11.11.2013 Views

dissertacia-myrzabaeva.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

шаруашылығында маңызды жем, азық - түлік, майлы, дәрілік ресурстар

ретіндегі потенциалдарын бағалау болып табылады.

Көптеген мәдени дақылдар тұзды стресс барысында өздерінің өсу, даму

және көбеюінің генетикалық потенциалдарын толығымен көрсете алмайды,

және тұзды стрестің қарқындылығы жоғарылаған сайын олар өздерінің

экономикалық құндылықтарын да жоғалтады. Суармалы мәдени дақыл

ретінде қолданылуы үшін галофиттер төрт негізгі көрсеткіштерге ие болуы

қажет: 1) өнімділігі жоғары болуы тиіс; 2) суару тәртібі әдеттегі дақылдарға

ұқсас, топырақты ластамауы тиіс; 3) галофиттердің өнімі әдеттегі астық

өнімін алмастыра алуы қажет; 4) ауыл шаруашылық инфрақұрылымының

ішінде алатын орны жоғары болуы қажет [31].

Галофиттердің басым көпшілігі адамдарға қажетті дәстүрлі азық, дәндідақылдар,

май өнімі, мал азығы болып табылады [32]. Айта кетер тағы

ұтымды жағы, оларда жалпы ақуыз мөлшерінің жоғары деңгейде кездесуі,

мысалы, алабота (Atriplex hortensis) өсімдігі құрамындағы ақуыз мөлшері

құрғақ массасының 12-22% - ын құрайды [33]. Дәні майға бай галофиттер,

соның ішінде Kosteletzkya virginica өсімдігінің дәнін 32%- ақуыз, 22% - май

құраса [34; 35], сораңшөп (Salicornia bigelovii) дәнінің 28% - ын май, 31% -

ын ақуыздар құрайды, бұл өз кезегінде олардың құрамындағы майдың

сояның құрамындағы майдың мөлшерімен шамалас болып табылатындығын

дәлелдейді [36].

Азық-түліктік құндылығы жөнінен келешегі зор дақылдардың бірі -

Cucurbita foitidessima, медицина мен өндірісте маңызы зор дақылдар - Aloe

vera және Asclepias. Энергетикалық мақсатта биомасса өнімділігі үшін

Atriplex canescens, Chrysothamnus nauseousus, Sfrcobatum vermiculatus,

Artemisia tridentate кеңінен қолданылады [37]. Ал кейбір галофиттер Batus

maritime, Portulaca oieracea, Suaeda torreyana адам азығы үшін қолданылады

[38]. Тұзды топырақтарды игеру барысында және олардың азық-түліктік

құндылықтарын жоғарылату барысында тұзға төзімді жеміс - жидекті

өсімдіктерге деген қызығушылықтар да арту үстінде. Жабайы өсетін галофит

- ақтікен (Nitraria schoberi) – бұталы өсімдік, жемістері аскорбин қышқылына

өте бай болып келеді. Бұл өсімдіктің тұзға төзімділігі өте жоғары және құмды

аймақтарда мықты құмды бекітуші өсімдік ретінде де белгілі [23, 11-бет].

Сонымен қатар галофиттердің және басқа да тұзға төзімді өсімдіктердің

вегетативті өнімдерін мал азығы ретінде де әлеуеті жоғары өсімдіктер,

мысалы: Kochia sp., Juncus sp., Leptochloa fusca, Acacia sp., Suaeda fruticosa,

Nitraria retusa, Salsola sp., Atriplex sp., Paspalum distichum and Scirpus litoralis

белгілі [39; 40].

Галофиттердің ауыл шаруашылық маңызының зор екенін ескере

отырып, бұл өсімдіктерді тағы да тұзбен ластанған топырақты айықтыру,

қалпына келтіру мүмкіндігі де жоғары екені дәлелденді [41]. Олардың алуан

түрлігіне байланысты көкөніс, жем және майлы дақылды дәндерінен май алу

және медициналық дәрі-дәрмек ретінде пайдалану оларды кең ауқымда

зерттеудің қажеттілігін арттырады. Қорыта келе, мәдени дақылдардың тұзды

15

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!