05.03.2019 Views

Eurasian education №1 2019

«Eurasian education» is an International journal aimed to publish theoretical and empirical research data from various Kazakhstan schools and fields of science as well as from countries of near and far abroad. One of the most important tasks of the journal is to promote the professionalization of education and research works in the field of social sciences and humanities and natural sciences, as well as dissemination of best practices of pedagogue. The journal is targeted on wide range of readers

«Eurasian education» is an International journal aimed to publish theoretical and empirical research data from various Kazakhstan schools and fields of science as well as from countries of near and far abroad. One of the most important tasks of the journal is to promote the professionalization of education and research works in the field of social sciences and humanities and natural sciences, as well as dissemination of best practices of pedagogue. The journal is targeted on wide range of readers

SHOW MORE
SHOW LESS

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

¹5 (25) 2018

меңгереді және ойында тиімді пайдаланады.

Құндылық-еріктік компонент танымдық белсенділіктің

нақты мақсатқа бағытталуын қамтамасыз ете отырып,

зейінді шоғырландырады және ойынға эмоциялық өң

береді. Демек, ойынның бұл компоненті әлеуметікмәдени

тәжірибенің ерекше түрі ретінде жеке

бағдарлауды дамытуға бағытталады.

Бағалаушылық компонент ойын нәтижесінің ойынның

мақсатымен үйлесіп келуін қамтамасыз етеді. Яғни,

баланың танымдық іс-әрекет барысында тиісті

ақпараттарды (білім, іскерлік, дағды) жүйелі меңгеруі

жатады. Сонымен қатар, бүл компонент ойын үрдісін

басқаруды және өз іс-әрекетін реттеуді қамтамасыз

етпек.

Қарастырылып отырған ойын компоненттерінің

барлығы өзара бір-бірімен тығыз байланысты, оларды

бір-бірінен бөлуге болмайды, өйткені бұл компоненттер

ойынның құрылымын анықтайды.

Көптеген зерттеушілер осы компоненттердің бірқатар

құрылымдық элементтерін бөліп көрсеткен, мәселен:

ойынның ережесі, міндеттері, ойын жағдаяты, сюжеті,

ойын әрекеті, нәтижесі.

Кез келген ойынның басталуы педагог-тәрбиешінің

жетекшілігімен ойынға эмоциялық өң беру арқылы

жүзеге асырылады. Бұл балалардың ойынның

міндеттерін түсініп, қабылдауын қамтамасыз етуші,

танымдық мотивациясын қалыптастырушы, ойлау ісәрекетін,

қиялын белсендіруші - өзіндік ерекшелігі бар

ойын алдындағы жағдаяттар, ойын алдындағы даярлық

болып табылады. Балалардың ойынға белсенді кірісуін

әр педагог әр түрлі қызықты тәсілдерді қолдана отырып

қамтамасыз ете алады. Мүмкін, ол әр түрлі суреттер,

тіпті педагогтың шағын әңгімесі арқылы басталуы

мүмкін, мысалы: "Біздің жорығымыз ну орманда

басталды деп ойлайық".

Жоғарыда аталған элементтердің барлығы

балаларды ойын жағдаятына ендіруге, қызықтыруға

мүмкіндік жасайды. Сөзіміз дәлелді болу үшін әр

компоненттің құрылымдық элементтеріне тоқтала

кетейік. Ең әуелі мотивациялық компонент ойын

жағдаятын қамтамасыз етеді дедік. Педагог-тәрбиеші

балаларды ойынға тартуда "Көз алдыларына

елестетіңдер…", "болып жатыр", "Біз … жүрміз" және т.

б. тәрізді сөз тіркестерін пайдаланады.

Балаларды ойынға тартуда ойынды өткізу үшін алдынала

ойластырылған орман, мұхит, көлдің жағасы және

т. б. айтарлықтай маңызы бар екенін әсте ұмытпаған

жөн. Сонымен қатар, ойын мазмұны, ойын әрекеттеріне

сәйкес қатысатын балалар саны да алдын-ала

анықталады. Ойын нәтижелі болу үшін педагог-тәрбиеші

балалардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасының

ережесі тәрбиелеуші рөлді атқарады, сонымен қатар

оны дұрыс бағыттайды. Ойын ережесіне бірнеше мысал

келтіруге болады, мәселен: өз жұмысыңды аяқтадың,

бала досыңа көмектес: қайырымды бол, құрбыдостарыңның

айтқанын мұқият тыңдай біл және т. б.

Жарыс-ойындарында тәртіпті реттеу үшін айып төлеу

енгізуге болады. Бұл балаларды жалпыға ортақ ережені

орындаудың қажеттігін түсінуге үйретеді.

Ойынның негізгі ерекшелігі - ол балалардың қоршаған

өмірді: адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу

болып табылады. Ойында бөлме, теңіз, аспан кеңістігі

де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар

жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен

мазмұнына лайықты маңыз береді.

Ойын іс - әрекетінің тағы бір ерекшелігі - оның

әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды

жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне

мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы

білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын

білдіреді.

Балалар ойынының ерекшелігі сондай-ақ бейненің,

ойын әрекеті мен сөздің ұштасуымен өзара

Ïåäàãîãèêà

байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес,

шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның

іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің

баланы баурап әкететіні соншалық - ол тіпті өзін

әдеттегідей шақырғанға жауап та қатпайды.

Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз

болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді.

Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен

шешесі үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі және

т. б. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып

табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын

толығырақ ашады.

Ойын үдерісінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл

атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер

алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды.

Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет

атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен

достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен

құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына

және дамуына көмектеседі.

Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар:

ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын

әрекеттері, рөлдер, ойынның өзінен туатын және

балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын

ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және

ойынды балалардың өзінше бір іс-әрекеті ретінде

көрсетеді.

Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және

қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен:

"дүкен", "аурухана", "әскер" және т.с.с. болып ойнау. Ол

сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің өзінде

бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және

ойынның өзегі болып табылады.

Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды аздыкөпті

мынадай типтік топтарға бөлуге болады:

- тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар

("отбасы", "мектеп", "балабақша" болып ойнау);

- жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар (үйлер,

стадиондар тұрғызу, кеме салу);

- қоғамдық оқиғаларды салу, дәстүрлерді бейнелейтін

ойындар (мерекелік демонстрациялар, қонақтарды

қарсы алу, саяхаттар).

Ойындарды бұлай бөлу, әрине шартты ғана, өйткені

ойын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын бейнелеуді

қамтуы мүмкін.

Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл оның жанды

тұлғасын құрайды, ойын әрекеттерінің, балалардың

өзара қарым-қатынастарының дамуын, көпжақтылығын

және өзара байланысын анықтайды. Ойынның

мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен

ынтаны қоздырады.

Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні - бала

атқаратын рөл. Ойын үдерісінде рөлге берілетін

маңызына қарай көптеген ойындар рөлді немесе рөлдісюжетті

ойындар деп аталады. Рөл әрқашан адамға

немесе жануарға, ол қиялдағы қылықтарға, ісәрекеттерге,

қарым-қатынастарға қатысты болады.

Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған

нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды.

Ойын үдерісінде балалардың өздері (ал кейбір

ойындарда - ересектер) ойнаушылардың мінез-құлқы

мен өзара қарым-қатынасын анықтайтын және

реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға

ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын

баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарымқатынастың

одан арғы дамуын, күрделене түсуін

айқындайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ,

ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына

көмектеседі.

Сабақтың үстінде ойынды қолдану мынадай негізгі

шарттарға жүгінеді:

- ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде

қойылады;

36

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!