02.09.2021 Views

Сарыарқа самалы, 2 қыркүйек, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8 2 қыркүйек, бейсенбі, 2021 жыл ЗЕРДЕ

SARYARQA SAMALY

БІЛІМ

Болашақ -

жастардың қолында

Білім күнінде

Павлодар облысында

114 мыңнан

астам оқушы

мектепке барды.

Аймақ басшысы

Әбілқайыр Сқақов

Білім күнінде облыс

орталығындағы №9

мектеп-гимназияға

барып, 11-сынып

оқушыларымен

кездесті.

Облыс әкімінің оқушылармен

кездесуі Қазақстанның Тәуелсіздік

жылдарындағы жетістіктеріне

арналды. Әбілқайыр Сқақов ел

тарихының негізгі кезеңдеріне

тоқталып, Семей ядролық

Жоғарғы сынып оқушылары

облыс әкіміне өздерін толғандырған

сұрақтарын қойды. Олар

Павлодар облысында жастардың

шығармашылық дамуына қаншалықты

көңіл бөлінетінін сұрады. Аймақ

басшысы Павлодарда музыканттар,

суретшілер, ақындар және

басқа да шығармашыл тұлғалар

дағдыларын дамытып, тәжірибесімен

бөлісетін өнер орталығын ашу

жоспары бар екенін еске салды.

Сонымен қатар, оның пікірінше,

кітапханалар да жастардың өнерге

ұмтылу орталығына айналуы тиіс.

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев

Алайда, ол үшін кітаптарды цифрлау

арқылы қоймаларды тазартып, пайдаланылмай

тұрған аумақтарды босату

керек. Әңгіме барысында жастарды

кәсіби бағыттау туралы да айтылды.

Әбілқайыр Сқақов оқушыларға өңірде

құрастырылған Жаңа кәсіптер атласы

туралы айтып, алдағы уақытта облыс

көлемінде сұранысқа ие болатын кейбір

мамандықтарға тоқталды.

Аймақ басшысы №9 мектепгимназияның

өзге де оқушыларымен

сөйлесіп, білім ордасының түлектері

мен демеушілердің қаражаты есебінен

жаңартылып, жабдықталған домбыра

ЕГІС - 2021

Ертіс ауданында суармалы алқап көлемі

жылдан-жылға ұлғайып келеді. Ауданды

дамыту жоспарына сәйкес алдағы уақытта

қосымша 10 мың гектар суармалы жер

пайдала нуға берілмек.

Суармалы алқап

ұлғаяды

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде

өткен баспасөз жиынында Ертіс ауданының әкімі

Аян Бейсекин мәлімдеді. Биыл Ертіс ауданында егін

алқабы 5,2 мың гектарға ұлғайтылып, жалпы суармалы

282,7 мың гектарды құрап отыр. Дәнді және

бұршақты дақылдар 212,6 мың гектарға, оның ішінде

бидай 182,6 мың гектар алқапқа егілген. Күнбағыс,

зығыр, рапс, қыша секілді майлы дақылдар 33,2

мың гектар аумақты қамтиды.

Қазіргі уақытта 19,6 мың гектардан астық жиналған.

Орташа өнімділігі гектарына 12,3 центнерді құрап

отыр. 25 қыркүйектен бастап майлы дақылдарды

жинауға кірісу көзделген.

Биыл ауданда 1,7 млрд теңгеге 59 техника алынған.

Егін жинау науқанына 558 астық жинау комбайны

тартылса, оның 389-ы – жаңа модельді комбайндар.

Ауданның 15 астық кептіру орнында тәулігіне 7655

тонна астық кептіруге, 132 астық сақтау қоймасында

315 мың тонна астық сақтауға мүмкіндік бар.

Биыл Ертіс ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерін

өндірушілеріне егін жинау науқанын өткізу үшін 4324

тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінген. Ауданда

103,1 мың гектар алқапта шөп шабылуда. Жоспарланған

127,2 тонна мал азығының 122,3 мың тоннасы дайындалыпты.

Қазіргі таңда Ертіс ауданында 2 мың

гектарға жуық суармалы алқап бар. Онда негізінен

күнбағыс, жүгері өсіріледі. Биыл аудан шаруалары

400 гектарға жуық алқапқа сәбіз бен картоп еккен.

Өткен жылы ауданда «Жұмыспен қамтудың жол

картасы» бағдарламасы аясында «Три К» шаруа

қожалығы Северный ауылында 638 гектар аумақта

инфрақұрылымдар тартқызған. Биыл осы алқапта

күнбағыс және тағы басқа өнімдер егіліпті. Қазіргі

таңда шаруа қожалығында суармалы жерді 2638

гектарға дейін ұлғайту жобасы дайындалуда.

Биыл «Оразбаев» шаруа қожалығы 284,7 гектар

жерді суармалы алқапқа айналдыруда. Сонымен қатар

9875 гектар суармалы жерді енгізу үшін 4 жобаның

сметалық құжаттары дайындалған. Ауданды дамыту

жоспарына сәйкес, осылайша қосымша 10 мың гектар

суармалы жерді пайдалануға беру жоспарланған.

Т.ОРАЗАЛЫ.

полигонының жабылуы, 1990 жылдары

еліміздің қалыптасуы және елорданың

ауысуын еске алды. Ол Қазақстанның

басты жетістіктерінің бірі ретінде

заманауи біліммен қаруланған жас

ұрпақты атады.

- Жастар алдағы онжылдықтар

ішінде мемлекетіміздің даму стратегиясын

қалыптастыратын болады.

Уақыт өткен соң сіздердің әрқайсыңыз

еліміздің қаншалықты өзгергенін көре

аласыздар деп сенемін. Ерінбей,

жалықпай өз болашақтарыңызды

жоспарлай білсеңіздер өмірде өз

орындарыңызды табасыздар, - деді

Әбілқайыр Сқақов оқушыларға.

және көркем еңбек кабинеттерін қарап

шықты.

Биыл мектеп-гимназия 2,3 мың

оқушыны қабылдады. Алайда, мектеп

жоба бойынша оқушылардың бұдан

аз санына шақталған. Мектептің оқу

сыныптарының ауданын қосалқы ғимарат

салу арқылы ұлғайту көзделіп отыр.

Құрылысы келесі жылы басталатын жаңа

корпуста бастауыш сынып оқушылары

білім алады. Жаңа қосалқы ғимараттар

№34 және Б.Момышұлы атындағы

мектептердің жанында тұрғызылмақ.

Облыс әкімінің баспасөз

қызметі.

Мәдениет үйі

жөнделуде

Ауданда «Ауыл – ел бесігі» жобасы

шеңберінде ауыл тұрғындарының

тілегі ескеріліп,

жылдар бойы

тұралап қалған

әлеуметтік

нысандар

жөндеуден өтуде.

Аталған бағдарлама аясында Новомир ауылдық

округінде мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті.

Әлеуметтік нысан 1987 жылы салынған. Көрермен

залы 150 орынға арналған. Мәдениет үйіндегі күрделі

жөндеу жұмыстарына 67 млн теңгеден астам қаражат

бөлінген.

Мердігер компания «Строй центр Turkistan» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігі жөндеу жұмыстарын

1 шілдеде бастады. Нысанда 10 адам жұмыс

істейді. Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары

қазан айының соңында аяқталуы қажет. Мамандар

шатырды жөндеу, қазандық, терезе, есіктерді

ауыстыру сынды жұмыстарды жүргізеді. Сонымен

қатар, көрермен залы толықтай жөндеуден өтеді.

Қабырғалары мен едені де ауыстырылады.

Қазіргі таңда ішкі жұмыстар толық жүргізіліп жатыр.

Мәдениет үйінің екінші қабатында әрлеу жұмыстары

аяқталып, пластикалық терезелер орнатылуда. Сонымен

қатар, жаңадан электр сымдары тартылып, шамдар

қойылуда.

Ауылдағы ескі мәдениет үйі жаңа кейіпке еніп, іші

қайта жанданатынына ауыл халқы дән риза. Тұрғындар

күрделі жөндеу жұмыстары аяқталатын күнді асыға

күтуде. Күрделі жөндеу жұмыстары ойдағыдай аяқталса,

жыл соңына дейін жұртшылық жаңа мәдениет үйінде

жергілікті өнерпаздардың өнерін тамашалайды.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!