08.12.2017 Views

ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ #97

Жұма 8 желтоқсан 2017 жыл

Жұма 8 желтоқсан 2017 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Қоғам

www.shymkala.kz

№97 (1533)

8 желтоқсан

2017 жыл

3

лАТЫН – ÊелеØеÊТ²Œ ʲлТ²

Ерболат НҰРМАХАНОВ,

қалалық мәслихат

депутаты:

«Апострофты

қолдану

шарт емес»

РУХАНИ

ЖАҢҒЫРУ

Ақерке БЕРТАЕВА,

Әл-Фараби аудандық

мемлекеттік кірістер

басқармасының өндірістік емес

төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің

жетекші маманы:

«Оңды шешім

әрі тарихи оқиға»

– Латын әліпбиіне көшуді қолдаймын. Алайда, әліпбиді жасағанда бастапқы

мақсатымызды ұмытпауымыз керек. Біздің мақсат – қазақ тілін үйренуді

жеңілдету. Әсіресе, елімізге саяхаттап келетін еуропалықтар, шетелдіктер латын

әліпбиімен жазылған қазақ жазуларын оқу үшін тағы бір әліпбиді жаттамай-ақ

оқи білгені тиімді. Аса өзгеріске ұшыраған диграфпен немесе апострофпен

жазу арқылы біз сондай жетістікке жете аламыз ба?

Ағылшынның «W» (дабл ю) әрпі ешқашан «Ш» әрпінің рөлін атқара алмайды.

Себебі, «дабл» деген «қайталау». Яғни «ю» әрібіндегі «и» немесе «у» екі

рет қайталанады. Графикасы ұқсағаны үшін «W» дабл ю-ды «Ш»-ның орнына

қолдану ешқандай елдің тәжірибесінде жоқ. Ал «S`» деп апострофпен жазып

қазақтың қарапайым сөзінен анайы мағына жасап шығаруға жол бермей, «Sh»

күйінде қалдыруды қолдаймын.

Жалпы, латын әрпін пайдаланатын елдердің басым бөлігі Еуропада. Сондықтан

Ұлыбританияның ағылшын әліпбиіне сүйене отырып, қазақ әліпбиін жасап

шығаруды ұсынған болар едім. Өйткені, онда қазақтың «і», «ә», «ө», тіпті

«ш» әріптері сол күйінде дыбысталатын әріптік таңбалары бар. «Р» әрпінің екі

түрі бар. Ал француз тілінде латын әліпбиінің қолданысы өте күрделі. Тіпті,

кей тұста французша бір дыбысты айту үшін әліпбиіндегі 7 әріпті қатар жазуға

тура келеді. Тіл үйренуші әріптерді жаттап отыра ма әлде сөзді жаттайды ма?

Тіл үйренуді қиындатпай, осы жағын ескеру қажет.

Бір үтірдің өзі бір әріптің орнын алады. Апострофты қолдану шарт емес.

Міне, латын әліпбиінде сондай еркіндік басым болса, қазақтың «қазысын»

ағылшын да, итальяндық пен бразилиялық та «қазы» деп оқи алады.

Қазақ тілінің кеңістігін кеңейту деген осы емес пе?!

– Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылғы 26 қазанда «Қазақ тілі

әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол

қойды. Бұл, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар бойғы арман-мұраты жүзеге

асқан тарихи күн болды. Еліміздің латынға оралуы – саяси қадам,

оңды шешім әрі тарихи оқиға.

Латын әліпбиінің қажеттілігіне біздің көзіміз айқын жетіп отыр. Әуелі

тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол

арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік туады. Сондайақ,

латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол

ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық

ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді мүмкіндік туады. Және түбі бір түркі

дүниесімен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, өзара

байланысты нығайта түседі. Тұтастай алғанда латын әліпбиіне көшуіміз

– дұрыс таңдау. Жастар жағы латын әліпбиіндегі қазақ жазуын тез меңгеріп

алады. Мектепте ағылшын тілі оқытылатындықтан, олар латын әліпбиін тез

қабылдайтыны сөзсіз. Жаңа латын әліпбиі қолдануға өте ыңғайлы, әлемдік

жаңа технологияларға бейімделген, қазақ тілінің, сондай-ақ Қазақстанда тұрып

жатқан басқа да сан ұлттың тілдік жағдайын қамтитын жақсы әліпби

болады деп ойлаймын. Қазіргі әлем елдері дүниежүзілік өркениетке латын

жазуы арқылы ұмтылып жатқан тұста біз де осы латын әліпбиі арқылы кемелдене

түспекпіз. Яғни, мәдени интеграцияға латын әліпбиі арқылы жақындаймыз.

Бұдан біз ұтпасақ, ұтылмаймыз. Жалпы, латын әліпбиін игеруге

бүгінгі қазақ қоғамы дайын деп ойлаймын.

Жаңа әліпби –

рухани серпілу негізі

ұлан» мектебінің кітапханасында

тәрбие және идеологиялық жұмыстар

басқармасының ұйымдас-

«Жас

тырумен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:

Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының

аясында «Рухани даму жаңа әліпбиден бастау

алады» тақырыбында оқырмандар конференциясы

өтті.

Айкен ОСПАнҚҰЛОВА,

Сабыр Рахымов атындағы «Жас ұлан»

мектебінің кітапханашысы

Жиынды мектеп басшысы,

полковник Ғазиз Тулеушев

ашты. Конференцияда кітапханашы

Л.Мырзабекова «Қазақ

тілін латын әліпбиіне көшіру

- заман талабы» тақырыбына

баяндама жасаса, мектеп дәрігері

Ғ.Ережепова «Латинский

язык - язык будущего и новых

технологии», ағылшын мұғалімі

Д.Ақбердиева «Латын әліпбиі

– жаһандық өркениет» тақырыбында

баяндамалар жасады.

Конференция барысында

мектеп басшылары, мұғалімдер

өздерінің пікірлерін

білдіріп, атсалыса отырып, латын

әліпбиіне көшуді қолдады.

Шараны мектеп бастығының

орынбасары, тәрбие және

идеологиялық жұмыстар басқармасының

бастығы подполковник

М.Мадрахимов қорытындылай

келе, оқырман конференциясына

қатысқан барлық

қатысушыларға алғыс

айта отырып, жиынның өте

әсерлі өткенін және маңызды

екенін атап өтті.

ÌереЙ

ХАбАрлАНДЫрУ

Партия қатарына

қабылданды

Отан» партиясы

құрылған алғашқы

жылдары «Нұр

өңірімізден шамамен 9 мың

адам мүшелікке өткен-ді.

Қазіргі таңда бұл көрсеткіш

110 мыңнан асып отыр.

Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

aashirova@shymkala.kz

Қазақстан Республикасының

Тұңғыш Президенті күніне

орай партияның ОҚО филиалы

төрағасының бірінші орынбасары

Нұрмахан Жолдасовтың

төрағалығымен салтанатты

жиын өтті. Төраға жиынды

партия қатарына жаңадан қабылданған

азаматтарды Тұңғыш

Президент күнімен құттықтап,

партиялық билеттерін табыстау-

мен бастады.

«Нұр Отанға» мүше болғандар

қатарында «NAR TV» телеарнасының

директоры Ерсұлтан

Әмірбек, «Казахинстрах» АҚ

ОҚОФ директоры Қанат Есенбеков,

облыстық политехникалық

колледждің директоры Әлихан

Ысқақов және белгілі кәсіпкер,

«Бал Текстиль» ЖШС директоры

Талғат Ысқақов бар.

– Қоғамдағы игі шараларға

атсалысып, демеушілік жасап,

қамқорлық танытудан бас тартқан

емеспіз. Партия мүшелігіне

өту көптен бергі мақсатым еді.

Бүгін партиялық билетті алдым.

Ел мерейін асыруды көздейтін,

ел мен Елбасымыздың саясатын

жүргізетін «Нұр Отан» партиясымен

мен де бір мақсатта еңбек

ететін боламын, – деді кәсіпкер

Т.Ысқақов.

Бұл күні ең үздік бастауыш

партия ұйымы байқауының

жеңімпаздарына диплом және

сыйлық табысталды.

– І орынды иемденген Манкент

шипажайы, Киелі тас, Майлыкент

бастауыш партия ұйымдарының

құжаттары біздің облыстың

атынан республикалық

байқауға жолданды. Оның қорытындысы

желтоқсан айының ортасында

белгілі болады, – деді

Н. Жолдасов.

Бұдан кейін «Нұр Отан» партиясының

беделі мен мәртебесін

көтеруге және қазақстандықтардың

жарқын болашағы үшін жасалған

игі істерді қолдауда белсенділік

танытқан азаматтар алғыс

хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ, 2017 жылы партияның

саяси менеджмент мектебін

табысты аяқтаған қалалық

мәслихаттың депутаттары

Б. Төлегенов, Қ.Мейрманов, Г.

Құрманбекова, И. Болдина және

Ғ.Ахметбаев арнайы сертификаттарға

ие болды.

Салық төлеуші

назарына!

Сіздің меншігіңіздегі мүлікке,

жерге, көлікке және банкілік

шоттарға (есеп, жалақы, депозиттік)

шектеулердің қойылуын

алдын алу мақсатында, сонымен

қатар, Қазақстан Республикасы

аумағынан шет елдерге шығуға

шектеуді болдырмау үшін өздеріңізге

тиесілі салықтарыңызды

уақытылы әрі толық мөлшерде

төлеуге және салықтық қарыздардың

болу/болмауын тексеріп

отыруға шақырамыз!

Салықтық қарыздарды ҚР

ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

www.kgd.gov.kz ресми

сайтында тексеруге болады,

ол үшін сайттағы «Электронды

қызмет/Салықтық қарыздың

болу/болмауы туралы мәліметтер»

бөліміне кіру қажет.

Сонымен қатар, салықтық

қарыздарды www.egov.kz электрондық

үкімет порталындағы

«Салықтар және қаржылар/Салықтық

қарызды көру және төлеу»

бөлімінде тексеріп, төлеуге

болады.

Шымкент қаласы

бойынша Мемлекеттік

кірістер басқармасы

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!