08.12.2017 Views

ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ #97

Жұма 8 желтоқсан 2017 жыл

Жұма 8 желтоқсан 2017 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Дін және дәуір

www.shymkala.kz

№97 (1533)

8 желтоқсан

2017 жыл

9

– Аға, жақында жарық көрген

«Харекет» кітабыңыз оқырмандар

арасында қызу талқылануда.

Осы кітабыңыз шыққаннан

кейін өзіңізде қандай

ой пайда болды? «Əттеген-ай»

деген тұсыңыз болды ма?

– Жоқ. Ешқандай да өкініш

болған жоқ. Себебі, бұл о баста

еленіп-екшелген, талқылаулардан

өткен диссертациялық

жұмыс болатын. Жазылғаннан

кейін алты жылдай жатқан дүниемді

шəкірттерімнің айтуымен

кітап қылып шығардым. Өкінетіндей

бұл əдеби шығарма емес,

ғылыми жұмыс

Мұсылмандық бес

парызбен шектелмейді

Мұсылманның парызы қайсы? Міндеті не? Құлшылық пен тіршілік

қайтсе қабысады? Бүгінгі таңда әр мұсылман баласына ой салатын

әңгімені филология ғылымының кандидаты, профессор Омар Жәлел тарқатып

берді.

– Кітабыңыз Абайдың

«Адам бол, мал тап» деген

қағидасын негізге алады. Адам

қайтсе адам қалпында қала

алады?

– Шынын айтқанда, кейінгі

кезге дейін Абайдың осы «Адам

бол, мал тап» деген сөзін назарға

алмай келдік. Жалпы, кешегі

Кеңестік кезеңде тəрбиеленген

ұрпақ адам болуды мал табумен

еш байланыстырған емес.

Себебі, ол кезде кəсіппен айналысуды

намыс санайтын. Тіпті,

«саудагер» деп кемсітіп айтатын.

Себебі, идеология солай

болды. Ал қазір адамның адам

болуы мал табумен байланысты

болып тұр. Заманның өзі соған

алып келді. Мал – капитал. Қазақ

бұрын «мал-жан аман ба?»

деп амандасқан. Неге қазақ ең

ардақты жанының алдына малды

шығарып тұр дейсіз? Ол мынадай

үш жағдайға байланысты

екен. Біріншісі, мал адамның жанын

аштықтан, суықтан, ыстықтан

сақтайды. Яғни, физикалық

тұрғыдан сақтайды.

Екіншіден, мал адамның ұятын,

ұжданын сақтайды. Егер малың

жоқ, кедей болсаң еріксіз біреудің

дүниесіне көз тігесің. Ұятты

қойып одан нан сұрайсың, қарыз

сұрайсың. Бұдан кісінің қадірі

кетеді. Шəкəрімнің де «мақтан

үшін мал жима, жан үшін жи,

Біреуге көзсүзбестің қамы үшін

жи» дейтіні осы.

Ал үшінші мағынасында мал

адамның бойындағы адамдық қасиеттерін

жүзеге асыруға көмектеседі.

Абай айтады, «Малды ихсанда

қолың қысқа болмас үшін

жи» дейді. Ихсан сөзі ислам дініндегі

бір мағнасы мұқтажға көмектесу

дегенді білдіреді.

– Жалпы, адам бай болу

үшін білімді болу керек пе əлде

ақылды болу керек пе?

– Қолыңда түк жоқ болса,

құр ақылдан пайда жоқ. Мəшһүр

Жүсіп «Ақыл малда» дейді.

Бір қарағанда құлаққа түрпідей

естіледі. Бірақ, шындығы сол.

Мəселен, анаңыз қатты ауырып

жатса, сіздің қолыңызда сол анаңызды

емдететін мал болмаса

құр ақылмен не амал қылмақсыз?

Мəшһүрдің «Ақыл малда»

деп отырғаны осы.

Абай «Құдайдан мал сұрайсыңдар,

берсе алмайсыңдар»

деді. Құдай не берді дегенге

Абай «Алла Тағала сендерге

мал табарлық қуат берді»

дейді. Сонда адамзатқа денсаулық

мал табу үшін берілген екен.

Негізі, əрбір ата-ана ұл баланы

мал табуға, қыз баланы ана болуға

тəрбиелеу керек.

– Сіз қазір мешіт медресесінде

де шəкірттерге дəріс

бересіз. Қазір сол шəкірттерге

дінді тек 5 парыздың төңірегінде

ғана түсіндіріп жүрген

жоқпыз ба?

– Рас, қазір шəкірттерге

дін тек 5 парыз шеңберінде

түсіндіріліп жүр. Бірақ, мұсылманшылық

бұл бесеуімен толықпайды.

Мəселен, ДАИШ-тың содырлары

ауыздарынан Алланы

тастамайды. Ал жасап жүргендері

мұсылмандықтың маңайына

да жуықтамайды. Мəшһүр Жүсіп

«Мұсылманшылық ең бірінші

уағдаға опалы болумен болады»

дейді. Қазақ «Айтсаң уəдеңе

жет, уəдесіз Құдайға шет»

дейді. Біздің Алла Тағалаға берген

ең алғашқы уəдені «əлмисақ

уəдесі» дейді екен. Алла Тағала

адамды толық жаратпай тұрып

«Раббыларың кім?» деп сұрады.

Сонда «Я, Раббым, сенсің»

деді. Біз осылайша Құдайға

уəде бердік. Біз енді сол уəдеге

адал болуымыз керек. Алла

Тағала Құран Кəрімде бірнеше

мəрте «Мен уəдемнен таймаймын,

сендер уəделеріңнен таймаңдар»

деп ескертеді. Бірақ,

біз ұмытшақпыз. Құдайдың алдындағы

уəдемізді ұмытып кетеміз.

Мəшһүр Жүсіптің «Мұсылманшылық

ең бірінші уағда-

ға опалы болумен болады» деп

отырғаны осы. Сайд Нұрси деген

түріктің ғұламасы Англияға

барған кезде «слова джентльмена»

дегенді көріп таң қалып,

«ағылшындарда дін жоқ, мұсылмандық

бар екен, ал бізде дін

бар, мұсылмандық жоқ» депті.

Яғни, ағылшындар бір дүниеге

уəде беріп, «слова джентльмена»

деп айтса болды. Оған қолхат,

келісім-шарт дегеннің қажеті

жоқ. Міндетті түрде уəдесінде тұрып,

орындайды екен. Ал бізде

қолхат жазып беріп тұрып алдап

кететіндер бар ғой.

Яссауидың да айтатыны осы.

«Басыңа шалма орадың, үстіңде

сүннет көйлек, қолыңда тасбих.

Бірақ, мұсылман болмадың»

дейді Яссауи.

Мұсылмандықтың екінші сипатын

тағы да Мəшһүр айтады:

«Пайдамен зиян қатар келгенде

пайданы өзгеге беріп, зиянын

өзіңе қалдыру» дейді. Бұл

өте қиын жағдай. Себебі, біздің

нəпсіміз өте күшті. Егер алдымызға

бір арзан, бір қымбат

зат келіп, соның біреуін өзгеге

беру керек болса, сапалысын,

тəуірін, қымбаттауын өзімізге

алып қалғымыз келіп тұрады.

Яғни, нəпсінің қалауын жасаймыз.

Бұл да мұсылмандыққа

жатпайтын қылық.

Ал мұсылмандықтың үшінші

сипаты 0 жомарттық, төртінші сипаты

0 мұсылмандықтың шыңы,

барша адамды Адам ата мен

Хауа ананың баласы, менің

бауырым деп қараумен болады

дейді. Қазір біз өзге ұлтты

былай қойғанда өз қазағымызды

жақтырмаймыз ғой.

Дін өзі үш нəрсемен болады.

Ол ақида, амал, ақылақ (ахлақ).

Ақылақ деп айтып отырғаны –

мінез. Дəл қазір бізде осы соңғы

ақылақ мəселесі ақсап тұр.

Бұны имамдар да түсінді.

Сұхбаттасқан

Олжас СƏНДІБЕК

ЕКПЕ – ҚОҒАМҒА

ОРТАҚ МӘСЕЛЕ

немесе екпе алуды

міндеттеу керек пе?

Бүгінде «Қазақстан

Республикасының

кейбір заңнамалық

актілеріне

діни қызмет жəне

діни бірлестіктер мəселелері

бойынша өзгерістер

мен толықтырулар енгізу

туралы» Заң жобасы кеңінен

талқылануда. Аталмыш

заң жобасы 13 заңнамаға

енгізілетін 47 өзгерістен құралады.

Балғабек МЫРЗАЕВ,

теолог, «Kazislam»

порталының сарапшысы

Екпе мəселесінің қоғамның

талқылауына ұсынылуының астарында

бірқатар негізді себептер

бар екені анық. Халықтың

санитарлық-эпидемиологиялық

саламаттылығы саласындағы

құзыретті мемлекеттік орган

жəне оның аймақтық органдары

екпеден бас тарту себептері

мен оның динамикасы жөнінде

мониторинг жүргізіп тұрады.

2016 жылы Қазақстан Республикасында

екпеден бас

тартқан 9685 адам тіркелген,

2015 жылға қарағанда бұл көрсеткіш

13,4% (8383) өсіп отыр.

Себептерін тарқатсақ, екпеден

бас тартқан азаматтардың

жеке ұстаным – 45% (4360)

жəне діни ұстаным бойынша –

42,9% (4151), бұқаралық ақпарат

құралдарының БАҚ) (ғаламтор

ресурстары, баспасөз, ТВ) негативті

ақпараттарының əсерінен

6,2% (600) тұлға екпеден

бас тартса, екпеге сенімсіздік

таныту себебінен 6,1% (589)

бас тартқан.

Діни ұстаным себебінен

бас тарту басымдылығы Қазақстанның

батыс өңірлерінде

өзекті болып отыр. Бұл өңірлерде

діни ұстанымына байланысты

екпеден бас тарту

көрсеткіші 80%-ға жоғары. Соның

ішінде Атырау облысында

– 88,9%, Ақтөбе облысында –

87,9%, Батыс Қазақстан облысында

– 89,3%. Осы көрсеткіштен

Қазақстанда азаматтардың

екпеден бас тартуы дəстүрлі

емес діни ұстанымдар салдарынан

өзекті мəселеге айналғаны

байқалады.

Діни қызмет жəне діни бірлестіктер

туралы Заңнама жобасының

əзірленуі барысында

екпеге қатысты тақырып қоғам

тарапынан үлкен талқылауға

түсті. Арнайы құрылған жұмыс

тобына жеке азаматтар, қоғамдық

бірлестіктердің, мемлекеттік

органдардың, сарапшылар

қауымдастығының өкілдері

қатысып, олардың пікірлері мен

ұсыныстары қарастырылды. Сонымен

қатар халықаралық тəжірибе

зерттеліп, оның қолдану

жолдары зерделенді.

Бір байқағанымыз,

жұмыс

тобының

отырысына

қатысушылардың

барлығы да

діннің деструктивтік

ісəрекеттерде

қолданылуын

азайту мақсатында

құқық

нормаларын орнату қажет

екеніне ерекше маңыз берді.

Көптеген талқылаудан кейін

жұмыс тобы қолданыстағы Қазақстан

Республикасының 2009

жылғы 18 қыркүйектегі «Халық

денсаулығы жəне денсаулық

сақтау жүйесі туралы» кодексінің

156-бабының 1-бөлігіне

келесідей мазмұнда толықтыру

енгізуді ұсынды:

«...Кəмелетке толмаған баланың

(балалардың) ата-ана

немесе оның заңды өкілдері Қазақстан

Республикасының қолданыстағы

заңнамасымен көзделген

тəртіппен инфекциялық

жəне паразиттік ауруларға қарсы

профилактикалық шараларды

қолдануға міндетті».

Сонымен қатар, заң қабылданған

соң оны орындаудан

бас тартқандарға қарсы жауапкершілік

болуы керек деген қорытындыға

тоқтағаны белгілі.

Осыған орай Қазақстан Республикасының

2014 жылғы 5 шілдедегі

«Əкімшілік құқық бұзушылық

туралы» кодексінің 430-1-

бабы «Кəмелетке толмаған баланың

(балалардың) ата-аналарының

немесе олардың заңды

өкілдерінің Қазақстан Республикасының

қолданыстағы заңнам

а с ы н д а

көзделген

инфекциялық

жəне

паразиттік

аурулардың

алдын

а л у д а н

жалтаруы

он айлық

есептік

көрсеткіш

көлемінде

а й ы п п ұ л

с а л у ғ а

алып келеді» деп толықтырылды.

Аталмыш бап бойынша атаана

немесе оның орнын басатын

жауапты тұлғалар балаларына

инфекциялық жəне паразитттік

ауруларға қарсы екпе егуден бас

тартқаны үшін құқықтық жауапкершілікке

тартуды талап ету

көзделген болатын.

Бұл жерде көңіл бөлетін

тағы бір мəселе бар. Мемлекет

тек дінді ұстанушылармен ғана

күресіп жатқандай көрсеткісі

келіп, түбегейлі жаңылыс ақпаратта

жүргендер баршылық.

Кез келген айыппұл санкциясы

ҚР ƏҚБК жүзеге асып жатқан

санкция төңірегінде қарастырылады

жəне ол тек діни ұстанымы

үшін ғана емес, осы талапқа

бағынбағандардың барлығына

бірдей тең қолданылады.

Екпе салуға белсенді қарсылық

көрсететіндердің қатарында

деструктивті діни ағымдардың

өкілдері басымдау екені

белгілі. Бір жағынан екпе дінде

харам деген ұғымды таратып

жүргендер де кездеседі.

Егер екпе харам болса, Сауд

Арабиясы Королдігі жыл сайын

қажылыққа баратын азаматтарымыздан

жұқпалы ауруларға

қарсы екпе алуды талап етпейтін

еді ғой. Тек қана Қазақстаннан

ғана емес, иісі мұсылман

əлемінің 100-деген елінен,

оның ішінде Египет, Түркия, Малайзия,

Иран, Пəкістанның қажылары

да екпе харам деп шу

көтеріп жатқан жоқ.

Сонымен қатар Ислам

əлемінің көптеген беделді халықаралық

ұйымдары бар. Олардың

ішіндегі ең үлкені 57 ислам

мемлекеті мүше болып табылатын

Ислам ынтымақтастығы

ұйымы болып табылады.

Осы ұйымдардың ешқайсысы да

екпе харам деген пəтуа бермеген.

Сондықтан діни көзқарасына

байланысты екпеден бас тарту

дұрыс емес екеніне назар аударғым

келеді. Осы ретте екпе

мəселесі тек дін істері жəне азаматтық

қоғам министрлігінің ғана

мəселесі емес, ол қоғамның ортақ

мəселесі екеніне назар аударғым

келеді.

Заң жобасы талқыланды,

өзгерістер мен ұсыныстар

енгізіліп, жетілдірілді. Осының

барысында қоғамның мүддесі

ескеріле отырып, екпе алуға

қатысты бап заң жобасынан

алынып тасталды.

Дегенмен, екпе тақырыбы

алдағы уақытта да терең талдауды

қажет ететіні сөзсіз.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!