16.06.2022 Views

Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

14 16 маусым, бейсенбі, 2022 жыл ӨЛКЕТАНУ

SARYARQA SAMALY

Тарихта аты шыққан

тұлғалар қандай да бір

оқыс оқиғалар мен күрделі

бетбұрыс кезеңдерде

айқын көрініс табатыны

белгілі. Демек, қандай да

бір тарихи дамулардағы

ірі өзгерістерге белсене

араласа отырып,

құбылыстың жетегінде

кетпей, керісінше, өзекті

болған ірі өзгерістердің

дүмпуімен қоса, өрбу

бағытына өзіндік жеке

үлесін қосады. Қоршаған

ортаның, алайда қоғамның

биік шыңға көтерілуіне

неғұрлым серпін беріп,

сол жолда үлесі түпсіз

терең болса, соғұрлым

олардың есімі халықтың

жадында өшпестей болып

сіңіп, уақыт деген тарих

доңғалағында, тіпті

келешек ұрпақтар алдында

биікке көтеріле беретіні

хақ.

Бабаларымыздың өмірі мен өскен

ортасы және тұтастай алғанда қазақ елінің

шежіресі, сондай-ақ ауыз әдебиеті мен аңызәңгімесі,

ұрпақтан–ұрпаққа мирас болып

келе жатқаны ақиқат. Бүгінгі таңда бізге

жеткен деректерге қарағанда, сонау көшпелі

заманда халықтың басын біріктіріп, елі

мен жерін жау шапқыншылығынан қорғауда

ерекше ерлік көрсеткен аса ірі тұлғалар -

ел есінде. Бүкіл ғұмырын күреспен өткізген

яғни халық санасында дана қайраткер,

қаһарман қолбасшы ретінде жатталған. Тарих

ғылымында тарихи тұлғалардың алатын

орны мен атқарған миссиясы барынша

зерттеліп, ғылыми сараптамадан сүзілген

күйінде келешекке жол тартып отыр. Уақыт

өте келе өз замандастарының алды болған

ер есімді тұлғалар жазба тарих пен ауызша

тарихта сақталып, тіпті аңыз адамға айналып,

ел есінде қала беретіні сөзсіз.

Қазақ халқының тарихында өз артына

өшпестей із қалдырған көрнекті адамдар

өте көп, атап айтсақ, ғұлама-философ,

әулие, ақын, шежіре деген құнды дүниені

алғаш қағаз бетіне түсірген Мәшһүр Жүсіп

Көпеев өзінің бір жазбасында жарты әлемді

бағындырған Шыңғыс хан жайында былай

десе керек.

«...Сағымнан пайда болған

Шыңғыс ханды

Өскен соң балалары дүниені алды

Баласын әрбір жұртқа патша қылды

Тұқымы патшалардың

сонан қалды...».

«...Атасының аты білінбей, өз аты шыққан

ерлер» деген еңбегінде әуелі – Адам ата:

оның атасының атын білуші жоқ. Қайдан

білісін: первый (перуай) человек болып,

топырақтан жаратылды?! Екінші – хазірет

Ғайса пайғамбар, оның атасының атын білуші

жоқ, қайдан білсін?! Құдірет шеберлігін

көрсету үшін он үш жасар қыздан атасыз

туғызды. Үшінші - Хызыр пайғамбардың

атасының атын білуші жоқ. Атасы бар шығар,

бірақ атын анық біліп, сарт еткізіп айтушы

жоқ. Төртінші – Ескендір Зұлқарнайынның

атасының атын білуші жоқ. Бесінші – Шыңғыс

(Шыңғыз) ханның атасының атын білуші

жоқ. Бағзы бір: «Ата білемін» дегендер:

«Есугей Баһадүрдің баласы» дейді. Ол бекер:

Есугей (Писугей) – қалмақ. Бір қалмақтың

баласын осынша жұрт қалайша төбесіне

көтереді?! Стамбулдағы (Османи) нәсілінен

басқа, бұл Азиядағы хандардың көбі –

Шыңғыс нәсілінен. Россияда – граф, ноғайда

князь, қазақта төре, бәрі Шыңғыс нәсілінен.

Есугей баһадүрден қыз туып, ол қыз он

бес жасқа жеткенде, отырған үйінің ішіне

сағым түсіп, сол сағымнан буаз болып,

бір ұл тауыпты. Ол бала он үш жаста

жетімдікпен жиһан кезіп, жиырма жеті жаста

Алла тағала бақ-талайын өзгеден артылтып,

Шүршітке хан болып, жүріс (жүрдіс) қылып,

дүние жүзін алып, «Шыңғыс» деп атанды.

Мағынасы - «хандардың ханы». Сондай

атасыз, Құдайдың құдіретінің шеберлігімен

сағымнан пайда болғанына заманындағы

халықтың көзі жетіп, соның үшін тұқымтұқымын

жұрт басына көтеріп кетті» деп

жазады М.Ж.Көпеев.

Ал енді америкалық қаламгер, ғалым

Жак Уэтерфорд деген профессордың «Қазіргі

Дала даналары

Академик Әлкей Хақанұлы Марғұланның туғанына - 118 жыл

әлемнің негізін салушы ұлы император

Шыңғыс хан» атты туындысы 2011 жылы

жарық көрген еді.

Жак Уэтерфордтың бұл еңбегі көшпенділердің

мәдениеті мен дәстүрін, «хандардың

ханы» Шыңғыс ханның тарихи тұлға тұрғысында

жаңа бір қырымен оқырман қауымды өзіне

тартатынына еш күмәніміз жоқ. Ең бастысы,

жазушының жылқының жал-құйрығынан

жасалған Шыңғыс ханның шашақты туы

туралы қызықты мәлімет келтіреді. Шыңғыс

хан ақ айғырдың жал-құйрығынан жасалған

туды тыныш уақытта көтерсе, қара түстісін

жауға шапқанда ұстатса керек. Ақ түсті

ту сақталмапты, ал, қара түсті Шыңғыс

туын оның мұрагерлерінің бірі Занабазар

XVI ғасырға дейін арнайы ғибадатханада

сақтаған көрінеді. Алайда, XX ғасырдың

30-жылдарының соңында басталған сталиндік

зұлмат хан туын ғибадатханасымен қоса

өртеп жібергенін жазушы-ғалым өкінішпен

еске алады.

Көптеген ұлттар мен ұлыстардың басын

бір қазанның айналасына біріктіре отырып,

тегі мен дінін бөле-жара қараудан аулақ

болды. Арнайы шыққан жарғы, ережелерге

бағындырумен қатар, елі мен жерін

қастерлеуді қатаң түрде қадағалады.

Жазушының ерекше атап көрсеткен жері

Шыңғыс ханның сатқындықты кешпейтіні,

соғыс кезінде де елшіге, бітімгерге тиіспегені,

тіпті ерекше мәртебе танытқаны тарихи

шындық екендігін баса айтады.

Ұлан–ғайыр даланы аттың тұяғымен

дүбірлеткен көшпенділер негізін құрған

алып империя өзінен кейін аттай бір

жарым ғасырға жуық барша әлемге

құлашын сермеген болатын. Шыңғыс

ханның мұрагерлері ірі мемлекеттерді

атап айтсақ, Ресейді, Үндістанды, Қытайды

билеп, үстемдік жүргізген «император», «хан»,

«сұлтан», «шах», «әмір» деген тектіліктің

туын жықпаған еді. Тарихта ойып тұрып

орын алатын «Жібек жолы» бойындағы

сауда-cаттықты, қара халыққа салынатын

салық түрлерінен босата отырып, ағартушы,

ұстаз, емшілер мен діндар жандарға

қайырымдылықтың үлгісін танытса керек.

Шыңғыс хан билік жүргізген тұста алғаш

рет бүгінгі таңдағы пошта қызметінің

негізін қалаған. Америкалық жазушының

адам көңіл қоятын қызықты бір мәліметі, ол

бүгінгі таңдағы дербес мемлекетке айналған

Корея мен Үндістанның өз алдына ел болып

қалыптасуы Шыңғыс ханның ерен еңбегі

деп біледі. Алайда, профессор Шыңғыс

хан өлімінің осы уақытқа дейін жұмбақ

болғандығын тілге тиек етеді. Ұлы қаған

көз жұмғаннан соң, сүйегін соңында қалған

ұрпақтары мен сарбаздары туған жеріне

жеткізіп, құпия түрде жерлеген. Жазушығалымның

пайымдауынша, жерлегеннен кейін

қырық күнге тарта басын күзетіп, сол тұста

кезіккен адамдардың

көзін жойып отырған

деседі. Артынан жерленген

жерді 800 атты

әскер шауып өтіп тегістеп,

артынша сол сарбаздардың

да көздерін

жойған. Міне, осы

тарихи жұмбақ сегіз

ғасыр бойы бүгінгі таңға

дейін шешілмей келеді.

Төл тарихымыздың

тереңге тартқан кезеңін

қамтитын Алтын Орда,

Қазақ хандығының

бастауы деуімізге толық

құқымыз бар. Осы

орданың негізін қалаған

Жошы хан (1180-1227 жж.)

Дешті Қыпшақ атанған

кең-байтақ жерге билік

құрған, әлбетте тарихта

«Жошы ұлысы» деген

қастерлі атпен қалып

отыр. «Ұлыстың ұлығы»

Жошы ханның мазары

академик Қ.Сәтбаев

айтқандай, «Сарыарқаның

кіндігі» қасиетті Ұлытауда

жатыр. Көненің көзіндей

болатын осы бір

ескерткіш Шыңғыс хан

мен тамырын кеңге

жайған ұрпақтарынан қалған бірегей

белгі екеніне еріксіз мойынсұнасың.

Алтын Орданың ежелгі аумағының қырық

пайызы байырғы қазақ жұртының атамекені,

демек, бүгінгі Қазақстан иелігінде.

Сондықтан да, Алтын Орданың мұрагеріміз

деп кеуде керетіндей толық құқымыз бар.

Белгілі түркітанушы П.М.Мелиоранский

«Арабский филолог о тюркском языке»

деген еңбегінде: «Золотая Орда состояла

из смеси различных тюркских и монгольских

племен» деп айтқан екен.

Жошы хан кесенесі жайында академик

Қаныш Сәтбаев «Доисторические памятники

в Джезказганском районе» деген жазбасында:

«Басқағыл тауының оң жағында, Кеңгір

өзенінің жағасында күйдірілген кірпіштен

соғылған, күмбезді, төртбұрышты көне үш

кесене сақталған. Кесенедегі кірпіштің пішіні

мен көлемі «алтынордалық стильге» жақын.

Халық арасындағы аңызға сүйенсек, бұл

кесенелер Алаша хан, Жошы хан және

дәулескер күйші Домбауылға тиесілі екен»

деп жазса керек.

1946 жылы тікелей академик Қаныш

Сәтбаевтың қолдауымен, көрнекті ғалым

академик Әлкей Марғұлан Жошы хан

кесенесіне алғаш рет археология тұрғысынан

қомақты түрде ғылыми зерттеу жүргізген

екен. Кесенені зерттеу барысында екі

қабірдің анықталғанын көреміз. Алғашқы

қабірден темір шегелермен бекітілген ағаштан

жасалған табыт табылған. Әрі қарай қаза

түскенде жақ сүйегі жоқ адамның бас сүйегі

шыққан. Анықталғандай, қабірге орта жас

шамасындағы ер адам жерленсе керек.

Бір қызықты жайт, артын-ала сүйектерді

жинастырғанда бір қолдың сүйектері

болмаған. Сонымен бірге түйенің, және

де басқа жануарлардың, былғары терінің

бір бөлшегі, мата мен ту табылған. Ғалым

осы қазба жұмысынан кейін мынандай

тұжырымға келген екен: «Жошыны аң аулап

жүргенде жабайы құландар теуіп өлтірді

деген тарихи деректерді қуаттайды».

Академик, белгілі тарихшы Манаш

Қозыбаев Баянаула жерінде дүниеге келген

ұлылар жайында былай десе керек:

«...Қара Ертістің бойын жағалай, Орталық

Қазақстанға қарай ойысар, жарыса созылған

даланы еске алыңыздаршы. Қалмаққырғаннан

шыға бере Қызылтаудың өңірінде Жүсіпбек

Аймауытов дүниеге келді. Баянаула

тауының қос өңірінде таяқ тастам жерде

Аймауытовтардың елі, Марғұлан ауылы,

Сәтбай ауылы, Шорман ауылы, Мәшһүр

Жүсіп Көпеев ауылы, осы өңірдің Далба

тауына жалғасқан жерінде Бұқар баба

елі, одан әрі Қарқаралы арқылы Қасым

Аманжоловтың еліне жалғасады. Ендеше

Әлкей ағамыз өмірге келген сол бір дархан

дала - ұлы шоғырлардың дәстүрлі елі, кезінде

Абылай бастаған ұлы батыр бабамыздың

ту көтеріп дабыл қақса, Бұқар бастаған

даналар - иісі қазақ елінің рухын шыңдаған

даналар өңірі. Басқаша айтқанда, бұл -

тұнық бұлағы бар, жайқаған құрағы бар,

атамекен тұрағы бар, жанған шырағы бар

өңір еді. Осы бір өңірде туған ұлылардың

есімін атауға бір күн уақыт керек болар

еді. Он мың жанға туған ұлылардың үлесін

санаса, осы бір өңір барша әлемдік рекордты

жасады десек, еш қателеспеген болар

едік. Әлекеңнің ортасы - осы ұлылар өңірі,

Олардың мұрасы, олардың өсиеті қадам

басқан сайын көз алдыңа елестер ұлылар

бейнесі...».

Үстіміздегі жылы ғұлама ғалым, академик

Ә.Х.Марғұланның туғанына 118 жыл толып

отыр. Сонау елуінші жылдардағы сталиндік

саясаттың ащы дәмін тарта отырып, тағдырдың

басқа салған жазмышына қарсы, бойына

біткен, кешегі хан Абылайдың «Олжабай

есен болса ел аман» деген батыр бабасынан

дарыған, ақыл мен қайсарлықтың,

сабыр мен төзімділіктің белгісін таныта

отырып, керісінше сол тұстағы саяси

идеологияға күйрете соққы берген Алаш

қайраткерлерінің ізін басып, көзін көрген

бірден-бір көрнекті тарихи тұлға ретінде

танимыз.

2014 жылы академик Ә.Х.Марғұланның

туғанына 110 жыл толуына орай Алматыдан

арнайы қызы Дәнел Марғұлан келген болатын.

Әкесі жайында ол кісі маған мынандай бір

әңгіменің шегін тарқатып еді. Әкем, деп

бастады әңгімесін Алаш жұлдызы, ақын

Мағжан Жұмабаевпен пікірлес, айнымас

дос болған, ұлтшыл, халық жауы деген

айыппен есіл ер репрессияға ұшырап кетті

ғой. Алайда, әкем мұндай әңгімелерді көп

айтпайтын, себебі тыңшылар Мағжанмен

жақсы қарым-қатынаста болғанын сезіп,

артынан әкемді де сол тұстағы Ленинград

қаласындағы түрмеге қамаған, деп бір

күрсініп алды. Әрі қарай жалғастырып,

жазушы академик М.Әуезов пен әкесінің

арасында болған бір қызықты әңгімені

айтты. Бір жиында Әлкей атамыз уақыттың

шектеулігіне қарамай, көп сөйлеп кетсе

керек. Жанында отырған досы М.Әуезов:

«Әлеке, көп сөйлеп кеттіңіз ғой», депті.

Сонда Әлкей атамыз жұлып алғандай, «көп

сөйлесек, көп білгеннен сөйлейміз ғой, Мұқа»

деп әзіл-қалжыңы аралас жауап берген

екен. Артынан мен Дәнел Әлкейқызынан

«Қаныш Сәтбаев туралы айтыңызшы» деп

өтіндім. - Балам, Қаныш атаң біртуар адам

ғой. Алып тұлғасы, нұрланған жүзі, кіріп

келгендегі күлімсірегені, мен кішкентай

баламын, жай ғана қоңыр дауысымен үн

қатуы, маңдайымнан иіскеп, үлкен азамат

бол дегені әлі есімде. Жалпы, Қаныш

Имантайұлының сыртқы келбет-көркін

ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес деп

сөзін аяқтаған еді.

Академик Шапық Шөкин «Марғұлан»

деген еңбегінде былай дейді: «...Мұхтар

Омарханұлы суып қалған шайынан бір

ұрттап, сөзін жалғады:

- Жарамсақ тарихшылар кінәсінен

халқымыздың тарихының кем-кетіктері

көп-ақ. Жазушылар халық алдында, оның

зейін-зердесі алдында қарыздар болып

қалған. Халықтың зейін-зердесін қайтарып

беру - ізгілікті міндет. Қазақтың өткен тарихынан

Абылайхан айрықша орын алады.

Көшпелілердің басын қосуға, қазақтардың

ұлттық ой-санасын оятып, қалыптастыруға

ол өлшеусіз көп еңбек сіңірген. Ол туралы

халықтың естіп-білгені әлі де мардымсыз,

қайткен күнде де Абылайхан туралы жазу

керек. Көркем шығарма жазу міндетті емес,

деректі кітап та жетіп жатыр. Ол заманды

қайта тірілтетін нәрсені баспай қоюы да

мүмкін. Бірақ жазу керек. Жазып, ұрпақтар

үшін сақтап қойған жөн.

- Сіздіңше, бұл істі кім жақсы жасай

алады? - дедім мен. - Идея мінсіз-тұғын.

- Мұны жұрттың бәрінен де артық жасайтын

кісі - Марғұлан. Сіз, Шәке, Академияның

бас ғылыми хатшысы ретінде оған көмек

беруге тиіссіз...».

Халқымызда «Тектіден нәр алған тозбайды»

дейді. XVIII ғасырдағы тарихымыздың аса

ірі тұлғасы, сол тұстағы аласапыран заманда

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!