05.03.2019 Views

Eurasian education №1 2019

«Eurasian education» is an International journal aimed to publish theoretical and empirical research data from various Kazakhstan schools and fields of science as well as from countries of near and far abroad. One of the most important tasks of the journal is to promote the professionalization of education and research works in the field of social sciences and humanities and natural sciences, as well as dissemination of best practices of pedagogue. The journal is targeted on wide range of readers

«Eurasian education» is an International journal aimed to publish theoretical and empirical research data from various Kazakhstan schools and fields of science as well as from countries of near and far abroad. One of the most important tasks of the journal is to promote the professionalization of education and research works in the field of social sciences and humanities and natural sciences, as well as dissemination of best practices of pedagogue. The journal is targeted on wide range of readers

SHOW MORE
SHOW LESS

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

Ïåäàãîãèêà

¹1 (26) 2019

ТУСУПОВА АЙГҮЛ

РАХЫМБЕКОВНА

№ 8 жалпы орта білім

беретін көркемдік -

эстетикалық білім және

тәрбие беру

мектеп - кешенінің қазақ

тілі және әдебиеті пәні

мұғалімі

МАКСУТОВА АЛЬМИРА

ҚАДЫРҚЫЗЫ

№ 8 жалпы орта білім

беретін көркемдік -

эстетикалық білім және

тәрбие беру

мектеп - кешенінің қазақ

тілі және әдебиеті пәні

мұғалімі

Мақала орта мектеп оқушыларының оқуға

деген ынтасы мен үлгерімін арттыру

мақсатында педагогикалық ұжымның бірлескен

мониторинг жұмыстарын жүргізу мәселелеріне

арналған. Авторлар өздері жүргізген сабақтарды

талдау тәжірибелерімен бөліседі.

Статья посвящена вопросам совместного

мониторинга, осуществляемого педагогического

коллективом средней школы в целях

повышения мотивации учащихся и улучшения их

успеваемости. Авторы статьи делятся

собственным опытом по анализу проведенных

ими уроков.

The article is devoted to the issues of joint monitoring

carried out by a team of high school teachers in

order to increase the motivation of students and improve

their academic performance. The authors share

his own experience on the analysis of their lessons.

САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ - ТӘЖІРИБЕНІ

ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді

әдісі - зерттеу сабақтары. Зерттеу сабағы - мұғалімдердің

кәсіби білімін жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық

педагогикалық тәсіл. Зерттеу жұмысына жоспарлау,

оқыту, қадағалау жұмыстарын жүргізе отырып, оқыту

мен оқуды талдап, өз қорытындыларын тұжырымдап

өзара тәжірибе алмасатын мұғалімдерден құрылған

шағын зерттеу тобы қатысады. Осы бағытта Семей

қаласы №8 мектеп-кешенінде 3 сыныпта зерттеу

тобының ұйымдастыруымен зерттеу сабақтары

ұйымдастырылды. Зерттеу сабақтарының

тақырыптары: "Сан есім және оның мағыналық түрлері"

Бірінші сабақта оқушыларды топқа бөлу кезінде

біршама уақыт алды. Бұл топпен жұмысты жүйелі

жүргізуді қажет етеді. Сабақтың алғашқы бөлімінде

мұғалім "Мақалдарды түсін" әдісін қолданды. Оқушылар

сұрақтардың орнына сан есімдерді қояды және өткен

сабақтармен байланыстырады.Осы кезде оқушылар

өткен тақырып пен бүгінгі тақырыпты байланыстыруда

жақсы нәтиже көрсетті. Бұл - сынып оқушыларының

алған білімді жүйелі қолдану дағдысының бір көрінісі.

Бұл бүгінгі оқушыларымызға ең керек тәжірибе.

"Ыстық микрофон" әдісінде оқушылар жаппай

белсенділік танытуға тырысты, берілген мәтінді түсініп

оқып, сұрақ дайындады. Әр оқушы сұрақтар дайындап,

өз нұсқаларын ұсынуға жанталасты. Бұл бастауыш

оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкес белсенділігін

арттыратын тиімді қолданылған стратегия болды деп

түйдім.

"Фрейер"әдісі қолдану барысында орта В деңгейлі

оқушы өзінің ойының ұшқырлығымен, сөйлеу мәнерінің

жүйелілігімен басқа сыныптастарынан ерекшеленді.

Мақалда кездескен "екі" деген сан есімнің

синонимдерін тауып, сөйлем құрауда ешкімнің

көмегінсіз қиналмай орындап отыр. Демек, оқушының

мағынаны терең түсініп, ойлау дағдысының негізі жақсы

қалыптасқан.

А деңгейлі (жоғары) оқушы сабақ барысында ерекше

белсенділігімен көріне алмады, сондықтан келесі

сабақтарда топтық жұмыспен қоса жеке оқушыға, жұпқа

бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдану керек деп шешім

қабылдадық.

С деңгейлі (төмен) оқушы топтық жұмыс барысында

сыныптастарымен еркін араласып отырды.Сабақтың

әр кезеңінде мүмкіндігінше жауап беріп отырды, кей

жағдайда жауабы дұрыс жауаптан алшақтау болса да,

тапсырмалады орындауға талпыныс байқалып тұрды.

Келесі сабаққа ұсыныстар:

1. Сынып оқушыларының мүмкіндігін мейлінше таныту

үшін шағын топтарға бөлу (әр топта 6 оқушыдан), өйткені

бүгінгі сабақта 8 оқушыдан 3 топқа бөлінгенде кейбір

оқушылар белсенділік таныта алмады, топтардағы

лидер оқушылардың тасасында қалып қойды.

2. Келесі сабақтарда топтық жұмыспен қоса жеке

оқушыға, жұпқа бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдану

керек.

3. Мәтінмен жұмыс істеуде дұрыс сұрақ қою, сұраққа

түсініп жауап беру әдісін жүйелі жүргізу, сондықтан

келесі сағатта "Ыстық микрофон" әдісін қайта қолдану.

Екінші сабақ өткен сабаққа қарағанда жинақы өтті.

Оқушылар да топқа бөліну кезінде де, мәтінмен жұмыс

істеу барысында да біршама икемделгені байқалды.

Бүгін "Ыстық микрофон" әдісін қолдану барысында

оқушылардың мәтін бойынша сұрақ қоюға біршама

икемделгені байқалды. Әрине, оқу сауаттылығын

жетілдіру бүгінгі күні ұстаздардан сұралып отырған ең

негізгі міндеттердің бірі екенін ескерсек, осы бағытта

мәтінмен жұмысты жүйелі жолға қою керек деп

тұжырымдадық. Сұрақ құрастырып, құрбыларына сұрақ

қоюда А, В, С оқушылары қатысты. Бүгін де В деңгейлі

оқушы өзінің сөйлеу мәнерімен, берілген сұрақтарға

кібіртіктемей нақты, дәл жауап беру қабілетімен

ерекшеленді. Демек, оқушы жеке, шығармашылық

тапсырмаларды орындағанға өте икемді, ойын еркін

жеткізе алады.

"Артығын тап" тапсырмасын орындау барысында

барлық оқушылар жұмылдырылды. Осы тапсырма

барысында да ойы жүйрік, шапшаң қабылдайтын

оқушылар тапсырманы қызығушылықпен тез орындады

және жауаптарын дәлелдеуге тырысты. Дегенмен

41

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!