02.09.2021 Views

Сарыарқа самалы, 2 қыркүйек, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

20

2 қыркүйек, бейсенбі, 2021 жыл МЕДИА

SARYARQA SAMALY

БАЯНАУЫЛ АУДАНДЫҚ «БАЯНТАУ» ГАЗЕТІНЕ – 90 ЖЫЛ

«Жинақтаған шежірелі жылдарды...»

Биыл Баянауыл аудандық қоғамдық-саяси «Баянтау» газетінің алғашқы нөмірі

жарық көргеніне 90 жыл толмақ. 1931 жылғы 4 қыркүйектен Баянауыл аудандық

партия, кеңес комитеті мен кәсіподақ бюросының тілі – «Ленин туы» газеті

жарық көре бастады. Ауданда газет шығару ісі қалай ұйымдастырылды? Осы

сауал төңірегінде сөз қозғасақ. Ол үшін, әрине, ескі күндерден сыр шертетін

ескірмес естеліктерге жүгінеміз.

Алдымен, Солтүстік Қазақстан

облыстық «Солтүстік Қазақстан»

газетінің 2002 жылғы 14 мамырда

шыққан 41-ші санында «Ленин

туы» газетінің алғашқы редакторы,

қазақ-совет әдебиетінің

негізін қалаушылардың бірі Ғалым

Малдыбаевтың 100 жылдығына орай

«Ақын өмірін жалғайды жырлары»

мақаласына назар аударайық.

Мақала авторы – қаламгердің

ұлы, Алматы қаласында тұратын

журналист Шашубай Малдыбаев.

Сол мақаланы оқығанда

Ғалым Малдыбаевтың өңір-өңірді

аралап, газет ашу ісімен белсенді

айналысқанын білдік және «Ленин

туы» газеті жайлы тың деректерге

қанықтық.

Баянауыл ауданындағы еңбегі

жайлы ақын былай деп жазады:

«Бүгін жүрмін Арқадағы

Баянда,

Деген оймен газетті мол

жаям ба?

«Ленин туы» жас газетін

шығарып,

Сұлу таулар, мен де жүрмін

саяңда...».

Өлең 1931 жылы араб қарпімен

жазылған екен. Кейіннен автор

кирилл қарпімен қайта көшіріп,

жазыпты. Бұл өлең «Ленин туы»

газетінің 1931 жылғы сандарының

бірінде басылған көрінеді. Бұл

туралы бізге Шашубай Ғалымұлы

баяндады. Өлеңнің қолжазбасы

ағаның жеке архивінде әлі күнге

дейін сақталған. Ол кісі «Баянтау»

газетінің мұрағатына ескі парақтың

көшірмесін естелік ретінде сыйға

тартты.

Ғалым Малдыбаевтың

Баянауылдағы еңбек жолына

тереңірек үңілу және тұңғыш газет

жайына қанығу үшін Қазақстанның

Халық жазушысы Дихан Әбілевтің

1997 жылы Алматыдағы «Жазушы»

баспасынан шыққан «Өткен күнде

белгі бар» кітабындағы «Зергер»

естелігіне көз жүгіртейік:

«Өлкелік партия комитетінің

шешімі бойынша Баянауылда

«Ленин туы» атты тұңғыш газет

шығатын боп жатқан қуанышты

кез. 1931 жылдың күзі. Редактор

болып Ғалым Малдыбаев келді.

Интернатты мектепте (Жүсіпбек

Аймауытов ұйымдастырған «Мәдени

кіндік» ауылында – Е.Қ.) үш жыл

бойына директор болып істеп

келе жатқан мені аудандық партия

комитеті Ғалым редактор болып

келерден бір ай бұрын осы «Ленин

туы» газетінің әрі орынбасары, әрі

жауапты хатшысы еткен. Шығаратын

газетіміздің дайындық жұмысына

партия, совет орындары боп, біз

боп кірісіп, енді тек газетіміздің бір

нөмірін шығаруға қызу әзірленіп

жатқанбыз.

Мен, ...тәжірибелі журналист

Ғалымның редактор болып келгені

«жаңа шығатын жас газетіміздің

болашағын Құдайдың жарылқағаны»

деп қуандым. ...Азаматтықта да,

ақындықта да, журналистікте де,

қызметте де өнегелі ағамен істес

болуымның сәті басталып кеп берді.

1931 жылдың қыркүйегінде газетіміз–

«Ленин туының» алғашқы нөмірін

шығарып, қуанышқа бөлендік. Сөйтіп

«алғашқы сең» қозғалды», - деп

жазыпты Дихан баба.

Баянауылдағы алғашқы газеттің

қалай ашылғанын, газетте 1933

жылдан жұмыс жасаған журналист,

кейінгі бас редактор Хасанат

Ысқақов былайша еске алады: «1930

жылдың жаз айларының бірі. Мен

жазғы каникулымды пайдаланып,

Павлодар қаласындағы баспаханада

уақытша корректор болып

істеп жүрдім. Баспахананың директоры,

бухгалтері және екі корректор

ауыздағы үлкен бөлмеде отыратынбыз.

Есіктен ентелей басып,

ішке кіріп келген сұңғақ бойлы,

денелі орыс жігіті кеңседегілермен

амандасқаннан кейін менің жаныма

келіп, газеттің заголовкасын жазып

бер деген ниет білдірді.

– Көрсетіңіз, - дедім мен.

Ол қалтасынан бір парақ қағазды

жұлып алды да, менің қолыма

берді. Онда латын әріптерімен

«Ленин туы» деген бір ғана сөз

жазылыпты...

– Бұл қай жерден шығарылатын

газет?

– Баянауылдан.

Туған жер ыстық болады ғой.

Баянауыл дегеннен кейін жүрегім

онан сайын жылып кетті.

«...Жазамын, ертең осы уақытта

келіңіз», - деп жауап қайтардым.

Келесі күні уәделі уақытта

келген жаңағы адамға қалың

қағазға тушьпен, латын әрпімен

«Ленин туы» деп жазылған заголовканы

ұстата бердім. Жазғаным

заказ берушінің көңіліне ұнағанын

сезгенде, мен де қуанып кеттім.

Таныса келе, бұл адам Баянауылда

ұйымдастырылатын болашақ

баспахананың директоры Григорьев

жолдас екен. Міне, осы кезден

бастап Баянауылда аудандық газетті

шығаруға қызу әзірлік басталды...»

(«Жеңіс» газеті, «Биік белес», 1976

жыл, 31 тамыз).

Тағы бір тарихи оқиға –

аудандық газет өз жұмысын

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ақ

жол тілеуімен бастағандығы. Бұның

анық-қанығын білу үшін тағы да

естеліктерге жүгінеміз. Бұл тұста

да Дихан Әбілев жазбаларына зер

салсақ. Жазушының 1981 жылы

Алматыдағы «Жалын» баспасынан

шыққан «Ой толғауы» кітабындағы

«Мәшһүр Жүсіп» естелігі шертер

сырға үңілсек:

«1931 жылдың декабрь айының

аяқ шені. Редакциямыз Баянның

шағын қаласында, бес-алты бөлмелі

«Қара ала әйнекті үй» аталған

Сорокин деген бай казак-орыстың

еңселі үйі. Редакцияда небары үш-ақ

адамбыз: Ғалым, мен, үшіншіміз –

Семей педтехникумының бұрынғы

оқушысы Рахыш Хайруллин.

Ғалым таңертең поштаға соғатын

әдетімен бүгін де жұмыс басталғасын

келді. Екі құлағы ұшатын қызыл

сұңқардың қанатындай артына

қайыра киген қызыл плюш тысты

түлкі тымағының қарын шала-пұла

сілкіп, бүрмелі қара тонының

түймесін дереу ағытып, костюмінің

төсқалтасынан бір ашық хатты

алып, түрегеп тұрған күйі оқи

бастады.

«Ғалым! Сен қызмет істеп жатқан

Баянаула ауданында Мәшһүр Жүсіп

қайтыс болыпты. Ел іші «Мәшекең

сөзі – тәбәрік» деп таратып әкетіп

жүрмесін. Сен сол Мәшекеңнің

қолжазбаларын тез алып, маған

жібер! Кітап етіп басып шығаруға

әзірлейік. Ғабит Мүсірепов».

...Өткен күзде Баянда, Сағынай

ұстаның үйінде Мәшһүрге сәлем

беріп, бір кеш бойы әңгімесін

тыңдағанын, жарықтықтың нағыз

шежіре, нағыз ғұлама, нағыз ақкөңіл

әулие адам екенін айтты.

– Аз өмірімде, - деді Ғалым, –

Қазақстанның мен қызмет етпеген,

мен болмаған облыс-аудандары

кемде-кем. Солардың бірде-бірінде

Мәшекеңдей адамды кездестірген

емеспін. Жарықтық, өзі сонда

(Сағынайдыкінде) айтып отырған

жетпіс үшінде қайтыс болыпты»,

- деді Ғалым...».

Бұл естеліктерде Мәшһүр Жүсіп

Көпейұлының газетке анық бата

бергені туралы айтылмайды. Бірақ,

тілектес болғаны анық. Біздің түйсік

солай дейді. Олай деуімізге бір

себеп: (2013 жылы Павлодар

қаласындағы «ЭКО» баспасынан

шыққан М.Ж.Көпеевтің 20 томдық

шығармалар жинағындағы) «Айқап»

туралы» деген өлеңі. 1915 жылы

жазылған өлеңде Мәшекең: «...Мен

әуелден жаздырдым өз атыма», -

дейді. Демек, Мәшһүр ата Тройцк

қаласынан шығатын журналды

жаздырып алып отырған. Олай

болса, туған жеріне ұйымдастырылған

газет жайынан хабарсыз болуы

мүмкін емес.

Аудандық газеттің жарық

көруінің алғашқы жылдарында газет

бетінде колхоздарды ұйымдастыру,

шаруашылық жағынан нығайту,

колхозшыларды әлді, ауқатты ету

жөніндегі Коммунистік партия алға

қойған міндеттерді жүзеге асыру

жолындағы үгіт-насихат жұмыстары

кеңінен өрістетілді. Ауыл-селодағы

мәдени өмір, мектеп тұрмысы,

жас жеткіншектерді тәрбиелеу

ісі, әйелдер арасындағы жұмыс,

әскери-патриоттық бағыттағы материалдар

газет бетінен кеңінен

орын алды. Ауыл-селодағы партия

ұйымдарының, ауылдық, селолық

советтердің жұмысы жөніндегі

мақалалар мен хабарлар жиі

жарияланып тұрыпты.

Газет еңбек озаттарын дәріптеп,

олардың іс-тәжірибесін

тарата отырып, жатыпішер

жалқауларға, бюрократтарға,

мемлекет мүлкін талантаражға

салушыларға қарсы

аяусыз күрес жүргізіп, халық

алдында әшкерелеп отырды.

Ғалым Малдыбаевтан

кейін газет редакторы Жамақ

Уәлиев болды, ол редактор

болып 1932-1936 жылдары

қызмет етті. Ал, 1937-1938

жылдары – Сары Мыңбаев,

1939 жылы Хасанат Ысқақов

редактор болды. Сұрапыл

соғыс жылдарында газетті

Смағұл Торғаев (1939 жылдың

қыркүйегінен – 1945 жылға

дейін) басқарды. Одан кейін

Шәкір Омарбеков (1945

жылдың 8 қыркүйегінен –

1946 жылға дейін), Елубай

Сағынаев (1946 жылдың 12

сәуірінен – 1951 жылға дейін),

Қияш Төлеуов (1952 жылы),

Балтабай Сейсенбеков (1952 жылдан

1955 жылдың тамызына дейін),

Рафағат Сыздықов (екі рет: 1955

жылдың қыркүйегінен 1960 жылға

дейін және 1963 жылдан 1972 жылдың

наурызына дейін), Хәкім Бөпеғалиев

(1961 жылдың 13 қыркүйегінен

1962 жылға дейін), Төлеутай

Құлмағамбетов (1962 жылдың

8 мамырынан – ...), Шакрат Шалбаев

(1972 жылдың қыркүйегінен 2014

жылдың қарашасына дейін), Рауан

Жантелиев (2015 жылдың қаңтарқыркүйек

айларында), Айдана

Айтуғанова (2015 жылдың

қарашасынан 2018 жылдың қазанына

дейін) аудандық газетке редактор

болды.

Басылымда әр жылдары Дихан

Әбілев, Қайыржан Темірбеков, Бөкен

Әбілқасов, Сабық Боранбаев,

Төлеген Мұқаев, Сүлеймен Баязитов,

Амангелді Қаңтарбаев, Жеңіс Манабаев,

Жанат Тұрғанбекұлы, Қырықбай

Алдабергенов секілді өңірге белгілі

қаламгерлер қызмет етті. Белгілі

қаламгер Зейтін Ақышев аудандық

газетпен тығыз шығармашылық

байланыста болды. 1934-1935

жылдары аудандық газет редакциясы

жанынан ұйымдастырылған

әдебиет үйірмесіне жетекшілік етті.

Ұлы Отан соғысының ауыр

жылдарында аудандық газет, оның

тілшілері мен авторлар коллективі

«Барлығы майдан үшін! Жауды жеңу

үшін!» ұранымен жұмыс жасады.

Тылдағы еңбеккерлердің күш-жігерін

шыңдап, жауды талқандауға,

майданға көмекті күшейтуге

шақырды. Соғыс кезінде аудан

еңбекшілері тарапынан жүзеге

асырылған көптеген отаншылдық

істер мен бастамалардың барлығы

газет арқылы бұқараға таратылып

отырды. Газет журналистері де

қаламын қаруға айырбастап,

майдан даласына аттанды. Олардың

қатарында: Дихан Әбілев, Елубай

Сағынаев, Ақмұқан Сыздықбаев,

Бөкен Әбілқасов, Жұмабек Уәлиұлы

және т.б. бар.

Жаңа ғасырдың басында

«Баянтау» газеті екі жылдан аса

уақыт – 1999 жылдың 8 мамырынан

2002 жылдың қаңтарына дейін

Павлодар облыстық «Сарыарқа

самалы» газетінің «Баянауыл ауданына

арналған қосымшасы» болып

шығып тұрды. Сол уақытта «Сарыарқа

самалының» бас редакторы Мұхит

Омаров болды. Қосымшаға Баянауыл

ауданының әкімдігі құрылтайшылық

етті. Ал, қосымшаны жүргізуге

Шакрат Шалбай жауапты болды.

Қосымшаның соңғы саны 2001

жылдың 25 желтоқсанында жарияланыпты.

Осы уақыт ішінде айына

екі рет жарық көрген қосымшаның

44 нөмірі оқырманмен қауышқан

екен. Қосымшада «Кәсіпкерлер

сөйлейді», «Маманның кеңесі»,

«Айтайын дегенім...», «Баянауыл

азаматтары», «Біздің сұхбат»,

«Шипагер», «Редакцияға хат»,

«Ел аузынан», «Имандылық»,

«Ғибратты ғұмыр», «Алаңдатарлық

жағдай», «Спорт» және «Майқайың

кентінде», «Аудан әкімшілігінде»,

«Сот залынан», «Ауыл – 2001»,

«Жеңістің 55 жылдығы қарсаңында»

айдарлары тұрақты жүргізілді.

Сонымен бірге, әр нөмірдің бірінші

бетінде «Баянаула табиғатының

көріністері» айдарымен фотоэтюд

беріліп отырды.

Қосымшада «Сарыарқа

самалының» тілшілері Өскенбай

Тастемханов, Төлеубек Қоңыр, Асыл

Әбіш және «Баянтаудың» тілшілері

Руслан Әбілдин, Хабдыжәлел

Мағзұмов, Мұхит Жақсылықұлы,

Әділ Бүркітұлы, Бақытжан Масығапов,

Торғын Жұмабаева, ардагер тілші

Жұмат Алтаев, сонымен бірге

өлкетанушы Өкпенің Кәрімтайы,

жазушы Тілеубек Ғалымов тұрақты

қалам тербеп тұрыпты.

2002 жылдың 4 қаңтарынан

аудандық газет жаңа ғасырда жаңаша

түрленіп, қосымша емес, дербес

газет ретінде айына 4 рет шыға

бастады. Сол уақыттан бері газет

аудан айнасына айналып үлгерді,

жарқ еткен жақсылыққа жаршы, мүлт

кеткен жамандыққа қамшы болып

келеді. «Ой қозғайтын ақылдың жері,

сөз қозғайтын ақынның жері...» –

Баянауылдың тоқсан жылдық тарихы

бар аудандық басылымы уақытпен

бірге тыныстап, заман көшіне ілесті.

Қазіргі уақытта басылымның жас

ұжымы: тілшілер – Әлия Таукенова,

Мұсабек Сейсенбекұлы, Жұлдыз

Қатай, Жанасыл Серікбол, жастар

іс-тәжірибесі бойынша Азира

Қуатжанқызы, дизайнер Ерболат

Сексенбаев және штаттан тыс

тілшілер Бағзат Әбденова мен

Бақберген Дариғаұлы аудан халқына

қалтқысыз қызмет қылуда.

Еламан ҚАБДІЛӘШІМ,

«Баянтау» газетінің

редакторы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!