02.09.2021 Views

Сарыарқа самалы, 2 қыркүйек, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

БАҒЫТ 2 қыркүйек, бейсенбі, 2021 жыл 9

ҮНҚОСУ

Әл-ауқатты арттыру -

басты ұстаным

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар

– ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялап, Қазақстанның алдағы даму бағыттарын ұсынды. Қазақстандықтардың

әл-ауқатын арттыру – өзінің Президент ретіндегі басты мақсаты екенін атап өтті. Бұл мақсатқа жету үшін 5 негізгі бастама

айтылды. Осы орайда жерлестеріміз маңызды құжатта айтылғандарды қуана құптауда.

Еңбекке құлшынысы артады

- Қазақстан - әлеуметтік мемлекет. Оған ешкім дау келтіре қоймас.

Азаматтар қиын жағдайға тап болған тұста жан-жақты көмек көрсетіледі.

Мәселен, былтыр тұрғындар пандемия салдарынан тұрақты табысынан

айырылған кезде әлеуметтік төлемдер жасалды, коммуналдық ақылардан

босатылды. Бірақ қолдаудың жөні осы екен деп масылдыққа бой алдыруға

болмайды. Кейбір адамдар орынсыз пиғылмен әлеуметтік ақыларды

негізсіз алатынын естіп жатамыз. Соның салдарынан көмекке шын

мұқтаж азаматтар тиісті қолдаудан қағылып қалуы мүмкін. Сол себепті

Әлеуметтік Кодекске «масылдық» ұғымын енгізу дұрыс қадам болар

еді деп ойлаймын.

Жолдауда ең төменгі еңбекақы көлемі 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге

дейін көтерілуі керек деген тапсырма берді. Мұның өзі тұрғындарды,

әсіресе жастарды еңбекке құлшына араласуға ынталандыруы қажет.

Әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын, жалпы халыққа қызмет көрсететін

мемлекеттік қызметшілердің ұстанымына да көп нәрсе байланысты. Егер

олар өз қызметін дұрыс атқара алмаса, мемлекеттік саясатты қолдамаса,

жұмыстан кеткені абзал. Себебі 20-30 жыл бір орында отырған шенеунік

«сарқылып», тиімді жұмыс істей алмауы бек мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда Жолдауда айтылған

қағида дұрыс деп санаймын.

Мемлекеттік қызметшілер туралы сөз қозғалған соң әкімдер сайлауын айтпай кетпеске болмас.

Осы жылдың шілде айында өткен ауыл әкімдерін алғаш рет тікелей сайлау көптің көңілінен шыққан

көрінеді. Яғни, тұрғындар елді мекен басшысын тікелей таңдауы қаншалықты тиімді боларын

алдағы уақыт көрсетер. Ендігі ретте пилоттық режимде аудан әкімдерін де сайлайтын болсақ,

халықтың азаматтық белсенділігі артып, қордаланып қалған мәселелердің шешуіне қозғау салынады

деген сенімдемін.

Рышат ӘМІРЕНОВ,

Қазақстанның Еңбек Ері.

Бір-біріне сілтеуді қою керек

- Жолдауда айтылғандай, қазір кейбір аудан-қала маңында шаруалар

түгілі қарапайым тұрғындардың төрт түлікті жаяр жері жоқ. Алысқа

бармай-ақ, облыс орталығының іргесіндегі Ленин кентіндегі жағдайға

назар аударайық. Бұрындары бұл кенттен 4 табын ірі қара жайылымға

шығатын еді. Бүгінде небары 2 табын, яғни бар-жоғы 30-40 бас ірі қара

бар. Кейбір ірі кәсіпкерлер мыңдаған гектар жерді иелігіне алады да, өзге

шаруалардың, ауылдықтардың мал ұстауына мүмкіндік бермейді. Ал кейбір

әкімдік қызметкерлерінің дәл сондай кәсіпкерлерге сөзі өтпейді. Бұл өз

кезегінде тұтас ауыл шаруашылығы саласының тоқырауына әсер етуі әбден

мүмкін. Сондықтан Үкіметтің нақты әрі батыл шешім қабылдағаны дұрыс.

Бұл ретте Жолдауда айтылғандай оңтүстік өңірлерден біздің аймаққа қоныс

аударушыларды да ұмыт қалдырмаған жөн. Оларға агроөнеркәсіптік кешенді

дамыту үшін жер бергеннен ұтарымыз мол болмақ. Әйтпегенде, ауылдағы

ағайын ет пен сүтті дүкеннен сатып алуға көшті. Бұл өнімдердің бағасы

да ай сайын аспандап барады. Басқасын былай қойғанда, әлеуметтік

маңызы бар тауарлар бағасының өзі құбылып тұрады. Мұндайда жергілікті

билік сатушыларға, сатушылар делдалдарға, делдалдар тауар өндірушілерге, олар шикізатпен

қамтушыларға сілтейді. Сол сияқты баға саясаты мәселесін бірнеше орган қатар реттейтіндіктен,

өнімдердің құны күрт шарықтағанда олар да тиісті шараларды қабылдаудың орнына

жауапкершілікті бір-біріне итереді. Қысқасы, ұшы-қиыры жоқ сылтау. Осы бағыттағы істерді

мықтап қолға алатын жалғыз орган болса, жағдай жақсарады деген үміт бар.

Махмет ДЕМЕСІНОВ,

Павлодар қаласының Құрметті азаматы.

Ана тілінің өрісін кеңейтеді

- Ел халқының игілігі үшін жарияланатын Президент Жолдаулары

жарқын болашаққа деген сенім мен үміт сыйлайды. Биылғы

Жолдауда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақ тілінің

білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда» деп

айтуы болашақта мемлекеттік тіліміздің мәртебесі артып, лайықты

тұғырына шығады дегенді білдіргендей. Қазіргі уақыттағы ең басты

мәселе - елдің тыныштығын сақтап, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету.

Ата Заңымызда «Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар» деп анық

жазылған. Сондықтан қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтіп, өрісін

ұзарту әрбір отаншыл азаматтың міндеті деп білемін.

Жұмағали ҚОҒАБАЙ,

ақын,

Екібастұз қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы.

Заманауи мектепте

оқиды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

биылғы Жолдауында балалардың оқуға

деген құштарлығы, ынтасы азайып

бара жатқанын өзекті мәселе деп

атап өтті. Сондықтан мұғалімдерге

заманауи білімді меңгеру міндетін

жүктеді. Осы бағытта білім ошағында

ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанын

атап өткім келеді.

Оқушылардың сабаққа деген

ынтасының азаюына әлемді жайлаған

пандемия да әсер етуі мүмкін. Себебі

мектептегі білімді үйдегі сабақ оқумен

салыстыруға келмейді. Атмосферасы

бөлек. Биыл оқудың дәстүрлі

форматта өткізілетініне ерекше

қуаныштымыз. Балалар заманауи білім алу үшін мектеп те

соған сай болуы тиіс. Сол себепті биыл Павлодар қаласы №1

орта мектебі «Заманауи мектеп» жобасына қатысып, күрделі

жөндеуден өтуде. Білім ордасында 4 бағытта жұмыс істейтін

СТЕМ-зертхана кабинеттері ашылатын болады. Мұнда балалар

математика, логика, биология жне робототехника бағыттары

бойынша білімдерін арттырмақ. Кабинеттер қажетті құралжабдықтармен

қамтылады. Сонымен қатар, физика және химия

кабинеттері де жаңаша кейіпке енбек. Оларда да зертхана

қарастырылған. Мұғалімдер де жаңа технологиялардың тілін

меңгеріп, оқушыларға үйрететін болады. Осының барлығы

баланың оқуға деген құштарлығын, қызығушылығын арттыратыны

сөзсіз. Президент ұстаздар қауымының біліктілін арттыру

мәселесіне де көңіл бөлді. Мектеп мұғалімдері инклюзивті білім

беру курсын меңгергенін атап өткім келеді. Мектепте ерекше

қамқорлықты қажет ететін 9 бала бар. Мектептегі оқушылар

бірдей деңгейде білім алады. Мұғалімдердің 60 пайызға жуығы

жоғары сантатты. Жыл сайын бұл көлем артатын болады. Бұл

да ұстаздардың еңбек нәтижесіне байланысты болмақ.

Азамат СЫЗДЫҚОВ,

Павлодар қаласы №1 орта мектептің директоры.

Мәдениетке серпін

сыйлады

- Еліміздегі қоғамдық өмірдің

салалары өзгеріске ұшырауда. Әсіресе,

мәдениет саласында тың тәжірибелер

енгізіліп, өнердің жаңа сатысы пайда

болып келеді. Осы мәселе төңірегіне

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт

Тоқаев биылғы Жолдауында кеңірек

тоқталды. Мәдениеттің жаңарып,

тәжірибе жасаудан қорықпай келе

жатқан мүсінші, суретші, музыкант,

әдебиет өкілдерін қолдап, жыл соңына

дейін мәдениет саласына бағытталған

жоспар құруды тапсырды. Тіпті

креативті әрі талантты мамандарға

арнайы қор құру мәселесі қарастырылсын деп мәлімдеді.

Бұл біз көптен күткен жаңалық болды. Мәдениет, мұрағат,

қорықшылар, көлік жүргізушілер мен техникалық және осы

санаттағы маман иелерінің жалақысын өсіру жөнінде тапсырмасы

барша мәдениет қызметкерлерін қуантты. Мемлекет

тарапынан осындай қолдау жасалатын болса, өнер өкілдері

қашанда халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп, ел мерейін

әлі талай биікке көтеретіні сөзсіз.

Амангелді ҚОЖАНОВ,

Иса Байзақов атындағы облыстық филармония

басшысы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!