16.06.2022 Views

Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

2

16 маусым, бейсенбі, 2022 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

ДЕНСАУЛЫҚ

Қазіргі таңда облыс көлемінде

сақтандыру жүйесінде жоқ

140 327 адам бар. Бұл өңір халқының

18,5 пайызын құрап отыр. Атап өтер

болсақ, әлеуметтік сақтандыруы жоқ

азаматтар Павлодар, Екібастұз, Ақсу

қалаларында тұрады. Ал ауыл-аймақ

бойынша Павлодар, Шарбақты және

Тереңкөл аудандары көш бастап тұр.

Сақтандыруы

жоқ адам

саны артты

ТУРИЗМ

Этноауылдар

құрылады

Биылғы туристік маусымда облыс тұрғындары мен

қонақтары Баянауыл баурайындағы қонақ үйлермен

қатар, Жасыбай көлінің жағасында қаз - қатар тігілетін

ақшаңқан киіз үйлерде демала алады. Ол үшін жергілікті

тұрғындар арнайы этноауыл құрмақ. Мұнда ұлттық

тағамдар мен сусындар да ұсынылады.

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру

қоры» облыс бойынша филиалының директоры Нұрлан

Қасымов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен

брифингте мәлімдеді.

- Медициналық сақтандырудың нәтижесінде

облыстық денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті жылданжылға

ұлғаюда. Ал биылғы жылы азаматтар арасында

міндетті медициналық сақтандырылмағандардың санының

өсуі байқалуда. Өткен жылы павлодарлықтарға қор

қаражаты есебінен 27,6 млрд теңгеге, жалпы облыс

тұрғындарының медициналық көмек алуына 87,9 млрд

теңге жұмсалды. Бұл сомаға 24,2 млрд теңгеден асатын

коронавирустық инфекциясына қарсы күрес жөніндегі

іс-шараларды қаржыландыру бойынша шығыстар да енгізілді, -

дейді Нұрлан Қасымов.

Оның сөзінше, денсаулық сақтау саласына бөлінген

қаражаттың артуына байланысты МӘМС шеңберінде

медициналық көмекке қолжетімділік артты.

- Емханалар деңгейінде консультациялар мен

диагностикалық қызметтер саны 44 пайызға ұлғайды.

Жалпы, консультативтік-диагностикалық көмек 7,5 млрд

теңгеге көрсетілді. 139 мыңнан астам адам стационарлық

бөлімде ем алды. Көрсетілген стационарлық медициналық

көмектің құны 15,4 млрд теңгеден асса, ауыл халқына

стационарлық және стационарды алмастыратын көмектің

құны 2,4 млрд теңгені құрады, - деп атап өтті ол.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің

тағы бір артықшылығы - медициналық ұйымды және

дәрігерді еркін таңдау. Бүгінгі таңда бұл құқық сәтті

жүзеге асырылуда. Ол үшін емделуші учаскелік дәрігеріне

хабарласып, жетекші облыстық немесе республикалық

медициналық ұйымдарға жолдама ала алады. Бастысы,

медициналық сақтандыру жүйесінде тіркеліп, денсаулық

сақтау субъектілерінің дерекқорында медициналық ұйымның

болуы жеткілікті.

Сонымен қатар, спикер қазіргі таңда Павлодар қалалық

№1 емханасында орын алған жағдайға қатысты пікірін

білдірді.

- МӘМС облыстық қорында қаржы жеткілікті. Бәлкім,

аталмыш емханаға жүгінген емделушілердің көптігіне

байланысты, денсаулық ұйымы әлеуметтік сақтандыру

қорына құжаттарды дер кезінде жібере алмай отыр.

Соның салдарынан олқылықтар орын алуда. Алдағы

уақытта мәселе шешімін табады деп ойлаймыз. Келіссөз

жүргізілуде, - деді Н.Қасымов.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

ҚОҒАМ

Қазақстанда неке қиюды тіркеудің ай

сайынғы мерзімін күнтізбелік 15 күнге

дейін қысқарту мәселесі қарастырылуда.

Сондай-ақ әртүрлі өмірлік жағдайларды

ескере отырып, мерзімді қысқарту мүмкіндігі

де сақталмақ.

Өтініш қарау

мерзімі қысқара ма?

Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

мәлімдеді. Жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің

өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше жағдайлар

сияқты дәлелді себептер болған жағдайда некені тіркеу

мерзімін бір күнге дейін қысқартуға болады. Ол үшін

тиісті құжаттарды, медициналық мекемелерден, жұмыс

немесе оқу орындарынан анықтамаларды ұсыну керек.

Көптеген ерлі-зайыптылар тіркеу органдарына жүгінген

кезде той күнін алдын ала белгілеп, мейрамханаларға

тапсырыс береді. Содан соң ғана некені тіркеуге өтініш

береді. Алғаш үйленгелі отырған әрі баласы жоқ жастар

үшін құжаттардан тек жеке куәлік пен мемлекеттік баж

салығын төлеу талап етіледі.

Атап өтер болсақ, Қазақстанда соңғы 10 жылда тіркелген

некелер санының тұрақты өсуі байқалады. 2018 жылы

138 876 неке қиылса, 2019 жылы 139 735, 2020 жылы

129 165, 2021 жылы 140 762 жас отбасылар саны арттты.

Өз тілшіміз.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Кеше Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен брифинг барысында

облыстық кәсіпкерлік және

индустриялық-инновациялық даму

басқармасының басшысы Ернұр

Жәутікбаев алдағы туристік маусымға

дайындық барысы туралы баяндады.

Ернұр Бөкенбайұлының айтуынша,

өңірде туристерге арналған

111 демалыс орны бар. Олар бір

уақытта 8 мыңнан астам адамды

қабылдай алады. Айталық, Баянауыл

курорттық аймағында біржолғы

сыйымдылығы 4 700 төсек-орын

болатын 46 демалыс үйі бар. Бұл

аймақтағы биылғы жаңалық – алғаш

рет дәріхананың, Жасыбай мен

Павлодар, Қарағанды қалаларының

арасын жалғайтын сапаржайдың және

этноауылдың ашылуы.

Басқарманың бөлім басшысы

Салтанат Нұрмағамбетова бұл жаңашылдықтар

туралы толығырақ атап

өтті.

- Жасыбай көлінің жағасында

кәсіпкерлер 40 киіз үй тігіп, алтыбақан

құрады. Әрқайсысы шамамен 10 адамды

қабылдай алады. Мұнда туристердің

демалысты тиімді өткізуіне барлық

жағдай жасалады. Сондай-ақ, су

алатын резервуар, жеке санитарлықгигиеналық

торап қойылуы тиіс, -

деді С.Нұрмағамбетова.

Киіз үйлер Маралды көлінің

жағасында да құрылады. Қазірдің

өзінде көлдің жағасында 8 киіз үй

бар. Алдағы уақытта тағы төртеуі

қойылады. Сол арқылы меймандарға

көл басында түнеп шығуға мүмкіндік

болады. Жалпы, инвестор биыл

35 млн теңге қаржы бөліп, бұл

сомаға шатырлар, жазғы дәмханалар,

қазандықтар мен күркелер орнатты.

«Саят-Павлодар» компаниясының

басшысы әрі облыстық туристік

қауымдастық төрағасы Гүлмира

Отарғалиеваның айтуынша,

биыл курорттық аймаққа кіру

бағасы өзгерген жоқ.

- Осы жылы былтырғы

бағалар сақталды. Атап

айтқанда, ересектер кіру

үшін 1000 теңге, зейнеткерлер

700 теңге төлеуі керек.

12 жасқа дейінгі балаларға

т е г і н . С о н д а й - а қ , э к с к у р с и я -

мен келген лагерь балалары

мен оларды әкелген

жетекшілер Маралды аумағына

ақы төлемей-ақ келе алады. Ал

Аққулыдағы Тұзқалаға бару үшін

тұрғындар бір көлікке екі мың

теңге төлеуі керек. «Джип»

санатына жататын көліктерден

4 мың теңге ақы алынады, -

деді Г.Отарғалиева.

Сонымен қатар, Павлодар

қаласындағы сапаржайдан

Маралдыға дейін автобус

жүреді. Көл жағасына барыпқайту

үшін бір адам 2480

теңге төлеуі керек. Облыс

орталығынан сағат 9.40-та,

Маралдыдан 17.00-де шығады.

Осы орайда Салтанат

Нұрмағамбетова тамыз айында

Маралдыда «Мuzlike» музыкалық

фестивалін өткізу жоспарда

барын айтты. Сол кезде музыкалық

кешке 150 адамды тегін апаруға

мүмкіндік болады.

Биылғы жоспарланған туристік

шаралар қатарында Торайғыр бидің

250 жылдығына орай өтетін ұлттық

тағамдар фестивалі де бар. Оның

барысында әр аудан-қала киіз үйлер

тігіп, ұлттық тағамдар әзірлеп, олардың

дайындалу барысы мен ерекшеліктерін

туристерге көрсетуі көзделуде.

Бұл ретте Ернұр Жәутікбаев демалушыларға

толық ақпарат ұсынатын

бірыңғай сайтты іске қосу жоспарымен

де бөлісті. Өкінішке қарай,

бұған дейін басқарма, аудан-қала

әкімдіктері мен Торайғыров университеті

дайындаған мобильді қосымша туристер

арасында зор сұранысқа ие

бола қойған жоқ.

Айта кетейік, биыл өңірдегі демалыс

орындарына 200 мыңнан астам адам

келеді деген болжам бар. Облыс

тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы

болуы үшін туристік операторлардың

қызметіне жүгінуге болады. Мәселен,

«Бес жұлдыз» компаниясы туристерді

Баянауылға бір күндік турға апара

алады. Әйтсе де, жазғы уақытта

мұндағы демалыс үйлеріне сұраныс

жоғары болып, ине шаншар орын

қалмайтыны себепті кейбір демалыс

үйлері туроператорлармен бірге жұмыс

істеуге аса құлықты емес.

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

Жапырақтарды «жеп» жатыр

Соңғы күндері өңірде жұлдызқұрт атты зиянкестердің саны көбейіп кеткені байқалады.

Бұған дейін олар Павлодар ауданына қарасты бірнеше ауылдағы жолдың бойында

жайқалып тұрған ағаштардың жапырағын «жалмаса», енді Ертіс ауданындағы жасыл

желекке кесірін тигізіп жатыр.

Үрлітүп орман және жануарлар дүниесін

қорғау мекемесінің басшысы Ернұр

Шекеевтің айтуынша, зиянкестердің

бұл түрі былтыр да байқалған. Олар

ағаштың өсуіне кері әсерін тигізеді.

- Жұлдызқұрттың дернәсілдері ерте

көктемнің келуі мен жылы температураның

әсерінен көбейеді. Көбінесе ағашта

кездеседі. Зиянкестер жапырақтарды

«жеп», жердің астына кетеді. Одан соң

жапырақтар қайта жайқалып өскенімен,

ағаштың өзі жылдан-жылға әлсірейді, -

дейді Е.Шекеев.

Сондықтан мамандар дезинсекциялық

жұмыстарды қолға алды.

Ертіс ауданының әкімі Аян Бейсекин

ол үшін қазынадан қосымша қаражат

қарастырылғанын айтты.

- Соңғы үш күн аралығында 50 гектар

аумақта өңдеу жұмыстары

жүргізілді. Инсектицидтер аудандық

бюджет есебінен алынды. Біздің міндет

- құрттардың өздерін емес,

олардың дернәсілдерін жою, -

дейді А.Бейсекин.

Аудан басшысы жұлдызқұрттар

Қарақұдық ауылдық округіндегі

қайыңнан анықталғанын атап өтті.

Сондықтан бірінші кезекте осы аумақ

өңделуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін

жұлдызқұрттар Павлодар ауданына

қарасты Григорьевка ауылдық округінен

байқалды. Сол тұста зиянкестер

жайылмадағы теректер мен жол

бойындағы қайыңдарды «жеп» кетті.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!