14.01.2015 Views

6-7 2012 - CAWater-Info

6-7 2012 - CAWater-Info

6-7 2012 - CAWater-Info

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Орталық Азиядағы ортақ мәселелер

Олжас Шынжігітов

Тилек Отошев

МӘСЕЛЕ

Бүгінгі таңдағы болжамдарға сүйенер болсақ, алдағы уақытта жалпы Орталық

Азия тұрғындарының саны 60 млн.ға дейін өседі деп күтілуде. Алайда бұл көрсеткіш

əлемнің алпауыт елдерімен салыстырып қарағанда көңіліңе күдік ұялатары хақ.

Европа мемлекеттерінде табиғи ресурстардың кемдігіне қарамай, халық саны

Орталық Азия атырабымен салыстырғанда əлдеқайда басым. Аумақ бүгінде жер

көлемі үлкен жəне табиғи ресурстарға ең бай өлке ретінде əлем назарын өзіне аударуда.

Сондай-ақ бұл аумақта орналасқан мемлекеттердің жақын тілді, бір дінді,

тіпті мəдени-тарихи байланыстарының да тығыз екені белгілі. Осы себепті аумақ

елдері бүгінгі таңда бірлескен табиғи ресурстарға бай үлкен бірлестік ретінде

əлем елдерімен санасуға толықтай қауқарлы. Мысалы, Түркіменстан газ экспорты

əлеуеті бойынша əлемдік үштік қатарында. Өзбекстан болса, алтын қоры бойынша

əлемдік сегізінші орынға, ал, мақта өндірісі бойынша төртінші орынға табан

тіреуде. Қазақстан өзін қазба байлықтары мен минералды ресурстарға бай өлке

ретінде əлемге танытқалы қашан. Соңғысы Қырғызстан мен Тəжікстан өздерін су

державасы ретінде танытып, электр қуатын экспорттауға, ауыл шаруашылығы

өнімдері мен жоғары санаттағы туризм əлеуетін дамытуға қауқарлы. Барланған

көмір қорының (89,5%) жəне мұнайдың (86,2%) өте көп бөлігі Қазақстанға тиесілі

екені айтпаса да айқын. Сондай-ақ, түйіскен шекаралар тұсындағы газ қорының

Түркіменстанға 42,6%, Өзбекстанға 29,8%, ал Қазақстанға 18,9% үлестелінуі бұл

елдерді одан сайын тұғырландырды. Су электр энергиясын өндіруге қауқарлы

орындардың 22% қырғыз елі еншісінде болса, қалған 69% Тəжікстан меншігінде

қалып отыр. Электр энергиясы өндірісінен аймақ қазірде əлемде 19-орында. Бүгінгі

таңда Орталық Азия су қорлары бүкіл адамзаттың 20% қолдау болып отыр. Сол

секілді көмір қорынан əлем бойынша 10-орында, түсті металл қорынан алдыңғы

орында, ал алтын өндірісінен (Өзбекстан 90 т, Қырғызстан 20 т, Қазақстан 18,9 т

жылына) тоғызыншы орынды иемденуде.

Жоғарыда келтірілген мəліметтерге сүйене отырып, Орталық Азияның

болашағын жəне болашақтағы жалпы ортақ проблемаларын айқын көруге болады.

Геосаяси жағынан алғанда Орта Азияның басым бөлігі су тапшылығынан

өте көп зиян шегетін шөлейттік аумаққа орналасқан. Алайда мемлекеттің

барлығы негізінен аграрлық шаруашылықпен айналысатын болғандықтан, суға

тəуелділік өте жоғары деңгейде. Бір көңіл қуантарлығы Орталық Азия аумағында

орналасқан өзендердің басым бөлігі Тянь-Шань, Памир, Алтай тауларының

климаттық əсері мен мұздықтары есебінен арналарын қалыпқа келтіріп отырады.

Игерілген жер көлемдерінің артуы, тұрғындардың өзен суларын экстенсивті түрде

пайдалануының белең алуы мен түрлі мақсатта пайдаланылған қалдық сулардың

тікелей өзен арналарына қосылуы жəне де қалдық су сақтау орындарының

қысқаруы секілді түрлі себептер табиғи жүйенің бұзылуына əкеліп соғуда.

Жоғарыдағы айтылған кері кетушіліктер салдарынан тиесілі аймақтағы өсімдіктер

мен жануарлар түрлерінің сиреуі, тіпті аумақтағы балық қорларының азаюы да

байқалуда. Толықтай Орта Азия аумағы бойынша жасанды су қоймаларындағы

балық түрлері 1990 жылдан бері 60% астам кеміген. Аумаққа енетін Қазақстан,

Өзбекстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Түркіменстан елдерінің 40% жер көлемі Арал

теңізі мен Балқаш көлі бассейнінде жатыр. Жəне бұл аумақта орналасқан халықтың

басым бөлігі су тапшылығына қарамай, суармалы шауашылыққа бейімделген.

Əсересе Түркіменстан мен Өзбекстан мемлекеттері 80-90% тарнсшекаралық

өзендерден келетін суға тəуелді суармалы егін шаруашылығымен айналысады.

Европа елдерінің көбінде халық егін шаруашылығымен айналысқанымен,

климаттың қолайлылығына орай қолдан суару əдісін мүлдем қолданбайды. Ал

Водное хозяйство Казахстана / 6-7 (44-45) 2012 г.

63

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!