02.09.2021 Views

Сарыарқа самалы, 2 қыркүйек, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY ХАБАРЛАМА 2 қыркүйек, бейсенбі, 2021 жыл 23

Павлодар облыстық «Saryarqa

samaly» газетінің ұжымы тағы

бір ардагерінен айырылды.

69 жасқа қараған шағында

редакциямызда ұзақ жылдар

бойы есепші болып абыройлы

қызмет еткен Дүйсекова Рауза

Көшербайқызы дүниеден өтті.

Жарқын көңілді, үлкен мен кішіні

қатар сыйлай білетін көпшіл

адам еді. Жастарды қолдап,

баласындай қамқорлық танытатын

еді.

Рауза Көшербайқызы 1952

жылы Ресейдің Алтай өлкесі Суетский

ауданы Демидовка ауылында

дүниеге келген. Орта мектепті

аяқтағаннан кейін 1974 жылы

Павлодар қаласындағы есепэкономика

техникумын бухгалтер

мамандығы бойынша бітіріп

шығады. Қарағанды қаласында,

Павлодар облысының Май ауданында,

Павлодар қаласында

мекемелердің кадр бөлімдерінде

еңбек етеді. 1977 жылдан бастап

Павлодар трактор зауытында

Дүйсекова Рауза

Көшербайқызы

Тиімді жарнама!

ХАБАРЛАНДЫРУ

әртүрлі қызметтерде істейді. 1980

жылдары облыстық комсомол

комитетінде бухгалтер-кассир

болып жұмысқа қабылданады.

1991 жылы облыстық «Қазақ

тілі» қоғамына есепші болып

ауысады. 1993 жылдың 31 мамырында

облыстық «Сарыарқа

самалы» газетінің редакциясына

бас бухгалтер лауазымына

қызметке орналасады.

Рауза Көшербайқызы осы

күннен бастап 2010 жылғы

28 қыркүйекке дейін облыстық

газеттің редакциясында (соңғы

жылдары серіктестік құрамында)

ұзақ жылдар бойы еңбек етіп,

зейнетке шықты.

Р.Дүйсекова өзінің кішіпейіл,

өзгелердің көңіліне қарай білетін,

кейінгі жастарға ақыл-кеңес айта

білетін өнегелі бейнесімен есте

қалды. Адамгершілігі зор, ұжым

ортасында беделі жоғары, сыпайы

да көркем мінезді болатын. Оның

болмысы туралы сол кезде бірге

қызмет еткен әріптестері, аға

буын өкілдері, кейінгі толқын

журналист-қызметкерлер үлкен

ілтипатпен айта алады.

Бақұл болыңыз, Рауза

Көшербайқызы! Алла Тағала

алдыңыздан жарылқасын. Барар

жеріңіз пейіш, жатқан жеріңіз

жарық болсын.

Редакция ұжымы Рауза

апайымыздың қайтыс болуына

байланысты жолдасы Ғабит ағаға,

артында қалған ұрпақтарына

қайғырып көңіл айтады.

Павлодар облыстық

«Saryarqa samaly»

газетінің ұжымы.

«HALYQ RADIOSY» - 100.5 FM толқыны өз

жарнамаңызды «Бизнес FM» бағдарламасында

орналастырудың ерекше мүмкіндігін ұсынады. Дыбыс

роликтерін әзірлеу және жалға беру бағасы 3000

теңгеден бастап, ал хабарландырудың әрбір сөзі үшін

100 теңге, 10 сөзден асса, бағасы 80 теңге болады.

Жарнамаңыз күніне 24 рет шығып, тыңдаушылардың

90%-дан астамын қамтиды. Бұл жарнама беруші

үшін ең тиімді де нәтижелі болатыны сөзсіз! «HALYQ

RADIOSY» толқынындағы «Бизнес FM» бағдарламасы

Сізді міндетті түрде естиді!

Телефондарымыз: 66-15-40, 66-15-42.

Басқа қалаға көшуімізге байланысты Павлодар қаласындағы

орталықта орналасқан кірпіштен салынған 3 қабатты үйдің 2-ші

қабатындағы 80 ш/м 3 бөлмелі пәтер сатылады. Ас бөлмесі -

15 ш/м. 2 балконы бар. Еврожөндеу. Облыстық әкімшілік, орталық

парк пен Диагностикалық орталыққа және Ертіс жағалауына

жақын орналасқан. Байланыс телефоны: 32-95-29, 87014324204.

Мерзімді баспа басылымдары тиісті уақытында жеткізілмеген

уақытта, мына телефондары арқылы хабарласыңыздар: «Қазпошта»

АҚ ПОФ-ның жазылу бөлімі: 32-40-37, 32-49-93 және сенім телефоны:

32-35-35.

«Saryarqa samaly» газетінің ұжымы басылымның байырғы

оқырманы, Ұлы Отан соғысының ардагері

Сембай Темешевтің

қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туғантуысқандарына

қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Партияластары мен әріптестері «Nur Otan» партиясының белді

мүшесі Споткай Максим Александровичке әжесі

Засобой Татьяна Борисовнаның

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

(20161)

Жол апаты жиілеп тұр

Аймағымызда жол-көлік оқиғасы азаймай тұр. Өткен

жексенбінің өзінде жол апаты кезінде балалар зардап

шегіп, бір адам қаза болды. Оқыс оқиғаның көбеюіне

жүргізушілердің ішімдік ішіп, рульге отыруы себеп.

29 тамызда кешкі сағат 20.00

шамасында Ак.Шөкин көшесі,

95-үйдің бойында «Тойота Камри

Грация» темір тұлпарын тізгіндеген

39 жастағы жүргізуші зейнеткер

мен кішкентай сәбиді қағып кетті.

Оқыс оқиға салдарынан 1946 жылғы

қария мен 2021 жылғы нәресте түрлі

дене жарақатын алып, ауруханаға

жеткізілді.

Облыстық полиция департаменті

басшысының бірінші орынбасары

Жасқайрат Қайыровтың сөзінше, әлгі

жүргізуші мас күйде болған. Оның

көлігі айыппұл тұрағына тоғытылып,

аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық

Кодексінің 345-бабының 1-ші тармағы

бойынша сотқа дейінгі тергеу

жүргізілуде. Ал ішімдік тұтынған

жүргізуші уақытша ұстау изоляторына

қамалды.

Дәл осы күні «Нұрлы жол»

көпірінде «Тойота Ланд Крузер

200» маркалы көлігін басқарған

62 жастағы жүргізуші жол жиегіндегі

бағанға соғылған. Салдарынан

жолда жұмыс істеп жүрген 1977

жылғы жұмыскер зардап шекті. Дене

жарақатын алған ол ауруханаға

жеткізілген.

29 тамызда кешкі сағат 22.00

шамасында облыс орталығындағы

Абай көшесінде «Хонда Пилот»

маркалы көліктің жүргізушісі

жылдамдықты шамадан тыс асырып,

тоқтап тұрған «КИА» көлігін соғып

кеткен. Салдарынан 2006 және 2019

жылғы балалар зардап шекті. Олар

да дене жарақатын алып, ауруханаға

жатқызылды. Тексеру кезінде «Хонда

Пилот» көлігінің жүргізушісі ішімдік

ішкені анықталды.

Оқыс оқиға легі мұнымен

шектелмейді. Жексенбіде «Екібастұз–

Лесхоз» бағытындағы жолда

60 жастағы жүргізуші 1972 жылғы

адамды қағып кетті. Өкініштісі,

зардап шегуші алған жарақаттың

салдарынан ауруханада көз жұмды.

- Облыста көлікті мас күйінде

тізгіндейтін жүргізушілердің қатары

азаймай тұр. Жыл басынан бері

956 жүргізуші ішімдік ішкені үшін

жазаланды. 6-ауы жол апатына

себеп болды. Ащы судың салдарынан

жол-көлік оқиғасында бір

адам қаза болып, 8 адам жарақат

алды, - дейді Ж.Қайыров.

Атап өтерлігі, жыл басынан бері

облыста 278 жол апаты тіркелген.

Салдарынан 20 адам көз жұмған.

410 адам дене жарақатын алған.

Арыстанов Мереке Дәулетұлын

еске аламыз

Арыстанов Мереке Дәулетұлы

83 жасқа қараған шағында өмірден

озды.

Ол 1938 жылы Орал облысы

Шалқар көлінің маңында орналасқан

Сары-Өмір ауылында дүниеге

келген. Туған ауылында мектеп

бітірген. Еңбек жолын Қарағандыда

көмір шахтасында бастаған. 1958

жылы әскер қатарына алынып,

оны аяқтағаннан кейін Теміртау

қаласында еңбегін жалғастырды.

Жұмыстан қол үзбей жүріп жоғары

оқу орнын тәмамдап, инженерметаллург

мамандығын иеленді.

1975 жылы отбасы жағдайымен

Павлодар қаласына қоныс аударып,

зейнеткерлікке шыққанға дейін

облыстық деңгейде бірнеше қызмет

атқарды. Қоғамдық жұмыстан да

қалыс қалмай, бірнеше жыл партия

ұйымының хатшысы, облыстық

«Қызыл ту» газетінің штаттан тыс

тілшісі болды.

Көп жылғы адал еңбегі үшін

«Еңбек ардагері» төсбелгісімен

марапатталды. Отбасында балаларын

тәрбиелеп, жоғары білім

беріп, үлгілі әке ретінде өнегелі

өмір сүрді.

Мекеңнің жарқын бейнесі

жадымызда әрдайым сақталады.

Еске алушылар: туыстары.

ОҚЫС ОҚИҒА

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Сағынышпен еске ала отырып,

мына өлең жолдарын жан жолдасымыз

Мерекенің рухына арнаймыз.

Тіреу едің біздерге...

(Мерекеге)

Жаны жайсаң жан едің

көпті көрген,

Қалған көз ең, тәбәрік

тектілерден.

Қимай-қимай қол бұлғап

арттағыға,

Қара шал! Қимас досым

өтті өмірден.

Өтті өмірден, таппаймын

іздесем де

Шілдеде, аңызақта

шөлдесем де

Күнде көрмей жүрсем де,

аяулы дос,

Тіреу едің! Құладың міне,

Сен де!

Таза рухың таралып жер

бетіне

Сыймай кеттің КЕРЕКУ

келбетіне.

Жатарсың күнде қарап

үнсіз ғана

Жер бесіктен маңайға

тербетіле.

Қош айттың ба өзіңді сүйер

елге?

Көзде жаспен үнсіз бас иер

елге.

Сәтті күні туылған асыл

едің,

Бейсенбіде жамбасың тиер

жерге!

Қош бауырым, қара шал!

Иманды бол.

Қымбатты Роза, Аймекен –

балаларым,

Толыққан-ды, биік-ті саналарың.

Әкеңізді еске алып сағынышпен,

Қабыл болсын жасаған

баталарың!

Еске алушылар:

Амандық-Гүлжан.

Жолдыбаевтар әулеті.

(1)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

«ЕРТІС МЕДИА» ЖШС -

ҚАЗАҚСТАННЫҢ

ҮЗДІК КӘСІПОРНЫ

2020

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы: ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8360 дана,

бүгінгі көлемі 5 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1510

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық материалдардың

мазмұнына жарнама берушілер

жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!