20.10.2020 Views

Eurasian education №4 2020

«Eurasian education» is an International journal aimed to publish theoretical and empirical research data from various Kazakhstan schools and fields of science as well as from countries of near and far abroad. One of the most important tasks of the journal is to promote the professionalization of education and research works in the field of social sciences and humanities and natural sciences, as well as dissemination of best practices of pedagogue. The journal is targeted on wide range of readers

«Eurasian education» is an International journal aimed to publish theoretical and empirical research data from various Kazakhstan schools and fields of science as well as from countries of near and far abroad. One of the most important tasks of the journal is to promote the professionalization of education and research works in the field of social sciences and humanities and natural sciences, as well as dissemination of best practices of pedagogue. The journal is targeted on wide range of readers

SHOW MORE
SHOW LESS
  • No tags were found...

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Педагогика

4 (35) 2020

үстінде орамал жамылған)

Қуыршақ : Түлкіні көріп шошып кетеді. Ой мына түлкі

мерекемізде қайдан жүр.

Түлкі: Сәлеметсіңдер ме балалар. Сендерде ешқандай

мереке болмайды. Мен Аяз атаның шанасын ұрлап

кеттім. Енді олар мерекеге келе алмайды.

Сендердің шыршаларың жарқырамайды. (ха,ха деп

шыршаны айналып қаша жөнеледі)

Қуыршақ тоқт,тоқта деп қуады. Түлкіні қуып жете

алмайды.

Қуыршақ: Енді не істейміз. Шанасыз Аяз ата келмейді.

деп көңілсіз тұрады.

Жүргізуші: Қуыршақ сен ренжіме біздің кішкентай

қуыршақтар бізге көмектеседі. Олай болса біздің

кішкентай қуыршақтарымыздың биін тамашалаңыздар.

Би : «Куыршақтар»

Қуыршақ: Жарайсыңдар жақсы биледіңдер. Мен

Аяз ата мен Ақшақарды тауып сіздерге жіберейін. (деп

шығып кетеді)

Жүргізуші: Ал, балалар Аяз ата мен Ақшақарды

шақырайық.

Балалар: Аяз ата, Ақшақар! ( музыка әуенімен, екеуі

кіреді)

Аяз ата: (Ақшақар екеуі кіреді)

Ау, амансың ба, ұлдарым!

Амансың ба, қыздарым.

Қандай әсем жырларың,

Асулармен алысқан.

Асу желмен жарысқан,

Аталарың сендерге.

Шаршап келді алыстан,

Өздеріңе оралдым.

Бар сыйлығым жоралғым,

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер! Қадамдарыңыз құтты

болсын!

Ақшақар: Аяз ата, неге біздің шыршамыз жанбай тұр?

Сіз оны жаға аласыз ба?

Аяз ата: Қане, балалар, бәріміз бірігіп шыршаның

шамдарын жағайық.

Барлық балалар:

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат! – үш рет айтады.

Аяз ата: Бұл менің сендерге арналған базарлығым

болсын! Қандай өнерлерің бар, көрсете қойыңдар.

Жүргізуші: Аяз ата, балалар сізге арнап тақпақ, ән

айтып би билейміз дейді..

Аяз ата: Ендеше мен отырып тыңдайын.

(балалардың тақпақтары)

Жүргізуші: Біздің балаларымыздың арнайы жаңа жыл

мерекесіне дайындаған тақпақтарын тыңдаңыздар.

Тақпақтар:

9. К нам пришел Дед мороз

Будем веселиться

Будем петь и плясать

С музыкой кружиться

10. Жаңа жылмен, жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрінде!

11. Мұздан моншақ тағынып

Күміс қырау жамылып

Ортада тұр ақша қар

Көптен күткен сағынып.

12. Тақпақтарды жаттадық

Би де үйрендік көрсін дер

Аяз ата шаттанып

Бізге риза болсын деп

13. Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Кел балалар келіңдер

Тамашалап көріңдер

14. Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағынып

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып

15. Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келеді алыс сапардан

Аяз ата оралып

16. Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Ән салмыз баршамыз

Жүргізуші: Олай болса аяз ата біздің балалар жақсы

ән айтады.

Ән "Шырша жыры"

(Осы кезде түлкі кіреді басы салбырап)

Түлкі: Аяз ата Ақшақар, балалар мені кешіріңдерші.

Мен енді ешкімді алдамаймын.

Аяз ата: Балалар түлкіні кешіреміз бе?

Балалар: Иә кешіреміз

Аяз ата: Түлкі енді ешқашанда ешкімді алдама. біз сені

біржолға кешіреміз.

Түлкі: Қуанады, рахмет айтады.

Тақпақтар

17. Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Ән аламыз баршамыз

18. Ей, жаңа жыл, жаңа жыл,

Сыйла маған жаңа жыр

Жарқыраған шыршаны

Айналып бар бала жүр.

19. Праздник мы встречаем

Елку наряжаем

Вешаем игрушки

Шарики, хлопушки

20. Елочка, елочка

Вот она какая

Сройная красивая

Яркая, большая

21. Волшебный праздник Новый год

С нетерпеньем каждый ждет

Верят взрослые и дети

В сказку лучшую на свете

22. Мы подаркам очень рады

И его блогадарим!

Милый, дедушка спасибо,

От души мы говорим.

Аяз ата: Жарайсыңдар балалар тақпақты жақсы

айтады екенсіңдер өте тамаша.

Аяз ата: Маған арнаған тақпақтарың да, әндерің

де, билерің де ұнады, енді мен сендермен бір ойын

ойнағым келіп тұр.

Ойын: « Аққала жасау »5-7 сынып оқушылары

Тақпақтар ағылшын тілінде.

Аяз ата: Рахмет сендерге балалар. Келесі жылы

кездескенше. Қош сау болыңдар.

31

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!