08.12.2017 Views

ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ #97

Жұма 8 желтоқсан 2017 жыл

Жұма 8 желтоқсан 2017 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

6

№97 (1533)

8 желтоқсан

2017 жыл

Қауіпсіз қала

www.shymkala.kz

Шымкентті кедергісіз қала деп атауға

бола ма? Шаһарда мүмкіндігі шектеулі

азаматтар үшін қаншалықты

жағдай жасалған? Əсіресе, қоларбамен

жүретін мүгедектерге арналған пандустар

мəселесі қалай шешімін табуда?

ПАНДУ

Еліміздің Конституциясында мүгедектерге

қоғаммен етене араласу

үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқығы

тайға таңба басқандай белгіленген.

Ол туралы мемлекет басшысы

өз Жолдауында на нықтап көрсеткен.

Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі

жандарға барынша көңіл бөлініп

келеді. Олардың əлеуметтік жағдайын

жасаудан бастап күнделікті қажеттерін

өтеуі үшін көмек көрсетілуде.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға

арнап түрлі оқу курстары ұйымдастырылған.

Арнайы бор орындар жəрмеңкелері

де ұйымдастырылып тұрады.

Мұның барлығы мүмкіндігі шектеулі

жандардың өздерін қоғамнан

тыс сезінбеулері үшін жасалуда.

Дегенмен, мүгедектердің жүрістұрысында

қиындықтар туындайтыны

жасырын емес. Олар шығып-түсетін

пандустары талапқа толық сай

келеді деуге болмайды. Мұны алысқа

бармай-ақ қаламыздағы түрлі нысандарды

аралап көріп, көз жеткізуге

болады.

Жалпы, Шымкент қаласында 29

мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан

тіркелген. Олардың 1 мыңнан астамы

мүгедектер арбасына таңылған.

Өкініштісі сол – мүгедек жандардың

қала ішінде емін-еркін жүріп-тұруы

қиындай түскен. Тосқауыл көп. Ең

бастысы – пандустың талапқа сай

болмауы.

Сəндібек СҮЛЕЙМЕНОВ,

І топ мүгедегі:

– Осыдан 30 жыл бұрын абайсызда

пойыздың астына түсіп, екі

аяғымнан айырылдым. Жас кезімде

протез аяқпен жүрдім. Қазір қартайғасын

жүру оңай емес. Сондықтан

арбамен жүремін. Алайда қалада

қоларбамен жүру өте ыңғайсыз.

Жаяу жүргінші жолдарында

кедергі көп. Пандус орнатылмаған.

Болғанның өзінде икемге келмейді.

Себебі ені тар, тік, екі жақты

тұтқасы жоқ. Ал бір мекемеге

барсаң табалдырықтан не есіктен

кіре алмайсың. Əзірге мен сияқты

мүмкіндігі шектеулі жандар үшін

табалдырықтан биік тау жоқ сияқты.

Сондықтан көбісі үйден шықпауға

тырысады.

Жанет ТҰРБЕКОВ,

Əл-Фараби ауданы əкімдігінің

халықты əлеуметтік қорғау

бөлімінің басшысы:

– Жасыратыны жоқ, бірқатар

нысандардағы пандустар талапқа

сай келмейді. Өкінішке қарай, біз ол

нысандардың иелеріне шара қолдана

алмаймыз. Тек пандусты талапқа

сай орнатуы жөнінде құлақтандыру

жасаймыз. Ал шара көру тек

медициналық-əлеуметтік сараптама

комиссиясының құзіретіне жатады.

Ол мекеме мүмкіндігі шектеулі

азаматтың арызы негізінде

арнайы комиссия құрып, шағымда

көрсетілген нысанның иесіне ескерту

жасайды. Олқылық орындалмаса,

айыппұл кесуі де мүмкін.

Нұрлан

БЕКТАЕВ

nb22@bk.ru

Стандартқа сəйкес пандустың ені

100 см, көлбеу бұрышы 6 градустан

аспауы керек. Биіктігі 70 немесе 95

сантиметрлік екі деңгейлі тұтқасы

болуы шарт. Жолдың ашық баспалдаққа

немесе пандусқа қосылатын

жердегі алаң аумағы 160х160 сантиметр,

ішке кіретін есіктің ені 90 см

кем болмағаны жөн. Едені тайғанамайтын

материалдан жасалуы қажет.

Немесе тұтқыш төселуі керек.

АЛ БҰЛ ТАЛАПТАР

ҚАНШАЛЫҚТЫ

ОРЫНДАЛЫП ОТЫР?

Мүгедектер əлеуметтік нысандарға

кедергісіз кіруі керек. Олар

да өзге адамдар секілді өмір сүруге

құқылы. Өздеріне тəн қажеттіліктері

де бар.

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА

ҚАТЕР ТӨНДІРМЕУІ КЕРЕК

«Біздің алдымыздағы ең басты міндет – халықты жұмыспен

қамту және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз кеңістік

ұйымдастыру. Осы тапсырманы орындау мақсатында «Кедергісіз

келешек» жобасы қолға алынады. Қазақстан мүмкіндігі шектеулі

адамдар үшін кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Осы мақсатта

барша кәсіпкерлерді мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа

орналастыруға көмектесуге шақырамын. Біз оларды белсенді

өмірге тартамыз, мұндай азаматтар тек жәрдемақы алып

қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы

еңбеккер ретінде сезінетін болады».

(Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050:

бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауынан)

ТАР

Мысалы, Шымкенттің орталық Əл

Фараби ауданы əкімдігінің мамандары

бастаған бір топ қаланың орталық

көшелеріндегі жағдайды тексеруге

шықты. Алғашқы үш нысандағы

пандустардың жағдайы үш түрлі

болып шықты. Мысалы, Тəуке хан

даңғылы мен М.Х.Дулати көшесінің

қиылысындағы кафенің есігіне «Жиналмалы

пандус бар» деп жазылған.

Топ құрамындағы қоларбаға мінген

азаматты көрген кафе даяшылары

екі белтемірді алып шықты. Олар

баспалдаққа бұрандамен бекітіліп,

пандус қызметін атқарады екен. Бірақ,

мүгедек азамат түгілі пандустарды

сынау үшін мүгедектер арбасына

мінген дені сау жігіттің өзі

пандуспен жоғары шыға алмады.

Тіпті, əкімдік қызметкерлерінің бірі

қоларбаны артынан демеп, көмектескенінің

өзінде кафеге еркін кіру

мүмкін болмады. Себебі, пандус тік

орнатылған жəне арбаның дөңгелегі

тигеннен қимылдай бастайды.

Яғни, пандустың аты болғанымен,

заты сай болмай шықты.

Дегенмен, барлық жердегі жағдай

жыларман халде емес. Олай

дейтініміз, əкімдік мамандары тексерген

екінші нысан – Тəуке хан даңғылының

бойындағы қалалық №1 емхана.

Мұндағы пандус талапқа сай

болып шықты. Яғни, тік көтерілмей,

алыстан басталып, біртіндеп жоғарылай

береді. Үсті шатырмен жабылған,

екі шетінде қолмен ұстайтын

жақтау темірі бар. Ал ең бастысы,

дімкəс азаматтардың емхана

қызметкерлерін шақыруына арналған

қоңырау бар. Содан хабар

алған медбикелер келіп, науқастың

ішке кіруіне көмектеседі.

Ал үшінші нысандағы пандус тіпті

ерекше. Ол Тəуке хан даңғылы мен

Қазыбек би көшесінің қиылысындағы

үлкен сауда орталығында орнатылған.

Бұл ғимаратқа кіру баспалдағы

биік болғанымен, мүмкіндігі шектеулі

жандар үшін шағын жеделсаты

қойылыпты. Оның да қоңырау нүктесі

бар. Пандусқа жақын келіп, жеделсаты

алаңшасына өтесіз. Сосын

батырманы бассаңыз, іштен күзетші

шығып, жеделсатыны жоғары көтеретін

жүйені іске қосады. Одан кейін

қоларбадағы жанның ішке кіруіне көмектеседі.

Сыртқа шыққанда да осылайша

шығарып салады.

Жалпы, мүгедектер үшін кіреберіс

кедергілерінің, табалдырықтың

болмағаны дұрыс. Бұл олардың

кедергісіз жылжуына мүмкіндік бермейді.

Халықаралық талаптар бойынша

ғимаратта табалдырықтың

бар болуы мақұлданбайды.

Рас, қаладағы нысандарда арнайы

пандустар орнатылған. Бірақ,

олардың дені талапқа сай келмейді.

Əсіресе, қыс мезгілінде пандуспен

жүру қиын.

Осынау өзекті мəселе мүгедектер

бірлестігі мен қоғамдық ұйымдардың

назарынан тыс қалған емес.

Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының

азаматтық альянсы да мүмкіндігі

шектеулі жандарға көңіл бөлуге назар

аударып келеді. Қазіргі қоғамда

мүгедектік əлеуметтік тұрғыда шеттетілген

немесе қоғамнан тыс қалған

адам деген мағына емес, əлеуметтік

статустың бірі ретінде қабылданады

дейді альянс мүшелері. Қазіргі таңда

мүгедектік адамдардың театрға, саябақтар

мен спорт алаңдарына баруын

шектемейді, қолынан келер іс атқаруына

кедергі келтірмейді. Сонымен

қатар мүгедектік бірқатар құқықтар

мен жеңілдіктерге ие. Осыған орай

облыстық азаматтық альянс мемлекет

тарапынан көрсетілетін, күннен

күнге артып келе жатқан қолдаулармен

бірге дені сау азамат пен мүгедек

жанның арасындағы айырмашылықты

азайтуды мақсат тұтады».

СӨЗ СОҢЫНДА...

Арбаға таңылған мүмкіндігі

шектеулі жандар үшін шенеуніктер

мен жауаптылардың алдына

барып жан-айқайын айтпақ

түгілі, қала көшелерімен жүрудің,

дəріхана, ауруханаларға

жалғыз өзі барудың өзі мұң

болып тұр. Себебі Шымкенттегі

жол бойындағы жаяу жүргіншілерге

арналған жол соқпақтардың

жиектері биік, арбамен

жүруге ыңғайсыз. Ал кейбір

жерлерде тіпті, пандус жоқ.

Ал Шымкент – Қазақстандағы

үшінші мегаполис. Ендеше,

қаладағы барлық тұрғынның

əлеуметтік статусына қарамай

тең дəрежеде өмір сүруіне қолайлы

жағдай жасалуы керек.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!