kozhakanova-dissertacia.pdf
Create successful ePaper yourself
Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.
Ҽ.Қодардың аудармасы:

Если нет в тебе сил и ума,

То молчи, не блуждая впотьмах [6, с.101].

Тармақ нақыл сҿз түрінде беріліп, егіз ұйқаспен ҿрілген. Құрылысы

жағынан 4 буын + 3 буын болып келген. Аударма нақыл сҿз түрінде

берілгенімен түпнұсқадағы ұйқас, интонация жоқ. Аудармада буын саны артық

берілген. Түпнұсқадағы образдардың баламасын дҽл бермеген. Аудармашы

«ойда кҿздің» болмауын «ақылдың» болмауы деп түсінген. Түпнұсқада басты

концепт «кҿз» болып тұр. Жалпы ойда кҿздің болуы мүмкін бе? Ойда кҿздің

болуын елестету қиын. Бірақ ақынның ойға кҿз беруі бекер емес. Яғни, мұнда

«кҿзді ой» мен басқа «қарапайым ойдың» арасында айырмашылық бар.

Ақынның айтып отыратын ғылым, білім, иман, тҽрбие, адамгершілік

осылардың барлығы ойында кҿзі бар тұлғаның бойында болып отыр. Екінші

тармақтың қазақ тіліндегі кері мағынасы «Онда үндеме, қараңғыда адаспай»

болып шығады. Аудармашы «қараңғыда адасу» туралы ұғымды ҿз жанынан

қосып, мағынаны ұлғайтқан.

М.Касаткиннің аудармасы:

Коль в сердце нет силы, а мысль без глаз,

Молчи, не тупи ярких слов алмаз! [5, с.58].

М.Касаткиннің аудармасынан «Егер жүректе қайрат болмаса, ал ой кҿзсіз

болса» деген ой түйеміз. Ақынның бойға берген қайратын аудармашы жүрекке

беріп мағынаны күрделендірген. Қазақ тілінде ғана емес, орыс тілінде де

жүректің қайратты болып келуі сирек кездесетін құбылыс, тіпті кездеспейді

десек те болады. Қаңдай ұлт, қаңдай халық болмасын барлығының да қайраты

бойында болады. Аудармашы түпнұсқадан сҿзбе-сҿз «мысль без глаз» деп

аударады. Аударманың кҿркемдік, эстетикалық ҽсері жоқ, құнсыз нҽрсе болып

шыққан. Мұндай аударманың мҽнісін орыс тілді оқырман түсінбек түгілі,

аударманы оқуға деген қызығушылыған бҽсендететіні сҿзсіз. Бұл тармақты

сҿзбе-сҿз аударуға келмейді. А.Байтұрсынов: «Абай сҿздері жалпы адамның

түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған

кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дҽрежеге жете алмағанынан болатын

кемшілік... Абай сҿзі заманындағы ақындардың сҿзінен үздік артық. Ол

оқушылық, артықтық басқа ақындардан Абайдың жалғыз сҿзінде ғана емес,

ҿзінде де болған», − дейді [23, 112б.]. А.Байтұрсыновтың сҿзі негізсіз емес,

аудармадағы қателіктер аудармашылардың ақынның сҿзінің мағынасын

түсінуге дҽрежелері жетпегендіктен деп ойлаймыз.

Л.Озеровтың аудармасы:

Если мысль слепа или мысли нет,

При себе ты оставь свой бред! [3, с.71].

32