05.03.2019 Views

Eurasian education №1 2019

«Eurasian education» is an International journal aimed to publish theoretical and empirical research data from various Kazakhstan schools and fields of science as well as from countries of near and far abroad. One of the most important tasks of the journal is to promote the professionalization of education and research works in the field of social sciences and humanities and natural sciences, as well as dissemination of best practices of pedagogue. The journal is targeted on wide range of readers

«Eurasian education» is an International journal aimed to publish theoretical and empirical research data from various Kazakhstan schools and fields of science as well as from countries of near and far abroad. One of the most important tasks of the journal is to promote the professionalization of education and research works in the field of social sciences and humanities and natural sciences, as well as dissemination of best practices of pedagogue. The journal is targeted on wide range of readers

SHOW MORE
SHOW LESS

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

¹5 (25) 2018

Қызылда - тоқтайды, жасылда - …

Буратино:

Рахмет, балалар, енді міндетті түрде білім алуға

мектепке барамын. Өте қызықты екен.

Тәрбиеші:

- Ал, біз саған "Әліппе" сыйлаймыз. Балалар әр

адамның білім алуға құқы бар.

(жетон "Білім алу құқығы").

3. Тәрбиеші:

- Сиқырлы табақтағы алма домалап бізді...

Қойылым: (Күлшеқыз еден сыпырып жүреді)

Тәрбиеші:

- Балалар біз қай ертегіге тап болдық?

("Күлшеқыз" Ш.Перро)

- Күлшеқыз күні бойы тыным таппай еңбектенеді.

Қанекей одан сұрайықшы, оның арманы не екен?

Тәрбиеші:

- Күлшеқыз, сен нені армандайсың?

Күлшеқыз

- Менің балға барғым келеді. Мен билегенді

ұнатамын, бірақ, бара алмаймын, жұмысым өте көп.

Тәрбиеші:

- Күлшеқыз, сен кішкене демалып, бізбен бірге билеп

ал.

Сергіту сәті. "Көңілді күн" видиоролик.

Күлшеқыз:

- рахмет, балалар! Мен бір демалып қалдым.

Тәрбиеші:

- Әр балаланың демалуға құқы бар. (жетон "Демалыс")

4. Тәрбиеші:

- Сиқырлы табақтағы алма айналсын, бізді ертегі еліне

тап қылсын.

- Біз сендермен көк шалғынға тап болдық. Балалар,

кім жылап отырғанын естимісіңдер?

Қойылым: (Қоян жылап отыр)

- Қоян сен неге жылап отырсың? Кім сені ренжітті?

Қоян:

- Менің өз үйім болған, түлкі өтінген соң үйіме кіргізгем,

ақырында ол мені қуып шықты. Енді мен үйсіз қалдым.

Тәрбиеші:

- Балалар, бұл ертегі қалай аталады?

("Қоянның үйшігі")

Тәрбиеші:

- Балалар, қоянға көмектесемізбе? Оған үйшік жасап

берейікпе?

Ойын: "Танграм" ( ЗДОБ оқушылар)

Тәрбиеші:

Ïåäàãîãèêà

- Қарашы қоян, саған қандай әдемі үй құрап бердік.

Қоян:

- Рахмет, балалар! Барлық достарымды шақырамын,

барлығы келіп тұрсын. Бізде үлкен бір көше болады.

Тәрбиеші:

- Балалар, әр бала баспанада тұруға құқы бар. (жетон

"Үй")

5. Тәрбиеші:

- Сиқырлы табақтағы алма айналсын, бізді ертегі еліне

тап қылсын.

Қойылым: (Қызыл Телпек есік қағып тұрады)

Қасқыр: (әже киімін киген):

- Жіптен тартсаң балам, есік ашылады.

Қызыл Телпек:

- Әже, сенің құлақтарың неге үлкен?

Қасқыр:

- Сені жақсы есту үшін.

Қызыл Телпек:

- Әже, сенің көздерің неге үлкен?

Қасқыр:

- Сені жақсы көру үшін, балам.

Тәрбиеші:

- Балалар, бұл ертегі қалай аталады?

("Қызыл Телпек" Ш.Перро)

- Балалар, Қызыл Телпекке қауіп төніп тұрма? Қанекей

қасқырды қорқытып, қуып жіберейік. (Шапалақтап,

аяқпен тарсылдатады. Қасқыр қашып кетеді)

Қызыл Телпек:

- Мені құтқарғандарың үшін сендерге көп рахмет,

балалар. Сендер ұйымшылсыңдар, достық қана

жамандықты жеңеді.

Тәрбиеші:

- Сонымен, балалар, әр баланың қамқорлыққа құқы

бар. (қауіпсіз өмір сүру) (жетон "Қамқорлық").

ІІІ. Қортынды.

Тәрбиеші:

- Балалар, сендер бүгін кейбір құқықтармен таныстыңдар.

Жетондарға қарап есімізге түсіріп атайықшы.

"Есім алу құқығы"

"Білім алу құқығы"

"Демалыс құқығы"

"Баспана құқығы"

"Қамқорлық құқығы (қауіпсіз өмір сүру)"

- Ал енді, ертегі елінен өз сыныбымызға қайтатын кез

келді. Ұшақ кілемге отырып қайтайық. Сау болыңдар!

(музыка ойналады)

54

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!