16.06.2022 Views

Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

ӨЛКЕТАНУ 16 маусым, бейсенбі, 2022 жыл 15

үш жүздің басын біріктіре білген Абылай

ханның арғы шыққан тегі Шыңғыс ханнан

бастау алады. Бабасы Қазақ хандығының

іргетасын қалаушы Әз Жәнібек болса, бергісі –

жоңғарлармен соғыста аты шыққан Жәңгір

хан, оның баласы Салқам Уәли, оның баласы

қанішер Абылай сұлтан хан Абылайдың

атасы, одан туған Уәли сұлтан (Көркем

Уәли) – әкесі, 1723 жылы жаугершілікте

қаза табады.

Бірде Абылай хан көрген түсін «Көмекей

әулие» атанған абыз ақын Бұқар жырауға

жорытыпты. Түс жору барысында әйгілі

жырау Абылайдың бүкіл қазақ еліне хан

сайланатынына, елді сақтау жолындағы

күресіне, әулеттен тарар үрім-бұтағына,

яғни барша ғұмырына болжам айтса керек.

Жырау хан перзенттерінің ішінен Уәли мен

Қасымды бөле-жара көрсетіп, алғашқысының

бір тармағы атын қағазда, кейінгісінің бір

тармағы атын қан майданда шығарарын

болжайды.

Қасиетті Бұқар баба бір ғасырдан аса

өмір сүрді. Тоқсанында топтың ортасында

жүріп, жүзінде сөзден жығылмаған әулие

абыз Далба тауының етегінде жерленген.

Тағы бір аңыз-естелік жайлы айтып кеткен

атақты Қанжығалы қарт Бөгенбай батырдың

тікелей ұрпағы Бапан би. «Бұқар нашар

жатыр, о дүниелік болуға айналды» деген

хабар Абылайға жетіпті. Мұны естіген соң

Абылай соғысқа мінетін белгілі жүйрігіне

...1946 жылы тікелей академик Қаныш Сәтбаевтың

қолдауымен, көрнекті ғалым академик Әлкей

Марғұлан Жошы хан кесенесіне алғаш рет археология

тұрғысынан қомақты түрде ғылыми

,,

зерттеу

жүргізген екен. Кесенені зерттеу барысында екі

қабірдің анықталғанын көреміз...

мініп, жыраумен қоштасып қалуға аттаныпты.

Жүйрігінің ұшқырлығымен Көкшетаудан

шыққан күні Далбадағы Бұхарекең

үйіне жетіпті. Абылай келгенде Бұхарекең

жағы түсіп қалжырап жатыр екен. Ханның

келгенін естіп, біреуге орамалмен жағын

таңғызып, Абылайға жүзін қаратқызыпты.

Сонда:

«Бас ауырды, жан қорықты,

түсті пікір,

Хан иемді көрсеткен бұған шүкір.

Ауыздыға жол бермен деген басым,

Тісім түсіп қалыпты,

тілім бүкір...»

деп, өлеңмен амандасқан екен.

Абылай заманы мен бүгінгі тәуелсіздік

арасын аттай үш ғасырға жуық уақыт бөліп

жатыр. Десек те, тарихи тұлғаның сол

тұстағы қиын-қыстау уақытта Қазақ елін

экономикалық әлеуеті шектеулі, халқының

саны аз болғанына қарамастан Ресей

мен Қытай сынды алпауыт көршілерінің

отарлауынан сақтауға, іргелес Орта Азия

билеушілерінің басынуынан қорғауға, ата

жауы - жоңғарларды жоқ қылуға баға

жетпес үлес қосқан еді.

Қазақ халқының ғана емес, барша

түркі әлемінің мақтанышы, ақындардың

дүлдүлі, Алашорда қозғалысының негізін

қалаушылардың бірі Мағжан Жұмабаев

«Батыр Баян» поэмасында Абылай ханды

былайша жырлаған екен:

Алыстан орыс, Қытай – ауыр салмақ,

Жақыннан тыншытпайды

қалың қалмақ,

Артында - ор, алдында – көр,

жан-жағы жау.

Дағдарған алаш енді қайда бармақ?

Сол кезде елге қорған болған Абылай

Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап,

Күндердің бір күнінде хан Абылай

Қалмаққа – (ойына алды) –

ойран салмақ,

Ханынан: «Аттан» деген

сөз шыққан соң,

Ордаға батыр, билер келді аңдап.

Келмеске кеткен Кеңес дәуірінде

Абылай жайында жалпы қазақ тарихы

теріс бұрмаланып келді. Осыған орай сол

кезеңнің белгілі тарихшысы А.М.Панкратова

былай десе керек: «Среди ряда историков

существует непременное стремление ухудшить

историю казахского народа, вопреки

исторической правде, я совершенно не

понимаю, почему грузинские цари и узбекские

ханы могут считаться при аналогичных

условиях прогрессивными деятелями, а

казахи должны чернить Абылая и Кенесары

Касымова?».

Абылай хан өлімі жайында аңыз әңгімені

біз тағы сол қасиетті әулие М.Ж.Көпеевтен

табамыз.

«...Сол сапардан қайтып, Ташкентке

келіп, Мырзахметтің қызын алып: «Енді

ұрыс-соғыс жоқ!» – деп, Орта жүз бен

Кіші жүздің батырларына рұқсат беріп,

жер-жеріне мекен-суларына қайтарыпты.

Үш айдан соң өзі Ташкенттен Арқаға

қарай қасында біраз төлеңгүт пен Үйсін,

Дулаттың жалпы етектері бар қайтады.

Соны Ташкенттегі Ғабдырахман сарт естіп,

кісі жинап алып, қосын құрып, Абылайды

қамапты. Сонда Дулат халқы қашып кетіп,

«жалпы етек Дулат» атаныпты. Боза ішіп

дулағаннан басқа өнері аз, тұзсыз көженің

күшімен біткен жасық халық қой. Ханның

қасындағы төлеңгіттердің бірсыпырасын

қырып тастапты. Ханның өзіне қол тигізуге

батпапты. Сонда хан Арыс деген өзеннің

бойында бір қорғанға түсіп, мінәжат қылып

жылап отырыпты. Орта жүз бен Кіші жүзден

алған жолдастарын қайтарып жібергеніне

пұшайман болып жылады дейді. Сонда бір

қария айтқан екен:

Етек пенен жең болған,

Ежелден саған ел болған,

Орта жүзден кісің жоқ.

Найзасының ұшы алтыннан,

Кіші жүзден кісің жоқ,

Бұған қарап тұрғаннан басқа ісің жоқ, –

деп.

Сонан соң Арыстың бойындағы бір

қорғанға түсіп, алпыс сегіз жасында, жұма

күні дүниеден қайтыпты. Сол жер осы күні

«Хан қорғаны» атаныпты. Сүйегін теңге

салып, Түркістан шаһарындағы хазіреті

сұлтан Ғарифин әулиенің күмбезіне апарып

қойыпты...».

«...Абылай хан өлгенде Созақ деген

кенттен жалаң аяқ Ажда үш күн, үш түн

жылаған екен. Маңайындағы сарт-сауан:

– Тақсыр-ау, бір қазақ өлді деп, неге

мұнша күйзелдіңіз?! – дегенде:

– Есіл Абылай-ай! Сарыарқада өлмей,

сарттың қорғанында өлдің-ау! Мұнан

былай хандық қорғанда қалды ғой, сол

үшін жылаймын, – деген екен.

Айтқанындай, сонан соң қазақ ортасында

хандық болған жоқ, сарт билеп кетті.

Бес қойға алған өгізді,

Тегін дерсін деп едім.

Жалаң аяқ сарттарды

Бегім дерсің деп едім, – деген.

Ноғайлыдан шыққан Мөңке бидің сөзі

дәл келіпті де тұрыпты...».

Абылай ханның тікелей ұрпағы, қазақтың

зор ғалымы Шоқан Уәлиханов Абылай атасы

жайында: «Абылай дәуірі – қазақтың ерлігі

мен серілігінің ғасыры» десе керек.

Хан Абылайдың немересі, Бұқар бабаның

түс жоруында айтқан «...кейінгісінің бір

тармағы атын қан майданда шығарады...»

деген қазақтың соңғы ханы Кенесары. Хан өз

дәуірінде «Ес жиып, етек жиғаннан» бастап

бүкіл саналы ғұмырын ұлтының азаттығы

жолында «Аттың жалында, түйенің қомында»

өткізген. Аттай он жылдай ақ патшаның

бодандығынан халқымды, елімді, жерімді

азаттыққа жеткіземін деп, үш жүздің басын

қосып, империяның қитұрқы саясатына,

әділетсіздікке, басқыншылыққа қарсы тұра

білген. Қалың қазақ жерінің біртұтастығын

сақтап қалуда арыстандай арпалысып, сол

жолда қаза тапты. Кенесары хан былай

десе керек: «Біздің ауылымызды да он

бес рет шауып кетті. Соның салдарынан

біз, қазақтар, мұндай қысымға, талантаражға

және кісі өлтірушілікке шыдай

алмай, лажсыздан басымыздың ауған

жағына көшіп жүрдік. Бірақ та олар сөйтсек

те тыныштық бермеді. Сол себепті мен,

Кенесары Қасымов, қолға қару алып, ұлы

күресті бастауға аттандым. Қазақ халқын

орыстардың езгісінен азат етемін...».

Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық

қозғалысқа қолбасшылық жасаған тұстары

заман қойнауындағы қазақ деген халықтың

отты кезеңі болатын. Айбарлы атасы Абылай

ханның саясаты мен парасаттылығын ішкі

жан-дүниесімен қастерлеп, берік ұстау жолында

арпалысып өткен қазақтың қаһарлы ханы

Кенесары еді. Ол бала кезінен аруақты

атасының қасиетті ісін жалғастыра білген

және өзін Абылайдың заңды мұрагері екеніне

еш күмән келтірмесе керек. Сол себептен,

хан сарбаздарының жауға шапқандағы ұраны

«Абылай» болған. 1841 жылы сонау Шыңғыс

ханнан бастау алатын хан сайлау салтымен

«хандар ордасы» Ұлытау өңірінде, ақ киізге

көтеріп, хан тағына отырғызған деседі.

Кенесары ханның дүние есігін ашқан жері

Абылай ордасының құт мекені Көкшетау

өңірінде киелі шаңырақта туған. «Сүтпен

кірген сүйекпен кетеді» деген нақыл сөз

бар қазақта. Ханның бойындағы туа біткен,

пешенесіне жазылған ел басқару, биліктің

тізгінін уысына ұстау, халықтың тағдырына

тікелей қатысты саяси мәселелермен айналысу

оның бойына ана сүтімен дарығандығын

көреміз. Кенесары көтерілісін Баянауладан

шыққан жергілікті бай-бағландар

айрықша қолдап, мал басымен, нақтырақ

айтсақ, жылқы түлігімен көмек берген. Осы

орайда Кенесары айтқан екен дейді: «Мен

мақсатыма жету үшін Құдайдан Орта жүзді

бер деп сұрадым, екіншіден, жаужүрек

батырларды сұрадым, үшіншіден, Аққошқар

мен Алдажұманды, Азынабайдың Сейтені

мен Тайжанын сұрадым. Құдай бұл тілегімді

берді. Бұлардың жылқысы менің әскеріме

мінетін ат болды, ішетін ас болды...Сондықтан

бұлар - менің досым, мен - бұлардың

досымын. Өздерің білесің, бұлар – Құдай

еркелеткен адамдар. Құдай еркелеткен

адамдарды мен де еркелетуім керек, мен

Құдайдан үлкен емеспін».

«Хандар шежіресі» деген жазбасында М.Ж.

Көпеев Кенесары ханның қаза болғандығы

жайында керемет бір әңгіме келтіреді: «...

Кене ханның жылы қоян еді, 49 жасында

жылқы жылы, Наурызбайдың жылы қой еді,

24 жасында жұмыстары бітті. Қырғызда

«манап» дейтұғындары болады екен. Манап

болатын себебі - 40 жігітке қатын алып

беріп, мал малдандырып, жан жандандырады

екен. Сонан соң «манап» деп атайды екен.

Сонда қырғызда Жанқараш, Жантай, - екеуі

де манап екен. Жанқабыл-Тілеуқабыл, -

о да манап екен. Жаманқараны елшілікке

келген жерде Наурызбай өлтірген. Өздері:

«Қашпаймыз!» - деп, қолға түскен соң,

«Жаманқараның бодауына» деп, Кенесары

ханды Жанқараш алған екен.

Жанқабыл манапты соғыста Наурызбай

өлтірген екен. «Соның бодауына» - деп,

Наурызбайды Жанқабылдың ағасы Тілеуқабыл

алған екен.

Сол уақытта қырғызда Алатаудың күнгей

бетінде Орман хан деген хан бар екен.

Сонан қырғыздың манаптары кісі жіберіп,

ақыл сұраған екен:

- Бұлар қолға тірі түсті, қайтеміз? -

деп. Сонда Орман хан айтқан екен:

- Кенесары, Наурызбайға біздің қырғыз

өзі барып тиіскен жері жоқ. Өздері келіп,

қолға түсті. Оны манаптар: «Күшіміз

асқандықпен болды-демесін, - Құдайдан!»

деп білсін. Құдай мен аруаққа төрелер

өздері ұшырады, сонан болды!» - деп

білсін. Өздерін өлтірмесін! Бұрынғының

сөзі бар еді:

«Қарадан хан қойса, қасиеті болмайды,

Үлгісізден би қойса, өсиеті

болмайды» - деген.

Қайта өздері икемге келіп, ынтымаққа

көнсе, күллі қырғызға хан көтерсін, мен

де хандығымды тастап, соған берейін.

Соңы тыныш болуы үшін! Болмаса, бірімізкүнгейде,

біріміз теріскейде тату-тәтті болып

тұра берейік. Егер де икемге келмесе,

ынтымаққа көнбесе, күтіп, құрметтеп,

сыйлап сақтасын. Өз ажалынан өлмесе,

менен ақыл сұрағаны рас болса, шын

болса, өлтірмесін! Және қалған елін

барып шаппасын, қатын-баласын олжаламасын.

Осы өздерінің қолға түсіп, пенде

болғанына қанағат қылсын да тұрсын! -

деді.

Сонан соң қырғыздар:

- Орман хан өз басы аман болған соң,

аузына не келсе, соны айта береді. Біздің

Жаманқарамыздан артық па? - деді.

Жанқарашы:

- Өлтіріп тастаңдар! - дегенде, қылышпен

шауып жіберемін деп ең алғашқы қол көтерген

қырғыз қолын көтерген бойымен сіресіп

қалды дейді. «Оның өзінен әл кетіп бара

жатқан соң, шаба алмай тұрып қалғанын

сезбей, қасында тұрған бір есерсоқ арсалаң

қылышты жұлып алып, Кене ханды мойнынан

шауып жібергенде, Кенесары ханның басы

да жерге түсті, шапқан батырдың өзі де

сылқ етіп құлай кетті» - дейді.

Қараса, табанда жаны шығып кетіпті.

«Үйіне көтеріп алып барған екен. Үйінің

ішіндегі қатын-баласы жалп ете түсті» -

дейді. Сонан соң қырғыздар Кенеханды

өлтіргеніне уайым болыпты. «Сол өлтірушілердің

тұқым-тұқымы күні бұл күнге шейін оңбай,

быт-шыт болып тозып кетті» - дейді...».

Қорыта айтқанда, түркітілдес халықтардың,

оның ішінде Қазақ халқының тарихында

өшпестей із қалдырған, «ат ауыздығымен

су ішкен тар заманда» тектіліктің туын

жықпаған, батырлық пен қайсарлықтың,

замана тоғысуында елі мен дархан даласына,

қасиетті жеріне, шапқыншылықпен

кірген сыртқы жаулардан қорғауымен қатар,

ата жауы атанған ежелгі дұшпандарын

жермен-жексен етіп жоқ қылғандығын кәрі

тарихтың өзі айтып тұрған жоқ па.

Қазақ даласында дала заңымен көзін ашып,

белін бекем буған, демек, ұлы істері арқылы

тарих атты таралымда өз аттарын қалдырған,

халық деген таразысы ауыр киелі ұғымда

өшпестей орын алған дала даналары соңында

қалған ұрпақтарының санасы мен есінде

ұ м ы т ы л м а с т а й о р ы н а л а т ы н ы н а к ә м і л с е н е м і з .

Болатбек МҰЗАФАР,

Павлодар педагогикалық

университеті «Margulan centre»

орталығының ғылыми қызметкері.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!