02.09.2021 Views

Сарыарқа самалы, 2 қыркүйек, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

24 2 қыркүйек, бейсенбі, 2021 жыл МӘДЕНИЕТ

SARYARQA SAMALY

КӨРМЕ

Гүлдер – жадыраған жаздың

көркін аша түсетін әсемдік әлемі.

Адамның көңіл хошын келтіретін

гүлдерсіз бірде-бір мерекені

елестету мүмкін емес. Облыстық

көркемсурет музейінде ашылған

«Гүлденген жаз» көрмесі –

осының айғағы.

Экспозицияда орналасқан 35 туындыда

27 автордың қылқаламымен натюрморт,

портрет, композиция жанрларында орындалған

гүлдер әлемі бейнеленген. Қылқалам шеберлерін

гүлдер бейнеленген композициялар мен

сюжеттер ерекше сұлулығымен, әсемдігімен

және нәзіктігімен шабыттандыратыны белгілі.

Жаз мезгілінің жарқын шақтарын бере білген

кескіндеме шеберлерінің туындыларын

20 қыркүйекке дейін көркемсурет музейінде

тамашалауға болады.

Гүлденген жаз

Т.ӘБІЛДА.

Суреттерді түсірген - автор.

САУАЛ – СІЗДЕН

Тісімді тегін

емдемеді

Айтпай, Павлодар қаласы:

- Тісті тегін жұлуға, емдеуге де

мүмкіндік берілгені туралы жиі

айтылуда. Осы мүмкіндікті пайдаланып,

Павлодар қаласының

Нұр-Сұлтан Назарбаев даңғылында

орналасқан әлдебір тіс емханасына

барған едім. Маған зейнеткер

ретінде жеңілдік жасалатыны,

бір тісті жұлғызу үшін 3 мың теңге

төлеу керектігін айтты. Міндетті

әлеуметтік медициналық сақтандыру

жүйесі аясында тісімді тегін

емдете алмадым. Бұған не себеп?

Сауалға «Әлеуметтік медициналық

сақтандыру қоры» коммерциялық

емес акционерлік

қоғамының Павлодар облысы

бойынша филиалының баспасөз

қызметі жауап береді:

- МӘМС аясында зейнеткерлер

жеңілдік санатына жатқызылатыны рас.

Соған сәйкес, сіздерге медициналық

көмек тегін көрсетіледі. Тісті де

ақысыз негізде жұлғызып, емдете

аласыз. Тек барлық медициналық

ұйым МӘМС аясында келісімшарт

жасамаған. Сіз барған тіс емханасы

сақтандыру жүйесі аясында тегін

қызмет көрсетпейді. Жеке меншік

болған соң, олардың талаптары басқа.

Лермонтов көшесі, 100/2 мекенжайында

орналасқан облыстық тіс емханасына

бара аласыз. Сол жерде тегін қызмет

көрсетіледі. Жалпы, МӘМС аясында

жұмыс істейтін клиникалардың тізімін

www.fms.kz сайтынан көре аласыз.

ПТР-тест

жүргізбеді

ФОТОКӨРМЕ

Суретті түсірген - К.Шелков.

Құстардың

ғажап әлемі!

«Ертіс» музейінде павлодарлық фотограф

Кәрімжан Жәкеновтің «Менің арманым –

құстар» атты фотокөрмесі ашылуда. Аталмыш

көрме ағымдағы жылғы 26 қыркүйекке дейін

жұмыс істейді.

Кәрімжан Жәкеновтің айтуынша, алғашқы рет Ертіс өзенінің

жағасында құсты суретке түсіріп, сәтті кадр шығарған екен.

Сол сәттен құстар өмірін сүйікті кәсібіне айналдырған.

Оның негізгі мамандығы - инженер-металлург. Құстардың

жабайы түрін табиғат аясында суретке түсіруді 2012 жылы бастаған.

«Құстар қимылын сағаттап бақылап, ауа райының қолайсыздықтарына

қарамай, жүздеген шақырымды бағындыру – бір сәтті

кадр түсіру үшін жасалатын еңбек», - дейді фотограф. Өңірде

қызыл кітапқа енген құстардың да кездесетінін айтып, қоғам

назарын құстарды қорғауға шақырды. Суретшінің қолы, қиялы

және жүрегі бірге жұмыс істесе ғана тамаша сурет шығары

анық. Көрмеге құстардың 58 түрінің тамаша суреттері қойылған.

Фотокөрменің барысында суретші Александр Пархоменко,

биология ғылымдарының профессоры Қайырбай Базарбеков,

биолог-эколог Татьяна Мих экспозицияның ашылуымен құттықтай

келе, барша қала тұрғындарын көрмені тамашалауға шақырды.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

14 қыркүйек,

сейсенбі

15 қыркүйек,

сәрсенбі

18.30 Н.Гоголь «Ревизор»

/комедия/ Премьера

18.30 Н.Гоголь «Ревизор»

/комедия/ Премьера

17-21 қыркүйек Театр ұжымы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына

және Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық

қазақ музыкалық драма театрының 25 жылдығына

орай өтетін III аймақтық театр фестивалінде

өнер көрсетеді

23 қыркүйек,

бейсенбі

25 қыркүйек,

сенбі

26 қыркүйек,

жексенбі

28 қыркүйек,

сейсенбі

29 қыркүйек,

сәрсенбі

30 қыркүйек,

бейсенбі

Ж.Аймауытов атындағы облыстық

қазақ музыка-драма театрының

2021 жылғы қыркүйек айына арналған

РЕПЕРТУАРЫ

18.30 Е.Төлеубай Кербез келіндер

/комедия/

17.00 Ш.Айтматов Жәмиля

/лирикалық драма/

11.30 Ж.Әлікен Сиқырлы терезе

/ертегі/

18.30 Г.Хугаев Қара шекпен

/драма/

16.00 Н.Гоголь «Ревизор»

/комедия/ Премьера

18.30 Ә.Оразбеков

Бір түп алма ағашы

/драма/

Театр басшысы А.Темірбек.

Театрдың көркемдік жетекшісі Е.Қауланов.

Бас режиссер Ә.Ақанов.

Мекенжайымыз: Ломов көшесі, 140-үй, 31-02-09, 87753682271

teatrpavlodar.kz, онлайн билет - ТicketonEvents.

Рүстем, Павлодар қаласы:

- Осыдан 4 ай бұрын коронавирусқа

қарсы вакцина салдырған

болатынмын. Екі компонентті де

алдым. Өткен айда дене қызуым

көтеріліп, ауырдым. Сол уақытта

жергілікті емханаға барып, ПТР-тестін

тапсыра алмадым. Дәрігер екпе

алғаныма байланысты ағзадағы

антидене КВИ-ді көрсететінін айтты.

Сонда вакцина алған адамдар

ПТР-тест жасата алмай ма?

Облыстық денсаулық сақтау

басқармасы мекемелерінің

стратегиялық дамыту және

инновациялық технологиялар

бөлімі бастығының міндетін

атқарушы Ерғалы АСЫЛБЕК

жауап береді:

- КВИ-ге қарсы екпені 4 ай бұрын

алған болсаңыз, сізден ПТР-тест алынуы

керек. Жалпы екпенің екі компонентін

алған адамның ағзасында антидененің

пайда болуына 2 ай уақыт жеткілікті.

Одан кейін тұмауға ұқсас белгілер

пайда болса, ПТР-тест тапсыруыңыз

қажет. Сіз барған емханадағы

дәрігердің неге қабылдамағанын

білмеймін. Бәлкім, екпеден кейінгі

уақытты дұрыс айтпаған боларсыз.

Айдарды жүргізуші -

Айдана ҚУАНЫШЕВА.

Редакциядан:

Құрметті оқырман!

Егер сізді мазалаған

сұрақтар болса,

ssamaly29@gmail.com

поштасына немесе

87011316900 WhatsApp

нөміріне жолдауыңызға

болады.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!