16.06.2022 Views

Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

16 маусым, бейсенбі, 2022 жыл

5

САУДА

Соңғы бірнеше ай дересінде отандық нарықта бидайдың күрт азаюына әрі қымбаттауына

байланысты диірмендерге тықыр таянғаны рас. Ұнға айналдыратын шикізат таппай шарқ

ұрған шаруалардың кейбірі жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Енді біріне бағасы шарықтап

тұрған астықты алудан басқа амал қалмады. Мұның барлығы ұнның да қымбаттауына әкеп

соқты.

Баға

құбылып тұр

Жергілікті ұн тарту орындарының

өңірде жиналған

бидайдың басым бөлігі шекараға

кетіп жатқанын айтып, дабыл

қаққанына бірнеше айдың жүзі

болды. Бұған себеп – көршілес

Ресей елінің өз шекарасынан

бидайды сыртқа шығаруға

шектеу қоюы. Соның салдарынан

бұған дейін ресейлік

астықты ұнға айналдырып келген

павлодарлық кәсіпорындардың

басым бөлігі шикізатсыз қалды.

Ал жергілікті нарықтағы астықтың

бір тоннасының бағасы 110

мың теңгеден бірден 150-160

мың теңгеге дейін өсті. Оның

өзінде өңірде жиналған өнімнің

дені Ауғанстан, Өзбекстан

мен Тәжікстанға жөнелтіледі.

Сөйтіп, аймақтағы диірмендердің

көпшілігі қазақстандық және

ресейлік бидайдан қағылып

қалды. Мұндай жайсыздықтың

салдары ұн бағасына әсер етпей

қоймады. Оған дәлел – сауда

сөрелеріндегі өнім бағасының

құбылуы.

Павлодар қаласының тұрғыны

Төлеу Әбдірахманованың айтуынша,

бұған дейін ол жергілікті

«Ұлан» фермерлік қожалығы

шығаратын «Снежинка», «Белоснежка»

ұнының екі келілік

қаптамасын 450-470 теңгеге

алып келген. Бүгінгі баға 570

теңгеден басталып, 700 теңгеге

дейін жетеді.

Ауыл-аудандардағы жағдайларды

да саралап көрдік. Айталық,

Баянауыл ауданында 25 келі ұн

7 мың теңге, 50 келісі 11 500

теңге тұрады. Аққулы ауданындағы

кей дүкендерде 50 келілік бір қап

ұнның бағасы 12 мың теңгеден

асып жығылады.

- Балаларға, немерелеріме

ара-тұра жылы-жұмсақ пісіріп

бергенді жақсы көремін. Қазақтың

ұлттық тағамдарының дені де

ұннан жасалады. Ет ассаңыз,

қамырын ұннан илейсіз, бауырсақ

пен бәліш те ұннан жасалады.

Сондықтан қаппен алып қоюға

тырысамыз. Сол әлдеқайда тиімді.

Әйтпегенде, екі келілік қаптама

қымбат әрі тез таусылады. Бірақ

соңғы кездері ұнның бағасы

қалтаға кәдімгідей салмақ сала

бастады. Осыдан бірнеше ай

бұрын 25 келілік қапты 4700

теңгеге алсақ, таяуда 7 мың

теңгеге алуға тура келді, - дейді

Аққулы ауданының тұрғыны

Бәтима Шаймарданова.

Өңдеушілердің

«өтірігі»

ашылды

Біз де облыс орталығындағы

бірнеше сауда орнына арнайы

Ұн нарығы:

бүгінгі баға қандай?

барып, бағаларды сүзгіден

өткіздік. Атап өтерлігі, дүкен

сөрелерінде ұнның сан алуан түрі

самсап тұр. Олардың қатарында

павлодарлық тауармен қатар,

Ресейден жеткізілген өнімдер

де бар. Бір қызығы, көршілес

мемлекет тұтынушыларға ұсынып

отырған ұнның байытылған

түрінің өзі «Қазақстанда

жасалған» таңбасы бар тауардан

айтарлықтай арзан.

Салыстырмалы түрде

айтар болсақ, павлодарлық

«Снежинка» ұнының бес келісі

1464 теңге, Нұр-Сұлтан қаласында

дайындалған «Цесна» 1930 теңге,

ал Ресейдің «MAKFA» компаниясынан

шығарылған ұнның

бес келісі 1675 теңге тұрады.

Оның себебін «Пахомовский»

сауда белгісімен ұн және ұн

өнімдерін дайындайтын «Группа

Интер» ЖШС басшысы Сергей

Рабков былай түсіндіреді:

- Ведомствоаралық комиссия

15 сәуір мен 15 маусым

аралығында елден шығарылатын

астық пен ұнға қатысты квота

белгіледі. Соған сәйкес, шекарадан

шығарылатын бидай көлемі

1 млн тоннадан аспауы тиіс.

Күні кеше бұл шектеудің мерзімі

аяқталды. Ол күшіне енген

тұста да жағдайды реттеуге

айтарлықтай әсер ете қойған

жоқ. Себебі бидай экспорттау

тоқтаған жоқ. Сәйкесінше,

жергілікті нарықтағы шикізат

көлемі азайды. Бұл ретте ресейлік

тарап өз елінен бидай сатуға

тыйым салғанмен, дайын өнімді

шетел нарығына жөнелтуге

қатысты ешқандай шектеу қойған

жоқ. Сондықтан көршілес мемлекетте

дайындалған ұн біздің

дүкендерден ойып тұрып орын

алды. Нәтижесінде ресейде

жеткілікті көлемдегі әрі арзан

бидайдан өндірілген ұнның бағасы

қымбат астықты тарту арқылы

жасалған қазақстандық ұнның

бағасынан әлдеқайда төмен

болып шықты, - дейді ол.

Күні кеше бидайдан ұн

алатын кей кәсіпкерлердің де

былығының беті ашылды. Еліміздің

астық одағы бірқатар өңдеу

кәсіпорындары ұнды жергілікті

халыққа қымбатқа, ал шетелге

арзанға сатып келгені туралы

мәлімдеме жасады. Айталық,

былтыр өзіміздегі сауда орындарына

ұнның бір тоннасын 428 АҚШ

долларына сатса, Түркіменстан,

Тәжікстан және Өзбекстан елдеріне

ұнның бірінші сұрпының тоннасы

357 АҚШ долларына экспортталған.

Яғни, айырмашылық -

71 доллар. Теңгеге шақсақ,

бұл - 30 мың теңге. Дегенмен,

астықты өңдеушілердің мұндай

әрекетке не себепті барғаны

әзірше белгісіз.

Сұраныстан

артық

дайындайды

Жалпы, облыстың сұранысын

саралайтын болсақ, бір жылда

Павлодар өңірінің азаматтары

56,3 мың тонна ұнды алады екен.

Облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасы ұсынған ақпаратқа

сенсек, былтыр өңірдегі 10-нан

астам диірмен 91,7 мың тонна

дайын өнім шығарып, аймақ

тұтынушыларының сұранысынан

шамамен екі есеге асып түсті.

Осы жылдың алғашқы төрт

айының өзінде сұраныс 18,7

мың тонна болған тұста ұн тарту

орындары 51,5 мың тоннасын

шығарды. Сондықтан басқарма

өкілдері «Облыста ұннан тапшылық

болмауы тиіс» деп топшылайды.

«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік

корпорациясы да алаңдауға

негіз жоқ екенін алға тартып отыр.

Өйткені, 13 маусымдағы жағдай

бойынша тұрақтандыру қорында

1687 тонна бірінші сұрыпты ұн

бар. Әлеуметтік тауарлар санатына

жататын ұнның бұл түрі

«Жандос КZ» кәсіпорнында дайындалады.

Кейін қордың серіктес

дүкендеріне келісі 141 теңгеден

жеткізіледі. Сатушылар оған ары

кеткенде 10 пайыз үстемеақы

қосуы қажет. Атап өтерлігі, баға

саясатына жауапты органдар

сауда орындарындағы бірінші

сұрыпты ұнның бағасын ғана

бақылайды.

Осы орайда бағаға қатысты

статистикалық деректерге зер

салып өтсек. Біздің елде бір

жыл аралығында ұн бірден

23 пайызға қымбаттады. Тек сәуір

айының өзінде бір келі өнімнің

бағасы 7,5 пайызға өсті. Сөйтіп,

жоғары сұрыпты ұнның бағасы

301 теңгеге, бірінші сұрыпты

түрі 200 теңгеге дейін жетті.

energyprom.kz сайтының

мәліметінше, ең қымбат жоғары

сұрыпты ұн Нұр-Сұлтан қаласында

сатылады. Мұндағы орташа баға –

369 теңге. Ал ең арзаны –

біздің өңірде. Мамандардың

саралауы бойынша, Павлодар

облысындағы жоғары сұрыпты

ұнның бір келісі орта есеппен

205 теңге тұрады. Өнімнің бұл

түрінің бағасы сәуір айынан

бері өзгеріссіз тұр. Ал бірінші

сұрыпты бидайдан дайындалған

ұнның бір келісі сәуірде 165

теңге, мамырда 167 теңге болды.

Павлодар облысындағы ұн басқалардан арзан

болғаны жақсы-ақ. Алайда соның өзі кейбір

сатып алушыларға ауыртпалық салып тұр.

Сондықтан диірмендерді арзан астықпен қамтудың

жолдары қарастырылып, ұн тарту

орындарының бағаны негізсіз өсірмеуі қадағаланса,

құба-құп. Әйтпегенде ұнның қымбаттауына

одан дайындалатын нан мен макарон

өнімдерінің, басқа да азық түрлерінің қымбаттауына

әсер етері анық.

С

БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ!

Елімізде шағын кәсіпкерлік

нысандарын тексеруге үш

жылдық мораторий жариялануына

байланысты

құзырлы органдардың

бизнес өкілдерін негізсіз

тексеруіне тыйым салынды.

Сондықтан қарапайым

тұтынушылар кәсіпкерлер

әрекетінің дұрысбұрыстығын

бақылауға

ала алады.

Азаматтық

бақылау

Осы мақсатта 2019 жылдан бері

«Азаматтық бақылау» жобасы жүзеге асып

келеді. Ол азаматтардың қырағылығын

ұштап, кәсіпкерлердің жауапкершілігін

арттыруға бағытталған. Атап айтқанда,

бүгінгі күні қызмет көрсететін нысандар

онлайн кассалық-бақылау машиналары

арқылы сатып алынған әр тауарға түбіртек

беруі тиіс. Дегенмен, кей кездері шын

мәніндегі табысын жасырып, түбіртек

шығарудан жалтаратын бизнес өкілдері

кездеседі. Осындай жағдайда «көлеңкелі»

экономикаға тосқауыл болу үшін қарапайым

тұтынушылардың көмегі керек.

Егер кәсіпкер сатылған өнім, көрсетілген

тауарға түбіртек беруден бас тартса,

дүкеннің атауын, орналасқан мекенжайын,

сауда үйіндегі дүңгіршектің

нөмірін фотоға немесе бейнежазбаға

түсіріп, салық органдарына жолдауға

болады. Материалдарды жіберу үшін

«Wipon» мобильді қосымшасы жасалды.

Мемлекеттік кірістер органдары барлық

шағымды мұқият қарап, електен өткізеді.

Егер сатушының әрекеті бұрыс екені

дәлелденсе, шағым білдірген тұрғынға

ақшалай сыйлық қарастырылады. Ол

ұялы телефон нөміріне бірлік ретінде

толтырылады.

Сонымен қатар, облыстық мемлекеттік

кірістер департаменті салық төлеушілермен

байланысты нығайтып, олардың талаптілектеріне

құлақ түру үшін кері байланыс

орнатуға бейілді. Облыстың тұрғындары

1 шілдеге дейін жергілікті департаменттің

әлеуметтік желілердегі парақшалары мен

+7 705 645 75 56 нөміріне тіркелген

WhatsApp мессенджері арқылы ұсыныспікірлерін

жібере алады. Олардың

әрқайсысы қаралып, орындалу барысы

туралы ақпарат беріледі.

Сондықтан салық төлеу, оның сомасын

есептеу және тағы басқа мәселелерге

қатысты ой-пайым, шағым-өтініштеріңіз

болса, алдағы екі апта аралығында

жоғарыда көрсетілген байланыс құралдары

арқылы хабарлама жіберуге

мүмкіндік бар.

Бетті әзірлеген -

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!