24.12.2018 Views

Eurasian education №5 2018

«Eurasian education» is an International journal aimed to publish theoretical and empirical research data from various Kazakhstan schools and fields of science as well as from countries of near and far abroad. One of the most important tasks of the journal is to promote the professionalization of education and research works in the field of social sciences and humanities and natural sciences, as well as dissemination of best practices of pedagogue. The journal is targeted on wide range of readers

«Eurasian education» is an International journal aimed to publish theoretical and empirical research data from various Kazakhstan schools and fields of science as well as from countries of near and far abroad. One of the most important tasks of the journal is to promote the professionalization of education and research works in the field of social sciences and humanities and natural sciences, as well as dissemination of best practices of pedagogue. The journal is targeted on wide range of readers

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

ÁIËIÌ ÁÅÐÓ ÌÝÑÅËÅËÅÐI

¹5 (25) 2018

Мақала білім мазмұнын жаңарту мәселелеріне

арналған. Мақалада Қазақстан Республикасындағы

орта білім мазмұнын жаңартудың

жағдайында оқыту ісін жүйелі жүргізудің жолдары

қарастырылған.

Статья посвящена вопросам модернизации и

обновления содержания образования. Показана

системность организации учебного процесса в

условиях обновления содержания среднего

образования в Республике Казахстан.

АЛПИЕВА АЙМАН

ТЛЕУГАЖИЕВНА

Семей қаласы, №47

жалпы орта білім

беретін мектеп

САРИНА НАЗИГУЛЬ

УРАЗГАЛИЕВНА

Семей қаласы, №47

жалпы орта білім

беретін мектеп

The article is devoted to the issues of modernization

and renewal of the content of education. The article

shows the systematic character of the organization of

the educational process in terms of updating the content

of secondary education in the Republic of

Kazakhstan.

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БОЙЫНША ОҚУ

САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім

берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және

Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру

кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ

тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі - орыс тілі және

ағылшын тілі - әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа

идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша

оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолданузаман

талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы

өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша

көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар

алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып

отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді

қолдана білу міндеті тұр.

Бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың

идеяларға негізделген жаңа мазмұн қамтамасыз ету

міндеті қойылған. Ақпараттық және педагогикалық

технологиялар негізінде оқытушының рөлін түбегейлі

өзгертуге болады және де оқытушы тек қана білімді алып

жүруші емес, сонымен қатар оқушының өзіндік

шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағытбағдар

берушісі болып табылады. Оқушының ойын

жүйелеуде әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады: Жаңа

материалды меңгеру; оқушыға бағыт беру, түрткі

сұрақтар қою, оқушының өзін көбірек сөйлету;

тақырыпты ашу; игерілген білімді тиянақтау; көрнекілікресурстарды

тиімді қолдану.

Білім алушылардың оқу сапасын арттырудың жаңаша

әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушының білімге

деген қызығушылығын оятып, терең ойлау қабілетін,

белсенділігін қалыптастыруға болады. Оқушыларға сыни

ойлауға дағдыландыратын жоғары дәрежелі сұрақтар

қою арқылы, сабақтарда түрлі әдістерді қолдана отырып,

топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың

сұрақ қою дағдылары мен олардың идеясын анықтау

мақсатында диалогтық оқыту әдістерін қолданса,

оқушылардың пәнге қызығушылығын оятып, олардың

сұрақ қою және өзара пікірлесіп талқылауы, сыни

ойлауына септігін тигізеді. Оқушылар сұрақ қоюды және

нақты сұрақ қоя отырып, сыни ойлауын дамыту

бағытында тізбектелген сабақтарда әңгіме дебат,

коммулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме түрлерін және

сұрақ қою стратегиясы арқылы оқушылар тақырыпты

түсінуіне қол жеткізу мақсатында сұрақтарды "Түрткі,

сыни, басқаға бағыттау" сұрақтарын тиімді қолдана

отырып, нәтижесінде қысқа мерзімді жоспарда берілген

тақырып бойынша сабақта алға қойған мақсатқа жету

үшін жеті модульді ықпалдастыру қажет. Тақырыпты

меңгерту үшін мынадай әдіс тәсілдерді; "Гүлмен тілек",

"Билеттер" әдістері арқылы оқушылардың арасында

ынтымақтастық орнатып, үй тапсырмасын сұрау

мақсатында және оқушылардың ынтасы мен

қызығушылықтарын арттыру, диалогтық байланысқа

түсу үшін тиімді әдістердің бірі; "Ыстық орындық",

"Сақина салмақ" әдістерін қолданса; "Жигсо" әдісі

бойынша тақырыпты меңгерту арқылы жаңа білімді

дамыту болып табылады. Марсел мен Литлтонтың

еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың

қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім

деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын көрсетеді. Яғни

интерактивті қарым қатынас пен достарымен бірігіп

жүргізілген жұмыс балалардың танымды дамуына әсер

ететіндігін дәлелдейді. Бұл әдісте оқушылар белсенді

болып, жаңашыл идеяларға сеніммен қарайды. Оқыту

кезінде оқушылардың бойынан ерекше қасиеттерді және

бір біріне сұрақтар қою, дәлелдерді талап етуі, өзіндік

көзқарастар орнайды. Оқушылар сұрақ қоюдың үш

тәсілдерін қолдана отырып диалогтық негізінде оқыту

мен оқу оқушыларды өзара сұхбаттасуы және мұғалім

оқушы арасындағы диалогтың жүйелі дамуына

әкеледі.Тапсырмаларды орындауда, әрине оқушыларға

жаңаны үйренуде тірек болатын мұғалімнің рөлі осы

жерде зор. Выготскийдің пікірінде бұл қолдау қарым

қатынасты қамтиды және оқытудың негізгі құралы болып

есептеледі. Сонымен, менің байқауымша мұғалім

сабақта оқушылармен қысқа жауап беретін сұрақтарға

қарағанда, диалогтық сұхбаттасу арқылы білім алуға

қомақты үлес қоса алады[1,82 б.] "Үш неліктен?" әдісі

бойынша білім алушылар өткен тақырыбына баға

береді. Неліктен? сұрақтары арқылы оқушылар сыни

сұрақтарды тиімді пайдаланды және мұғалім сұрағына

жауап қайтара отырып өз ойларын айтып баға береді.

Формативті бағалау барысында білім алушылардың

жеткен жетістіктері мадақталады. Топтық және жұптық

15

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!