11.11.2013 Views

dissertacia-myrzabaeva.pdf

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

3.1 Галофитті өсімдіктер тұқымдарының тұзды стресс

жағдайында өнгіштігін анықтау

Өсімдіктің тұзды топырақта өсуі және балғын кезеңінде стреске

бейімделу механизмінің дамуы өсімдік түрінің қалыптасуында маңызды рөл

атқарады [173]. Өсімдіктің тұзды стреске төзімділігі оның өмірлік циклінің

әрбір кезеңінде ауысып, өзгеріп отырады [7, 456 - бет]. Тұздану өсімдік

тұқымының өнуіне кедергіні су тапшылығын тудыру, осмотикалық эффект

әсері немесе иондық үрдістерге метаболикалық шығын келтіру арқылы

тежейді. Сонымен қатар, тұз концентрациясының топырақта өсуі тұқымның

суды сіңіру қабілетін төмендетіп, өз кезегінде тұқымның өнуіне және

тамырдың ұзарып өсуіне кедергі келтіреді [177]. Біздің зерттеулерімізде тұз

концентрациясының өсуі I.crithmoides, C. maritimum, A. hortensis және S.

herbaceae өсімдік тұқымдарының өнуін салыстырмалы түрде баяулатты. 16

күнгі инкубациядан кейін Петри табақшасындағы әртүрлі тұз

концентрациясында өнген тұқымдардың өнімі есептелді. Зерттеу нәтижесі

бойынша инула өсімдігінің тұқымдары бақылаумен салыстырғанда

200мMNаСl-да (16%) және 300мMNаСl-да (26%) (p

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!