20.10.2020 Views

Eurasian education №4 2020

«Eurasian education» is an International journal aimed to publish theoretical and empirical research data from various Kazakhstan schools and fields of science as well as from countries of near and far abroad. One of the most important tasks of the journal is to promote the professionalization of education and research works in the field of social sciences and humanities and natural sciences, as well as dissemination of best practices of pedagogue. The journal is targeted on wide range of readers

«Eurasian education» is an International journal aimed to publish theoretical and empirical research data from various Kazakhstan schools and fields of science as well as from countries of near and far abroad. One of the most important tasks of the journal is to promote the professionalization of education and research works in the field of social sciences and humanities and natural sciences, as well as dissemination of best practices of pedagogue. The journal is targeted on wide range of readers

SHOW MORE
SHOW LESS
  • No tags were found...

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

География

4 (35) 2020

Мақалада Шығыс Қазақстан облысында 57 ландшафт

анықталғандығы туралы, сонымен қатар ландшафттарының

құрылымы анықталып, сипаттама берілген. Шығыс

Қазақстан облысының ландшафт картасы жасалған.

В статье описывается выявление 57 ландшафтов Восточно-Казахстанской

области, а также структура ландшафтов. Разработана

ландшафтная карта Восточно-Казахстанской области.

The article describes the identification of 57 landscapes of the

East Kazakhstan region, as well as the structure of landscapes. A

landscape map of the East Kazakhstan region has been developed.

ХАКИМОВА МАДИНА СЕРІКҚЫЗЫ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы

мемлекеттік университетінің

магистранты

Шығыс Қазақстан облысы ландшафттарының құрылымы

Шығыс Қазақстан облысының географиялық жағдайы

бірегей. Ол Еуразия континентінің орта тұсында үлкен

аумақты Батыс Сібір жазығы, ОртаАзияны қамтитын

Ертіс өзенінің жоғарғы алабын алып жатыр [1].

Қазақстанның Шығыс өңірінің ландшафттары қоңыржай

белдеудің жазықты және таулы аймақтық типтеріне жатады.

Жазық аймақтарындағы ландшафттары зоналы, таулы

аймақтардағы ландшафттары азоналы болып келеді,

биіктік белдеулігі бойынша жүйеленеді. Қазақстанның

Шығыс өңірін қамтитын Шығыс Қазақстан облысының

аумағы Қазақтың ұсақ шоқысы, Каспий-Тұран жазығы

және таулы болып келетін Оңтүстік Сібір физикалық-географиялық

елдеріне жататын қоңыржай белдеудің орманды

дала, дала, шөлейтті, шөлді ланшафт¬тармен

ерекшеленеді. Әрбір физикалық-географиялық ел,

провинция, аймақ (облыс), аудан, т. б. таксономиялық

бірліктерге жіктеледі. Құмды жерлерде өсетін реликті

таспалы қарағай орманы Павлодар, Семей өңірлерінде

ғана кездеседі. Бұл реликті ландшафттар ерте заманнан

жаңа дәуірге жеткен және сирек кездесетін табиғи нысандар[2].

Шығыс Қазақстан облысының жер бедері пішіндері әркелкі,

жазықты өңірдің ландшафттары біртіндеп батыстан

шығысқа қарай төбелі, шоқылы, тау алды биік таулы

болып алмасып отырады.

Горизонтальды шөл зонасы, солтүстік-батыстан осындай

шөл дала зонасы Сауыр-Тарбағатайдың биік тау

алды ойпатындағы вертикальды шөл далалы зонаға

ауысады. Бұл көзқарас бойынша Зайсан провинциясы

біріңғай емес, бірақ толығымен құрғақ климатымен,

жоғары инсоляциясымен, аз бұлттылығымен, ыстық

жазымен және өте суық, аз қарлы қысымен ерекшеленеді.

Өсімдік жамылғысына тоқталсақ ксерофитті (жусанды-дәнді,

жусанды-тұзды, шөл далалы және шөлді)

әрі горизонтальды ылғал сүйгіш галофитті және псаммофитті

өсімдіктерге тән келеді. Биік таулы шалғынды зона

немесе белдеу, абсолютті биіктігі 1800-2000 м. Батыс

Тарбағатай жотасының су айырықтық бөлігі жатады. Ол,

негізінен, субальпілік және альпілік таулы-шалғынды топырақтарда

субальпілік кей бөліктерінде альпілік аласа

шөптесінді шалғын¬дарымен ерекшеленеді.

Таулы дала зонасы, Алтайдың таулы өлкелерінде,

Қалба тауының оңтүстік-батыс беткейлерінде Батыс

Тарбағатайтың орта және аласа таулы жолақтарында,

сонымен бірге Шыңғыстауда байқалады. Таулы дала

зонасы мынадай бел¬деулерге: шалғынды дала, далалық

қоңыржай-ылғалды, құрғақ дала, шөл далалы болып

бөлінеді [3].

Шығыс Қазақстан облысының ландшафттың картасы

Веселова Л.К. , Гельдыева Г.В. құрғын Қазақстанның

ландшафттың картасынан алынды (Cурет 1) [3].

Сурет-1 Шығыс Қaзaқстaнның ландшафт кaртaсы

Шығыс Қазақстан облысы ландшафттың картасында

57 ландшафт белгіленді.

• Кенді Алтай ландшафттары. Абсолюттік

биіктіктері батысында 300-400 м-ден шығысқа

қарай 2000-2500 м-ге дейін өзгереді. Кенді

Алтай аумағының 12%-ын жазық және 88%-

ын таулы ландшафттар кластары алып жатыр.

Территориясын ландшафттың бірнеше типіне

бөлуге болады, олар: далалық, орманды далалық,

орманды, орманды-шалғынды, таулы-шалғынды

және нивальды ландшафт типтері.

• Оңтүстік Алтай ландшафттары. Оңтүстік Алтай

– ландшафттық-географиялық жағынан кәдімгі

таулы аймақ болып есептеледі: Оңтүстік Сібір таулы

белдеуінің оңтүстік-батысында орналасқан. Шығысында

бірте-бірте Моңғолияның таулы-шөлейтті

ландшаф¬тарымен ұласады.Оңтүстік Алтайдағы

таулы-шалғынды ланшафттар 1900-2600 м биіктік

7

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!