11.11.2013 Views

dissertacia-myrzabaeva.pdf

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Ал, I.crithmoides өсімдігі төрт түрлі тұз концентрациясында өсіріліп, алынған

өсімдік үлгілерін пролин синтезін анықтауға пайдаландық. Тұз

концентрациясының орташа мөлшерінде 50,100мMNаСl-да ешқандай өзгеріс

болмағанымен, 200мMNаСl-да пролин синтезі бақылауға қарағанда 2.9 есеге

артты. Тағы бір ескерер жәйт, жалпы пролин мөлшері C.maritimum

өсімдігінде I.crithmoides өсімдігіне қарағанда 2-2.3 есеге артқаны көрсетіледі

(32,33 суреттер).

Сурет 33 - Тұзды стрестің (0, 50, 100 және 200мMNаСl) I. сrithmoides

өсімдігіндегі пролин синтезіне әсері. 45 күнгі өскен өсімдіктің жапырақ үлгісі

тәжірбиеде пайдаланылды. Қателіктер мүмкіндігі стандартты қателік

негізінде анықталды (n=5).

Өсімдіктерде абиотикалық стрестерге қарсы пролиннің жиналуы,

өсімдіктің түріне қарай алуан түрлі бейімділікті көрсетті, және олардың

осмопротектанттық маңызының жоғары екендігін білдіреді [79, 215- бет].

Пролин негізінен цитозолда, хлоропласта, вакуольде жиналып,

цитоплазмадағы фермент активтілігімен үйлесімділік құрып, осмотикалық

реттелуді қамтамасыз етеді. Осмопротектанттық қызметінен басқа, пролин

тағы да оттегінің активті формаларын детоксификациялап, антиоксиданттық

қызмет атқарады және ақуыз, ақуызды комплекстердің тұрақтылығын

қамтамасыз етіп, сигналды - реттеуші молекулалар ретінде де маңызы зор

[230]. Абиотикалық стрестерге жауап ретінде галофитті өсімдіктерде пролин

цитозолда жиналып, осмотикалық реттелуге қатысады. Мысалы,

200мMNаСl-мен өңделген Distichlis spicata өсімдігінің жасушасындағы

цитозолды пролин мөлшері 230мMNаСl-мен салыстырғанда жоғары [231].

Пролиннің жоғары мөлшерде жиналуы абиотикалық стрестерге; тұзды,

құрғақшылық, ауыр металдармен зақымданған S. portulacastrum өсімдігінде

де анықталды [232]. Пролиннің жиналуы арқылы осмотикалық реттелу тағы

басқа да өсімдік түрлерінде: Plantago crassifl ora, Salicornia europaea ,

Atriplex halimus , A. halimussubsp. schweinfurthii , Avicennia marina , Hordeum

maritimum , Ipomoea pes-caprae , Paspalum vaginatum , Phragmites australis ,

және Suaeda [233;234] табылды. Галофитті өсімдіктер ішінде S.

portulacastrum өсімдігі пролинді өте көп мөлшерде, жапырақтың құрғақ

71

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!