16.06.2022 Views

Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

ТАНЫМ 16 маусым, бейсенбі, 2022 жыл 17

ЕСТЕЛІК СӨЗ

ЕРЛІК - ЕЛГЕ МҰРА

Ата мұрасына

адалдық

«Несіне мәз боласың, бала батыр, қариялар азайып бара жатыр...» деп

Мұқағали ақынның күйзелгеніндей, «Естай ақынның немересі Зекен апа

бақилық болыпты» деген қаралы хабарды естігенде жүрегіміз шым етті.

Асылдың сынығы Зекен апамызбен соңғы 10-15 жыл ішінде бірнеше қабат

дидарласып, әңгімелескен екенмін. Соның ішінде 2018 жылдың тамыз

айындағы кездесуім жадымда әлі күнге жаңғырып тұр.

Ұлы Отан соғысы Кеңес одағының жеңісімен

аяқталғанын бүкіл әлем біледі. Осы 1941-1945 жылғы

соғысқа қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесі

қандай деген сұраққа соғыс даласындағы ерлікпен

көзге түскен жағдай туралы ағылшын журналисі

Александр Веранин «Россия в войне 1941-1945 годов»

ғұмырнамалық кітабында былай деп жазған: «Ұлы

Отан соғысындағы ең мықты солдаттар қазақтар

болды.

Отандастар

ерлігі

Туған ауылымыз туралы

«Ақкөлім, кербезсің-ау Арқадағы»

деректі фильді түсіру үшін жолға

шығып, Зеленая роща ауылына

аялдадық. Күнілгері Зекен апамен

хабарласып, сол кісінің үйіне ат

басын бұруға келіскен едік. Бізді

ескі үйдің есік көзінде жасы

тоқсанға таяп қалған Зекен апа

мен қолына домбырасын ұстаған

әнші Сұңғат Көпежанов күтіп

алды. Амандық-саулық сұрасқан

соң, топ адам үйге кірдік. Зекен

апа келін-кепшікке дастархан

әзірлетіпті.

«Апа, несіне әуре болдыңыз,

біз ас ішу үшін емес, әңгіме

тыңдау үшін келдік» деп едім,

«Жассерік қарағым, қазақ қонақты

үйінен дәм ауыз тигізбей құр

жібермейді» деді Зекен апа атабабадан

қалған дәстүрге берік

екенін ұғындырып. Бәріміз Естай

ақынның немересін ортаға ала

дастархан басына жайғастық.

Зекен апа әңгіме тиегін ағытты.

Жасы ұлғайса да, қалжыраған

қалып танытқан жоқ. Жүзі жарқын,

дауысы ашық, саңқ-саңқ етеді,

бірақ құлаққа жағымды.

- Мен - атамның ұлдан туған

тұңғыш немересімін. Атамның

бауырында өскендіктен, әкем

Жанәбілді «Жәнә» деп атаушы

едім. Әкемнің майданда жүрген

кезі. Біржолы атамның тізесінде

отырып, «Әкемді сағындым. Ата,

өлең шығарып берші» деп қиылдым.

Атам домбыра шегін қағып-қағып

жіберіп, үш ауыз өлең айтты, -

деп Зекен апа демін бір басып

алып, тамағын қырнап, төмендегі

өлең шумақтарын әндете айтып

берді.

Сол жолы естіген өлең мынау:

- Жәнажан, мен сағындым

сені қатты,

Қасіретің аурудан

да жанға батты.

Тапсырдым бір өзіңе

жалғызымды,

Құдай-ау аман сақта

аманатты.

Гүлденген бәйтеректей

паналарым,

Зарлайды Хақтан сұрап

аналарың.

Адам ата – Хауа анадай

қоса ма деп,

Жылайды күні-түні

жеңгелерің.

Жанәбіл, Қыздарбек пен

Қаби - жалғыз,

Құдай-ау, түзу жолға

өзің салғыз.

Жалғызға жәрдемші

боп жалғыз Аллам,

Үшеуін ұрпақ қылып

артта қалғыз...

Осы естелікті жазуға ниеттеніп,

қолыма қалам ұстар сәтте есіме

«Ақкөлім, кербезсің-ау Арқадағы»

деректі фильмі сап етті. Естай

ақын жайында баяндалатын тұсын

ашып жіберіп едім, Зекен апаның

әжім торлаған жүзі көз алдымда

жарқ етті. Саф алтындай сөзі

тізбектеліп, сол жолғы әңгімесін

құлағымда қайта жаңғыртты.

Әрине, төрт жыл бұрын Естай

ақынның жұрнағы күндердің күні

өмірден озады деген ой санамызда

болған емес. Енді, міне,

Зекен ападан айырылған шақта

қапаланып отырсақ та, «Апаны көзі

тірісінде таспаға басып алғанымыз

олжа болды-ау» деген ой түйіп,

шүкір дестік.

Айтпақшы, сол жолы әнші

Сұңғат Көпежанов Естай ақынның

«Соңғы әнін» орындады. «Мінекей,

жасым келді жетпіс үшке, Кәрілік

болмайды екен құрғақ күшке...» деп

басталатын әнді мұқият тыңдап,

иегі кемсеңдесе де, қайратын

қайта жиған Зекен апа: «Атам

өмірден өтерінде мектеп директоры

Шаймерденге осы әннің

сөзін қағазға түсіртіпті» деді де,

қоштасарда бізге батасын берді.

Айтпақшы, бұдан бірнеше

жыл бұрын Зекен апа Екібастұз

қаласында Естай Беркімбаев

көшесінде тұратын күйеу баласы

мен қызының үйінде де марқұм

Совет аға Келдібаев пен маған

үйіп-төгіп батасын берген еді. Ол

жолғы оқиға былайша өрілген-ді.

Таяуда өмірден өткен қоғам

қайраткері, ұлттық өнер мен

мәдениеттің жанашыры Қуат

Есімхановтың тапсырмасымен

мен Алматы қаласына Авторлар

қоғамына жол жүрмекші болдым.

Мақсат – соңғы жылдары телевидение

және радиодан орындалып

жүрген әндері үшін

Естай ақын ұрпақтарына тиесілі

қаламақыны алып қайту. Қажетті

құжаттарды жинап алу кезінде

тығырыққа тірелдік. Зекен апаның

төлқұжатында аты-жөні «Зекен

Жүсіпова» деп жазылыпты. Сол

себепті Естай ақын немересі екенін

дәлелдеу қиын болды. Ақыр аяғы

Зекен апаны бала күнінен білетін

Зеленая роща ауылының үш-төрт

қариясы нотариалдық кеңседе

куәлік жасап, тиісті құжат қолға

тиді. Сөйтіп, 2015 жылдың не

қаңтары, не ақпанында Алматыдан

қаламақыны алып, Зекен

апаның қолына табыстадық.

Қария ризашылығын айтып,

Совет аға мен менің қолыма

әлгі қаражат ішінен екі он мың

теңгелік ақшаны суырып алып,

қолымызға ұстатты. Кісілігі мол

қариялар жөн-жоралғы сақтап,

жолынан ешқашан жығылмайды

емес пе.

2019 жылы Естай атындағы

музыка мектебінде Зекен апаның

90 жасқа толуына орай мерейтой

кеші өткізілді. Бір себеппен кешке

қатыса алмадым, бірақ мынадай

арнау өлең жазған едім.

- Атасы отырғызып тізесіне,

Құлағына ән құйған

ұзақ күнге.

Естай ақын немересі

Зекен апа,

Шығыпты тоқсан

жастың белесіне,

Бұйырған есті әңгіме үлесіне.

Бұйырған есті әңгіме үлесіне,

Сақтай білген мұраны келесіге,

Кеудесі Зекен апа –

алтын сандық,

Естай сөзін жеткізген

қаз-қалпында,

Қалдырмай еш деректі

күресінге!

Қалдырмай еш деректі

күресінге,

Дақ түсірмей Естайдай

ұлы есімге,

Тоқсанға тың қалпында

жеткендігі -

Асыл тек, бекзат берен

сүйегінде,

Атасына ақ, адал жүрегінде!

Атасына ақ, адал жүрегінде,

Етене елмен сүрген ниетінде,

Естайдың тірі көзі –

Зекен апа,

Шығып отыр тоқсан жас

белесіне,

Ел-жұрт боп ардақтап

бас иеміз де,

Тілейміз көшіне өмір ілесуге!

Адал көңілден шыққан ақ тілек

еді. Зекен апа бұдан соң үш

жыл өмір сүріп, ажал жастығына

бас қойды. Пешенесіне жазылған

ғұмыры осылай екен. Өзін әлпештеп

бауырында өсірген Естай атасының

әр сөзін жадында ұстап, кейінгі

буынға сол қалпында жеткізе білді.

Марқұм Зекен апаның топырағы

торқа болсын дей отыра, Естай

ақын мұрасын біз де көзіміздің

қарашығындай сақтап, алып-қоспай,

бүлдірмей, тұтастай ұрпақтанұрпаққа

мирас ете білейік. Сайып

келгенде, мұны Зекен апаның

аманаты деп ұғайық.

Ж.ЖӘЛЕЛҰЛЫ,

Екібастұз қаласы.

Олар соғыстың өне бойында өздерін

жақсы жағынан көрсетті. Ал

Сталинград түбіндегі шайқаста жақсы

солдаттардың арасында қырғыздар,

татарлар мен башқұрттар болды

дейді. Бұған дәлел - 16 тамыз

1941 жылы жау Москва түбіне

келген шақта Балқаш елінің тумасы,

20 жасар Біләл Қалиев. Ұшқыш

«Жеңіс біздікі болады» деген ұранмен

Берлин қаласына бомба тастайды».

Жаудан Кеңес одағының астанасын

қорғау үшін Қазақстан жерінде

әскер жасақталған. 101-атқыштар

дивизиясын дарынды қолбасшы

Бауыржан Момышұлы басқарып,

Москва қаласында қазақ халқының

рухын паш етіп, «Шегінуге жол жоқ,

артымызда - Москва» деп жауды

бір қадам аттатпай, қорғап қалды.

Бүгінде 28 панфиловшыға арналған

ескерткіш - оның символы.

Осы соғыста көптеген аға-аталарымыз

жаумен шайқаста қаза

болды. Әлия Молдағұлованың ерлігін

айтып-жеткізу - парыз. Әке-шешеден

айырылып, жетім қалғанда нағашысы

өзінің жағына алып келеді. Москва

қаласында, одан кейін Ленинград

қаласында мектеп оқушысы

болып жүріп, мергендер үйірмесіне

барып, соғыс басталғанда Әлия

өз еркімен атқыштар дивизиясына

17 жасында соғысқа аттанады. Өзінің

алғашқы ерлік істерін көрсетеді.

Дивизия командирі әскери саптың

алдында қаршадай қыздың қаншама

жауды жарақаттағанын айтып, алғыс

білдіреді. Кейіннен ерлікпен қаза

болған, яғни 18-ге де толмаған қазақ

қызының ерлігі аңызға айналып,

Кеңес Одағының Батыры деген

атаққа ие болды.

Мәншүк Мәметова апамыздың

ерлігі де ұмытылмайды. Панфилов

дивизиясының машинист хатшысы

және комсомол ұйымының хатшысы

бола жүріп, бос уақытында қол

пулеметтің құрылысын, оны қалай

жинау, қалай қолдануды үйренеді.

Бірде полк жау қоршауында қалып

қояды. Сонда жас қыз Мәншүк

өзінің пулеметті игергенінің нәтижесінде

жауға оқты қарша боратып,

қоршаудағы полк жауынгерлерін

құтқарады. Фашистер оқ жаудырып

тұрған нүктеге снаряд жіберіп жояды.

Мәңгілік ерлікпен мерт болды.

Батыр қыз Невель қаласындағы

политрук, полковник Әбілқайыр

Баймолдиннің жанында жерленген.

Ағылшын журналисі Александр

Веранин айтқандай, ерліктің үлгісін

көрсеткен батырларымыздың тағы

бірі - ұшқыш Хиуаз Доспанова. Кейіннен

Қазақстан орталық жастар қызметінде

істеп, жастарымызды отансүйгіштікке

тәрбиелеген. Жеңісті

жақындатуға үлес қосқан. Соғыста жау

дзотының амбразурасын кеудесімен

жапқан Баймағамбетов Солтанның

ерлігі де мәңгілік. Ал мерген Тілеуқабыл

Әлдібеков 395 фашисті өлтірген.

Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылы

30 сәуір Рейхстагқа жеңіс туын тікті.

Бұл жағдайды жазудағы мақсатым -

жастарымызды отансүйгіштікке баулып,

рухын көтеру. Америкалық атақты

кинорежиссердің бірі былай деген

екен: «Алла Тағала қазақ халқына

шұғылалы жерді сыйлаған екен.

Мұнда тау да, көл де, дала да, ең

аяғы - шөл де бар. Бұл жерде қой

аузынан шөп алмайтын киік тәрізді

қазақ деген ел тұрады. Бұл халық

осы елді мекенді сыртқы жаудан

сақтап қалған. Көп ойландым, көп

толғандым. Ақыры бір ойға келіп,

қазақ халқының рухы жоғары деген

шешімге келдім».

Біздің жерімізді ертеде қалмақтардан

Қабанбай, Бөгенбай,

Жасыбай, Наурызбай, Олжабай

батырлар қорғаған. Ал Ұлы Отан

соғысында есімдері айтылған батырларымыз

Отанды сақтап қалды.

Олардың саны есепсіз. Сөзімді аяқтар

алдында жастарға айтарым, ел, Отан

үшін еңбек етіңдер. Арқаларың қара

нардай жауыр болсын, мінездерің

қара жердей ауыр болсын. Өкпең

жоқ, бірыңғай бауыр болсын. Елге

жағам десеңдер, әділ болыңдар.

Судай таза болыңдар. Айтқан сөздерің

халқыңа қуат болсын деймін.

Қазақ халқының данасы Қазыбек

би былай деген:

Алтын ұяң - Отан қымбат,

Құт-берекең - атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың - әкең қымбат,

Туып-өскен елің қымбат.

Ұят пенен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат.

Осы қасиеттерді сақтай біліңдер.

Жастар! Сендер елдің елеулісі,

халықтың қалаулысы болыңдар.

Жоғарыда жазылған батырлардың

рухы қолдасын.

Махмет ДЕМЕСІНҰЛЫ,

еңбек ардагері,

Павлодар қаласының

Құрметті азаматы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!