08.12.2017 Views

ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ #97

Жұма 8 желтоқсан 2017 жыл

Жұма 8 желтоқсан 2017 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8

№97 (1533)

8 желтоқсан

2017 жыл

Шартарап

www.shymkala.kz

Индонезияда

мың жылдық

жанартау қайта оянды

Индонезияның Бали аралындағы

Агунг жанартауы қайта оянды,

деп хабарлайды National

Geographic.

Соның салдарынан 120 мың адам бұрынғы жойқын апаттардың қайталануынан

үрейленіп, баспанасын тастап кеткен. 2017 жылдың қазан айына қарай

жанартаудың белсенділігі бəсеңдей түскендіктен, билік те қауіп деңгейін

төмендеткен. Алайда 21 қарашадан бері жанартаудан қою түтін қайта шығып

жатыр, одан шыққан күл жақын маңдағы бес елдімекенді басып қалды. Ғалымдар

Агунг жанартауының атқылау-атқыламауы туралы кесіп ештеңе айта

алмай отыр, дегенмен ел билігі тұрғындарды 6 шақырымдық радиустан алыс

жүруге шақыруда.

Биліктің жанартаудан қауіптенуіне негіз бар. Мың жылдық тарихында 3142

метрлік жанартау төрт рет атқылап, соның барлығы аса ауыр салдарға əкеп

соқтырған. 1963-1964 жылдары соңғы рет оянғанда 1100 адамның өмірін қиып,

ондаған мың адам баспанасынан айрылған еді.

«Навигатор»

интернетсіз де жұмыс

істейтін болды

Өзбекстан

бірыңғай туристік

визаны енгізді

Өзбекстан бір айға берілетін бірыңғай

туристік визаны енгізіп,

оның құнын 40 долларға дейін төмендетті.

«Яндекс. Карта» жəне «Яндекс. Навигатор»

қосымшалары интернетсіз

жұмыс жасайтын болды.

«Ендігі кезекте «Яндекс.Навигатор»

жəне «Яндекс.Карта» қосымшалары автомобиль

маршруттары мен мекенжайларды

интернетке қосылмай-ақ іздей

алады. Ол үшін қондырғы жадысына

өңір картасын сақтасаңыз болды»

делінген ресми хабарламада.

Бұл интернет қамтылмаған елдімекендерді

іздеген кезде тапсырмас

əдіс болмақ.

Жеке шетелдік азаматтар үшін енді 30 күнге берілетін туристік виза іске

қосылды. Бұдан бұрын шетелдіктер қысқа мерзімге туристік виза алып, рейстердің

тоқтатылуы немесе басқа да себептерге байланысты оның мерзімін ұзарту

мəселесіне жиі тап болатын. Жеке туристер үшін елге кіру визасын рəсімдеу

құны 60-тан 40 АҚШ долларына дейін төмендетілді. Мемлекеттік туризм комитеті

туристік визаның қымбат бағасы Өзбекстанда саяхаттау шешімін қабылдау

үшін белгілі бір тежеуіш фактор болып келгенін атап өтті. Топтық визаның бір

туриске арналған 15 күндік бағасы – 15 доллар, 30 күнге – 25 доллар.

Facebook «интернетбарахолканы»

жаппай

енгізе ме?

Facebook Marketplace сервисі өрісін

кеңейтуде. Сервисте сатуға немесе

айырбастауға ұсынылып отырған

зат орналастырылып, хабарлама

авторымен тікелей байланысу

мүмкіндігі болады.

Marketplace сату-сатып алу сервисі АҚШ пен өзге бірнеше елде 2016 жылдың

соңында іске қосылған болатын. 2017 жылдың тамызына қарай оған тағы

17 еуропалық мемлекет қосылды. Енді Facebook бұл сервисті Ресейде тестілеуден

өткізбек. Айта кетсек, ресейліктердің бірқатар бөлігі жаңа мүмкіндікті

қолдануды бастап кеткен. Сервиске қосылған жағдайда мəзірде дүкеннің белгісі

пайда болады. Онда сатуға шығарылған тауарлар санаттар бойынша бөлінген.

Бүгінгі күні мұндай сервистер «Одноклассники» жəне «ВКонтакте» əлеуметтік

желілерінде де бар.

Германия

мигранттарға

қаржы бермек

ГФР билігі заңсыз мигранттарды

елдеріне депортациялайтын қымбат

процедурадан ішінара бас тарту

туралы шешім қабылдады.

Енді Германия аумағынан өз еркімен

кететіндерге 6 мың еуро төленетін болады.

Бұл қаржылық ынталандыру шарасы

бірінші кезекте баспана алу туралы

өтініштері қабылданбаған адамдарға,

сондай-ақ балалары бар отбасыларға

бағытталған. ГФР Ішкі істер министрі

Томас де Мезьер өтемақы алу

үшін Германиядан ақпан айына дейін

кету керектігін мəлімдеді. Қазіргі уақытта

Германия аумағында 115 мыңға

жуық заңсыз көшіп келушілер бар. Билік

олардың 80 мыңға жуығына Германияның

аумағында жеке немесе саяси себептер

бойынша қалуға рұқсат беруге

дайын. 35 000 босқындар елден шұғыл

кетуі қажет. 2017 жылы ГФР билігі 19,5

мың босқынды депортациялаған.

Әлемдегі тұңғыш

биткойн

миллиардерлері

Ғарышта тұңғыш

рет пицца пісірді

Ғарышкерлер халықаралық

ғарыш стансасында тұңғыш

рет салмақсыздық жағдайында

пицца пісіріп жеді. Оның

видеоларын NASA ғарышкерлері

Туиттерде жариялады.

Америкалық егіздер Тайлер мен Кэмерон

Уинклвосстар əлемдегі тұңғыш

биткойндық (интернеттің өз

валютасы) миллиардер атанды.

Ағайындылардың дəулеті 100

мың биткойнға бағаланып отыр. Бір

биткойнның құны 11,7 мың доллар

(Coinmarketcap криптовалюталық алаңның

3 желтоқсандағы мəліметі) тұратын

болса, бұл 1,17 миллиардқа жуық

АҚШ долларын құрайды. Басылымның

мəліметінше, бизнесмендер криптовалютаны

2013 жылы 11 млн долларға

сатып алған. Ол кезде бір биткойн данасы

үшін 120 доллар тұрған. Бұл ретте,

олар биткойндарды сатып алуға ақшаны

Facebook компаниясының негізін

қалаушы, Гарвард университетінде бірге

оқыған Марк Цукербергтен соттасып

алған. Əлеуметтік желіні құру идеясының

авторлық құқығына қатысты дауда

сот жеңісті егіздерге берген. Бұл ретте

бизнесмендер криптовалютаны сатып

алып қана қоймай, дербес онлайнбиржа

мен венчурлық қор құруды шешкен.

Газеттің ақпаратынша, бүгінгі күні

Уинклвосс ағайындыларына əлемдегі

əрбір жүзінші биткойн тиесілі.

Еuronews.com-ның хабарлауынша, үшінші рет ғарышта миссиясын атқарып

жатқан Еуропаның ең қарт астронавты, 60 жастағы Паоло Несполи Жермен

тікелей байланыс кезінде əйгілі итальян ұлттық тағамы пиццаны қатты сағынып

жүргенін айтып қалған болатын. Қарашаның ортасында тасымалдаушы ғарыш

кемесі арқылы стансаға пицца əзірлеуге қажетті ингрединттер жеткізілді.

Видеодан салмақсыздық жағдайында пицца əзірлеу оңайға соқпағаны, бірақ

өте қызықты болғаны көрінеді.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!