15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

аудара алмаған. «Буынсыз жҽне дос» бір-бірінен алшақ, алыс ұғымдар қатарына

жатады. Олар бірін-бірі алмастыра алмайды.

О.Шартсе ағылшын тіліне бұл тармақты мына үлгіде аударады:

Yet Fate has endowed me with a facile tongue [7, р.45]

Тармақты қазақ тіліне жолма-жол аударғанда мынадай мағына береді.

«Жаратушы маған жеңіл тілді берді». Тілдің буынсыз болуы туралы ұғым бҿлек

те, жеңіл болуы бір бҿлек. Қазақ тілінде тілі жеңіл деп – түсінуге, қабылдауға

жеңіл тілді айтады. О.Шартце қарапайым сҿзбен беріп түпнұсқадағы

мағынасын тілдің кҿп қырлы қасиетін аша алмаған.

Ақын «жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» деген ҿлеңінде сұхбат

құрудың ғанибеттілігін, тыңдаушылардың түрлі қасиеттері туралы баяндап, ер

жігіттерге – дос, ҽйел таңдауда жол кҿрсетіп ақыл береді.

Ҽдетте ауызекі сҿйлеу тілінде ойын мен күлкі бір-бірінен ажыратылмай, екеуі

ҿзара байланысты құбылыстар ретінде айтылады. Бірақ, ақын ҿзінің ҿлеңінде

ойын мен күлкіні бір-біріне қарама-қарсы қояды. Ақын осы екі құбылыстың

айырмашылығын ашып, олардың ҽрқайсысының мҽнін бір-біріне қарама-қарсы

мағынадағы арзан жҽне қымбат сҿздерімен кҿрсетеді.

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нҽрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік

Ер табылса жарайды, қылса сұхбат [ 2, 54 б.].

А.Гатовтың аударуында ҿлеңнің осы шумағы былай берілген:

Жигиты, дорог смех, не шутовство,

Несходны внешний вид и естество.

Но если кто то от души смеется.

То искренности верь, люби его [3, с.37]

«Шутовство» (сайқымазақтық) «ойын» сҿзінің баламасы емес. Ақын күлкі

мен ойынның айырмашылықтарын «арзан жҽне қымбат» мағыналары бірбіріне

қарама-қарсы сҿздерімен кҿрсетуі бекер емес, сондықтан аудармашы

«арзан» сҿзін қалдырып кетпей аударуы қажет болатын. Тармақты қазақ тіліне

кері аударсақ «ойын емес, күлкі қымбат» дегендей ұғым туады. Аудармада

ойын мен күлкі, арзан мен қымбат арасы мүлде ажыратылмаған. Аудармашы

ойын мен күлкінің қайсысы қымбат екенін айтып екі құбылысты салыстырып

отырғандай ҽсер қалдырады. Демек, бұл аудармада аударма

трансформациясындағы компрессия ҽдісі арқылы сҿзді сығымдап, ықшамдап

беру жиі ұшырасады. Қазақ тілінің түсіндірме сҿздігінде «сыр - ҽркімнің ҿзіне

тҽн, ҿзгеге белгісіз құпия ойы» деген анықтама берген. Аудармада «естество»

(«табиғат, мҽн») сҿзінің мағынасы «сыр» сҿзімен сҽйкес келмейді. Орыс

26

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!