11.11.2013 Views

dissertacia-myrzabaeva.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

ақуызының толықтылығына байланысты аурудың дамуы мен патогенез

күшінің әлсіздене бастап, өсімдіктердің қайта қалпына келуі де вирустық

супрессордың биологиялық маңызын көрсетеді.

Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес

мынадай қорытындылар жасаймыз:

1. Тұзды стресс жағдайында тұқымның өнуі C. maritimum өсімдігінде

орташа тұз деңгейінде толығымен тежелсе, қалған үш өсімдіктерде I.

crithmoides, A. hortensis, S. herbaceae айтарлықтай жоғары төзімділікті

көрсетті. Ал биомасса өнімділігі тұзды стресс барысында тұқым өну

деңгейімен корреляциялық сәйкестігі анықталды.

2. Сонымен қатар өсу ортасында тұздың болуы өсімдіктерде жалпы

ерігіш қанттың артуына әкелді. Бұл нәтиже олардың тұздану

жағдайында осмотикалық және су потенциалына әсерімен

түсіндіріледі. Ал ақуыз, хлорофилл мөлшері тұздану жағдайында үш

өсімдікте C. maritimum, I. crithmoides, A. hortensis өсімдіктерінде

төмендесе, S. herbaceae артқандығы анықталды. Бұл аталған

өсімдіктердің тұзды стреске салыстырмалы төзімділігін дәлелдейді.

3. Тұздану барысында өсімдіктердің суда ерігіш антиоксиданттық

қабілеттері талданып, нәтижелер барысында аскорбин және уреидтер

синтезінің артуына және полифенол синтезінің төмендеуіне әкелді. Бұл

нәтижелер аталған антиоксиданттардың тотығу стресі тудырған бос

радикалдарды бейтараптандыру қабілетімен байланысты.

4. Өсу ортасында NаCl-дың болуы өсімдік ұлпаларындағы молибденді

ферменттердің (ксантин дегидрогеназа, альдегид оксидаза) активтілігін

арттырды. Бұл ферменттер өсімдіктің стресс жағдайына бейімделуін

жеңілдетіп, өсімдіктің төзімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады.

5. Биотикалық стресс жағдайында- TBSV вирусының N. benthamiana

өсімдігінде таралу қарқындылығын анықталып, аурудың дамуы мен

патогенез күшінің әлсіздене бастап, өсімдіктердің қайта қалпына келуі

вирустық Р19 ақуызының супрессорлық биологиялық маңызын

көрсетеді.

Алынған нәтижелер өсімдіктердің тұзды стреске төзімді өсімдіктер түрін

анықтап, оларды ауыл шарушылығында тауарлы дақылдар ретінде

пайдалануға жол ашып, төлқұжатты база ретінде ақпарат береді. Ал

вирустарға төзімділігінің молекулалық механизмдерін анықтау болашақта

әртүрлі аурулармен, соның ішінде вирустық инфекциялармен күресудің

эффективті стратегияларын жасауға мүмкіндік береді.

88

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!