02.12.2021 Views

есептер 1.Тлеулесова А (1)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

2.26. Бірінші жұмысшы 60 тетікті екіншісіне қарағанда 3 сағат ерте жасап

бітірді. Егер екеуі бірігіп 30 тетікті бір сағатта жасайтыны белгілі болса,

онда екінші жұмысшы 90 тетікті неше сағатта жасап бітіреді?

Жауабы: 9 сағ.

2.27. Екі тракторшы тың жерді бірігіп жыртса, жалғыз бірінші

тракторшы жыртқаннан 18 сағат ертерек, ал жалғыз екінші тракторшы

жыртқаннан 32 сағат ертерек бітірген болар еді. Осы тың жерді әрбір

тракторшы жеке-жеке қанша уақытта жыртып бітірер еді?

Жауабы: 42 сағ., 56 сағ.

2.28. Ағаш кесушілер бригадасы 3 күнде 184 куб метр отын

дайындады. Бригада бірінші күні жоспарлағанынан 14 куб метр артық,

ал екінші күні 2 куб метр кем отын дайындады. Үшінші күні бригада

жоспарды 16 куб метрге асыра орындады. Бригада жоспар бойынша

күніне неше куб метр отын дайындауға тиіс?

Жауабы: 49 м 3 .

2.29. Ауыл шаруашылық бірлестігі арпа егілген егістіктен 3570 ц арпа

жинап алды. Егер арпаның әрбір гектарынан алынатын өнімді 8

центнерге өсіруге мүмкіндік болса, онда 3570 ц өнім жинау үшін

бастапқы егіс алқабы қажет болар еді. Бірлестік неше гектар жерге

арпа еккен және өнімділігі қандай болған?

Жауабы: 105га, 34 ц.

2.30. Бір комбайншы екіншісіне қарағанда егістіктің белгілі бір бөлігін

24 сағат ертерек жинайды. Егер екі комбайншы бірігіп істесе, онда бұл

егістікті жалғыз екінші комбайншы жинайтын уақытынан 35 сағат

ертерек жинап біткен болар еді. Әрбір комбайншы егістіктің осы

бөлігін қанша уақытта жинап бітіреді?

Жауабы: 60сағ., 84 сағ.

2.31. Егер екі насос бірге жұмыс істесе ыдысты 4 сағатта суға

толтырады. Егер әрқайсысы жеке-жеке жұмыс істесе, 1-ші насос

ыдысты 2-ге қарағанда 6 сағ аз уақытта толтырады. 1-ші насос жеке

жұмыс істегенде ыдысты қанша сағатта суға толтырады?

Жауабы: 6 сағ.

2.32. Екі жұмысшы бірлесе жұмыс істеп 7 күнде жұмыстың 75%

атқарды. Олар жұмысты 10 күнде бітіргенімен 2-ші жұмысшы соңғы 2

күн жұмысқа шықпаған болса, әрқайсысы осы жұмысты жеке-жеке

орындағанда қанша уақытта бітіреді?

Жауабы: 14; 28.

2.33. Екі кран бірлесе жұмыс жасай отырып, баржадағы жүкті 6 сағатта

түсіріп болды. Егер олардың біреуі екіншісіне қарағанда жүкті 5 сағат

50

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!