15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Ты пятерых побори,

И пятерых избери... [3, с.41].

М.Петровых түпнұсқадағы «ғылым таппау», «орын таппау» тіркестерін

ҿзгертіп аударған. «Мақтанба», «баптанба» сҿздерінің мазмұны бірдей емес,

мағынасы екі түрлі сҿздің орнына бір ғана «молчи» («үндеме») деген сҿзді

қолданады. Аудармашы қолданған эквиваленттер тым қарапайым, эстетикалық

ҽсері аз. «Орын табу» тіркесінің мағынасы анық, яғни адамның ҿмірдегі ҿзінің

жолын дұрыс тауып, сол бағытпен ҿмір сүруі. Аудармашының дұрыс

баламасын бермегені ҿз алдына «блуждаться» деген («адасу, қаңғыру»)

мағынасы қарама-қарсы сҿзді пайдаланған. «Құмар» жҽне «ойын» мағыналары

жақын болып келгенімен ақынның екі тармақта бҿлек қолдануы кездейсоқ

емес. Ақын қолданып отырған «құмар» сҿзінің эмоциялық бояуы күшті, ҿлеңге

қосымша мағыналық реңк беріп тұрған сҿзді аудармашының қалдырып

кеткен. Аудармашы «құмар» жҽне «ойын» екі сҿздің мағынасын «забава» деп

бір ғана сҿзбен береді. Аудармашы оқырманға түсінікті болуы үшін, ҿзінің

тарапынан «В бесцельных днях и в ночи» деп қарапайым беруге тырысқан.

Ҽ.Қодардың аудармасы:

Без знаний нос не задирай,

Найди себя, потом играй.

Не надо смеха через край.

Пуста веселость эта.

Пяти вещей ты избегай,

К пяти вещам стремленье знай,

Раз хочешь выйти в люди.

Все сбудется в судьбе твоей,

Когда так жить полюбишь... [6, с.25].

Ҽ.Қодар түпнұсқадағы «мақтанба» деген сҿзді «нос не задирай» деп

аударады. Тармақты қазақ тіліне кері аударсақ «білімсіз мұрныңды шүйірме»

деген мағына шығады. Аудармашы фразеологиялық тіркесті орыс оқырманына

эмоциялық ҽсер ету үшін қолданып отыр. Ұлы Абайдың сҿзін ҿзге тілде дҽл

сол қалпында жаңғырту мүмкін емес. Десек те, Ҽ. Қодардың тҽржімасын

компрессиялық аудармаға жатқызамыз. Яғни, аудармашы ақынның

философиялық ойын қысқартып берген. Аудармашының «найди себя, потом

играй» дегені орыс тілді оқырман үшін де түсініксіз. Аудармада ауызекі сҿйлеу

стилі қолданылып кҿркемділігі тҿмендеген. Аудармашы «найди себя, потом

играй» деп аударып ҽдеби, кҿркем тілден алыстап кеткен. Абайдың ҿлеңінің

алғашқы тоғыз тармағын екі аудармашы да сҿз, сҿз тіркесі, бунақ, тармақ

деңгейінде дҽл бере алмаған. Аудармашылар кейбір тармақтарды ҿзгертіп

немесе тастап кетіп, олардың орнына басқа тармақтарды қосады. Ақынның

ойы, сҿзі тіптен басқа деңгейде кҿрініс тапқан. В.Г.Белинскийдің:

22

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!