15.11.2013 Views

kozhakanova-dissertacia.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

аудармада метафораның элементтері тек ауыспалы мағынасы жағынан ғана

емес тура мағынасымен де бір-бірімен байланысуларының қажеттілігіне назар

аударады. Бұл ереже аудармашының қабылдаушының тілінде нақты

лексикалық тіркестерді табуына жҽне ол тіркестер рецепиентке таныс болуына

сонымен қатар тіркестердің метафораның мағынасына жаңа ассоциацияларды

тудырмауына бағытталған [39,181б.]. Авторлық образдылықты аудармада

жеткізудің ҿзіндік қиындықтары бар. Мұнда аудармашыға образдың сипатын

жҽне оның нақты мҽнмҽтіндегі рҿлін анықтап алған жҿн. Анықтағаннан кейін

аудармада түпнұсқадағы образды сақтап немесе оны басқа образбен

алмастыруға болатындығын шешуге болады.

Ҽдетте, жҽй метафораны аудармада сақтауға болады, ал авторлық

теңеулерді аудармада жеткізу үшін образды ауыстыруға тура келеді. Метафора

мағына теориясы бойынша қарастырылады. Бір тілде айтылған нҽрсені басқа

тілде жеткізуге болады, бірақ айтылған нҽрсенің реципиенттің тілінде

мағынасы болуы керек [40, 210б.].

Ю.Найда аударма дегенімізді аударма тілінде түпұсқаға жақын баламаны

жасау деп түсінеді. Сондай-ақ ғалым баламалылықты формальды жҽне

динамикалық деп қарастырады [41,163б.]. Метафораны аудару кезіндегі

баламалықты сақтау үшін келесі факторларды ескерген дұрыс: мҽдениет,

метафораны аудару ережесі, мҽтін түрлері.

Н.Ньюмарктің пікірінше метафораның аударылуы алдыменен оның

қандай мҽтінде қолданылғанына байланысты. Мҽтіннің екі түрі бар: ақпаратты

мҽтін, мұнда лексикаланған метафоралардың функционалды қуаты жоқ

сондықтан олар аударудың жоғары деңгейіне ие. Екіншісі экспрессивті мҽтін,

мұнда метафора үлкен ақпаратты қуатқа жҽне аударудың тҿменгі деңгейіне ие

болып контекстуалды, семантикалық, прагматикалық ақпараттарды жеткізеді

[42, 94б.].

Мҽдениет факторының метафораның мҽніне ҽсер етуінен аудармада

қиындықтар туындайды. Түпнұсқадағы метафораны аудару деңгейі

тҿмендегідей жағдайларға байланысты: 1)метафораның құрамындағы белгілі

бір мҽдени тҽжірибе мен семантикалық ассоциацияларға байланысты; 2) ҽрбір

нақты жағдайда «сҽйкес келу» деңгейіне тҽуелді бола тұрып, рецепиенттің

тіліне тҽн емес туындаудың болуы немесе болмауына байланысты.

Метафораны аудару барысында тҿмендегі ережелердің бірінің сақталуын

ескерген жҿн:

– түпнұсқадағы метафоралық образдарды аудармада сақтау, бірақ аударма

тіліндегі оқырмандар үшін шынайы метафоралық образ болуы қажет;

– метафораны басқа метафорамен алмастыру;

– метафораны теңеумен аудару;

– метафора аударма тілінде түсінікті болу үшін қосымша түсініктеме мҽлімет

беріп метафоралық образды сақтау;

– метафораны аудармада ҿзгертіп беру [37, 85б.].

46

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!