08.12.2017 Views

ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ #97

Жұма 8 желтоқсан 2017 жыл

Жұма 8 желтоқсан 2017 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Рухани жаңғыру

www.shymkala.kz

№97 (1533)

8 желтоқсан

2017 жыл

7

Бүгінде Шымкент

қаласындағы

мемлекеттік мекемелердің

барлығында

іс-қағаздары

толық қазақ тілінде

жүргізіледі. Өзге ұлт өкілдерінің

мемлекеттік тілді

үйренуімен қатар ағылшын

жəне орыс тілін меңгеруге

шымқалалықтардың сұранысы

артқан. Сонымен бірге

ересек жастағылар жаңа

инновациялық технологияларды

пайдалана отырып

аз уақыт ішінде тіл

білу мүмкіндігіне ие болған.

Бұл нəтижелі жұмыстар

Шымкент қалалық тілдерді

оқыту орталығының

20 жыл ішінде қол жеткізген

жетістігі деуге болады.

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

aigul-kerim@mail.ru

1997 жылы «Мемлекеттік

тілді міндетті жəне ақысыз оқыту

орталығы» болып құрылған

мекеме 20 жылдық тарихты артқа

тастады. 2009 жылы «Шымкент

қалалық қазақ тілін оқыту,

салт-дəстүрді жəне өнерді насихаттау

орталығы» деп атауы

өзгертілсе, 2012 жылы «Шымкент

қалалық тілдерді оқыту

орталығы» мемлекеттік коммуналдық

мекемесі болып қайта

құрылады. Орталықтың атауы

қанша рет өзгерсе де халыққа

көрсететін қызметі айқын.

Ол облыстық, қалалық мемлекеттік

органдардың, кəсіпорындардың,

ұйымдар мен мекемелердің

қызметкерлеріне, жеке

азаматтарға қазақ, орыс, ағылшын

тілдерін оқытуды ұйымдастырып,

тілдерді үйрену мен

іс-қағаз жүргізуге қажетті көмекші

əдістемелік оқу құралдарын

əзірлеу.

– Осы жылдар аралығында

бұл орталықта 20 мыңнан астам

азамат оқып шықты. Əрине,

тоқсаныншы жылдардың аяғында

жұртшылық тарапынан

мемлекеттік тілді үйренуге деген

ықыластың басымдығы байқалса,

2000 жылдан бері қазақ,

орыс тілдерімен бірге ағылшын

тілін меңгеруге деген қызығушылық

артуда. Бүгінде орталықтың

қызмет көрсету аясы

кеңейді. Жекеменшік нысандар,

шетелден келген саяхатшылардың

сұранысына сай құжат айналымы

мен қызмет көрсетуді

үш тілде ұсынуда мамандардың

біліктілігі жетеді. Яғни, тілдерді

меңгеруге деген ниет күн

санап еселеп, артып келеді, –

дейді орталық директоры Нұрила

Серікбайқызы.

Бүгінде оқыту орталығын

елімізде тұңғыш ашылған мамандандырылған

кешен деп айтуымызға

толық негіз бар. Орталықта

қызмет ететін 14 оқытушының

еңбегі ұшан-теңіз. Олардың

міндетіне қазақ тілін оқытуға

арналған типтік бағдарламаны

əзірлеу, тұрғындарға тілдерді

көпдеңгейлік бағдарлама

негізінде тегін оқыту, тілдерді

қолдану мен дамытуға

арналған мемлекеттік бағдарлама

аясында жоспарланған

түрлі бағыттағы іс-шараларды

ұйымдастыру мен үйлестіру

кіреді. Сонымен қатар мемлекеттік

мекемелерге етене таныс

«Қазтест» бойынша диагностикалық

жəне сертификаттық

тестілеулер өткізу де осы

орталықтың маңызды жұмыстарының

бірі.

Тіл үйренушілерге –

ТӘЛІМДІ ОРДА

Мархабат БАЙҒҰТ,

халықаралық «Алаш»

және «Түркі әлеміне қызметі

үшін» сыйлықтарының

лауреаты, жазушы:

– Шымкент қалалық тілдерді

оқыту орталығының 20 жылдық

өмірі оңай болған жоқ. Бұл мекемеде

тілдерді оқытып, үйретудің

өзіндік өзгешеліктері қатқабат.

Мұнда негізінен ересектер

және алуан түрлі мамандықтардың

иелері келеді. Қиындықтың

көкесі осыдан басталады.

Бәрін ежіктеп айтпай-ақ

қоялық. Ойға салып байқаған

адам бірталай нәрселерге көз

жеткізер. Орталықта жұмыс істейтін

мұғалімдердің иықтарына

артылар жүк те аса ауыр.

Шымкент қалалық орталығының

ізденістері мен ұмтылыстары,

«Ана тілі мен отбасы»,

Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз

оқу шеберлері байқауын

өткізудегі өзіндік өзгеше талпыныстары,

тағы басқа да құлшыныстары

құптарлық. Елбасының

«Болашаққа бағдар: рухани

жаңғыру» мақаласындағы мақсаттармен

үйлесім табатыны

қуантады. Іс-шараларды өткізуде

де ізденістер бар.

20 жылдық мерекелерімен құттықтай

отырып, орталық туралы

аз-кем ғана пікірімізді

білдірдік. Алдағы уақытта да

жоғары жауапкершілікпен, жаңашылдықпен

жұмыс істей отырып,

биіктерге беттей береді

деген сенімдеміз. Әлбетте, орталыққа

қалтқысыз қамқорлықтар

да қажет екені біз айтпасақ

та, аян-дүр.

Қазақстандағы тұңғыш орталыққа - 20 жыл

Жеті жұрттың

тілін біл...

Дана, хакім Абай: «Басқа халықтың

тілі мен мəдениетін білу

адамды сол халықпен тең етеді»

деген. Президент Н.Назарбаев

əлем елдері қауымдастығына

кіруіміз үшін біздің əрбіріміз бəсекеге

қабілетті болуымыз керек

екенін айта келе, «Ұлттың бəсекеге

қабілеттілігінің аса маңызды

шарты – бұл əлемдік бəсе-

2017 жылдың

қаңтар-қараша айында:

келестік үдерісінде табысқа жетуге

мүмкіндік беретін күшті рух

пен білім» деген болатын. Осыған

орай, елімізде тіл үйренуге

барлық жағдай қарастырылған.

Тек ниет болса болғаны.

– Орталық қазақ, орыс, ағылшын

тілдері ақысыз үйретіледі.

Сондай-ақ, əлеуметтік желілерден

арнайы парақша ашып,

тіл үйренушілермен байланысты

нығайттық. Тыңдаушылардың

ұсыныс-пікірлерін назарға

алып, ай сайын тілдерді меңгеруге

ынталы түрлі əлеуметтік

топтарға кіретін тұрғындар арасында

жиі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бір сөзбен айтқанда, тыңдаушылар

санын арттыру бағытында

орталық қызметінде заманауи

ақпараттық технологиялар мен

жарнамалық тың əдістер қолданылуда.

Нəтиже əзірге жаман

емес. Тіл үйренушілердің саны

жылдан жылға артып отырғаны

осыны дəлелдейді, – дейді мекеме

директоры.

ҚАЗТЕСТ:

мемлекеттік

қызметкерлер сынағы

Орталық мемлекеттік тілді

білу деңгейін бағалаудың жалпыға

ортақ отандық жүйесі –

мемлекеттік тілді меңгергендер саны – 824

(490 қазақ, 197 орыс, 76 өзбек, 61 өзге этнос өкілдері)

орыс тілін меңгергендер саны – 190 (176 қазақ,

4 өзбек, 10 өзге этнос өкілдері)

ағылшын тілін меңгергендер саны – 532 ( 441 қазақ,

9 орыс, 61 өзбек, 21 өзге этнос өкілдері)

Дерек

1997 жылы мемлекеттік

тілді міндетті және ақысыз

оқыту орталығында

бар-жоғы 445 тіл үйренуші

мемлекеттік тілді

үйренсе, 2017 жылы қазақ,

орыс, ағылшын тілдерін

меңгерген ересек азаматтар

саны екі мыңнан

асып, 20 жылда 20 357-ге

жеткен.

ҚАЗТЕСТ бағдарламасын, орыс

жəне ағылшын тілдерін мемлекеттік

стандарт талаптарына

сəйкес бес деңгей бойынша

ақысыз оқытады.

Мұндағы мақсат – мемлекеттік

тілді меңгермеген азаматтарды

деңгейлік курстардан

өткізіп, олардың сөйлеу, жазу,

ойын жеткізу сынды өлшемдер

негізінде тілдік қоры мен

білімін жетілдіру. «ҚАЗТЕСТ»

ұғымы мемлекеттік қызметпен

тығыз байланысты. Сондықтан

біздің өңірде тестілеуден өткендердің

басым бөлігін мемлекеттік

қызметшілер құрайды.

Мəселен, өткен жылы жүйенің

А2, В1 деңгейлері бойынша

сертификаттық тестілеуден

өткен 116 адамның 55-і сертификатқа

ие болды.

Бұл тұста орталық мамандарының

еңбегін айтпай кетпеуге

болмас. Орталық оқытушылары

М.Жолдасова Швейцарияның

"Монтре" бизнес мектебінде

ғылыми тағылымдамадан өтсе,

Н.Амандықова Ұлыбританиядағы

«Simply the Best» мектебінде

екі айлық арнайы курсқа қатысып,

біліктілігін арттырған.

Сонымен бірге мемлекеттік

тілді оқытудың əдістемесін

жетілдіру мақсатында ҚР мəдениет

жəне спорт министрлігі

тілдерді дамыту жəне қоғамдықсаяси

жұмыс комитеті «Үздік

сабақ» байқауын жариялайды.

Байқауға келіп түскен 500-ге

жуық материалдың 300-і ғана

іріктеліп алынып, қорытындысында

Шымкент қалалық тілдерді

оқыту орталығының қазақ

тілі оқытушысы Гүлнар Қалдыбаева

І орынды иеленген.

Лингвистикалық

орталық

Шымкент қалалық тілдерді

оқыту орталығы шымқалалықтарға

тілді үйретуде жасына қарамастан

оңтайлы əдіс-тəсілдерді

қолдануға тырысады. Қызметкерлерді

өз ғимаратында оқытуға

тапсырыс бергенде, мамандарды

топқа бөліп, мейлінше қызықты

да тың əдістермен үйретеді.

– Мекемелерде топтар жасақтау

барысында да бірқатар

мəселелер кездеседі. Өйткені,

түрлі кəсіп бойынша жұмыс істейтін

18-60 жас аралығындағы

ересек азаматтарға тілдерді

оқыту, үйрету оңай емес. Белгілі

бір мекемеде қызмет атқаратын

азаматтың жұмыстан түбегейлі

босатылмайтыны тағы бар. Қызметкерлер

кез келген уақытта іссапарға

немесе еңбек демалысына

шығып кетіп, сабаққа қатыспайтын

кездер де жиі кездеседі.

Осындай жағдайдың бəрін

ескеріп, тіл үйренушілермен тығыз

жұмыс істейтін оқытушыға артылар

жүк пен жауапкершіліктің

салмағы ауыр, – дейді орталық

директоры.

Орталық ұжымы 20 жылда

бағындырған белесінің өзі бір

төбе екенін мақтанышпен жеткізеді.

Бұлай деуіне негіз де бар.

Себебі, алда латын қарпіндегі

қазақ əліпбиін үйрету жұмысы

күтіп тұр.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!