11.11.2013 Views

dissertacia-myrzabaeva.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

массасына 300 ммоль/гр -1 жинайтындығы баяндалады. Пролиннің қарқынды

түрде жасуша цитоплазмасында жиналуы және оның осмотикалық реттелуі

өсімдіктерді қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларында қалыпты өсуін

қамтамасыз ететіндігімен байланысты [235].

3.4.4 Өсімдіктерде тұзды стресс жағдайындағы уреид метаболизмі

Уреидтер - бос радикалдарды қарқынды түрде бейтараптандырып,

белгілі физиологиялық жағдайларда антиоксиданттық қорғаныш қызметін

атқара алады [236]. Бұдан басқа, олар өсімдіктердегі азоттың үнемді

тасымалдануын қамтамасыз етуге қатысады [122, 1420- бет]. Азоттың екі

бейорганикалық формасы; NО - +

3 , NН 4 өсімдіктің азотты оңай сіңіруін

қамтамасыз етеді және арнайы азот ассимиляциясы арқылы жасушаның

фундаментті компоненттері; амин қышқылдары, нуклеин қышқылдары, ақуыз

және фотосинтетикалық пигменттерді синтездеуге қатысады [237]. Сондай-ақ

NО - 3 тасымалдануы және ассимиляциясы өсімдіктің барлық бөлігінде жүзеге

асады, ал NН + 4 тамыр арқылы сіңіріліп, ассимиляция өнімі өсімдіктің өсуші

ұлпаларына тасымалданады [238]. Жалпы өсімдіктер азотты амидтер

(глютамин, аспарагин) немесе уреидтер (аллантоин, аллантоин қышқылы)

арқылы тасымалдайды. Уреидтер амид және амин қышқылдарымен

салыстырғанда азотқа N бай (4N:4С) келеді, сондықтан ассимиляцияланған

аммонийді тамырдан сабаққа тасымалдауға қатысуы, фотосинтез нәтижесінде

түзілген көміртекті үнемдеуге мүмкіндік береді [239].

Cурет 34 - Тұзды стрестің C.maritimum өсімдігінің уреид (аллантоин,

аллантоин қышқылының) синтезіне әсері. Қателіктер мүмкіндігі стандартты

қателік негізінде анықталды (n=5).

Тұзды стресте фотосинтез қарқындылығы төмендегенде, уреидтер арқылы

азоттың үнемді тасымалдануы, өсімдіктің стресс жағдайына бейімделуінің аса

маңызды алғышарты болып табылады [126, 132-бет]. Сондықтан біз өз

тәжірбиелерімізді тұзды стреспен өңделген төрт түрлі өсімдіктерде

уреидтердің синтезделу қарқындылығы, олардың стресті жеңілдетуге қосатын

үлесін анықтау үшін жүргіздік. Бірінші тәжірбиемізде үш тұз

72

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!