15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Сізге айтамын, қаупім – бұл [2, 62б.].

Абай бұл жолдарда сҿз мҽнісін ұғыну үшін тыңдарманға бағыт береді.

Мҽнді сҿз бен мҽнсіз сҿзді ажыратып, оларға ҿзінің бағасын беру үшін ақыл

айтады, түсіндіреді. Ақынның «ойлап-ойлап» дегенінің астарында түсіну

жатыр, яғни сҿзді саралап, сараптап, санадан ҿткізіп барып, егер мҽнді сҿз

болса «құлаққа іл» дейді. «Түпсіз сҿзге ерме» деп ақын мҽнсіз сҿзге, түбі жоқ,

мағынасы аз сҿздердің беретін пайдасы болмайтынын айтады. Демек, Абай ҿз

оқырманына ҿз ҿлеңдерін түсіндіреді, оқырманға бағыт сілтейді. Мысалы

ақынның «сҿз түзелді, тыңдаушы сен де түзел» деген сҿздері де оқырманға

қоятын талабын білдіреді. Оқырман да түсінуге ұмтылады.

Демек, жоғарыда айтылғандай, мҽн ҽрқашан субьективті жҽне ситуативті

категория ретінде тек қабылдау, түсіну үдерісінде ғана іске асады.

Оқырманның, тыңдарманның, аудармашының қабылдауы мен түсінуі Абай

ҿлеңдерінің мҽніне жету де ҿте маңызды. Ал аударма үдерісінде бұл міндет екі

есе күшейеді. Себебі, Абайдай ұлы ақынның мағынасынан гҿрі мҽн-мазмұнын

жеткізген жҿн. Ал осы жҿнінде зерттеуші ғалымдардың пікіріне сүйенер

болсақ, түсіну мен түсіндіру – тығыз байланысты логикалық-танымдық

операция ретінде кҿркем мҽтінді қабылдаудың маңызды кезеңдері.

Осы кезеңдерге байланысты герменевтикалық шеңбер атауы пайда болды.

Бұл бір жағынан түсінудің, екінші жағынан түсіндіру мен интерпретацияның

ҿзара шарттастығын білдіреді: бірнҽрсені түсіну үшін оны түсіндіру керек

немесе керісінше түсіндіріп барып түсіну керек. Осы тұрғыдан алғанда,

біздіңше, Абайдың қара сҿздерінде түсіндіру мен түсінудің ҿзара байланысы

ҿте тығыз, автор оқырманды жоғарыда аталған герменевтикалық шеңбер

бойымен алып жүреді, түсіндіреді, кейде сұрақ қояды. Абай мен оның

оқырманының арасында диалог туындайды. Ақын ҿзі интерпретатор, ҿзі автор

ретінде кҿрінеді. Ҿз ой-пікірін халқына жақынырақ, түсініктірек жеткізу үшін

бұл тҽсілді ақын ҽдейі таңдаған тҽрізді.

Абайды түсіну дегеніміз – Абайдың ҽлеміне ену, оның субьективті ойпікірлерін

дұрыс пайымдай білу, ҿздігінше емес, ақын түсінгендей етіп түсіну.

Ол үшін оқырманның да дайындығы қажет, біз ақынның идеясын түсініп,

ақынның кҿзімен қарап, санасымен ойлап, оның ҽлеміне енуіміз қажет. Бұған

бізді Абайдың ҿзі жетелейді. Заманына, тыңдаушысының деңгейінің

тҿмендігіне қарай ақын кейде дидактикаға да барып, түсіндіруді ҿз міндетіне

алады. Абайдың шығармасын қабылдау кезінде оқырман мен автор арасында

байланыс орнатылады. Оқырман автормен сҿйлесуге, қарым – қатынас жасауға

тырысады. Дегенмен де, мұндай қарым-қатынаста оқырманда еркіндік

болмайды, ол түсіндірушінің ойымен ойлап, кҿзімен кҿреді. Ал кҿркем

шығарманың міндеті – түсіндіру емес, тыңдаушыға ҽсер ету, ойын қозғау.

Кҿркем шығарманы оқу барысында оқырманның ҿзінің де кҿзқарасы сақталып,

ҽрі дамуы керек.

36

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!