15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

мен идеясын қамтиды. Сыртқы қабықшада шығарманның жасалуына негіз

болатын материал бар. Шығарманың құрылымдық қатпарлары шығармадағы

рухани ақпаратты жеткізуде кҿркемдік мҽнге ие болады. Шығарманың

мҽнерлілігін арттыру үшін сыртқы қабықша мен ядроны байланыстыру қажет,

бұл ҿз кезегінде екі аралық қабықшаны түзеді. Бұл қабықшалар құрылымның

ішкі жҽне сыртқы формасы болып табылады. Ішкі форманы образдар жүйесі

құрайды. Сыртқы форма тілдік тіннің құрылымы түрінде нақтыланады. Бұл

форма мҽтіннің астарындағы кҿркем ақпараттың оқырманға жетуіне ықпал

етіп, мҽтіннің дыбыстық жағынан жандануына да септігін тигізеді. Мұны білу

жҽне сол білгенін ҿзінің еңбегінің барлық сатыларында ескеріп, орнымен

пайдалану аудармашыдан үлкен филологиялық білімді талап етеді.

Образ жасауда сҿз астары үлкен роль атқарады. Сҿз астары сҿз деңгейінде

ғана емес, мҽтін деңгейінде ашылады. Сҿздің мҽтінде ашылатын астарлы,

жасырын мағынасы, айналып келгенде, мҽтін астары болып шығады. Ҽдетте

мҽтін астары психологиялық сипаттаманың құралы болып табылады, сондай-ақ

мҽтін астары заттың, құбылыстың елесін де тудырады. Осыдан келіп сҿз

арқылы шеті кҿрінген образ мҽтін астарында күрделі біртұтас образдық

құрылым түрінде анықталады. Мұның кейбір терең мҽнін ҽдебиеттану мен тіл

білімінің мамандарының ҿзі анық ажырата алмауы мүмкін, ондай жағдайда

түпнұсқа туындының имплицитті образдық құрылымын мүлде тани алмауы

ғажап емес. Оны тану образдық құрылымды білдіретін сҿз, мҽтін деңгейіндегі

тілдік бірліктердің мҽнісін білудің негізін олар арқылы туатын елестің суретін

(оқиға, іс, жағдай) синтездік игеру, шығармашылық нысанға эмоционалдық

қарым-қатынас, потенциалды ҽсерлі күш құрайды. Л.И.Тимофеевтің пікірінше

«образ – адам ҿмірінің қиялдан туған жҽне эстетикалық мағынасы бар нақты

жҽне жалпыланған суреті» [30,60б.]. Ғалым ҿмірдің образды кҿрінісінің екі

маңызды белгісіне тоқталады. Біріншісі, образда ғылымдағыдай ҿмір

құбылыстарының ең сипатты белгілерін анықтайтын жалпылау болады.

Екіншіден, бұл құбылыстар ҿздеріне тҽн ерекшеліктерін сақтай отырып нақты

бір формада кҿрінеді. Л.И.Тимофеевтің пікірінше кҿркем бейнелеудің пҽні –

адам жҽне оның табиғатпен, қоғаммен байланысы.

Образ – адам ҿмірінің суреті. Ҿмірді образ арқылы суреттеу – адам

ҿмірінің суретін салу (адамдардың іс-ҽрекеті, күйзелісі). Образ – адам ҿмірінің

суреті болса, суретші адаммен байланысты барлық нҽрсені сол суретте кҿрсетуі

тиіс. Л.И.Тимофеевтің пікірінше «образ» ұғымы характер ұғымына қарағанда

кең, себебі образда адам ҿмір сүретін бүкіл заттық ҽлемнің кҿрінісі бар,

дегенмен характерді бейнелемей тұрып образ да тумайды [30,38б.] «Образды»

анықтайтын белгілі бір ҿлшемді іздегенде, образдық жүйенің сатылы түрде ҿсіп

отыратын градациясын байқауға болады. Атап айтқанда, нақты мҽннен

дерексіз, жинақтаушы мҽнге қарай ҿрлеу үдерісін кҿруге болады. Мұндай

жағдайда ҿсу-ҿрлеудің үш сатысын анықтауға болады: образ-индикатор (сҿздің

тікелей, негізгі мағынасы); образ-троп (ауыспалы мағына); образ-символ

(жекелеген ауыспалы мағыналар негізінде жинақталған ортақ мағына).

40

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!