11.11.2013 Views

dissertacia-myrzabaeva.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

тасымалдау үшін амидтердің орнына уреидтерді пайдалану, тасымалданған

әрбір азот үшін алты және тоғызға дейінгі АТФ -ті үнемдейді [244,1205-бет ].

Біздің тәжірибелерімізде қолданылған келесі молибдофермент -

альдегидоксидаза. Альдегидоксидаза цитоплазмада кездесетін, молекулалық

салмағы 300кДа болатын гомодимерлі фермент. Өсімдік АО - ферменті

субстратты ауқымы кең, өсімдік фитогормоны, абсциз қышқылының соңғы

сатысын катализдеуші фермент [240, 13548-бет]. АО - ферментінің екі

жолағы A.hortensis өсімдігінің жапырағында анықталды. АО - ферментінің

оптималды активтілігі тұзды стресте жапырақ және тамыр мүшесінде

анықталды. Жапырақта тұзды стресс барысында АО активтілігі бақылаумен

салыстырғанда 1,8-2 есеге дейін өсті және тамырдағы АО ферментінің

активтілігін айтарлықтай жоғарылап, оптималды деңгейі тұзды ортада өскен

өсімдікте шамамен 2-есе жоғарылады (сурет 42).

Сурет 42 - Тұзды стреспен (0,100 және 200мMNаСl) өңделген

A.hortensis өсімдігіндегі жапырақ және тамырындағы альдегидоксидаза

ферментінің активтілігі. АО ферментінің активтілігі нативтіполиакриламидті

гелде анықталды, субстрат ретінде ванилин және индол-3-

сірке қышқылы қолданылды. Салыстырмалы тығыздығы (NIH Image 1.6)

компьютерлік бағдарлама бойынша алынған жолақтардың тығыздығы

пайыздық мөлшерде анықталды.

Соңғы тәжірибеде біз КДГ және АО ферменттерінің активтілігін

салыстырмалы түрде S. herbaceae өсімдігінде анықтадық. Өсімдік

жапырағындағы КДГ және АО ферментінің активтілігінің оптималды

мөлшері бақылауда анықталды. Бірақ тұз концентрациясының артуы КДГ

және АО ферментінің активтілігін төмендетті (сурет 43). Ал тамырдағы КДГ

және АО активтілігі тұзды стресс жоғарылағанда бақылаумен салыстырғанда

1,3 - 2 есеге дейін артқанын көреміз (сурет 43).

78

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!