16.06.2022 Views

Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

4 16 маусым, бейсенбі, 2022 жыл ЖАЗ - 2022

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

Оқушылар музейге

тегін барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды

«Балалар жылы» деп жариялағаны белгілі. Бүгінде бұл

мақсатта Ертіс-Баян өңірінде балақайларды қорғауға,

сапалы біліммен қамтуға, денсаулықты нығайтуға, бос

уақытын тиімді пайдалануға түрлі шаралар атқарылуда.

Соның бірі – «Байтұрсынов картасы». Жалпы, бұл

жобаның мақсаты қандай? Арнайы карта кімдерге

беріледі? Аталмыш карта шалғай елді мекенде тұрып

жатқан балалар үшін қарастырылған ба? Осы және өзге

де сауалдар барысында облыстық мәдениет, тілдерді

дамыту және архив ісі басқармасы тарихи-мәдени

мұраны сақтау және археология бөлімінің басшысы

Шолпан Мұхаметжанова әңгімелеп берді.

- Шолпан Адамқызы, облыс

оқушыларына арналған

«Байтұрсынов картасының»

мақсаты қандай?

- Облыстық мәдениет, тілдерді

дамыту және архив ісі

басқармасының «Балалар жылы»

және Ахмет Байтұрсыновтың 150

жылдығы аясында өңіріміздегі музейлерге

ақысыз бару үшін мектеп

оқушыларына арнап карта дайындады.

Мұндағы басты мақсаты –

оқушыларды еліміздің тарихи–

мәдени мұрасымен кеңірек таныстыру.

Сонымен қатар, мәдени

сабақтастықтың маңыздылығы мен

қажеттілігін аша отырып, балаларды

музейлерге баруға ынталандыру

және тарихи әрі рухани азыққа

толы орда туралы түсініктерін

кеңейту болып табылады.

- Бұл карта кімдерге тиесілі

және қанша бала ие болады?

- «Байтұрсынов картасы» облысымыздағы

мектеп жасындағы

балаларға беріледі. Барлығы

113000-ға жуық карта әзірленіп

отыр. Нәтижесінде осы картамен

оқушылар 3 мәрте музейге тегін

бару мүмкіндігіне ие.

- Аталмыш жеңілдікпен

қандай музейлерге ақысыз

кіру қарастырылған? Ауылаймақ

балалары қамтылған

ба?

- Бұл картамен әр оқушы

өңіріміздегі музейлерге тегін кіре

алады. Мұның қатарында Г.Потанин

атындағы облыстық тарихиөлкетану

музейі мен бөлімшелері

БАЙҚАУ

Дарындылар жарысты

Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінде оқу жылы аясында

«Үлкен үзіліс - 2022» қалалық жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Мақсаты - ұжымда жұмыс істей білу, өзін-өзі жүзеге асырудағы шығармашылықты

дамыту, шығармашылық іс-әрекет процесінде дарынды балаларды қолдау.

Жыл сайынғы жобада Павлодар

қаласындағы білім беру ұйымдары,

Кенжекөл орта мектебі, Жетекші

орта мектебі оқушыларының

30 сыныбы қатысты. Ұжым құрамында

7 бағыт бойынша 370-тен

астам оқушы қатысты.

Байқаудың бірінші кезеңінде

қатысушылар белгілі телевизияық

музыкалық-шығармашылық

«Дәлме-дәл» бағдарламасының

сахналық пародия конкурсына

қатысты. Екінші кезеңде «Біздің

мектеп елі» атты бейнематериалдарды

ұсынды.

«Ойлан! Ойла! Жаса!» атты

үшінші кезеңде балалар атааналармен

бірге вокалдық, би

байқаулары мен түрлі тағамдарды

дайындауға атсалысты. Төртінші

кезеңде «Біз әртүрліміз» фотоколлаж

байқауында сынып өміріндегі

бар. Оның ішінде «Ertis» музейі,

Майра Шамсутдинованың ән

шығармашылығы музей-үйі, Д.Багаев

музей-үйі, Әскери даңқ музейі,

Екібастұз қаласының тарихи-өлкетану

музейі, «Ақсу тарихи өлкетану

музейі», Шарбақты тарихи-өлкетану

музейі, Бұқар жырау әдебиет

және өнер музейі, облыстық

көркемсурет музейі қамтылған.

Сондай-ақ, академик Қ.Сәтбаевтың

Баянауыл мемориалдық музейі және

бөлімшелері, С.Торайғыровтың

мемориалдық музейі, М. Көпеевтің

мемориалдық музейі, Н.Шафер

музей-үйі, П.Васильев музейүйіне

де баруға болады. Еске

салайық, карта ағымдағы жылдың

соңына дейін жарамды. Алдағы

уақытта облысымыздың барлық

ауыл-аймақтарының

қамтылатын болады.

балалары

қызықты жағдайлар мен ұлттық

киімдердің таныстырылымы және

«Біздің жұлдыздар» презентациясы –

оқушылардың қызығушылықтары

бойынша жан-жақты шығармашылық

қабілеттерін көрсету мақсатында

өткізілді.

Бесінші және алтыншы кезеңдерде

тимбилдингтен және кедергілері

бар түрлі спорттық жарыстар,

қара жорға билеу бойынша

жарыстар өткізілді. Ең соңғы

«Шығармашылық жолмен» бейнефильмдер

көрмесінде финалдық

турға дейін жеткен №26, 29, 38,

43, Кенжекөл, М.Әуезов атындағы

орта мектептің қатысушылары өз

жұмыстарын көрсетті. Финалистер

«Үлкен үзіліс – 2022» жобасына

қатысудың барлық кезеңінде

өздерінің бейнефильмдерін таныстырды.

Қатысушылар бейнеролик

- Жалпы, бұл картаны

қайдан алуға болады?

- Облыстық мәдениет, тілдерді

дамыту және архив ісі басқармасы

Павлодар қаласындағы инновациялық

үлгідегі №34 орта мектебінің

базасында Ахмет Байтұрсыновтың

бонустық карталарын білім беру

басқармасына табыстады. Ендігі

кезекті облыстық білім беру

басқармасы қала мен аудандар

балаларына таратуды бастады.

Бүгінде картаны пайдаланып,

балалар музейлерге келіп жатыр.

- Ақпаратыңызға рахмет!

Әңгімелескен –

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

С

жанрын өздері анықтады.

2 маусым күні Орталық мәдениет

және демалыс саябағында жобаның

жеңімпаздары анықталып, марапатталды.

Жоба қорытындысы бойынша,

бас жүлдені №43 орта мектептің

9-сынып оқушылары иеленіп,

ауыспалы кубок иегері атанды.

1-дәрежелі дипломмен М.Әуезов

атындағы 5-сыныптың оқушылары,

2-дәрежелі дипломмен №26 орта

мектептің 6-сынып оқушылары

мен №29 орта мектептің 8-сынып

оқушылары, ал 3-дәрежелі дипломмен

Кенжекөл орта мектебінің 8-сынып

оқушылары марапатталды. Сондай-ақ,

барлық қатысушылар «Павлодар

дарыны» бос уақытты қамту және

балалардың дарынын дамыту

орталығының мадақтамаларына

ие болды.

Өз тілшіміз.

БІЛІМ

Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің әдістемелік

кабинеті «Оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен

технологиялық жағынан модернизациялау»

тақырыбын басшылыққа алып жұмыс жасайды.

Баянауыл ауданы бойынша әдістемелік кабинетте

9 әдіскер жұмыс атқарады.

Әдіскерлер -

үнемі ізденісте

Әдістемелік кабинеттің

басты мақсаты - педагогикалық

ұжымдардың кәсіби

құзырлығын көтеру және

білім мекеме басшыларының,

орынбасарларының білім

теориясын дамыта отырып

тәжірибемен ұштастыру.

Жалпы орта білім берудің

мемлекеттік жалпы орта

білім беру стандарттарын

меңгеру және енгізу үшін

білім беру ұйымдарына қолдау

көрсету, оқу-тәрбиелік үдерісін

басқару және ұйымдастыру

арқылы білім беру ұйымдарының

педагогикалық

қызметкерлердің ақпараттық,

оқыту-әдістемелік, білім беру

талаптарын қамтамасыз ету

міндеттерін жүзеге асырамыз.

Әдістемелік кабинеттің эксперттік-аналитикалық

іс-әрекеті

төмендегідей - оқу-тәрбие

жұмыс жоспары, аттестатталушы

мұғалімдердің жұмысы,

пәндерді оқыту жағдайы, білім

сапасы, біліктілікті арттыру

курстары, әдістемелік бірлестік

іс-әрекеттері, дарынды балалармен

жұмыс, бастауыш пен орта саты

сабақтастығы, психологиялықпедагогикалық

зерттеулер, тақырыптық

мониторинг, әдістемелік

жұмыс рейтингісіне тоқталады.

Ресурстық орталық жұмысы

пандемиялық шектеулерден кейін

дәстүрлі форматта өткізілді.

Жұмыстың басты мақсаты - қала

мектептері мен ауыл мектептерінің

білімін теңестіру, қорытынды

аттестацияға дайындық пен

кәсіптік бағдар беру.

Әдістемелік қызметтің функцияларына

ақпараттандыру және

электрондық оқытуды жүзеге асыру,

педагог қызметкерлерінің мәртебесі

мен кәсіби шеберлігін көтеру,

«Дарынды бала» бағдарламасын

жүзеге асыру, эксперементалдықинновациялық

іс-әрекеттерді

әдістемелік жетілдіру, кітап қорын

жинақтау, кітапханашылардың

жұмысын ұйымдастыру, дене

шынықтыруда салауатты өмір

салтына сауықтыру, спорттықбұқаралық,

әскери-спорттық

шаралар ұйымдастыру мен баспа

іскерлігі жатады.

Барлық пән әдіскерлері аудан

мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін

жоғарылату және педагог қызметкерлерінің

мәртебесін көтеру

мақсатында үнемі біліктілікті

арттыру жұмысына, аудандық,

облыстық, республикалық деңгейде

өткізілетін байқау мен конкурстарға

қатысуларын назарда

ұстаймыз.

Эксперименталдық-инновациялық

іс-әрекеттерді әдістемелік

жетілдіруге тоқталатын болсақ,

биылғы жылы ауданымызда Шәкен

Айманов атындағы жалпы орта

білім беру мектеп-интернатының

2-сынып оқушылары және Зейтін

Ақышев атындағы жалпы орта

білім беру мектебі 1-сынып

оқушыларына «Әліппе» оқулығына

апробация бойынша эскперимент

жұмысы жүргізілді.

Ауданымызда педагог қызметкерлерінің

мәртебесі мен кәсіби

шеберлігін көтеру жұмысы жүйелі

түрде жүргізілуде. Соның дәлелі

ретінде, «Өрлеу» біліктілікті

арттыру ұлттық орталығы мен

«Педагогикалық шеберлік» орталығының

қызметкерлерімен

«Жаңартылған білім мазмұны

жағдайында оқушылардың шығармашылық

дағдыларын дамыту»

тақырыбында көшпелі курстар

мен семинарлар өткізілді.

Қала мектебі мен ауыл

мектебінің білім сапасын теңестіру

мақсатында өзара серіктестік

жұмысы да іске асуда. Серіктестік

жұмысы аясында үздік тәжірибені

тарату арқылы тәжірибе алмасу,

жаңа әдіс-тәсілдерді енгізуде,

ортақ мәселелерді шешуде, ортақ

ұстанымдар қалыптастыруда тренингтер,

семинарлар, коучингтер

мен дөңгелек үстелдер өткізілді.

Біз, Павлодар қаласындағы «Жас

дарын» мамандандырылған мектебі,

Дарынды балаларға арналған

№8 лицей-мектебі, дарынды

балаларға арналған Абай атындағы

гимназия, Екібастұз қаласындағы

«Облыстық көп салалы дарынды

балаларға арналған көптілді

лицейімен» өзара ынтымақтастық

мақсатында ауқымды жұмыстар

атқардық. Атап өтетін болсақ,

десанттық сабақтар, алаңшалар,

«Зум» платформасында семинарлар

мен тәжірибе алмасу

мақсатында вебинарлар өткізілді.

Мұхтар Әуезов атындағы

жалпы орта білім беру мектебі

мен Павлодар педагогикалық

университетімен ынтымақтастық

жұмысын жүргізу мақсатында

педагогикалық сыныптар ашылды.

Адамның үйлесімді дамуы

ұлттық институтымен тығыз

жұмыс жасаудамыз. «Балалардың

жазғы демалысын рухани адамгершілік

тұрғыда ұйымдастыру»

тақырыбында облыстық семинар

өткізілді.

Білім бөлімінің әдістемелік

кабинеті облысымыздың жоғары

оқу орындарымен үнемі байланыс

жүргізуде. Оның дәлелі ретінде,

аудандық оқуларды өткізу барысында

әділ қазылыққа жоғары

оқу орындарының профессорлары

мен оқытушылары шақырылып

отырады.

Мәншүк ШУМАҚОВА,

Баянауыл аудандық білім

беру бөлімінің әдіскері.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!