08.12.2017 Views

ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ #97

Жұма 8 желтоқсан 2017 жыл

Жұма 8 желтоқсан 2017 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Соңғы бет

www.shymkala.kz

№97 (1533)

8 желтоқсан

2017 жыл

12

БІЛІМ

БАҒДАРЛАМА БАҒЫТЫ

Мықтылардың

бірі – Мәметова

мектебі

Биыл Шымкент қаласындағы

Мəншүк

Мəметова атындағы

№35 жалпы

орта мектеп өзінің 40

жылдық мерейтойын атап

өтті. Осы уақыт аралығында

аталған білім ордасының

ұстаздары қаншама

шəкіртті білім нəрімен сусындатып,

түрлі жетістіктерге

жеткізді. Мектеп маңынан

ашылған «Балапан»

шағын орталығы да

жемісті еңбек етіп келеді.

Талапты мұғалімдер мен

талантты оқушылар ордасына

айналған, тарихы

терең мектептің директоры

Айжан Бершімбаевамен

сұхбаттасқан едік.

Сапарғали ҚАНАТ

sqanat@shymkala.kz

– Айжан Серікбайқызы,

мерейлі мерекелеріңіз құтты

болсын! Сұхбатымызды

мектептің тарихынан бастасақ...

– Рахмет! Мектебіміз 1977

жылы ашылған. Өткенге үңілсек,

өте тəжірибелі педагогтар

еңбек еткенін байқаймыз. Мəселен

Владимир Ким, Анна Кузнецова,

Николай Александрович,

Шахар Əбдраймова, Гүлфарида

Сапарбаева жəне тағы

басқалар. Бұл ұстаздардың

осы білім ордасының имиджін

қалыптастыруда атқарған еңбектері

зор.

– Қазір қанша мұғалім қызмет

етеді? Олардың деңгейлері

қандай?

– Мектебімізде 130 мұғалім

қызмет етеді. Қазір де білікті

мамандарға кенде емеспіз.

Ұстаздарымыздың 70 пайызы

жоғары санатты. Олар «Кембридж»

бағдарламасы бойынша

деңгейлік оқудан өтті. Осыған

орай мектебімізге Лондоннан

арнайы мамандар келіп, жұмысымызға

жоғары беріп, сертификат

табыстады.

Қазір қалада 40-қа жуық

лицей-гимназия мектеп бар.

Оларда іріктелген балалар оқиды.

Ұстаздарымыз қаладағы ең

білікті əрі үздік мұғалімдер қатарында.

Олар осындағы сабағынан

бөлек мүгедек балалардың

үйіне барып дəріс өтеді.

Мемлекет тарапынан мұндай

мұғалімдерге ешқандай қосымша

көмек қарастырылмаған. Соған

қарамастан олар өз ісінің

нағыз патриоты.

– Сондай ұстаздарды атап

өте аласыз ба?

– Мəселен, Ольга Николаевна.

Ол қаладағы мұғалімдер

арасында биологиядан ең

жоғары көрсеткішке ие. 30 сұрақтан

30 ұпай жинады. Сондай-ақ,

қазақ тілі пəні мұғалімі

Серік Төлендиев. Ағылшын тілі

ұстазы Жұбат Сахиевна.. Бұл

ұстаздардың шəкірттері де өздері

секілді, түрлі республикалық,

халықаралық дəрежедегі

білім сайыстарында жүлделі

орындарға ие болуда.

– Оқушыларыңыздың қандай

жетістіктері бар?

– Қазір мектепте 2000 оқушы

білім алады. Жыл сайын

бұл көрсеткіш өсіп келеді.

Саннан сапаға көшіп келеміз.

Үлгілі оқушыларымызға

келер болсақ, мəселен, Айбек

Байдуллаев деген шəкіртіміз

Францияда математика пəнінен

өткен жарыста 2 орын

иеленді. Ал Ораз Ақжарқын

«Қазақстандағы уран өндірісінің

қоршаған ортаға жəне аумақтың

тіршілік қауіпсіздігіне тигізетін

əсерінің экологиялық мəселелері»

тақырыбында облыстық

ғылыми жобада бірінші орыннан

көрінді. Жуырда үш оқушымыз

республикалық «Зерделі»

сайысында 1 орын алды. Жəне

қаладағы «Өнер фестивалінде»

бас жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар биылдан

бастап робот техникасы үйірмесі

ашылған болатын. Осы

уақыт ішінде екі рет халықаралық

жарыста екінші орынға

қол жеткіздік. Мектептегі шаралар

Елбасының «Бірлігіміз жарасқан»

бағдарламасы аясында

жүргізіледі.

Бұлардан басқа 10-ға жуық

спорт үйірмесі бар. Барлығы

тегін. Бұл бағытта да жетістіктеріміз

аз емес. Мысалы, Нұрсан

Айбол дзюдодан, Данара

Тұрматова аквадроннан, Динара

Муминова қол добынан

спорт шебері, Ли Наташа каратэден

халықаралық спорт

шебері.

Биыл мектебіміздің 40 жылдық

мерейтойы үлкен көлемде

тойланды. Оған қалалық,

облыстық білім басқармаларынан,

əскери бөлімшелерден,

ішкі саясат, мемлекеттік

емес ұйым қызметкерлері қатысып,

алғыс хаттар табыстады.

Осы марапаттардың астарында

Мəншүк Мəметова есімі

тұр. Біз осындай жетістіктеріміз

бен игі істеріміз арқылы қазақтың

батыр қызын əлемге таныта

аламыз.

– Мəншүк Мəметова есімі

оқушылар мен ұстаздарға

қаншалықты шабыт береді?

– Мектебімізде М.Мəметоваға

арналған бұрыш бар. Ондағы

ақпараттарды оқушылар

мен ата-аналар жинастырған.

Ал «Ерлікке тағзым» деген бұрышта

оқушылардың «Мəншүк

апаға арнау» деген өлеңдері

мен шығармалары жиналған.

Сондай-ақ, «Мəншүк» деп

аталатын газет жəне сайтымыз

бар. Осылардың өзі оқушылардың

қазақтың ержүрек

қызына деген ерекше ықыласын

көрсетеді. Жуырда ҚР білім

беру ісінің үздігі, Ақтөбе педагогикалық

институтының құрметті

профессоры, “Қос шынар”

Əлия-Мəншүк қоғамдық

қорының төрағасы Ғалымжан

Байдербес мектебімізге кітабын

сыйлап, алғыс хатын табыстады.

Жалпы Мəншүк

Мəметованың тағдыры ерекше.

Оны ұрысқа Жамбыл Жабаевтың

өзі Алматыдан шығарып

салған. Соғыста Нұркен деген

ғашығы болған. Екеуі бір уақытта

қайтыс болыпты. Осының

өзіне ерекше кино түсіруге де

болады. Жыл сайын Əлия Молдағұлованы

Ресейде де ерекше

еске алады. Оның атында мектеп,

көше бар. Мəншүк Мəметованың

да есімін солай құрметтеп,

қастерлеуіміз керек.

– Мектеп маңынан ашылған

шағын орталық жұмысы

қалай жүріп жатыр?

– Мектебімізде «Балапан»

шағын орталығы жұмыс істейді.

Ашылғанына 7 жыл болды. Ондағы

4 топта 70 бала бар. Əр

топта 15-20 бала тəрбиеленеді.

Бірқатар мұғалімдеріміз, дəрігерлеріміз

мектепте де, орталықта

да қызмет етеді. Қазақ,

орыс, ағылшын тілдерін, əн-күй,

денешынықтыру сабақтарын

өтеді. Бастауыш мұғалімдеріне

балаларды осы орталықтан

алған тиімді. Өйткені осында

барлығына үйреніп қалады.

Тек тамағына ғана 10 мың теңге

төлейді. Ас мəзірі көрсетілген

кесте бойынша беріледі.

– Рахмет!

Ортақ мүлікті

жөндеуге не

жатады?

ҚР

«Өңірлерді дамытудың

2020 жылға

дейінгі» бағдарламасы

Шеңберінде кондоминиум

объектілерінің ортақ мүлкін күрделі

жөндеу ғана жүзеге асырылатын

болады.

Үй-жайлардың (пəтерлердің)

меншік иелерінің қайтаратын қаражаттары

есебінен күрделі жөндеу

жұмыстары жүргізілетін болады.

Ортақ мүлікті күрделі жөндеу жұмыстары

мыналарды көздейді:

1) жұмыстардың ең аз түрлері –

бұл жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған

жүйесін жəне үйге

ортақ жылу энергиясын есепке алу

аспаптарын міндетті түрде орнату

мен тұрғын үйдің шатырын, кіреберісін

жəне жертөлесін жөндеу;

2) жұмыстардың ең көп түрлері

– бұл жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған

жүйесін жəне

үйге ортақ жылу энергиясын есепке

алу аспаптарын міндетті түрде

орнату мен шатырды, кіреберісті,

жертөлені, қасбетті жөндеу, жеделсаты

жабдығын жөндеу.

Орындалған жұмыстарды қабылдауға

мамандандырылған уəкілетті

ұйымдардың, мердігер ұйымның,

кондоминиум объектісін басқару

органдарының, тұрғын үй инспекциялары

жəне бюджеттік бағдарламаға

жетекшілік ететін бөлімдердің,

сондай-ақ техникалық қадағалаудың

басшылары, мемлекеттік

сəулет-құрылыс бақылау органдары,

жөнделетін объектілердің

меншік иелері (жеті адамнан кем

емес) қатарынан жауапты тұлғалар

қатысады.

¬½ðûëòàéøû –

Øûìêåíò

àëàñûíûº ´êiìäiãi.

Ìåíøiê èåñi

– «Øûìêåíò

àïàðàò îðòàëûµû»

æàóàïêåðøiëiãi

øåêòåóëi

ñåðiêòåñòiãi.

Äèðåêòîð–áàñ ðåäàêòîð

¬ÀÏÁÀÐÎÂÀ Àéã¾ë

Æàðûëàñûíûçû

Áàñ ðåäàêòîðäûº îðûíáàñàðû

Ñ´áèò ÀÓÅÑÁÅÊÎÂ

Äèðåêòîðäûº îðûíáàñàðû

Òàºàò ¦ËIÁÅÊÎÂ

Æàóàïòû õàòøû

Àñõàí ÌÀÉËÛÁÀÅÂÀ

Æóðíàëèñòåð:

Òàµàáàé ¬ÀÑÛÌÎÂ

Àìàðàë ¦ØIÐÎÂÀ

Ñàïàðµàëè ¬ÀÍÀÒ

Àéã¾ë ÊÅÐI̬±ËÎÂÀ

ͽðëàí ÁÅÊÒÀÅÂ

Áåòòåóøi-äèçàéíåð

̽àµàëè Ò¯ÐÅÕÀÍ

¬àñûì ͱÐÕÀÍ

Æàðíàìà æ´íå

ìàðêåòèíã á¼ëiìi

Àæiáåê ̱ÑÒÀÔÈÍÀ

Ãàçåò ¬àçàñòàí Ðåñïóáëèêàñû èíâåñòèöèÿëàð æ´íå äàìó

ìèíèñòðëiãi Áàéëàíûñ, àïàðàòòàíäûðó æ´íå àïàðàò

êîìèòåòiíäå 2016 æûëµû 15 ñ´óiðäå òiðêåëiï, ¹15961-Ã êó´ëiãi

áåðiëãåí. Ãàçåò àïòàñûíà 2 ðåò, ñ´ðñåíái æ´íå æ½ìà

ê¾íäåði øûµàäû. Òàðàëó àéìàµû: ¬àçàñòàí Ðåñïóáëèêàñû.

«Øûìêåíò êåëáåòiíäå» æàðèÿëàíµàí ìàòåðèàëäû áàñà

áàñûëûì ê¼øiðiï áàñàíäà, áiçãå ñiëòåìå æàñàóû òèiñ.

Æàðíàìà ì´òiíiíåí òóûíäàéòûí ì´ñåëåëåðãå æàðíàìà

áåðóøi æàóàï áåðåäi. ¬îëæàçáà àâòîð êåëiñiìiìåí

ðåäàêöèÿëû ¼ºäåó æàñàëóû ì¾ìêií.

- àûëû èìèäæäiê ìààëà

Ãàçåò ðåäàêöèÿíûº êîìïüþòåð

îðòàëûµûíäà òåðiëiï, áåòòåëäi.

«ERNUR-print» ÆØÑ-íiº áàñïàõàíàñûíäà áàñûëäû.

Øûìêåíò àëàñû, Ò.¦ëiì½ëîâ ê¼øåñi, 22 ¾é.

Ðåäàêöèÿ ìåêåí æàéû:

Øûìêåíò àëàñû, ìêð. «¬àðàñó» øàµûíàóäàíû, 66/6.

Òåë.: 464-222, 464-044, 464-202 (ôàêñ).

E-mail: shymkent_media@mail.ru Èíäåêñ 65810

Òàïñûðûñ: 3656 Òàðàëûìû: 7487 äàíà

Êåçåêøi ðåäàêòîð – Í½ðëàí ÁÅÊÒÀÅÂ

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!