21.03.2018 Views

10(44)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Журнал «Интернаука» № 10 (44), 2018 г.

жоспарлағанда төмендегі жағдайларды ескеруі

керек:

оқу деңгейі: бастауыш, орта, жоғары;

сабақтың тақырыбы;

тірек сөздер, тақырыптар;

негізгі терминдер сөздігі;

ойлау мен талқылау дағдысы;

топта жұмыс істей алуы;

қажетті дидактикалық материалдар;

іс-әрекетті дамыту тәсілдері;

бағалау тәсілдері(талаптар әдіс-тәсілдер) [4]

Тілдік қарым-қатынасқа түсуде оқу материалы –

оқылатын мәтін және сол мәтінмен жұмыс істеуге

мүмкіндік береді. Таңдалған материалдың

оқушылардың жас ерекшелігіне, қабылдау

қабілетіне, қалыптасқан тілдік білім деңгейіне

сәйкес болуы керек.

Оқушылардың тілдік дамуының негізгі құралы –

ана тілінде және екінші тілде әр сабақта қайталанып

отыратын сөйлеу құралдарының болуы маңызды. Ал

сөйлеу құрылымдары әр түрде беріліп, тілдің түрлі

коммуникативтік қызметін көрсетуі шарт. Атап

айтқанда:

атау қызметі(санды, күнді, айды, табиғат

құбылыстарын атау; уақыты, фактілерді айту және

т.б.);

қарым-қатынас пен эмоцияны білдіру қызметі

(өз ойын айту, қызығушылығын білдіру,

түсінгендері мен түсінбегендерін айту, таңданысын

айту және т.б.);

байланысқа түсу(рұқсат сұрау, өтініш білдіру,

алғыс айту және т.б.)

ақпарат алмасу (өзіне қатысты сұрақтарға

жауап беру, ниетін білдіру, іс әрекетті, жағдайды

баяндау, адамдарға мінездеме беру және т.б.)

нұсқау жүргізу(ережелерді түсіндіру,

қайталауын сұрау, әрекет ретін хабарлау және т.б.).

Мысалы,оқушылардың жұмысын бағалауда

төмендегі тәсілді қолдануға болады:

Маған жауап ұнады................, себебі.....................

Маған жауапқа күмәнім бар..............., себебі........

Мен келісемін......................., себебі.......................

Мен келіспеймін....................., себебі.....................

Сонымен қатар мәтінмен жұмыс істеуде мәтін

алды тапсырмалар мен мәтіннен кейінгі

тапсырмалар жүйесінің бірізділігі мен логикалық

байланысы болуы шарт. Себебі, оқушылар

лексикамен жұмыс істегенде сол сөздерді, сөз

тіркестерін мәтіннің ішінде кездестіргенде біліп,

түсінуі, сол мәтін бойынша өздерінің қарапайым

сұрақтар құрастыра алуы қажет.

Пәндерді екінші және үшінші тіл арқылы

оқытуда мұғалімдер CLIL әдісін кеңінен қолдануда.

CLIL, яғни пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісін

Еуропалық комиссия 2004–2006 жылдарға арналған

Еуропада көптілді білімді дамыту іс-қимылдары

шеңберінде ұсынған. Аталмыш әдіс үздіксіз өзгеріс

үстіндегі жаһандану заманында мектеп түлектерінің

бәсекеге қабілеттіліктерінің бір белгісі болып

табылатын тілдерді және басқа тілдерде пәндерді

игеруді жүзеге асыру үшін әзірленген. Тілді үйрену

пән мазмұнын меңгеруде жүзеге асады.

Оқушылардың тілдік дағдысы «мақсатты»

тілде(үйрететін тілде) көрнекі

құралдардың(кестелер, сызбалар, диаграммалар

және т.б.) көмегімен дамиды. Пән мен тілді

кіріктіріп оқыту әдістемесі негізінде сабақта

берілетін тапсырмалар мен жұмыстар пән мазмұнын

игереді, сонымен қатар, сол пән арқылы

оқушылардың тілдік дағдыларын дамытады.

CLIL оқыту әдістемесінің белсенді әдістері:

Қарапайым және күрделі сұрақтар /HOTS-

LOTS/;

Сурет салу арқылы сөйлеу;

Сөйлем құрастыру;

Бір немесе екінші тілді қолдану;

Ақпараттық кеш;

Шағын және үлкен топпен жұмыс;

Сыни ойлауды дамыту және т.б.

Оқушылардың тілдік дағдыларын «мақсатты»

тілде қарапайым оқыту арқылы қалыптастыру аз, ол

тілдік қажеттілігі туралы біліммен тұрады, осы

қажеттіліктерді пән мазмұнын сол тілде меңгерту

арқылы қанағаттандырады және қалыптастыруда

дамытудың мониторингін жасайды. Оқушылардың

оқу дағдыларын қалыптастыру – тілді меңгеру мен

пән мазмұнын игерудің маңызды бөлігі.

Халықаралық практика мұндай әдістің орынды

пайдаланған жағдайда жақсы нәтиже беретінін

көрсеткен. Өйткені, пән мазмұны мен тілді оқыту

өзара терең байланыста болады. Екеуі де ойлау

қабілеті мен оқуды жақсарту үшін маңызды.

Мағыналық мазмұнды талқылау мақсатымен

басқалармен өзара әрекеттесу үшін тілді пайдалана

отырып, адамдар өздерінің ойлау қабілетін

жақсартады, бұл өз кезегінде олардың оқу қабілетін

жақсартуына септігін тигізуі мүмкін. Осылайша

бала біріншіден, «математика», «тарих» немесе

«химия» сияқты пәндік салаларға тән академиялық

тілді, оған тән терминология мен грамматикалық

ережелерді игереді, екіншіден екінші немесе үшінші

тілде тиісті мәнмәтінде күнделікті өмірде тікелей

араласу үшін пайдалануға үйренеді.

Бұдан басқа, жаңа тәсіл қолданылады –

командалық оқыту(team teaching), оның барысында

бір сыныпта екі мұғалім бірлесіп сабақты

жоспарлайды және жүргізеді, оның біреуі бірінші

тілде - қазақ немесе орыс тілде сабақ берсе, екіншісі

ағышын тілде сабақ береді. Осының негізінде қарым

қатынасты қалаған тілде жүргізіп пән бойынша

тақырыптарды игеруге, материалды меңгерудегі

қиыншылықтар туындаған жағдайда ана тілде көмек

алуға мүмкіндік береді. Оқушының қалауы мен

сұранысы ескеріледі.

Қорыта айтқанда, тұлға әлеуеті бір емес, үш

емес бірнеше тілді меңгеруге жететіндігін естен

шығармаған дұрыс. Өз ресурстарымызды

толыққанды жүзеге асырудың қадамдарын жүйелі

жүргізгенде ғана мүмкіндіктерін толыққанды ашуға

қолдау көрсетеді. Бір тіл білген бір адам, екі тіл

білген екі адам, үш тіл білген адам үш адам екені

сөзсіз.

59

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!