбайды. Қазірдің өзінде

Өзбекстанда əр тұрғын басына шаққанда жыл сайын 2,5 мың м 3 судан келуде.

Осындай жағдайларға қарамай, біз күнделікті тұтынатын судың өзін Европа

тұрғындарына қарағанда 3 есе көп жұмсайды екенбіз. Су ресурстарын тиімді пайдалану

үшін барлық салаға да эканомикалық жағдай кері əсерін тигізуде. Суды

тиімсіз пайдалану көбіне пайдаланып отырған технологияның ескіруінен болып

отыр. Дəл осы себептен сарапшылардың айтуына қарағанда беріліп жатқан

судың 37% межеге жетпей желкесі қиылуда. Бұнымен қоса халықтың күнделікті

тұрмыс пен ауыз суға деген сұранысын қанағаттандыру тіпті төмен. Қазақстанда

4 млн тұрғын үшін орталықтандырылған ауыз су қол жетімсіз күйінде қалып

отыр. Оның 14% қала тұрғындары, 27% ауыл тұрғындары болса, енді 16,5% халық

ағын суды күнделікті өмірге пайдалануға мəжбүр. Ал Тəжікстан мемлекетінде

халықтың 40% ашық өзен суларын тұтынуда. Ал Түркіменстан мен Өзбекстан елі

бұл мəселеде тіптен нашар. Жоғарыдағы айтылған мəселелер салдарынан бүгінде

Орта Азия аз зиян шекпеуде. Бірер мысал келтіре кетер болсақ, Арал маңында

80% жүкті əйелдер анемия тауқыметін тартып отырса, бұл індет балалар арасында

орта есептен 6 есе асып түскен. Өңірде ана мен бала өлімі де əдеттегіден басым.

Іш аурулары да балалар өлімін көбейтуде. Жалпы инфекциялық аурулар Европа

елдерімен салыстырғанда бес есеге артық.

Осылардың барлығы – Орта Азия елдерінің болашақта дамуына бірден-бір

кері əсерін тигізуші факторлар. Осындай мəселелердің алдын алу үшін Орта

Азияның ортақ проблемаларын жолға қою жолында бес мемлекет алдында

өте үлкен міндеттер тұрғаны анық. Соның бірі жəне бірегейі – су ресурстарын

бірлесіп, тиімді пайдалануды жолға қою. Бұл жолда бүгінде біраз жұмыстардың

басы қайырылды. Десек те, шешілмегені де жоқ емес. Мұндай ортақ ресурстарды

ортақ пайдалану əлемнің басқа елдерінде де көптеп кездеседі. Мысалы БҰҰ-ның

комиссиясы мəліметтеріне қарағанда əлемдегі 214 өзеннің 148-і екі мемлекет шекарасын

қиып өтсе, 31 өзен үш елдің аумағын, ал, 62 өзен төрт немесе одан да көп

елдің аумағын қиып ағады екен. Сондай-ақ, келісімдер бойынша Дунай өзенін 14

мемлекет, Нигер өзенін 10 мемлекет, Конго өзенін 9 мемлекет, Рейн мен Замбези

өзендерін 8 мемлекет, Амазонка өзенін 7 мемлекет, Меконе өзенін 6 мемлекет,

Брахмапутра мен Ганга өзендерін 4 мемлекет бірлесіп бейбіт пайдалануға қол

қойған. Демек, Орта Азия мемлекеттеріне мəселені солардың тəжірибесіне сүйене

отырып шешуге жол ашық. Сырт көз сыншы болып араға от салушылар да табылады,

мынадай əрбір табиғи ресурс тапшы болып отырған уақытта. Жоғарыда

айтып өткеніміздей, ортақ табиғи ресурстарды тиімді пайдалану арқылы ортақ

мəселелерді де тиімді шешуге болатындығын басты мақсат етіп ұстаған абзал,

бүгінде көршілер үшін.

64 Водное хозяйство Казахстана / 6-7 (44-45) 2012 г.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!