02.09.2021 Views

Сарыарқа самалы, 2 қыркүйек, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

22

2 қыркүйек, бейсенбі, 2021 жыл ҚҰНДЫЛЫҚ

SARYARQA SAMALY

ҚОҒАМ ДЕРТІ

Тәрбие тал бесіктен басталады. Бала жыласа - сұраған затын беріп, еркелетіп,

алдына дайын нәрсені тосып беріп жатқандығымыз бала психологиясына қандай

әсерін беріп жатыр? «Бәрі мен қалағандай бола қалса, маған ақша өздігінен

келсе ғой» деп балалық әдетке салып ойлаудың өзі бала күндегі қалыптасқан

масылдықтың белгісі емес пе?!

Алма, піс,

аузыма түс...

Коллажды жасаған - М.Мұстафина.

Жар таңдауда

осыған

мән берсе...

Жақында облыстық

«Saryarqa

samaly» газетінің

кезекті нөмірін

парақтай отырып,

оқырманның қоғамдағы

ерекше

мәселеге назар

аудартқан хатына көзім түсті. Отбасындағы

кенже баланың рөлі. Шынымен, соңғы

уақытта осы бір қазақы ұғым өз

маңыздылығын жойып бара жатқандай

болып көрінеді кейде. Бірақ бұл мәселені

отбасылық тәрбие мен ұлттық құндылық

арқылы қайта қалпына келтіруге болады.

Шындығында, жастар ойына

салсақ, бәрі бола қалғаны жақсы

ғой... Осындай қарапайым ғана

тұстар әлі де біз өмір сүріп жатқан

қоғамның масылдықтың торынан

босай алмағанын аңғартады. Бұл

ғасырлар бойы қоғам дамуын

бірнеше сатыға шегеріп келе жатқаны

сөзсіз. Масылдық немесе жалқаулық

мәселесі тек елімізде орын алып

жатқан құбылыс емес, тұтастай әлем

елдері арылудың жолын іздеп келе

жатқан індет болып отыр. Хакім

Абай атамыз Отыз сегізінші қара

сөзінде: «Күллі адам баласын қор

қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ

керек: әуелі – надандық, екіншісі –

еріншектік, үшінші – залымдық деп

білесің. Еріншектік – күллі дүниедегі

өнердің дұшпаны. Талапсыздық,

жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік –

бәрі осыдан шығады» дейді. Сонымен

қатар, хакім Абай атамыз айтқан

«Талап, еңбек, терең ой, қанағат,

рақым» атты бес асыл істің де қазіргі

буынға аса қажет болып отырғаны

тағы бар.

Аталмыш мәселелерді өз сөзінде

тиек еткен Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз өмір

сүріп отырған дәуірдің табиғаты мың

құбылмалы. Жаhандық бәсекелестік

жағдайында өз мүддемізді қорғауға,

өз мақсатымызға жетуге

ұмтылмасақ, жедел алға баспасақ, көп

нәрседен ұтыларымыз анық. Мына дәуір

еркелікті, жалқаулық пен масылдықты,

немқұрайлықты көтермейді. Төртінші

өнеркәсіптік революция кезеңінде,

жоғары технологиялық, цифрлы

кеңістікте жаhандық дамудан 10

жыл артта қалсақ, 100 жыл оның

орнын толтыра алмайтындығымызды

естен шығармайық», - деп айтқан

болатын. Сол себептен де, мемлекет

тарапынан жастар саясатына қолдау

мен арнайы бағдарламалар жүйесі індеттің

алдын алу болып отыр. Ең

біріншіден – сапалы әрі қолжетімді

білім, екіншіден – кәсіби бағдар,

жұмыспен қамту және кәсіпкерлік

болса, үшіншіден – жас отбасыларды

тұрғын үймен қамтамасыз ету,

төртіншіден – жастар денсаулығына

ден қою бағдарламалары өз жұмысын

бастаған болатын. «Серпін – 2050»,

«Дипломмен – ауылға!», «Қолжетімді

баспана», т.б. осы сынды мемлекет

тарапынан жастар саясатын қолдауға

арналған жүйе - жастар үшін

болашақтың іргесін берік қалауға

берілген зор мүмкіндіктер.

«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы

аясында Баянауыл ауданының

Ж.Аймауытов атындағы орта

мектепте қазақ тілі мен әдебиеті

пәні бойынша мұғалімдік қызметін

атқарып жатқан Толғанай Қали былай

дейді: «Диплом алған мамандардың

бірден жұмысқа орналасып кетуі

екіталай. Осы кезде оларға мемлекет

тарапынан үлкен көмек көрсетіледі.

Мысалға алатын болсақ, «Дипломмен

– ауылға!» бағдарламасы жастардың

әрі қарай дамып, жетіліп, тәжірибе

жинауына септігін тигізеді. Өзім осы

бағдарлама аясында жұмысқа орналастым.

Еңбек жолымды ауылдық

жерде бастап жатсам да, алдағы бес

жылдың көлемінде біраз жоспарымды

орындап алмақ ниеттемін. Әрі қарай

мұғалімдік жолды жалғастыру үшін

білімді жетілдіріп, дамуды тоқтатпақ

емеспін. Сол себептен де, қазіргі

жастар үнемі ізденісте болуы керек

деп есептеймін. Ата-анаға бар жағынан

тәуелді болу өз бетінше дамуға кедергі

жасайды», - деп ойын білдіріп, әлі

де талмай жұмыс істейтіндігін алға

тартты. Бұл берілген мүмкіндікті сәтті

пайдаланып, көпке үлгісін көрсетіп

жүрген – қазіргі еңбекқор жастар

бейнесі.

Жастар – кез келген қоғамның

болашағы мен қозғаушы күші.

Жаhандану дәуірінде ғаламды

шарпыған технологияның зымырап

жатқан уақытында «алма, піс, аузыма

түс» демей, табысты еңбек жолын

әлеуметтік салалар арқылы бастап,

бүгінде біраз жетістікке жетіп отырған

жастарымыздың да саны жетерлік.

Қазіргі таңда сұранысқа ие таргетолог,

маркетолог, СММ маманы, копирайтинг,

сайт жасау сынды, т.б. мамандықтарды

дипломсыз-ақ меңгеріп, осы салада

біршама шәкірт тәрбиелеп отырған

жастардың бұл іс-әрекеті – қуантарлық

жағдай. Тіпті, қазіргі таңда ешқандай

бағдарламалардың көмегінсіз баспаналы

болып, өз бизнестерін дөңгелетіп

отырғандардың саны жетерлік. Бұл

- мемлекет тарапынан қолдауды

күтпей, керісінше, «Мен еліме не

бере аламын?» деген жастар көрінісі.

«Біреуге масыл болу санаға

үлкен кесірін тигізеді. Себебі біреудің

көмегіне жүгініп үйренген адам

соған бейімделіп, өз бетінше

пайда табудан қалады. Масылдыққа

үйренген адамның психикасы да,

психологиясы да өзгереді. Онымен

күресудің басты жолы – еңбек», -

дейді психолог маман Күлмәш

Ғалымжанқызы. Тек еңбекке баулу,

үйрету дағдысын бала бойында

ертеден қалыптастыру керек. Сол

арқылы еңбектің қадірін түсінген

адам тұлғасында даму процесі

пайда болып, икемделе бастайды

деп өз кеңесімен бөлісті. Ал қазіргі

уақытта жастарға қолдау білдіріп,

жеке консультация беріп жүрген

психолог маман Жәния Кәрімхан:

«Бұл масылдықпен күресудің ең

тиімді жолы – психолог маманмен

кеңесу. Себебі, жастайынан дайын

асқа – тік қасық болып үйренген

жастардың санасын психологияда

қолданылатын небір тәсілдер арқылы

ояту бұл мәселенің шешімі болары

анық. Адам миы деген ойнайтын

зат емес. Оны дұрыс пайдалансаң,

миллионер де, танымал да, бақытты

да болуға болады», - дейді. Жастар

санасынан психологқа тек жындылар

барады деген ұғымды жойсақ жеткілікті

деп қорытындылады.

Ауырдың үстімен, жеңілдің

астымен жүріп, қиындыққа төзімсіздік

таныту қай кезеңде болсын кездескен,

жасыратыны жоқ..... Алайда,

бұл қазіргі қоғамдағы масылдардың

көп екендігін білдірмейді. Жетістікке

жетіп, армандаған өміріңізді сүріп,

өзіңіз қалаған биіктерге жеткіңіз

келсе, өзіңе, өз қабілетіңе және

күшіңе деген сенім керек! Онымен

қоса, жетістікке жетер жол еңбек

арқылы екенін естен шығармасақ

екен. Ал шын мұқтажға мемлекет

қашанда көмек беруге даяр. Себебі,

мемлекеттің байлығы – халық!

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Кенже баланың ата-ана алдындағы негізгі міндеті –

шаңырақ иесі ретінде әулеттің түтінін түтетіп, әке-шешесінің

әдемі қартаюына жағдай жасау. Бұл – жылдар бойы

қалыптасып, ата-бабаларымыздан бізге аманат болып

жеткен жазылмаған заңдылық. Тіпті, әке-шешесі өмірден

өткен соң үйдің кенжесі қара шаңырақтың отын сөндірмей,

солардың ізін жалғастыруы тиіс. Осы орайда кенже баланың

отбасындағы ғана емес, жалпы қоғамдағы рөлі ерекше

екенін атап өткен жөн. Жұрт кенжелерге сыйластықпен

қарап, үлкендер құрмет, кішілер ізет көрсетеді. Кенже

ұл ертеңгі күні әкенің орнын басып, төрде отырады.

Өкінішке қарай, мұның барлығын қазіргі

кейбір жастар ұғына бермейді. Болашақпен емес,

бір күнмен өмір сүретіні қын-жылтады. Жалпы, ата-ана –

үлкен мектеп. Бір әулетке бала келін болып түскен

қыз ертеңгі күні ененің тәрбиесін алып, дана келінге

айналады. Кенже бала әкесіне қарап шаруашылықты

ұршықтай иіруді, отағасына тән қасиеттерді бойына

сіңіруді үйренеді. Түптеп келгенде, ерте ме, кеш пе, дәл

осы кенже бала мен келін шаңырақтың тұтқасын ұстап,

соның иесі болып қалады. Ата-ананың жылдар бойы

жинаған мал-мүлкі де – солардың еншісінде. Жастар

осының бәрін тереңінен түсінер болса, бөлек шығу

туралы ой да туындамайды деп ойлаймын.

Бұл ретте келіндердің тәрбие-сіне ерекше тоқталып

өтпеске болмас. «Қыз – жат жұрттық». Мұны жұрт жақсы

біледі. Сондықтан анасы қызға тәлім-тәрбие бергенінде

келіндік өмірдің, қызметтің, келешектің мән-маңыздылығын

түсіндіргені дұрыс. «Ата-енеңе жылы шырай танытып,

жағдайын жасар болсаң, батасын аласың» деген ұғымды

жастайынан айтқаны жөн. «Қашан бөлек шығасыңдар осы?»

деп күн сайын қызының құлақ етін жейтін болса, мұның

соңы жақсылыққа апара қоймас. Сондықтан шаңыраққа

түскен келіннің ақылды, инабатты болуы аса маңызды.

Кенже бала жар таңдайтын тұста осыған мән берсе,

қиын таңдау жасайтын күн тумайды.

Қуаттың хатына келер болсақ, інім мен келінге сәл

уақыт керек сияқты. Жаңадан түскен келіннің басқа

отбасына бірден үйреніп, бауыр басып кетуі оңай емес.

Үйдің кенжесі ата-ананың қадірін ұғындырып, егде тартқан

әке-шешесін қалдырып кете алмайтынын түсіндірсе, ақылды

келін бір ауыз сөзіне тоқтап, дұрыс шешім қабылдайды

деп сенемін. Бұл ретте ер азаматтың нақты шешімді

қабылдай білуі аса қажет.

Рымтай ШӨКЕЕВ,

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!