05.03.2019 Views

Eurasian education №1 2019

«Eurasian education» is an International journal aimed to publish theoretical and empirical research data from various Kazakhstan schools and fields of science as well as from countries of near and far abroad. One of the most important tasks of the journal is to promote the professionalization of education and research works in the field of social sciences and humanities and natural sciences, as well as dissemination of best practices of pedagogue. The journal is targeted on wide range of readers

«Eurasian education» is an International journal aimed to publish theoretical and empirical research data from various Kazakhstan schools and fields of science as well as from countries of near and far abroad. One of the most important tasks of the journal is to promote the professionalization of education and research works in the field of social sciences and humanities and natural sciences, as well as dissemination of best practices of pedagogue. The journal is targeted on wide range of readers

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Ïåäàãîãèêà

- оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады;

- оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады;

- оқу әрекетіне ойын жұмыс элементі ретінде кіреді;

- ойын нәтижесі бірден шығарылып отырады;

Осындай дайындық кезінде сабақтағы ойын

элементін қолдану үшін мына мәселелерді ескеру

қажет:

- тәрбиелік мақсаты;

- қолданылатын көрнекіліктер;

- уақытты үнемдеу;

- ойын қызықты болды ма?;

- оқушылардың белсенділігін бақылау.

Сабақ барысында оқушыларға ойынның мақсаты мен

талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды

рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы олардың пәнге деген

қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын

білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны

толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге

жаттығады.

Ойын әрекетінің түрткісі оның еріктілігімен, таңдау

мүмкіндігі, жарыс элементтері болуымен қамтамасыз

етіледі.

Үрдіс ретінде ойын құрылымына:

- ойнаушының өзіне таңдаған рөлдері;

- сол рөлдерді іске асыру құралы ретіндегі ойын

элементтері;

- нәрселердің ойындық қолданылуы, яғни шынайы

нәрселердің шартты түрде не ойын түріне ауыстырылуы;

- ойнаушылар арасындағы шынайы қарымқатынастар;

- сюжет (мазмұн) - ойын барысында шартты түрде

алынатын шындық саласы.

Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны

сүйгіш келеді. Сондықтан мұғалім сабақ барысында

ойын түрлерін пайдаланып отырса, оқушылардың

сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде

қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле

түседі.

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш

сыныптарда пайдаланылатын: ойын-сабақ, ойын

жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы

ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер,

іскерлік ойындар немесе ұлттық ойындар және тағы

басқалары. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты

дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Оқу үрдісінде - кеңінен қолданылатын ойынның тағы

бір түрі ол - дамытушы ойындар. Дамытушы

ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынтаықыласын

еске ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім,

білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға

қойылатын бірінші талап - оқушының танымдық

әрекетін, қызығушылығын дамыту.

Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап

береді:

- балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік

беру;

- баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;

- білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі

ізденуге қамтамасыз ету;

- ойын барысында баланың жаңа білім, білік,

дағдылардың қайнар көздеріне жетуі;

- баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа

алған білім, білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.

Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың

танымдық әрекеттерін дамытуда, әсіресе, кейінгі үш

бөлімнің маңызы зор.

Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері

қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың

орны ерекше. Өйткені, өздері ойын барысында жаңа

білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу

тілі мен олардың түрлі қабілеттері: конструкциялық,

музыкалық, ұйымдастырушылық қасиеттері дамиды.

Сабақты бірыңғай әдістермен жүргізе беру

¹1 (26) 2019

оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын

араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына аса

назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады.

Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларының

назарын аударатын ойын түрлерінің бірі - спорттық

ойындар. Бұл ойын түрі берілген тапсырманы

орындаумен қатар баланың денсаулығын нығайтып,

тағы басқа көптеген қасиеттерін дамытады.

Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті - оқу,

қарым-қатынас, ойын және еңбек болса, бұлардың

әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы

дамытады. Оқу білім алу мен білік, дағдыны

қалыптастырса, қарым-қатынас балалардың бірін-бірі

дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын

арттырады. Ойын - пәндік әрекеттерді жетілдіріп,

бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ал

еңбек - қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық,

кеңестік және көрнекі ойлауын жетілдіреді.

Балалардың бұндай әрекеттерге белсене қатысуы

олардың психикалық дамуын арттырады деп

түсіндірген.

Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу

мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен

тыңдап, білімді берік меңгеруге көмектеседі. Өйткені

бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне

байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын

барысында балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам,

дәл орындауға тырысады. Төменгі сынып оқушыларына

ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген

қызығушылығын арттырып, сабаққа белсенді түрде

қатысып, түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.

Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен

сайын дидактикалық "деректіден дерексізге, жеңілден

ауырға, жақыннан алысқа" деген принципті негізге ала

отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады.

Мүмкіндігіне қарай әр тақырып бойынша ойын түрлерін

қолданып сабақ жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шыңдап,

сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.

Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып

білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті - сол

ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды

өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл

байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті

меңгертуге қол жеткізу.

Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану -

бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды

қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып

табылады. Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін

балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне

сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде,

өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау

және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде

оқыту әдісінің құралы ретінде пайдалануға болады.

Мысалы, алты жасар балалармен жұмысты

ұйымдастыруда, олар шаршап қалмас үшін математика

сабақтарындағы жаттығу есептерін жиі ойын ретінде

өткізген дұрыс. Ойын оқу үрдісін ширата түседі,

балалардың оқуға деген қызығушылығын арттырады.

Мәліметтерді дұрыс қабылдауға көмектеседі. Сол

себепті балалардың жасы қаншалықты кіші болса,

сабаққа соншалықты ойын элементтерін көбірек енгізу

керек. Сонымен бірге сабақта ұсынылатын әрбір

ойынның тәрбиелік маңызының зор болуы, әр ойын

оқушының қабілеті мен ой-өрісін дамытуға оң әсерін

тигізетіндей болуы керек.

Ойын жұмыс түрін түрлендіруге және оқушылардың

назарын аударуға көмектеседі. Олар әр сабақта өтіледі,

сондықтан өтілетін материал сабақ мақсатына сай болу

керек.

Макаренконың "бала ойында қандай болса, өмірде

де сондай болады, үлкендердің жұмыстағы, қоғамдық

өмірдегі қызметкерлігі, қайраткерлігі баланың

ойынымен тең" деген пікірін шындықтан алшақ деп

37

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!