02.09.2021 Views

Сарыарқа самалы, 2 қыркүйек, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

16 2 қыркүйек, бейсенбі, 2021 жыл АЛАҢ

SARYARQA SAMALY

БАЙҚАУ

«Тіл -

парасат»

Қазақстан

халқы тілдерінің

республикалық

фестивалі және ел

Тәуелсіздігінің

30 жылдығына орай

облыс мәдениет,

тілдерді дамыту

және архив ісі

басқармасының

бастамасымен

1-30 қыркүйек

аралығында тілдер

айлығы жарияланды.

Осы шара шеңберінде облыс

қалалары мен аудандарында өңірімізде

тұратын халықтың мәдениеті, тарихы

мен тұрмыс-салтын насихаттау

мақсатында 200-ден астам онлайн

іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

Тілдер айлығы түрлі этнос жастары

арасындағы қазақ тілі білгірлерінің

«Тіл - парасат» облыстық байқауымен

ашылды. Қазақ тілінің этносаралық

қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін

нығайтып, мемлекеттік тілді меңгерген

белсенді этнос жастарын ынталандыру

мақсатында ұйымдастырылған шарада

облыс қалалары мен аудандарының

талапты жастары бақ сынады.

Сайыстың алғашқы кезеңінде

үміткерлер мемлекеттік тілді дамытуға

қосып жүрген үлесі, қоғамдағы

рөлі туралы алдын ала түсірілген

қысқаметражды бейнематериалдарын

назарға ұсынды. Екінші кезеңде

қатысушылар ұсынылған тақырып

аясында ой толғап, мақал-мәтелдердің

мазмұнын ашуы қажет еді.

Қазақтың үш биі, қазақ ғарышкерлері,

нанның қадір-қасиеті тақырыптарын

тарқатып, берілген мақалмәтелдердің

мағынасын ашып берген

үш үміткер жүлделі орындарға лайық

деп танылды. Қазылар алқасының

шешімімен Ақтоғай ауданынан

келген үміткер Ерасыл Файзрахман

(М.Қайырбаев атындағы орта мектептің

мұғалімі) бірінші орынды иеленді.

Май ауданының намысын қорғаған

Ксения Жұмабекова (Малайсары

орта мектебінің мұғалімі) екінші

орынды еншілесе, үшінші орынға

Ақсу қаласының үміткері Альбина

Масугутова («Балапан» сәбилер

бақшасының ән-күй мұғалімі) ие

болды.

Жеңімпаздар дипломдармен,

ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Қатысушыларға Алғыс хаттар

мен ынталандыру сыйлықтары берілді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Т.ӘБІЛДА.

Қазақ тілінің көсегесін көгертемін деген әрбір адам ана тілімізге тән

дыбыстарды дұрыс айтуы қажет. Бүгінгі таңда тіл жанашырларын

алаңдатып отырған мәселелердің бірі – «ң» дыбысының қағажу

көріп келе жатқаны. Себебі «ң» дыбысының орнына «н» дыбысын

қолданылуы арқылы орфоэпия заңдылығы өрескел бұзылып,

тілдің аясы тарылып кету қаупі туындап отыр. Мәселен, мектеп

оқушылары арасында аталмыш мәселе көптеп кездеседі. 1-сыныпқа

барған балалар қазақ дыбыстарын анық айтып, дұрыс жаза білуін

қадағалауда бастауыш сынып мұғалімдерінің үлесі зор. «Ң» дыбысы

синдромымен қалай күресуге болады? Неліктен тілдік кемістікке

жол берілді? Осы мәселелер төңірегінде «Алаңда» ой толғасақ.

«Ң» синдромымен

қалай күресуге болады?

Бекен САҒЫНДЫҚҰЛЫ,

ППУ профессоры, филология ғылымдарының

докторы:

- Ақпарат ағынының көптігінен, бәлкім басқа тілдерге көбірек көңіл

бөлінуінен бе, ана тілімізге жете мән берілмей отыр. Соның салдарынан

қазақ тіліндегі «ң» таңбасы қолданыстан шығып қалды. Оқушылар,

студенттер, тіпті кейбір жас мұғалімдер арасында тіл кемістігін байқап

жүргеніміз жасырын емес.

Мәселенің шешімі бастауыш мұғалімдерінің білім сапасына тікелей

байланысты деп ойлаймын. ЖОО-ға қабылданар тұста абитуриенттерді

дәрігерлік тексерістен өткізгенде логопед-дефектолог мамандардың да

көмегіне жүгінген абзал. Жас ұрпақты тәрбиелейтін мамандардың сапалы

- Балалардың қазақ дыбыстарын, оның

ішінде «ң» дыбысын дұрыс айта алмауының

бірнеше себебі бар. Біріншіден, ата-аналар

баламен жұмыс жасауы керек. Қате жіберген

сөздерін қолма-қол түзетіп отыру қажет. Екіншіден,

балалардың басым көпшілігі таңертеңнен

кешке дейін смартфонға байланып отыруы да

кері әсер етеді.

Кейбір отбасыларда екі тілділік басым,

соның салдарынан балалар ана тілінің

ерекшеліктерін ұмытып, орыс тіліне ойысып

кетіп жатады. Балалардың әріптерді дұрыс

айтып үйренуінде бастауыш сыныпта білім

Шаку КӘРІБАЕВА,

Павлодар қаласындағы №24 орта мектептің

бастауыш мұғалімі:

- Бастауыш сыныпқа білім беріп жүргеніме қырық жылға жуық уақыт

болды. Алдымнан бірнеше буын шәкірт тәрбиеленіп шықты. Бірінші

сыныпқа келген оқушыларға бірден дыбыстардың сырын түсіндіремін.

Әсіресе, қазақ тілінің ерекшелігін білдіретін дыбыстарға жіті мән беремін.

Айталық, «н» мен «ң» дыбыстарының айырмашылығын түсіндіру үшін

бірнеше сөзді мысалға келтіре отырып, салыстыра түсіндіруге тырысамын.

Себебі әр сөздің қандай мағына беретінін білген бала дыбыстарды

да айыра алатын болады.

Бұрынғы мектеп бағдарламасында жатжазу, мазмұндама, шығарма,

қатемен жұмыс болатын. Олардың бағдарламадан алынып тасталуы

даярлануына зор мән берілуі

қажет. Айталық, бастауыш

сынып мұғалімдерін дайындайтын

Б.Ахметов атындағы

педагогикалық колледжге

тілінің мүкісі бар студенттерді

қабылдамаған жөн. Мектепте

қызмет етіп жүрген бастауыш

мұғалімдерінің біліктілігін арттыру

арқылы мәселенің шешімін

табуға болады. Баланың санасына

тілдік ерекшеліктерді

мектеп қабырғасында терең

сіңіру қажет деп білемін.

Назым НАСИКОВА, логопед:

беретін мұғалімдердің ықпалы зор. Тәжірибелі мұғалімдер

тіл сауаттылығына көбірек мән береді. Өкінішке қарай,

жас мамандар арасында «ң» дыбысын айта алмайтындар

кездесіп жатады. Өзі спецификалық дыбыстарды, әсіресе, «ң»

дыбысын дұрыс айта алмаса, алдына келген балаларға не

үйретпек? Сондықтан бастауыш мұғалімдері мен балабақша

тәрбиешілерінің тілі жатық болуы - балалардың сауатты

болуының кепілі.

білім сапасына кері әсер етті.

Сондықтан осы сараптамалық

жұмыстардың оқу бағдарламасына

қайта енгізілгені жөн.

Оқушыларым сауатты болып

шығуы үшін мен әлі де осы

әдістемені қолданып, сабақтан

тыс уақытта балаларға диктант

жазғызып, қатемен жұмыс жасатуға

тырысамын. Бұл балалардың білім

сапасын арттыра түседі. Өкінішке

қарай, «ң» дыбысын айта алмайтын

оқушылар кездесіп жатады.

«Алаңды» үйлестірген – Торғын ОРАЗАЛЫ.

Кітап – білім бұлағы!

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен елімізде Отбасы күні қарсаңында

«Ауылыма - кітап» атты республикалық қайырымдылық акциясы бастау алды.

Акция шеңберінде 18 министрлік әр

облыстың кітапхана қоры жеткіліксіз ауыл

мектептеріне жаңа кітаптар сыйлауды

көздеп отыр. Игі шараның мақсаты ауыл

кітапханаларын жаңа кітап қорымен кеңейту

арқылы өскелең жас ұрпақтың жоғары

азаматтық және рухани–өнегелік бағдарын

қалыптастыру, оқу мәдениетін ілгерілету болып

табылады. Көзі қарақты оқырмандардың

көзайымына айналатын аталмыш акция

біздің өңірде де жалғасын тапты. Павлодар

облысының төтенше жағдайлар департаменті

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесіне

200 дана жаңа кітапты салтанатты түрде

табыс етті.

- Барлық оқулықтар облыстың білім

басқармасымен бірлесе шалғай ауылдардағы

кітапханаларға таратылады. Кітаптардың

жанры әртүрлі. Ұлы тұлғаларымыздың шығармашылығымен

қатар танымдық оқулықтар да

бар. Кішкентай оқырмандарымызға арналған

ертегі, аңыздар да жеткілікті. Кітаптардың

сапасы да жоғары. Мысалы, «Алдар көсе»

ертегісі үш тілде басылған, - дейді өңірлік

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру

бөлімінің басшысы Нүрия Көбенова.

Кітап жинау және табыстау акциясы

республикалық деңгейде барлық елді мекендерде

20 қыркүйекке дейін жалғасады. Осы

аралықта ауыл кітапханаларына кітаптарды

жеткізу жұмыстары атқарылады.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!