02.09.2021 Views

Сарыарқа самалы, 2 қыркүйек, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

10 2 қыркүйек, бейсенбі, 2021 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

Мен, Нұрлыбек

Маратұлы Әбдірахманов,

Шығыс

Қазақстан облысы

Кривинка ауылында

туып-өстім. Отбасылымын.

Жұбайыммен

бірге екі бала тәрбиелеп

отырмыз.

Қымбатты жерлестер,

мен ауыл өмірімен

жақсы таныспын.

12 жылдан астам ШҚО

Бесқарағай ауданының

агроөнеркәсіп саласында

еңбек еттім.

Сынақтардан өтіп, бірге жеңейік!

«Ауыл шаруашылығын алға жылжытып, экспорттың бірінші деңгейіне

шығартқымыз келсе, ауылға назар аударуымыз керек».

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы,

«NurOtan» партиясының Төрағасы Н.Ә.НАЗАРБАЕВ.

Құрметті Жетекші ауылының сайлаушылары!

Жалпы сипаттағы трансферттер есебінен республикалық бюджеттен

төленді. Шығарылымға жауапты Н.М.Әбдірахманов.

(20159)

Өндіруге жауапты әкімдікке кандидат Жакин О. Жетекші ауылы әкімінің сайлауына бөлінген жалпы трансферттер есебінен республикалық

бюджеттен төленді.

ЕГІС - 2021

Әкімдердің тікелей

сайлауына қатысу

жайлы шешімім кездейсоқ

емес.

Шығыс қазақстан

облысы Бесқарағай

ауданы ауылдық округі

әкімінің, Павлодар

қаласы әкімі

аппаратының кәсіпкерлік

және ауыл шаруашылығы

бөлімінің басшысының

жұмыс тәжірибесі

бола тұра,

ауыл тұрғындарының

проблемаларын біле

Жетекші ауылы әкімі лауазымына кандидат

ОЛЖАС ЖАКИННІҢ

сайлауалды бағдарламасы

1991 жылы 10 қыркүйекте

дүниеге келді, қазақ, білімі

жоғары.

2010 жылы С.Торайғыров

атындағы Павлодар мемлекеттік

университетінің колледжін

«Қаржы» мамандығы бойынша

тәмамдадым. 2013 жылы

С.Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттік университетін

«Мемлекеттік және жергілікті

басқару» мамандығы бойынша

бітірдім.

2016-2018 жылдары «Павлодар

қаласы ішкі саясат бөлімі»

ММ-нің Жастар саясаты секторының

маманы болып жұмыс

істедім.

2018 жылдан бастап қазіргі

уақытқа дейін «Павлодар қаласы

ішкі саясат бөлімі» ММ-нің Жастар

саясаты секторының меңгерушісі

болып жұмыс істеймін.

Сайлау алдындағы

бағдарлама

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

Қазақстанның ең дамыған

30 елдің қатарына кіруі жөніндегі

«Қазақстан 2050» стратегиялық

бағдарламасын негізге ала

отырып, сайлаушыларға, таңдаушыларға

өзімнің сайлауалды

бағдарламамның басты бағыттарын

ұсынамын.

Менің бағдарламамның басты

мақсаты - ауылдың қалыпты

өмір сүруіне жағдай жасау. Ол

үшін ауыл әкімі аппаратының

тұрғындармен, кәсіпорындар,

мекемелер басшыларымен үйлесімді,

іскерлік өзара іс-қимыл

жасауы қажет.

Мені Жетекші ауылының әкімі

етіп сайлаған жағдайда, өзімнің

сайлаушыларым алдындағы

жауапкершілігімнің толықтығын

сезіне отырып, келесі сайлау

бағдарламасын ұсынамын.

1. Қарт адамдар мен халықтың

аз қамтылған топтарын қолдау.

2. Шағын және орта бизнесті

Мал азығы жеткілікті

жиналады

Павлодар облысының аумағында мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды

жүріп жатыр. Бүгінде белгіленген жоспарлы істің барлығы дерлік аяқталды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

ұсынған мәліметке сүйенсек, аймақтағы

1422,4 мың гектар шабындық жерге шалғы

түсіп, 1231,8 мың тонна мал азығы дайындалды.

Бұл - жоспарлы көлемнің 85 пайызы.

Шөптің орташа шығымдылығы гектарынан

8,7 центнерді құрайды. Сондай-ақ, шаруалар

55 мың тонна пішендеме жинады.

- Жем-шөп дайындау жұмыстарын жүргізу

үшін шаруаларға 4 мың тонна көлемінде

арзандатылған дизельді отын беру қарастырылған

болатын. Жанармайдың босату құны -

164 теңге. Осы уақытқа дейін оның

2139 тоннасы игерілді, - дейді облыстық

ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

Нұрболат Мақашев.

Сонымен қатар, бүгінде 177,45 мың гектардан

189,2 мың тонна дәнді дақылдар, 5,1 мың

гектардан 133,15 мың тонна картоп және

1,94 мың гектардан 49,36 мың тонна көкөніс

жиналды. Жалпы өнім жиналатын алқап көлемі

1258,2 мың гектарды құрайды. Бұл өткен

жылмен салыстырғанда 79,1 мың гектарға

көп.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

тұра, ауылға оралу

және ауылдың проблемалық

мәселелерін

шешуде, оны дамытуда,

ауыл тұрғындарының

өмір сүру сапасын

жақсартуда барлық

практикалық атқарымдарды

қолдану

қажет деп есептеймін.

Жетекші ауылындағы

мәселелерді шешудегі

бірінші кезектегі

міндеттердің бірі: халықты

сапалы ауызсумен

қамтамасыз ету,

көшелерді жарықтандыру

желісін кеңейту,

жолдарды жөндеу,

демалыс аймағын, барлық

кентті абаттандыру

және көгалдандыру.

Бүгінде осы мәселелерді

қалай шешуге

және біздің ауылдағы

өмірді жақсартуға

болатынын нақты

түсінемін! Мұны

дамытуға ықпал ету, бұл бірінші

кезекте ауылда жаңа жұмыс

орындарын құруды қамтамасыз

етеді.

3. Ауыл әкімдігі қызметінің

ашықтығын қамтамасыз ету.

4. Ауыл тұрғындарын сапалы

ауызсумен қамтамасыз ету.

5. Ауылды абаттандыру,

жолдарды жөндеу, сыртқы

жарықтандыру желілерін салу.

6. Құқық бұзушылықтың,

нашақорлықтың, жасөспірімдер

мен балалар қылмысының

алдын алу, сондай-ақ жастарды

адамгершілік және рухани

тәрбиелеу жөніндегі шараларды

күшейту.

Ауыл халқы қарқынды өсуде,

жылдан жылға оның әл-ауқаты

айтарлықтай дамуда, бұл Жетекші

ауылының инфрақұрылымын

кеңейту қажеттілігіне алып

келеді.

Біздің алдымызда ауылда

шағын, орта және әйелдер

бизнесін дамытуға, олардың

өз ісін құрған кезде халықты

кейіннен оқытуға жағдай жасауға,

ауыл шаруашылығы өнімдерін

мен тек Сіздердің

қолдауларыңызбен

жасай аламын!

өндіруге және қайта өңдеуге

бағдарланған өндірістерді дамыту

есебінен жаңа жұмыс орындарын

құруға жәрдемдесуге

бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды

іске асыру бойынша

үлкен жұмыс тұр, ол үшін

сайланғаннан кейін біз Ауылды

дамыту картасы бойынша

жұмысты жалғастырамыз.

Біздің ауыл тұрғындарының

өмір сүру сапасын жақсартуға

бағытталған осы іс-шаралардың

барлығын мен жергілікті өзін-өзі

басқаруға сүйене отырып жүзеге

асыруды жоспарлап отырмын.

Сондықтан ауылда қарқынды

дамып келе жатқан жергілікті

өзін-өзі басқару аясында біздің

әрбір тұрғынымыз ауылдың

өсуіне және дамуына белсенді

көмектесуге міндетті деп сенемін.

Бұл үшін менде барлығы бар:

тәжірибе мен тапқырлық, мәдени

және шығармашылық әлеует, ал

ең бастысы – ауылға деген зор

махаббат және оны облыстағы

үздіктердің бірі ретінде көруге

деген ұмтылыс.

Дауыс бер!

(20231)

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР

КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ

Жаңа буынның

таңдауы!

Кеше Президенттік жастар кадрлық резервіне

өтініш қабылдау басталды. Мемлекеттік қызмет

саласында табысты еңбек етуді қалайтын

жастар 30 қыркүйекке дейін pkrezerv.gov.kz

сайты арқылы онлайн түрде тиісті өтінішті

жолдап, сауалнама толтыра алады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт

Тоқаев өз сөзінде бұл жоба

елді өркендетуге бел буған, сол

үшін бар күш-жігерін жұмсайтын

азаматтарға арналғанын

атап өткен болатын.

- Басты міндет – талантты

жастардың Қазақстанды жаңа

белес-терге көтеруіне мүмкіндік

беру. Ең бастысы – туған еліңді

шексіз қадірлеу және оған

адал қызмет ету. Табанды

еңбек етіп, нақты нәтижеге

қол жеткізу керек. Бұл ұлтты

жаңғырту үшін өте маңызды, -

деген еді Мемлекет басшысы.

Сондықтан Президенттік жастар

кадрлық резервін екінші

рет жасақтау туралы шешім

қабылданды. ҚР Мемлекеттік

қызмет істері агенттігінің төрағасы

Анар Жайылғанованың

сөзінше, іріктеуге Қазақстан

Республикасының 35 жасқа

дейінгі азаматтары қатыса

алады. Негізгі талаптар - кемінде

5 жылдық еңбек өтілінің, жоғары

білімінің болуы. Сондай-ақ, биыл

бұл санатқа жаңа талап қосылды.

Резервке ілігуді қалайтындар

мемлекеттік тілді орта деңгейден

жоғары дәрежеде білуі тиіс.

Яғни, үміткерлер қазақ тілін

меңгеру бойынша тиісті тест

тапсырады. Осыдан екі жыл

бұрын өткен сынақ барысында

бұл кезең болмаған еді.

- Екінші рет ұйымдастырылып

отырған іріктеу барысында

кандидаттардың білімін, қабілеті

мен дағдыларын анықтауға ғана

емес, олардың түпкі мақсаты мен

құндылықтарды бағалауына да

баса мән береміз. Бізге қоғамдық

маңызы бар мәселелерді бәрінен

биік қоятын талантты жастар

керек. Оған қоса, ситуациялық

жағдайларды шешу, өзін-өзі

ұстауын бақылауға мүмкіндік

беретін сұхбат жүргізу сынды

бағалаудың жаңа тетіктері

енгізілді, - деді А.Жайылғанова.

Осы талаптардың барлығына

сай келіп, алты кезеңнен

сүрінбей өтіп, резервке алынған

жастар әр түрлі мемлекеттік, «А»

корпусындағы әкімшілік және

«Б» корпусындағы басшылық

лауазымдарға тағайындалатын

болады. Олардың кандидатуралары

резервте үш жыл болады.

Айта кетейік, биылғы іріктеуге

бірінші кезеңнің жеңімпаздары,

«А» корпусының әкімшілік

мемлекеттік қызметшілері,

саяси мемлекеттік қызметшілер

және Президент тағайындаған

мемлекеттік қызметшілер

қатыса алмайды. Ал өзге сала

өкілдерінің іріктеуде бақ сынауына

мүмкіндік бар. Бұл ретте

мемлекеттік қызмет саласында

жұмыс тәжірибесі болуы міндетті

емес. Жалпы еңбек өтілі бес

жылдан асса болғаны.

Кандидаттар 30 қыркүйекке

дейін өтініш берген соң қазан,

қараша және желтоқсан айларында

алты кезеңнен тұратын

сынақтан өтеді. Ситуациялық

тапсырмаларды шешу, тестілеуді

верификациялау, қабілеттерді,

құзіреттілікті бағалау,

сарапшы комиссияның әңгімелесуінен

өту сынды кезеңдерден

сүрінбей өткен

үміткерлер ұлттық комиссияның

отырысында қаралады.

Соның қорытындысы

бойынша, желтоқсан айының

соңында мемлекеттік қызмет

саласында еңбек етуге

лайық 50 азамат таңдап

алынады. Естеріңізде болса,

2019 жылы Президенттік

жастар кадрлық резерві

300 адамнан жасақталған

болатын. Сондықтан биыл

бәсекелестік жоғары болмақ.

Үздіктердің үздігі ғана резерв

құрамына алынады.

Қ.ҚАБЫЛДЕНОВА.

СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ

ЖАБЫЛҒАНЫНА - 30 ЖЫЛ!

«Нұр-Ана әлемі» ҚБ мүшелері мен облыстық

Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар

кеңесінің ұйымдастыруымен «Ақ орамал»

акциясы басталды.

«Ақ орамал»

Дәстүрге айналған «Ақ орамал» акциясының мақсаты –

Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толуын

аймақтық деңгейде атап өту және жаңа оқу жылының

қарсаңында қайырылымдық шаралар жасау. Акция бүгінгі

күні ел басына төніп тұрған ауыр індеттен сақтағайсың

деген ниетте ақ орамалдар көтеріліп, әуеге ақ шарлардың

ұшырылуымен басталды. Облыстық ҚХА Аналар кеңесінің

төрайымы Бақытжамал Максилованың айтуынша, кезекті шараға

23 этномәдени ұйым қатысып отыр. Аудан-қала орталықтарында

орналасқан аналар кеңесі ұйымдарының жетекшілігімен акция

әлі де өз жалғасын табады.

«Ақ орамал» акциясының мақсаты - жалғызбасты, сонымен

қатар көпбалалы отбасыларға көмек көрсету арқылы жесірін

қаңғытпай, жетімін жылатпайтын халық екендігімізді паш ету.

Ақ сөзі «жақсылық, молшылық» болсын деген ниетте айтылатыны

жөнінде ППУ-дің жоғары гуманитарлық ғылымдар

жоғары мектебінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

Әсел Аманова атап өтті.

Шара барысында ұйымдастырушылар жалғызбасты әрі

көпбалалы отбасыларға сөмке толы кеңсе тауарларын сыйға

тартты.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!