16.06.2022 Views

Сарыарқа самалы, 16 маусым, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

20 16 маусым, бейсенбі, 2022 жыл МӘДЕНИЕТ

SARYARQA SAMALY

ҚҰНДЫЛЫҚ

Жердің аты - бабаның хаты

Облыс мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының

ұйымдастыруымен «Достық үйінде» Түркі тілдес жазбалары күніне орай

«Жердің аты - бабаның хаты» атты облыстық ғылыми конференция өтті.

2014 жылдан бастап 18 мамыр

күні Қазақстан Республикасы

Парламентінің шешімімен «Түркі

жазуы күні» деп жарияланды. Бұл -

біле-білгенге үлкен тарихи мәні

бар оқиға. Төрткіл дүниеге өздерін

танытып, «Мәңгілік ел» болуды

көксеген батыр бабалардың терең

де тағылымды тарихын тасқа

өшпестей етіп қашап жазғаны –

түркі халықтарының да өлмес

өркениет қалыптастырғанының

бір ғана көрінісі болса керек.

Осы ерекше күнге орай жыл

сайын елімізде түрлі аймақтық,

облыстық, республикалық, тіпті

халықаралық іс-шаралардың

өткізілуі кең өріс алуда. Осы

айтулы күннің шеңберінде түркі

әлемінің тарихын бірге кешіп,

ұлы бабалардың жалғасы болған,

ұрпақтың арманы қашанда асқақ

болсын деген ниетпен игі бастамасы

облыс төңірегінде қолға

алынды. Шара түркі жазуының

тарихы туралы фильм көрсетумен

басталды.

Конференцияға облыстық

мәдениет, тілдерді дамыту

және архив ісі басқармасының

басшысының орынбасары Медет

Тауасқан, республикамызға танымал

ғалым, география ғылымының

докторы, Л.Н.Гумилев атындағы

ТУРНИР

Еуразия ұлттық университетінің

профессоры Қуат Сапаров пен

Сейфитден Сүтжанов, Нұркен

Күзембаев сынды облысымыздың

бетке ұстар жоғары оқу орнының

ғалымдары қатысты.

Жалпы алғанда, түркі тілдері –

Шығыс Еуропадан, Сібір мен

Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта

тұратын 180 млн. адамның ана

тілі, 210 млн. адамның екінші тілі

боп табылатын, көбі бір біріне

өте жақын болған 40 тілден

тұратын тілдер тобы. Түркі тілдер

жанұясы Алтай тілдері әулетіне

жатады. Жүз жылдар бойы түркі

халықтары көшпелі өмір салтын

өткізгендіктерінен, өзара және

басқа да тілдес халықтармен

араласып, өз тілдеріне және

көршілес халықтардың тілдеріне

әсер еткен деседі.

- Павлодар облысын зерттеген

20-ға жуық кітап шығарылды.

Топонимика саласы бойынша

350-ден астам мақала жарияланып,

менің басқаруыммен

диссертациялар қорғалды.

Конференцияға қатысудағы

мақсатым - Павлодар облысы -

солтүстік өңір болғандықтан,

тақырыпқа сәйкес көне түркілік

қазақтың түбірлі атаулары

жөнінде ой қозғағым келді.

Баяндамамның тақырыбы «Топонимика

зерттеулеріндегі кейбір

түркілік атаулар» деп аталады.

Қолданыстан шығып қалған атаулар

мәселесін көтердім. «Павлодар

облысының топонимикалық кеңістігі»

деген монография «Павлодар

облысының әкімшілік аумақ бірлік

көрсеткіші», «Екібастұз өңірінің

жер-су аттары», «Баянауыл топонимикасы»,

«Ертістің Аққулы өңірі»

кітаптарын, содан кейін Павлодар

облысының орысша-қазақша

5-6 ауданының топонимикалық

сөздіктерін шығардық. Жалпы таралымы

300 мың дана 6 ауданның

картасы шығарылған. Қазіргі

таңда зерттеулер тыңғылықты

түрде жүргізілуде. Ойларым

туралы жерлестеріммен бөлісу

мақсатында арнайы келдім. Качир,

Аққулы аудандарының аттарының

ауысуына, ғылыми түрде негіздеме

жасауға қол созған едім. Өңірдегі

қазақ атауларын картографиялық

деректер арқылы негіздеп,

жергілікті халықпен ақылдасу

арқылы өзгерісті жүзеге асыруға

болады. Жер-су атаулары зерттелу

уақытында арнайы жіктелу

бойынша жұмыстар атқарылады.

Ол орналасқан жеріне, тарихқа

тікелей байланысты. Қазақстан

аумағындағы Ертістің Павлодар

өңірінде сонау сақ, ғұн заманынан

келе жатқан атаулар көп.

Тақ, дак, дің деген қолданыстан

шығып қалған қазақи сөздер

мен терминдерге көкжиекке

көз жүгіртіп, кейінгі ұрпаққа

мұра етіп қалдырып, қалпына

келтіріп, қолданысқа қайта енуіне

жағдай жасап, жұмыс жасауымыз

керек, - деді өз сөзінде

Л.Гумилев атындағы Еуразия

ұлттық университетінің профессоры,

география ғылымдарының

докторы, ҚР Журналистер одағының

мүшесі Қуат Сапаров.

Конференция барысында

қазіргі кезеңдегі түркі жазуының

маңызы туралы өзекті мәселелер

мен Қазақ хандығы және Қимақ

мемлекетінің археологиялық

мұрасын зерттеудің нәтижелері

талқыланып, көне ескерткіштерге,

шексіз сахарада мүлгіп қалған

меңіреу тастарға бүгінде тіл бітіп,

іргелі ел болып қанат жайған түркі

халықтарының бақытты ұрпағына

тарих шежіресінен сыр шертті.

Жиын соңында өңіріміздің

тіл саясатын жүзеге асыруға

және рухани-мәдени өміріне

белсенді қатысуға үлес қосқан

бір топ зиялы қауым басқарма

басшысының Алғыс хаттарымен

марапатталды.

Аяулым ТӨЛЕГЕНОВА.

Ардагер есімі ұлықталды

- Сәлімбай ағамызды еске

алуға арналған турнирдің өтіп

жатқанына биыл 10 жыл. Осы

уақыт аралығында аталмыш

турнирге үзбей қатысып жүрген

жандарға алғыс білдіремін. Ол

кісі жазу мәнері өте мықты

журналист еді. Материалдарының

бір сөзі екіншісінен артық

немесе кем болмайтын.

Ұзақ уақыт бойы облыстық

радиода қажырлы қызмет еткен

азамат. Турнир - бұл еңбегі

сіңген қызметкерге құрмет, -

деді турнирді ұйымдастырушы

Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында «Ertis Media» ЖШС

қолдауымен, «Halyq radiosy»-ның ұйымдастыруымен журналистика

саласының ардагері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Сәлімбай

Ермұратовты еске алуға арналған турнир өтті. Үстел теннисінен өткен

дәстүрлі дода «JENIMPAZ» орталығында болды.

Halyq radiosy-ның қызметкері

Махаббат Кәмесхан.

Жыл сайын өтетін сайысқа

республикалық және облыстық

БАҚ өкілдері жиналды. Ерлер

мен әйелдер тобы жеребе

тарту арқылы қарсыластарын

таңдады. Алдымен оқу-жаттығу

дайындығын жасап, ойынға кірісті.

Қатысушылардың осалы болмады.

Ерлер арасындағы бәсекеде

республикалық Atameken Business

телеарнасының меншікті тілшісі

Есенбек Санатұлы жеңімпаз

атанды. Күміс жүлдені «Найзатас»

әдеби-көркем журналының бас

редакторы Асыл Әбіш иеленсе,

үшінші орынды «Ertis» телеарнасы

жаңалықтарының режиссері

Әділхан Мүталяпов алды.

Қыздар арасындағы сайыста

бірде-бір рет ойын барысында

ұтылып көрмеген Halyq

Radiosy-ның дикторы Айдана

Дүйсен жеңіс тұғырынан көрінді.

Екінші орынды «Звезда Прииртышья»

газетінің жауапты хатшысы

Надежда Яницкая алды. Ал

үздік үштікті «Saryarqa samaly»

газетінің журналисі Гүлжайна

Түгелбай еншіледі.

Жеңіс тұғырынан көрінген

БАҚ өкілдері дипломдар мен

ақшалай сыйлыққа ие болды.

Барлық қатысушыларға «Ertis

Media» ЖШС атынан алғыс

хаттар мен сертификаттар табыс

етілді. Жарыс соңында Сәлімбай

Рахымбайұлының ұрпақтары уақыт

бөліп қатысқандарға ризашылығын

білдіріп, ұйымдастырушыларға

алғысын айтты.

Аяулым ТӨЛЕГЕНОВА.

САУАЛ – СІЗДЕН

Қан қысымын

қалай

төмендетемін?

Марал, Тереңкөл ауданы:

- Жасым 25-те. 1,5 жылдан астам

уақыт қан қысымы пайда болды.

Қан қысымының тұрақты болуы

үшін не істеу қажет?

Сауалға терапевт, Қазақстан

клиникалық фармокологтар

ассоциациясының мүшесі Фариза

Нұрымбетова жауап береді:

- Өкінішке орай, бұл ауру түрі жылданжылға

жасару үстінде. Тіпті, 20-25 жасар

адамдарда анықталып жатыр. Жалпы,

қан қысымы дұрыс тамақтанбау, алкоголь,

темекі шегу, белсенді физикалық

жүктеменің болмауы, үнемі күйзелісте

жүру, семіздік, жоғары холестерин,

қант диабеті, депрессия салдарынан

жоғарылайды. Мұның барлығы тікелей

гипертензияның пайда болуына әкеледі.

Атап өтер болсам, жүрек гипертрофиясы,

тамырлардағы жоғары қысым,

көз тамырлары жарылуынан соқырлық,

бүйрек жеткіліксіздігі, инсульт, миокард

инфарктісі, транзиторлы ишемиялық

атака, жүкті әйелдердегі гипертензия,

преэклампсия, ұрықтың дамымауымен

ерте тууға алып келеді. Сондықтан,

жоғары қан қысымының алдын алып,

әрқашан өлшеп отыру аса маңызды.

Ал қан қысымы тұрақты болу үшін

тағамдағы тұз мөлшерін азайтып, күніне

30 минут бойы дене жаттығуларын

жасап, майлы тағамдардан бас тартып,

керісінше рационға көкөніс, жеміс-жидек

пен дәнді дақылдар тұтыну қажет.

Тестілеу

орнын өзгерту

мүмкін бе?

Ағжан, Баянауыл ауданы:

- Магистратураға түсу үшін кешенді

тестілеуге өтініш бердім. Жұмыс

сапарыма байланысты тест тапсыру

қаласын ауыстыра аламын ба?

Сауалға Ұлттық тестілеу

орталығының директоры Руслан

Емелбаев жауап береді:

- Магистратураға арналған кешенді

тестілеуге өтініштер 15 шілдеге дейін

app.testcenter.kz сайтында қолжетімді.

Тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз

аралығында өтеді. Тіркелу барысында

сіз тестілеу орнын, яғни қаланы өзіңіз

таңдайсыз. Кешенді тест тапсыру орнын

немесе тапсыру тіліне, сондай-ақ білім

беру бағдарламаларының тобына

өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда

15 шілдеге дейін өтінішті түзетуге және

өшіруге мүмкіндік беріледі. Себебі,

бұл аталған күні база жабылатынын

ескеріңіз. Өтініштерді қабылдау базасы

жабылғаннан кейін таңдалған дайындық

бағыты, білім беру бағдарламалары

тобы, тестілеу тапсыру тілі мен қаласы

өзгертілмейді. Ал тестілеу орны мен

уақыты туралы ақпарат 18 шілдеде

түсушінің жеке кабинетінде жарияланады.

Атап өтер болсам, 20 шілде

мен 10 тамыз аралығында өткізілген

КТ сертификаты ағымдағы жылдың

1 желтоқсанына дейін жарамды.

Тестілеуге қатысу құны 11 020 теңгені

құрайды.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Редакциядан:

Құрметті оқырман!

Егер сізді мазалаған

сұрақтар болса,

ssamaly29@gmail.com

поштасына немесе

+7 747 373 7784 WhatsApp

нөміріне жолдауыңызға

болады.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!